2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың
паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігі)
(ҚР Үкіметінің 2006.15.12. № 1220 Қаулысына 149-169-қосымшалар)
(үзінді)
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Мыналардың:
149, 150, 151, 152, 153, 154, 155, 156, 157, 158, 159, 160, 161, 162, 163, 164, 165, 166, 167, 168, 169-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсін.
2. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
| Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
149-ҚОСЫМША
213 - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Еңбек, жұмыспен қамту, халықты әлеуметтік қорғау және көші-қон
саласындағы уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету»
деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Құны: 1 987 226 мың теңге (бір миллиард тоғыз жүз сексен жеті миллион екі жүз жиырма алты мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі:«Семей ядролық полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы Заңы; «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 14 сәуірдегі Заңы; «Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңы; «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 маусымдағы Заңы; «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңы; «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Заңы; «Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 5 сәуірдегі Заңы; «Жер асты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда істеген адамдарға берілетін мемлекеттік арнаулы жәрдемақы туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі Заңы; «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңы; «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы; «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңы; «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 25 сәуірдегі Заңы; «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 27 ақпандағы Заңы; «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңы; «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 маусымдағы Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қаза тапқан, қайтыс болған әскери қызметшілердің ата-аналарына, асырап алушыларына, қамқоршыларына берілетін біржолғы төлемдер туралы» 1999 жылғы 13 желтоқсандағы Жарлығы; «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің аумақтық органдарын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 желтоқсандағы № 1920 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1132 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: әлеуметтік қамсыздандыру саласында азаматтардың конституциялық кепілдерін қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері:
- еңбек, жұмыспен қамту, халықты әлеуметтік қорғау және халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
- нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және іске асыру;
- еңбек, жұмыспен қамту, халықты әлеуметтік қорғау және халықтың көші-қоны саласындағы заңдардың сақталуын мемлекеттік бақылау;
- еңбек, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, жұмыспен қамту, әлеуметтік әріптестік, халықты әлеуметтік қорғау, зейнетақымен қамсыздандыру, әлеуметтік сақтандыру және көші-қон процестерін реттеу саласындағы салааралық үйлестіру;
- кәсіптік шеберлігін жетілдіру және қызметтік міндеттемелерін тиімді орындау мақсатында біліктілік талаптарына сәйкес кәсіптік қызмет саласында білім беру бағдарламалары бойынша дағдылар мен шеберлікті, теориялық және практикалық білімдерді жаңарту.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 001 |
| Еңбек, жұмыспен қамту, халықты әлеуметтік қорғау және көші-қон саласындағы уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету |
|
|
|
2 |
| 001 | Орталық органның аппараты | Әлеуметтік қызмет түрлері жүйесін, стандарттарды, МӘС және мүгедектерді оңалтуды, еңбек заңдарын одан әрі жетілдіру; нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеу және іске асыру; әлеуметтік және еңбек қатынастары саласындағы әлеуметтік әріптестік жүйесін реттеу жөніндегі ұсыныстарды іске асыру, сондай-ақ өз құзыры шеңберінде әлеуметтік әріптестік жөніндегі республикалық үшжақты комиссияның жұмысын қамтамасыз ету; ақпараттық қамсыздандыру және әлеуметтік статистиканы дамыту; республикалық бюджеттен қаржыландырылатын зейнетақылар, жәрдемақылар, өтемақылық және біржолғы төлемдердің төленуін қамтамасыз ету; шетелдік жұмыс күшін тартуға көші-қон квоталарын қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу; жұмыс күшіне деген сұраныс пен ұсынысқа мониторинг жасау; халықты еңбек рыногының жайы туралы ақпараттандыру; ішкі рынокті қорғау мақсатында инвестициялық келісім-шарттардың жобаларын қарау; Министрліктің Көші-қон жөніндегі комитетінің және аумақтық органдарының қызметін басқару және үйлестіру; жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдарды еңбек, жұмыспен қамту, халықты әлеуметтік қорғау және көші-қон мәселелері бойынша әдістемелік басқару. Ұйымдармен еңбек, жұмыспен қамту, халықты әлеуметтік қорғау және көші-қон мәселелерді жетілдіру бойынша консультациялық қызметтер көрсету жөніндегі келісім-шарттар жасау. Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша видеофильмдер және жарнама роликтер, анықталық әдебиеттер мен кітапшалар шығару қызметтерін сатып алу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. |
3 |
| 002 | Аумақтық органдардың аппараттары | Мүгедектік тобын, еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу; республикалық бюджеттен қаржыландырылатын зейнетақыларды, жәрдемақыларды, өтемақылық және біржолғы төлемдерді, әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемдерді тағайындау; еңбек, еңбекті қорғау, жұмыспен қамту, көші-қон, халықты әлеуметтік қорғау саласындағы заңдардың орындалуын бақылау, тексерулер жүргізу; мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасының орындалуына бақылау жасау; өндірістегі жазатайым оқиғаларды және кәсіптік ауруларды тексеруге қатысу және олардың есебін жүргізу; құрылысы немесе қайта құруы аяқталған өндірістік объектілерді пайдалануға қабылдау жөніндегі комиссиялардың жұмысына қатысу; шетелдік жұмыс күшін тартуға берілетін рұқсат қағаздарда көрсетілген шарттардың орындалуын бақылау және тексеру; ұйымдарда еңбек заңнамасының сақталу күйін сипаттайтын көрсеткіштерді жинақтау, қорытындылау, жүйелеу және талдау жасау; еңбек, жұмыспен қамту, әлеуметтік қамсыздандыру, көші-қон мәселелері бойынша ұйымдарда, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы түсіндіру жұмысын жүргізу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. |
4 |
| 007 | Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру | Төмендегідей тақырыптар бойынша біліктілігін арттыру жөніндегі қызмет түрлерін сатып алу: 1. Еңбек және еңбекті қорғау туралы заңна- маның сақталуын мемлекеттік бақылау. 2. Көші-қон мәселелері 3. Медициналық- әлеуметтік сараптама және мүгедектерді оңалтудың өзекті мәселелері. 4. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі аумақтық департаменттеріндегі бухгалтерлік есеп және есептілік. Мемлекеттік және ағылшын тілдеріне үйрету. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. |
5 |
| 009 | Мемлекеттік органдарды материалдық-техникалық жарақтандыру | Жүктелген функцияларды сапалы және тиімді орындау мақсатында Министрліктің орталық аппараты мен аумақтық органдарын материалды-жабдықтау жарақтандыру. | жыл ішінде | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. |
6 |
| 017 | Ақпарат- тық жүйелердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету және мемлекеттік органдарды ақпарат- тық-техникалық қамтамасыз ету | Есептеу техникасы құралдарына және бағдарламалық өнімдерге техникалық қызмет көрсету, сүйемелдеу және әкімшілік ету қызметтерін төлеу. Шығыс және жинақтауыш материалдар, қосалқы бөлшектер сатып алу. Спутниктік байланыс каналын жалдау. Техникалық құралдарын сатып алу. Лицензияланған құралдарды сатып алу. Лицензияланған бағдарламалық өнімдерді сатып алу және орнату. | ақпан-желтоқсан қаңтар-желтоқсан
қаңтар-желтоқсан
ақпан-желтоқсан | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
- әлеуметтік қамсыздандыру саласында азаматтардың конституциялық кепілдерін қамтамасыз ету.
- 200 адамның кәсіптік деңгейін жоғарылату;
- 468 адамды мемлекеттік тілге оқыту.
- 35 адамды ағылшын тіліне оқыту.
Бір мемлекеттік қызметкердің біліктілігін арттырудың орташа шығыны 15,3 мың. теңге.
Бір мемлекеттік қызметкерді мемлекеттік тілге оқытудың орташа шығыны 17,4 мың. теңге.
Бір мемлекеттік қызметкерді ағылшын тіліне оқытудың орташа шығыны 30,0 мың. теңге.
Әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің құқықтық-нормативтік базасын жетілдіру, мемлекеттік органдар жауапкершілігін арттыру, әлеуметтік қызметтер мен әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі мамандарының біліктілік деңгейін арттыру және қол жетімділігін кеңейту.
Қазіргі заманғы экономикалық жағдайлардағы кәсіби мемлекеттік қызмет талаптарына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің кәсіби біліктілігін арттыру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
150-ҚОСЫМША
213 - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Зейнетақы бағдарламасы»
деген 002 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 (бұр.ред.қара) ; 2007.06.11. № 1052 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Құны: 293156678 мың теңге (екі жүз тоқсан үш миллиард бір жүз елу алты миллион алты жүз жетпіс сегіз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы Заңының 13-бабы; «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 маусымдағы Заңы 12-бабының 5-тармағы, 16-бабының 5 тармағы; «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңының 2 , 5-баптары.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: азаматтардың зейнетақымен қамсыздандырылуға конституциялық құқықтарын іске асыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері:
- ағымдағы айдан кешіктірмей төлеу;
- зейнетақы төлемдері мен базалық зейнетақы төлемдерін уақытында қамтамасыз ету;
- Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен адамдарға, сондай-ақ олардың мұрагерлеріне зейнетақыға үстемеақы төлеу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламалардың) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 002 |
| Зейнетақы бағдарламасы |
|
|
|
2 |
| 100 | Ортақ зейнетақыларды төлеу | Қажеттілікке сәйкес зейнеткерлік жасқа толған адамдарға ынты- мақты зейнетақылардың ай сайын төлемдерін ұйымдастыру. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. |
3 |
| 101 | Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтардың зейнетақыларына үстемеақылар | Қажеттілікке сәйкес радиациялық қатер өңірлерінде тұрған және Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтардың зейнетақыларына ай сайынғы үстемеақы тө- лемдерін ұйымдастыру. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. |
4 |
| 102 | Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдері | Қажеттілікке сәйкес зейнеткерлерге және зейнеткерлік жасқа толған мүгедектерге базалық ай сайынғы зейнетақы төлемдерін ұйымдастыру. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. |
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 (бұр.ред.қара); 2007.06.11. № 1052 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен 7-тармақ өзгертілді
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: ынтымақты зейнетақыларды, Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтардың зейнетақыларына үстемеақылар және зейнеткерлік жасқа толған адамдарға арналған базалық зейнетақы төлемдерін төлеу.
Алушылардың орташа жылдық болжамды саны:
- Ынтымақты зейнетақы - 1635,1 мың адам;
- Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтардың зейнетақыларына үстемеақы алушылардың саны - 0,3 мың адам;
- базалық зейнетақы төлемдерін алушылар - 1671,9 мың адам;
Түпкі нәтиже: ағымдағы айдан кешіктірмей төлеу: ынтымақты зейнетақылар мөлшерін 8 пайызға көбейту және зейнеткерлік жасқа толған адамдардың барлығына 3000 теңге мөлшерінде базалық зейнетақы төлемдерін төлеу.
Қаржылық-экономикалық нәтиже:
- зейнетақының ең төмен мөлшері - 7236 теңге;
- зейнетақының орташа мөлшері - 10855 теңге;
- зейнетақыларға үстемеақылардың орташа мөлшері - 17508 теңге.
- мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері - 3000 теңге.
Уақтылығы: кестеге сәйкес ай сайын 25 күнге дейін уақытында төлеу. Сапасы:
- тағайындалған зейнетақылар мен базалық зейнетақы төлемдерін 100 пайызға төлеу, радиациялық қатер өңірлерінде тұрғаны үшін және Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтардың зейнетақыларына ай сайынғы үстемеақы төлемдерін Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық ұсынған қажеттілікке сәйкес 100 пайызға төлеу.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
151-ҚОСЫМША
213 - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар»
деген 003 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 (бұр.ред.қара) ; 2007.06.11. № 1052 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Құны: 73321815 мың теңге (жетпіс үш миллиард үш жүз жиырма бір миллион сегіз жүз он бес мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 маусымдағы Заңы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мүгедектігі, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты әлеуметтік қамсыздандыруға мұқтаж азаматтарға ақшалай қаражат төлеу.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері:
- ағымдағы айға төлеу;
- мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшерін ең төмен күнкөріс деңгейі шамасынан еселеп есептеу;
- мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың жаңа мөлшерлерін ескере отырып уақытында төленуін қамтамасыз ету:
- жасына байланысты;
- мүгедектігі бойынша;
- асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 003 |
| Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар |
|
|
|
2 |
| 100 | Мүгедектігі бойынша | Мүгедектігі бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды ай сайын төлеуді қажеттілікке сәйкес ұйымдастыру. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. |
3 |
| 101 | Асыраушысынан айрылуына байланысты | Асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды ай сайын төлеуді қажеттілікке сәйкес ұйымдастыру. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. |
4 |
| 102 | Жасы бойынша | Жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды ай сайын төлеуді қажеттілікке сәйкес ұйымдастыру. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. |
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 (бұр.ред.қара) ; 2007.06.11. № 1052 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен 7-тармақ өзгертілді
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды төлеу.
Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар алушылардың орташа жылдық болжамды саны:
- мүгедектігі бойынша - 404,7 мың адам;
- асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша - 223,5 мың адам;
- жасына байланысты - 12,9 мың адам.
Түпкі нәтиже: ағымдағы айға төлеу; мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылардың кірістерін көбейту.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың орташа мөлшері
- мүгедектігі бойынша - 9316 теңге;
- асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша - 8244 теңге;
- жасына байланысты - 4431 теңге.
Уақтылығы: кестеге сәйкес ай сайын 25 күнге дейін уақытында төлеу.
Сапасы: мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты тағайындалған мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды 100 пайызға төлеу.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
152-ҚОСЫМША
213 - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Арнайы мемлекеттік жәрдемақылар»
деген 004 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2007.06.11. № 1052 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Құны: 41089918 мың теңге (қырық бір миллиард сексен тоғыз миллион тоғыз жүз он сегіз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 5 сәуірдегі Заңы; «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындаудың және төлеудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 161 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: азаматтардың жеке санаттарына қосымша материалдық қолдау көрсету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері:
- арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төлеу ағымдағы ай үшін;
- арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төлемдерін жаңа мөлшерінде уақытылы қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаyың) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 004 |
| Арнайы мемлекеттік жәрдемақылар |
|
|
|
2 |
| 100 | ҰОС мүгедектері | ҰОС мүгедектеріне арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төлемдерін ай сайын қажеттілікке сәйкес ұйымдастыру. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. |
3 |
| 101 | ҰОС қатысушылары | Қажеттілікке сәйкес ҰОС қатысушыларына арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төлемдерін ай сайын ұйымдастыру. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. |
4 |
| 102 | ҰОС мүгедектеріне теңестірілген адамдар | Қажеттілікке сәйкес ҰОС мүгедектеріне теңестірілген адамдарға арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төлемдерін ай сайын ұйымдастыру. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. |
5 |
| 103 | ҰОС қатысушыларына теңестірілген адамдар | Қажеттілікке сәйкес ҰОС қатысушыларына теңестірілген адамдарға арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төлемдерін ай сайын ұйымдастыру. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. |
6 |
| 104 | ҰОС қаза болған жауынгерлердің жесірлері | Қажеттілікке сәйкес ҰОС қаза болған жауынгерлердің жесірлеріне арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төлемдерін ай сайын ұйымдастыру. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. |
7 |
| 105 | Қайтыс болған ҰОС мүгедектерінің әйелдері (күйеулері) | Қажеттілікке сәйкес қайтыс болған ҰОС мүгедектерінің әйелдеріне (күйеулеріне) арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төлемдерін ай сайын ұйымдастыру. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. |
8 |
| 106 | Совет Одағының батырла- ры, Социалистік Еңбек Ерлері, үш дәрежелі Даңқ, үш дәрежелі Еңбек Даңқы орден- дерінің иегер- лері | Қажеттілікке сәйкес Совет Одағының батырларына, Социалистік Еңбек Ерлеріне, Даңқ орденінің үш дәрежесінің, Еңбек Даңқы орденінің үш дәрежесінің иегерлеріне арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төлемдерін ай сайын ұйымдастыру. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. |
9 |
| 107 | ЧАЭС оқиғасында апат салдарын жою кезінде қаза болған (қайтыс болған, хабар ошарсыз кеткен), әскери қызметкерлерінің, ішкі істер органдары қызметкерлерінің және қаза болған адамдардың отбасылары | Қажеттілікке сәйкес қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) әскери қызметшілердің, ішкі істер органдары қызметкерлерінің ЧАЭС апаттың салдарын жою кезінде қаза тапқан адамдардың отбасыларына арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төлемдерін ай сайын ұйымдастыру. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. |
10 |
| 108 | Ұлы отан соғысы жылдарындағы тыл еңбекшілері | Қажеттілікке сәйкес ҰОС жылдарындағы тыл еңбекшілеріне арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төлемдерін ай сайын ұйымдастыру. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. |
11 |
| 109 | Көшіру күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда Қазақстан Республикасынан шеттету және қоныс аудару аймағынан көшірілген ЧАЭС | Қажеттілікке сәйкес қоныс аудару күнінде құрсақта болған балаларын қоса, оқшаулау және көшіру аймағынан Қазақстан Республикасына қоныстанған ЧАЭС апаттың салдарын жоюға қатысушыларға арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төлемдерін ай сайын ұйымдастыру. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. |
12 |
| 110 | I және II топтағы мүгедектер | Қажеттілікке сәйкес І және II топтағы мүгедектеріне арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төлемдерін ай сайын ұйымдастыру. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. |
13 |
| 111 | III топтағы мүгедектер | Қажеттілікке сәйкес III топ мүгедектеріне арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төлемдерін ай сайын ұйымдастыру. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. |
14 |
| 112 | 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар | Қажеттілікке сәйкес 16 жасқа дейінгі мүгедек-балаларға арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төлемдерін ай сайын ұйымдастыру. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. |
15 |
| 113 | "Алтын алқа", "Күміс алқа" белгілерімен марапатталған немесе бұрын "Батыр- ана" атағын алған және "Ана даңқы" орденімен марапатталған көп балалы аналар | Қажеттілікке сәйкес "Алтын алқа", "Күміс алқа" белгілерімен марапатталған немесе бұрын "Батыр-ана" атағын алған және "Ана даңқы" орденімен марапатталған көп балалы аналарға арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төлемдерін ай сайын ұйымдастыру. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. |
16 |
| 114 | Төрт немесе одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасы- лар | Қажеттілікке сәйкес кәмелетке толмаған, бірге тұратын төрт немесе одан да көп балалары бар көп балалы отбасыларға арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төлемдерін ай сайын ұйымдастыру. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. |
17 |
| 115 | Мүгедектігі бар немесе зейнеткер болып табылатын жаппай саяси қуғын- сүргін құрбандары | Қажеттілікке сәйкес мүгедектігі бар немесе зейнеткер болып табылатын саяси қуғын- сүргін құрбандарына арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төлемдерін ай сайын ұйымдастыру. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. |
18 |
| 116 | Қазақстан Республикасы алдында ерекше еңбек сіңіргені үшін зейнетақы тағайындалған тұлғалар | Қажеттілікке сәйкес Қазақтан Республикасы алдында сіңірген ерекше еңбек үшін зейнетақы тағайындалған адамдарға арнайы мемлекеттік жәрдемақы төлемдерін ай сайын ұйымдастыру. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. |
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 (бұр.ред.қара) ; 2007.06.11. № 1052 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен 7-тармақ өзгертілді
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: азаматтардың 17 санатына арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар төлеу. Арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар алушылардың болжамды орташа жылдық саны - 1123,1 мың адам болады.
Түпкі нәтиже: азаматтардың жекелеген санаттарына арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар түрінде қосымша материалдық қолдау көрсету.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар мөлшері 5,7 пайызға өсуі. Арнаулы мемлекеттік жәрдемақылардың орташа мөлшері 5155 теңгені құрайды.
Уақтылығы: кестеге сәйкес ай сайын 25-не дейін уақтылы төлеу.
Сапасы: азаматтардың 17 санатына Заңмен белгіленген мөлшерде тағайындалған арнаулы мемлекеттік жәрдемақыларды 100 пайызға төлеу.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
153-ҚОСЫМША
213 - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Жерлеуге берілетін жәрдемақы»
деген 005 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1837082 мың теңге (бір миллиард сегіз жүз отыз жеті миллион сексен екі мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңының 11-бабы; «Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 маусымдағы Заңының 6-бабы; «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңының 8-бабы; «Жер асты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда істеген адамдарға берілетін мемлекеттік арнайы жәрдемақы туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі Заңының 7-бабы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: зейнетақы және жәрдемақы алушыларды жерлеуді жүзеге асырған отбасыларға (тұлғаларға) мемлекеттің қосымша материалдық қолдауы.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: зейнеткерлерді, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерін, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушыларды, жерасты және ашық тау-кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда істеген мемлекеттік арнайы жәрдемақы алушыларды жерлеуге арналған жәрдемақыларды уақытылы төлеуді қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 005 |
| Жерлеуге берілетін жәрдемақы |
|
|
|
2 |
| 100 | Зейнеткерлерді, ҰОС қатысушылары мен мүгедектерін жерлеуге берілетін жәрдемақы | Зейнеткерлерді, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерін жерлеуді жүзеге асырған отбасыларға (тұлғаларға) жәрдемақыны уақтылы төлеуді ұйымдастыру. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. |
3 |
| 101 | Жер астындағы және ашық тау-кен жұмыстарында, ерекше зиянды және ерекше ауыр еңбек жағдайларындағы жұмыстарда жұмыс істеген, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар және мемлекеттік арнайы жәрдемақылар алушыларды жерлеуге берілетін жәрдемақы | Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы, мемлекеттік арнаулы жәрдемақы алушыларды, жер асты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда істеген мемлекеттік арнаулы жәрдемақы алушыларды жерлеген отбасыларға (тұлғаларға) арналған жәрдемақыларды уақытылы төлеу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. |
ҚР Үкіметінің 2007.06.11. № 1052 Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: зейнетақы мен жәрдемақы алушыларды жерлеуге жұмсалған шығындарды өздері көтерген отбасыларға (тұлғаларға) жерлеуге берілетін жәрдемақыларды төлеу. Жерлеуге берілетін жәрдемақылардың болжамды орташа жылдық саны - 103,9 мың адам
Түпкі нәтиже: жерлеуге берілетін жәрдемақылар мөлшерінің 6 пайызға өсуі. Зейнетақы мен жәрдемақы алушыларды жерлеуді жүзеге асырған отбасыларға (тұлғаларға) мемлекеттің материалдық қолдауы.
Қаржылық-экономикалық нәтиже:
Жерлеуге берілетін жәрдемақылар мөлшері:
- соғыс мүгедектері мен қатысушыларына - 38220 теңге;
- зейнетақылар мен жәрдемақылар алушыларға - 16380 теңге
Уақтылығы: кестеге сәйкес ай сайын 25-не дейін уақытылы төлеу.
Сапасы: жерлеуге берілетін жәрдемақыларды алуға уақтылы өтініш берген және жәрдемақы алуға құқығы бар тұлғаларды жерлеуге берілетін жәрдемақылармен 100 пайызға қамтамсыз ету.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
154-ҚОСЫМША
213 - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Жер астындағы және ашық тау-кен жұмыстарында, еңбектің ерекше зиянды
және ерекше ауыр жағдайында жұмыс
істегендерге мемлекеттік арнайы жәрдемақылар»
деген 006 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 2972432 мың теңге (екі миллиард тоғыз жүз жетпіс екі миллион төрт жүз отыз екі мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда істеген адамдарға берілетін мемлекеттік арнайы жәрдемақы туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі Заңы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жерасты, ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда істеген стажы бар адамдарды әлеуметтік қорғау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды уақтылы төлеу және ұйымдастыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 006 |
| Жер астындағы және ашық тау-кен жұмыстарында, еңбектің ерекше зиянды және ерекше ауыр жағдайында жұмыс істеген адамдарға мемлекеттік арнайы жәрдемақылар | Қажеттілікке сәйкес жерасты, ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда істеген стажы бар тұлғаларға ай сайынғы төлемдерді ұйымдастыру. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: жерасты ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда істеген стажы бар тұлғаларға мемлекеттік арнайы жәрдемақылар төлеу. Алушылардың болжамды орташа жылдық саны - 23504 адам.
Түпкі нәтиже: төлемдерді ағымдағы айға төлеу, мемлекеттік арнайы жәрдемақылар мөлшерін арттыру.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: мемлекеттік арнайы жәрдемақылар мөлшері (9 АЕК) - 9828 теңге.
Уақытылығы: кестеге сай 25-не дейін ай сайын уақтылы төлеу.
Сапасы: жерасты ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда істеген стажы бар адамдарға тағайындалған мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды 100 пайызға төлеу.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
155-ҚОСЫМША
213 - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар» деген
007 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Құны: 16 723 500 мың теңге (он алты миллиард жеті жүз жиырма үш миллион бес жүз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: "Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 маусымдағы Заңының 4-бабы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: балалы отбасыларды әлеуметтік қолдау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері:
- 15 АЕК мөлшерінде бала тууына байланысты біржолғы мемлекеттік жәрдемақыларды төлеу;
- 2006 жылдың 1 шілдесінен бастап бала 1 жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты ай сайын төленетін мемлекеттік жәрдемақыларды
бірінші балаға 3 АЕК,
екінші балаға 3,5 АЕК,
үшінші балаға 4 АЕК,
төртінші және одан көп балаға 4,5 АЕК мөлшерінде төлеу.
- бала тууына байланысты біржолғы мемлекеттік жәрдемақы және бала 1 жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты ай сайын төленетін мемлекеттік жәрдемақылардың уақытында төленуін қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 007 |
| Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар |
|
|
|
2 |
| 100 | Бала тууға байланысты біржолғы мемлекеттік жәрдемақылар | Бала тууына байланысты біржолғы мемелекеттік жәрдемақы төлемдерін ай сайын қажеттілікке сәйкес ұйымдастыру. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. |
3 |
| 101 | Бір жасқа дейінгі баланы күту үшін төленетін мемлекеттік жәрдемақылар | Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты мемлекеттік сараланған жәрдемақы төлемдерін ай сайын қажеттілікке сәйкес ұйымдастыру. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. |
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 (бұр.ред.қара); 2007.06.11. № 1052 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен 7-тармақ өзгертілді
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: бала тууына байланысты және бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты берілетін жәрдемақыларды төлеу.
Мемлекеттік жәрдемақы алушылардың болжамды орташа жылдық саны:
бала тууына байланысты - 258,5 мың адам;
бір жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты - 208,5 мың адам.
Түпкі нәтиже: 1 жасқа дейінгі баланы күтетін азаматтарды мемлекет тарапынан материалдық қолдау.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: бала тууына байланысты берілетін мемлекеттік жәрдемақы мөлшері - 16380 теңге.
Бір жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты берілетін орташа жәрдемақы мөлшері - 4994 теңге.
Уақтылығы: кестеге сәйкес 25-не дейін ай сайын уақтылы төлеу.
Сапасы: бала тууына байланысты және бір жасқа толғанға дейінгі бала күтіміне байланысты тағайындалған мемлекеттік жәрдемақыларды 100 пайыз төлеу.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
156-ҚОСЫМША
213 - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап
шеккендерге төленетін біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақылар» деген
008 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Құны: 4 682 512 мың теңге (төрт миллиард алты жүз сексен екі миллион бес жүз он екі мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Семей ядролық полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы Заңының 12-бабы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мемлекеттің Семей ядролық полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккендерге біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу жөніндегі міндеттемесін орындау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Семей ядролық полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен:
- зейнеткерлерге;
- мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды алушыларға;
- радиациялық қатер өңірлеріне жататын аумақтарда және әлеуметтік-экономикалық мәртебесі жеңілдікті аймақтарда тұратын және 1949 жылдан 1990 жылдар аралығында тұрған, жұмыс істейтін және жұмыс істемейтін азаматтарға біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақыны уақтылы төлеуді ұйымдастыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 008 |
| Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккендерге төленетін біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақылар |
|
|
|
2 |
| 100 | Зейнеткерлер және әлеуметтік мемлекеттік жәрдемақы алушылар | Зейнеткерлерге, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушыларға біржолғы ақшалай өтемақыларды төлеуді ұйымдастыру. | Өтініш түсуіне байланысты жыл ішінде. | Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. |
3 |
| 101 | 1949-1990 жылдар аралығында радиациялық қауіпті аймақтарда және жеңілдікті әлеуметтік-экономикалық мәртебесі бар аумақта тұратын және тұрған жұмыс істейтін және жұмыс істемейтін халық | Радиациялық катер өңірлеріне жататын аумақтарда және әлеуметтік-экономикалық мәртебесі жеңілдікті болып келетін аймақтарда тұратын және 1949 жылдан 1990 жылдар аралығында тұрған, жұмыс істейтін және жұмыс істемейтін азаматтарға біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақыларды уақтылы төлеуді ұйымдастыру. | Өтініштердің түсуіне қарай жыл ішінде. | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. |
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 (бұр.ред.қара); 2007.06.11. № 1052 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен 7-тармақ өзгертілді
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Зейнеткерлер мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар алушыларға, радиациялық қатер өңірлеріне жататын аумақтарда және әлеуметтік-экономикалық мәртебесі жеңілдікті болып келетін аймақтарда тұратын және 1949 жылдан 1990 жылдар аралығында тұрған, жұмыс істейтін және жұмыс істемейтін азаматтарға мемлекеттік біржолғы ақшалай өтемақыларды уақытында төлеу.
Орташа жылдық болжамды саны:
- зейнеткерлер мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар - 9354 адам;
- радиациялық қатер өңірлеріне жататын аумақтарда және әлеуметтік-экономикалық мәртебесі жеңілдікті болып келетін аймақтарда тұратын және 1949 жылдан 1990 жылдар аралығында тұрған жұмыс істейтін және жұмыс істемейтін азаматтар - 219926 адам.
Түпкі нәтиже: зейнеткерлер мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар алушыларға, радиациялық катер өңірлеріне жататын аумақтарда және әлеуметтік-экономикалық мәртебесі жеңілдікті болып келетін аймақтарда тұратын және 1949 жылдан 1990 жылдар аралығында тұрған жұмыс істейтін және жұмыс істемейтін азаматтарға мемлекеттік біржолғы ақшалай өтемақы төлеу жөніндегі берешекті өтеу.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: өтемақының орташа мөлшері:
- зейнеткерлер мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар үшін - 22,7 мың теңге;
- жұмыс істейтін және жұмыс істемейтін азаматтар үшін - 20,3 мың теңге болады.
Уақтылылығы: жыл ішінде өтініштердің түсуіне қарай.
Сапасы: зейнеткерлер мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар алушыларға, радиациялық қатер өңірлеріне жататын аумақтарда және әлеуметтік-экономикалық мәртебесі жеңілдікті болып келетін аймақтарда тұратын және 1949 жылдан 1990 жылдар аралығында тұрған жұмыс істейтін және жұмыс істемейтін азаматтарға тағайындалған мемлекеттік біржолғы ақшалай өтемақыларды 100 пайыз төлеу.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
157-ҚОСЫМША
213 - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне
табысы аз отбасылардағы 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақылар
төлеуге ағымдағы нысаналы трансферттер»
деген 009 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 3816000 мың теңге (үш миллиард сегіз жүз он алты миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылдың 28 маусымдағы Заңының 4 , 9-бабы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: 18 жасқа дейінгі балалары бар аз қамтылған отбасыларды әлеуметтік қолдау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: аз қамтылған отбасылардың балаларына арналған жәрдемақы төлемдерін уақтылы қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 009 |
| Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне табысы аз отбасылардағы 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақылар төлеуге ағымдағы нысаналы трансферттер | 1. Аз қамтылған отбасылардың 18 жасқа дейінгі балаларына арналған мемлекеттік жәрдемақыларды төлеу үшін облыстық бюджеттерге ағымдағы нысаналы трансферттерді аудару. 2. Аз қамтылған отбасылардың 18 жасқа дейінгі балаларына арналған мемлекеттік жәрдемақы төлемдерін облыстарға аударымдар жасау арқылы уақтылы ағымдағы нысаналы трансферттерді аудару. | Жыл бойы | Қазақстан Республи- касы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, облыс әкімдері |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: жылына 367,7 мың балаларға жәрдемақылар төлеу, оның ішінде:
Ақмола облысы - 1,9;
Ақтөбе - 11,0;
Алматы - 40,8;
Атырау - 14,9;
Шығыс Қазақстан - 12,0;
Жамбыл - 80,0;
Батыс Қазақстан - 14,5;
Қарағанды - 5,2;
Қостанай - 25,3;
Қызылорда - 49,8;
Павлодар - 5,4;
Солтүстік Қазақстан - 21,3;
Оңтүстік Қазақстан облысы - 85,6.
Түпкі нәтиже: балалары бар аз қамтылған отбасылардың материалдық жағдайын жақсарту.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: балаларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы мөлшері айына 1092 теңге құрайды.
Уақтылығы: кестеге сәйкес ай сайын 25-не дейін уақтылы төлеу. Сапасы: аз қамтылған отбасылардың 18 жасқа дейінгі балаларына арналған жәрдемақылардың уақтылы төленуі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
158-ҚОСЫМША
213 - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Ақталған азаматтарға-жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарына
біржолғы ақшалай өтемақы» деген 010 республикалық бюджеттік
бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2007.06.11. № 1052 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Құны: 80277 мың теңге (сексен миллион екі жүз жетпіс жеті мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 14 сәуірдегі Заңының 22, 25-баптары.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жаппай қуғын-сүргін құрбандары ретінде танылған азаматтардың материалдық және моральдық зияндарын өтеу.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Қазақстан Республикасының Заңдарымен бекітілген көлемде жаппай қуғын-сүргін құрбандарына берілетін біржолғы ақшалай өтемақыларды уақтылы төлеу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 010 |
| Ақталған азаматтарға жаппай саяси қуғын- сүргін құрбандарына біржолғы ақшалай өтемақы | Ақталған азаматтарға жаппай саяси қуғын- сүргін құрбандарына берілетін біржолғы ақшалай өтемақы төлемдерін уақтылы ұйымдастыру. | Азаматтардың өтініш беруіне қарай жыл бойы | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. |
ҚР Үкіметінің 2007.06.11. № 1052 Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: ақталған азаматтарға - жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарына берілетін біржолғы ақшалай өтемақыларды төлеу. Алушылардың орташа жылдық саны 2198 адам.
Түпкі нәтиже: жаппай қуғын-сүргін құрбандары деп танылған азаматтардың материалдық және моральдық зияндарын өтеу.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: өтемақының орташа мөлшері 68 946 теңгені құрайды
Уақтылығы: азаматтардың өтініш беруіне қарай.
Сапасы: «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 14 сәуірдегі Заңының 22-бабына сәйкес ақталған азаматтарға - жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарына берілетін біржолғы ақшалай өтемақы төлемдерін уақтылы төлеу.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
159-ҚОСЫМША
213 - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Қаза болған, қайтыс болған әскери қызметшілердің ата-аналарына,
асырап алушыларына, қамқоршыларына біржолғы төлемдер»
деген 011 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 530 мың теңге (бес жүз отыз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасы Президентінің «Қаза тапқан, қайтыс болған әскери қызметшілердің ата-аналарына, асырап алушыларына, қамқоршыларына берілетін біржолғы төлемдер туралы» 1999 жылғы 13 желтоқсандағы № 284 Жарлығы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: қаза тапқан, қайтыс болған әскери қызметшілердің ата-аналарына, асырап алушыларына, қамқоршыларына материалдық көмек көрсету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: шақыру бойынша әскери қызметін атқару кезінде немесе босатылғаннан кейін әскери қызметін өткеру кезінде алған жаралану, контузия, мертігу, ауыру салдарынан қаза тапқан, қайтыс болған әскери қызметшілердің ата-аналарына, асырап алушыларына, қамқоршыларына берілетін әлеуметтік көмекті уақытында қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 011 |
| Қаза болған, қайтыс болған әскери қызмет- шілердің ата-аналарына, асырап алушыларына, қамқоршыларына біржолғы төлемдер | Қаражатты облыстық, Астана, Алматы қалаларының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаменттері (басқармалары) ұсынған қаза тапқан, қайтыс болған әскери қызметшілердің ата- аналарына, асырап алушыларына, қамқоршыларына біржолғы жәрдемақы төлеміне қажеттіліктер туралы өтінімге сәйкес аударуды ұйымдастыру. | Жергілікті атқарушы органдардың берген өтініштеріне сәйкес жыл бойы. | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: қаза тапқан, қайтыс болған әскери қызметшілердің ата-аналарына, асырап алушыларына, қамқоршыларына біржолғы жәрдемақыларды төлеу.
Алушылардың жылдық болжамды орташа саны - 6 адам.
Түпкі нәтиже: қаза тапқан, қайтыс болған әскери қызметшілердің ата-аналарын, асырап алушыларын, қамқоршыларын материалдық қолдау.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: қаза тапқан, қайтыс болған әскери қызметшілердің ата-аналарына, асырап алушыларына, қамқоршыларына:
- әскери қызметін өткеру кезеңінде немесе жарақат, контузия, ауру себебінен әскери қызметтен босатылғаннан кейін (өздерінің заңға қайшы әрекеттерінің нәтижесінде қаза тапқан жағдайларды қоспағанда) - 87750 теңге көлемінде.
Уақтылығы: жергілікті атқарушы органдардың қажеттіліктеріне сәйкес қаза тапқан, қайтыс болған әскери қызметшілердің ата-аналарына, асырап алушыларына, қамқоршыларына біржолғы төлемдерді уақытында беру.
Сапасы: қаза тапқан, қайтыс болған әскери қызметшілердің ата-аналарына, асырап алушыларына, қамқоршыларына біржолғы төлемдер түрінде мемлекеттік қолдау.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
160-ҚОСЫМША
213 - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Еңбекті қорғау саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер»
деген 012 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 61325 мың теңге (алпыс бір миллион үш жүз жиырма бес мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 9 шілдедегі Заңының 26-бабы; «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 28 ақпандағы Заңының 8 , 9-баптары; «Қазақстан Республикасының 2005-2007 жылдарға арналған Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 27 қаңтардағы № 67 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: еңбек процесінде жұмыскерлердің денсаулығын және өмірін сақтау, қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды ғылыми қамтамасыз ету, еңбекті қорғау басқару жүйесін жетілдіру.
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 012 |
| Еңбекті қорғау саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер | Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласының қолданбалы ғылыми зерттеулер төмендегі бағыттар бойынша жүргізу: 1. Кәсіпорындарда қолданылатын қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың әсерінен жеке қорғану құралдарының сапасын бағалау. 2. Қазақстан Республикасының экономикасының жетекші салаларындағы қызметкерлердің еңбек өнімділігіне өндірістік ортаның зиянды факторларының әсер етуі. 3. Еңбек жағдайының зиянды өндірістеріндегі қызметкерлерге дәрумендік дәрі-дәрмектер мен емдік-сауықтыру тағамдарын қолдану негізінде еңбек жағдайларына адам ағзасының бейімделуі мен қалпына келтіру тетіктерінің тиімділігін зерттеу. 4. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша ішкі бақылау жүргізуге қойылатын талаптарды ғылыми негіздеу. 5. Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауға тәуелсіз аудит жүргізудің ғылыми қағидаттарын әзірлеу. 6. Он сегіз жасқа толмаған қызметкерлер ағзасының қол күші жұмысынан физиологиялық өзгерулері мен бейімделуін және нақты өндірістік жағдайларда ауыр жүктерді қолмен тасымалдау және көтеру кезіндегі өндірістік жүктемелердің регламенттелуін зерттеу. 7. Өнеркәсібі кәсіпорындарындағы кәсіби аурулардың алдын алу жөніндегі қызметкерлердің медициналық қызмет көрсетудегі тиімді жүйесін жасау. 8. Экономиканың жетекші салаларында еңбекті қорғаудың басқару жүйесі үшін қауіпсіздік критерийлерін әзірлеу. 9. Аймақ көлемінде өндірістік жарақат алуды талдау мен ақпараттық жүйеге келтіру есебін жасау. 10. Еңбекті қорғау қызмет жұмыстарын ұйымдастыруды бағалау және оның жарақат алуды төмендетуде әсерін белгілеу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: 4 өнеркәсіптік кәсіпорын базасында санитария-гигеникалық талаптарға сай келмейтін жағдайларда жұмыс істейтін жұмыскерлер санын, өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулар мәселелерін зерттеу. Еңбек қауіпсіздігі бойынша 5 бағытта, еңбекті қорғау бойынша 5 бағытта қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу.
Соңғы нәтиже: қолданбалы ғылыми зерттеулер нәтижелерін өндіріске енгізу өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулар деңгейін 0,5 %, санитария-гигиеналық талаптарға сай келмейтін жағдайларда жұмыс істейтін жұмыскерлер санын 1 %, жұмыс уақытын жоғалтуды 0,8 % төмендетуге мүмкіндік береді.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: бір тақырып бойынша қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізудің орташа құны 6 132,5 мың теңгені құрайды.
Уақтылылығы: жасалған шарттарға сәйкес жыл бойы.
Сапа: қолданбалы ғылыми зерттеулердің нәтижелері мен оларды практикалық қызметке енгізу өндірістегі зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың әсерін, өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулардың деңгейін төмендетуге, сондай-ақ өндірістегі еңбекті қорғауды басқару жүйесінің пәрменділігін күшейтуге ықпал ететін болады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
161-ҚОСЫМША
213 - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Зейнетақылар мен жәрдемақылар төлеуді қамтамасыз ету»
деген 013 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 8210718 мың теңге (сегіз миллиард екі жүз он миллион жеті жүз он сегіз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңының 1-бабы; «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 25 сәуірдегі Заңының 1-бабы; «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 4 маусымдағы № 926 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері:
республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің тиімді жұмыс істеуіне жағдай жасау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері:
- зейнетақы және жәрдемақы, сондай-ақ басқа да әлеуметтік төлемдердің тиімді жүйесін қамтамасыз ету;
- Қазақстан Республикасының барлық азаматтарына әлеуметтік жеке кодтар беру;
- жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарын аудару және есепке алу;
- зейнетақы және жәрдемақы алушылардың біртұтас орталықтандырылған базасын жүргізу;
- әлеуметтік сақтандыру төлемдері мен аударымдарын есепке алу;
- Орталықтандырылған деректер қорының (Мүгедектердің орталықтандырылған деректер қоры) жұмыс істеуін қолдау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Бағдарламаның (кіші бағдар- лама- ның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орын- даушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 013 |
| Зейнетақылар мен жәрдемақылар төлеуді қамтамасыз ету | Зейнетақылардың; мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерінің; мемлекеттік әлеуметтік төлемдердің; арнаулы мемлекеттік жәрдемақылардың; Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардан зардап шеккен азаматтардың зейнетақыларына үстемеақылардың; жерлеуге берілетін жәрдемақылардың; жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда істеген адамдарға берілетін мемлекеттік арнайы жәрдемақылардың; Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемдердің; радиациялық қатер өңірлеріне жататын аумақтарда және әлеуметтік-экономикалық мәртебесі жеңілдікті болып келетін аймақтарда тұратын және 1949 жылдан 1990 жылдар аралығында тұрған, жұмыс істейтін және жұмыс істемейтін азаматтарға, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушыларға зейнеткерлерге бір жолғы мемлекеттік ақшалай өтемақылардың; бала тууына байланысты берілетін біржолғы мемлекеттік жәрдемақылардың; бір жасқа толғанға дейінгі бала күтіміне берілетін жәрдемақылардың; ақталған азаматтар - саяси қуғын-сүргін құрбандарына берілетін ақшалай өтемақылардың төленуін қамтамасыз ету. Зейнетақылар мен жәрдемақылар, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемдер тағайындау үшін алушылардың іс-қағаздар макетін калыптастыру. Қазақстан Республикасының барлық азаматтарына әлеуметтік жеке кодтар беру. Жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарын аудару және есепке алу мен жұмыс берушілерге қате төлемдерді қайтару. Әлеуметтік сақтандыру бойынша аударымдар мен төлемдердің дербестендірілген есебін жүргізу, міндетті әлеуметтік аударымдар мен әлеуметтік төлемдерді уақытында аудару. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін зейнетақы және жәрдемақы мөлшерлері туралы ақпарат беру. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемдерден жүргізілген ұстап қалулар туралы алушыларды хабарландыру. Жинақтаушы зейнетақы қорларына қате аударылған төлемдер мен міндетті зейнетақы жарналары, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдер туралы ақпаратпен қамтамасыз ету. Деректерді беретін корпоративтік желілерді қолдау үшін байланыстың жоғарғы жылдамдықты арналарын жалдау. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығымен бекітілген тізбеге сәйкес көрсетілетін қызметтер шегінде есептік техника, резервтік орталық үшін жабдықтар, жиһаздар, өзге де материалдық және материалдық емес активтерді сатып алу. | Жыл бойы | Қазақстан Республи- касы Еңбек және халықты әлеумет- тік қор- ғау мини- стрлігі, "Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы" РМҚК. |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: зейнетақы төлеу жөніндегі орталықтың облыстық, қалалық, аудандық құрылымдарының жұмыс орындарын автоматтандыру.
Зейнетақы, жәрдемақы және өзге де әлеуметтік төлемдер деректер базасының тиімді жұмыс істеуі.
Орталықтандырылған деректер қоры және Мүгедектердің орталықтандырылған деректер қорын қолданушылар (Зейнетақы төлеу жөніндегі орталықтың филиалдары, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің департаменттері, Медициналық-әлеуметтік сараптау комиссиялары) арасындағы деректер берудің корпоративтік желілерінің жұмыс жағдайын қолдау.
Түпкі нәтиже: Қазақстан Республикасының заңдарымен бекітілген мерзімде зейнетақылардың, жәрдемақылардың және әлеуметтік төлемдердің толық, дұрыс және уақытылы төленуін қамтамасыз ету;
Жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарының, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына міндетті әлеуметтік жарналардың және Қордан әлеуметтік төлемдердің уақытылы аударылуын және толық есепке алуды қамтамасыз ету.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: зейнетақы төлеу жөніндегі орталықтың шоттары арқылы өткізілетін қаржылық ағымдарға әкімшілік ету шығындарының үлесі "Зейнетақы төлеу жөніндегі орталық" РМҚК төлейтін әлеуметтік төлемдерге жұмсалатын шығындардың жалпы сомасына қатысты 1,32 пайызға дейін төмендейді.
Уақтылығы: бір жыл ішінде күн сайын.
Сапасы: зейнетақылар мен жәрдемақылардың уақытылы және толық төленуін жүргізеді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
162-ҚОСЫМША
213 - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Жұмыспен қамту және кедейшілік базасы бойынша ақпараттық-талдамалық
қамтамасыз ету» деген 014 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 64757 мың теңге (алпыс төрт миллион жеті жүз елу жеті мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 4-бабы; «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1132 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: еңбек рыногы, жұмыспен қамту жөнінде мониторингті, республиканың аз қамтамасыз етілген азаматтарына мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету туралы ақпаратты талдау және қорытындылауды ұйымдастыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласындағы ақпараттық-талдау материалдарын жинақтау, өңдеу, талдау және дайындау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдар- лама- ның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 014 |
| Жұмыспен қамту және кедейшілік базасы бойынша ақпараттық-талдамалық қамтама- сыз ету | Жұмыспен қамту базасы бойынша бағдарламалық -қолданбалы бағыныңқы жүйені сүйемелдеу, қолдау: - өңірлер ақпараты базасында жұмыспен қамту деректер базасын актуализациялау; республикадағы еңбек рыногының күйі бойынша ақпараттық-талдау материалын даярлау. Шетелдік жұмыс күшінің әкелінуіне мониторинг жүргізу: - өңірлер, қызмет түрлері бойынша өзге елдерден мамандарды тартатын жұмыс берушілер базасын қолдау; - өтініштер мен олар бойынша берілген рұқсатнамалар жөніндегі деректер базасы; - шетелдік мамандарды дербес есепке алудың деректер базасы; - қосымша жұмыс орындарын құру, шетелдік жұмыс күшін тартатын кәсіпорындарда Қазақстан Республикасының қайта оқытылған азаматтарының саны туралы деректер базасы. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақылар бойынша бағдарламалық-қолданбалы бағыныңқы жүйесін сүйемелдеу, қолдау: - мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, балаларға арналған жәрдемақылар алушылардың өңірлік базасын сүйемелдеу. Өзге де активтерді сатып алу: (оны платформа ретінде қолданатын серверлік қосымшаларға арналған операциялық жүйе, қосымша модульдері бар кәсіби кеңселік десте, желіге мониторинг жүргізу және оны қорғау жөніндегі құралдар, құжат айналымын автоматтандыруға арналған бағдарламалық жасау, сайтты сүйемелдеуге арналған әзірлеме құралдары, деректерді резервтік көшірмелеу және деректерді қалпына келтіру, вирусқа қарсы және т.б. құралдар). | Жыл бойы | Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: «Атаулы әлеуметтік көмек», «Жұмыспен қамту» бағдарламалық өнімдерді сүйемелдеу. Пайдаланудағы деректер базасын кеңейту, бағдарламалық-қолданбалы жүйені жетілдіру. «Әлеуметтік Карта» ақпараттық жүйесінің жаппай енгізілуін ескере отырып «Атаулы әлеуметтік көмек» ақпараттық-есептеу жүйесін дамыту. 18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақылар ақпараттық жүйесін облыстарда, Астана, Алматы қалаларында әзірлеу және енгізу.
Түпкі нәтиже:
- орталық және өңірлік атқару органдарын ақпараттық-талдау материалдарымен қамтамасыз ету; www.enbek.kz сайтында халықты елдің еңбек рыногындағы сұраныс және ұсыныс жағдайы жөнінде ақпараттандыру жүйесін орналастыру.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: ақпараттық жүйенің енгізілуі пайдаланушылардың еңбек өнімділігін орта есеппен 10 пайызға арттырады.
Уақытылылығы: жоспарға сәйкес жыл ішінде.
Сапасы: қабылданған шаралар кедейлікті төмендетудің белсенді саясатының іске асырылуына, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының ерекшеліктерін ескере отырып, халықтың жұмыспен қамтылу деңгейін ұлғайтуға септігін тигізеді.
Халықтың елдегі еңбек рыногындағы сұраныс пен ұсыныстың күйі жөнінде хабардар етілуі халықтың еңбек ұтқырлығына септігін тигізеді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
163-ҚОСЫМША
213 - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың ақпараттық
жүйесін дамыту»
деген 015 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 750000 мың теңге (жеті жүз елу миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы; «2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесін дамытудың бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы № 1359 қаулысы 2-тармағының 5.1.2.-тармақшасы; «2006-2008 жылдарға арналған мүгедектерді оңалтудың бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 қаңтардағы № 17 қаулысының 10-тармағы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мүгедектерді оңалтудың бірыңғай жүйесін жасау және жинақтаушы зейнетақы жүйесін одан әрі дамыту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері:
- мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламаларының орындалуына бақылау жасау және мониторинг ұйымдастыру;
- зейнетақы жүйесіне қатысушылар (салымшылар) шарттарының бірыңғай қорының өзектендірілуі.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдар- лама- ның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 015 |
| Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың ақпараттық жүйесін дамыту | 1. Мүгедектердің Орталықтандырылған Деректер Қорын құру: 1. Жүйені қолданушылар үшін корпоративтік телекоммуникациялық желіні ұйымдастыру, Деректер Банкіне толығымен кіру мүмкіндігін қамтамасыз ету. 2. Компьютерлік жабдықтарды, ұйымдастыру техникасын және электр жабдықтарын сатып алу. 3. Oracle лицензиялық өнімдерді сатып алу. 4. МОДБ деректерін сақтайтын жүйені кеңейту. 2. Міндетті зейнетақы жарналарын төлеудің тиімділігін қамтамасыз ету және міндетті зейнетақы жарналары бойынша "бір салымшы - бір қор" принципін жүзеге асыру: 1. Зейнетақы жинақтарының мониторингі бойынша бағдарламалық өнімді сатып алу және іске қосу. 2. Компьютерлік, ұйымдастыру техникаларын және электр жабдықтарын сатып алу. 3. Oracle лицензиялық өнімдерді сатып алу. 4. Аналитикалық жүйе бойынша бағдарламалық өнімді әзірлеу және іске қосу. |
Сәуір-мамыр-маусым. Сәуір-мамыр-маусым
Сәуір-мамыр-маусым
Шілде-тамыз-қыркүйек
Тамыз-қыркүйек-қазан
Сәуір-мамыр-маусым Сәуір-мамыр-маусым
Шілде-тамыз-қыркүйек | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: ҚР ЕХӘҚМ медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдеріндегі, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаменттеріндегі, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріндегі жұмыс орындарын автоматтандыру арқылы Қазақстан Республикасы бойынша мүгедектерді есепке алу 98%-ға жеткізілетін болады.
Зейнетақы аударымдарының жалпы санындағы қайтарымдардың абсолюттік сомасын 2-3%-ға дейін төмендету.
Зейнетақы салымдарының 100% құпиялылығын қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
164-ҚОСЫМША
213 - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Заңды тұлғаның қызметі тоқтатылған жағдайда, сот мемлекетке жүктеген,
адам өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу» деген 016 республикалық
бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Құны: 1 267 424 мың теңге (бір миллиард екі жүз алпыс жеті миллион төрт жүз жиырма төрт мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 шілдедегі Азаматтық Кодексінің 945-бабы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: заңды тұлғаның қызметі тоқтатылған жағдайда, зардап шегушілерге зиянды өтеу жөніндегі мемлекеттің міндеттемелерін орындау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері:
- таратылған заңды тұлғалардың бірінші кезектегі, кредиторлар алдындағы, зиянды өтеу жөніндегі мерзімді уақыттық төлемдерді капиталдандыру бөлігінде өтеу;
- зардап шеккендерге тиесілі сомаларды заң актілерінде қарастырылған тәртіппен уақтылы төлеу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдар- лама- ның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 016 |
| Заңды тұлғаның қызметі тоқтатылған жағдайда, сот мемлекетке жүктеген, адам өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу | Сот шешімдері бойынша төлемдерді жүзеге асыру және ұйымдастыру. | Сот шешімдерінің түсуіне байланысты жыл бойы. | Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: адамның өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу туралы заңды күшіне енген сот шешімдері бойынша төлемдерді жүргізу.
Түпкі нәтиже: заңды тұлғаның қызметі тоқтатылған жағдайда, зардап шегушілерге келтірілген зиянды өтеу жөніндегі мемлекеттің міндеттемелерін орындау.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: төлемдердің капиталдандыру көлеміне байланысты орташа мөлшері 150 000 теңгеден 989 000 теңгеге дейін.
Уақтылығы: сот шешімдерінің түсуіне байланысты жыл ішінде.
Сапасы: сот шешімдерінің уақытылы орындалуы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
165-ҚОСЫМША
213 - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне
әлеуметтік қамсыздандыру объектілерін салуға және реконструкциялауға берілетін
нысаналы даму трансферттері»
деген 019 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 507000 мың теңге (бес жүз жеті миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 19, 24-баптары, «Мүгедектерді оңалтудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 қаңтардағы № 17 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мүгедектерді, оның ішінде мүгедек-балалар мен қарттарды оңалту және оларға әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жақсарту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: бөгде адамның тұрақты көмегіне мұқтаж мүгедектерді, оның ішінде мүгедек балаларды медициналық және әлеуметтік оңалтудың сапасын жетілдіру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 019 |
| Облыстық бюджет- терге, Астана және Алматы қалала- рының бюджеттеріне әлеуметтік қамсыздандыру объектілерін салуға және реконструкциялауға берілетін нысаналы даму транс- ферттері | Мыналар: - Маңғыстау облысының Ақтау қаласындағы ақыл-есі кем мүгедек балаларға арналған 210 орындық интернат-үйінің құрылысы Жобаның ТЭН-сі бойынша Мемлекеттік сараптаманың 2006 жылғы 27 наурыздағы № 15-079/06 қорытындысы); - Атырау қаласындағы Мүгедектерді оңалту облыстық орталығы ғимаратының құрылысына (Жобаның ТЭН-сі бойынша Мемлекеттік сараптаманың 2006 жылғы 16 ақпандағы № 08-12/2006 қорытындысы); - Қостанай облысының Рудный қаласындағы қалалық емхананы психоневрологиялық интернат ғимаратының қайта жаңарту (Жобаның ТЭН-сі бойынша Мемлекеттік сараптаманың 2006 жылғы 16 маусымдағы № 14-143/06 қорытындысы) үшін нысаналы трасферттерді аудару. | Ақпан -желтоқсан | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Маңғыстау, Атырау, Қостанай облыстарының әкімдері. |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: объектілерді салу жөніндегі жұмыстар көлемінің
жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес орындалуы.
Түпкі нәтиже: мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету деңгейін арттыру.
Уақтылығы: құрылыс жұмыстарының көлемін қызметтер жеткізушілері жасалған шарттарға сәйкес орындау.
Сапасы: Қазақстан Республикасының құрылыс нормалары мен ережелерінің талаптарына сәйкес.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
166-ҚОСЫМША
213 - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Халықты әлеуметтік қорғаудың мемлекеттік ұйымдары кадрларының
біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау»
деген 022 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 3309 мың теңге (үш миллион үш жүз тоғыз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасында әлеуметтік реформаларды одан әрі тереңдетудің 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 30 қарашадағы № 1241 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: ұсынылатын әлеуметтік қызметтер сапасын жоғарылату және кәсіби шеберлікті жетілдіру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері:
- еңбек, жұмыспен қамту және еңбекті қорғау саласы мамандарының шеберлігін, теоретикалық және тәжірибелік білімдерін жаңарту;
- әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі мамандарының кәсіптік деңгейін арттыру мен дайындығын қамтамасыз ету;
- әлеуметтік қорғау, медициналық-әлеуметтік сараптама, еңбекті қорғау саласындағы мамандарды оқытуды жүргізу, әлеуметтік сала, жұмыспен қамту және еңбекті қорғау қызметкерлерінің кәсіптік деңгейін арттыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 022 |
| Халықты әлеуметтік қорғаудың мемлекеттік ұйымдары кадрларының біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау
| Мынадай: 1) мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік қорғауды, оңалтуды және әлеуметтік бейімдеуді ұйымдастыру (2 тоқсан); 2) халықты әлеуметтік қорғау (3, 4 тоқсан); 3) медициналық-әлеуметтік мекемелер мәселелері (2, 3 тоқсан); 4) жалғызілікті және жалғыз тұратын қарттарға үйде әлеуметтік көмек көрсету (1, 2, 4 тоқсан) - тақырыптарында мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: 294 маманның кәсіптік біліктілігін арттыру.
Түпкі нәтиже: мемлекеттік әлеуметтік қорғау ұйымдары мамандарының кәсіптік деңгейін арттыру қажеттілігін 35 пайызға қамтамасыз ету.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: мемлекеттік әлеуметтік қорғау ұйымының бір маманының кәсіптік деңгейін арттырудың орташа шығыны 11 255 теңге болады.
Уақтылығы: келісім-шартқа сәйкес жыл ішінде.
Сапасы: мемлекеттік әлеуметтік қорғау ұйымдары мамандарының кәсіптік деңгейін кәсіптік мінездеме негізінде арттыру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
167-ҚОСЫМША
213 - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек көрсетуді
әдіснамалық қамтамасыз ету»
деген 023 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 26841 мың теңге (жиырма алты миллион сегіз жүз қырық бір мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 22-бабы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мүгедектердің басқа адамдармен тең іс-әрекет жасауына және қоғамға кірігуіне тең мүмкіндіктер жасау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері:
- жаңа техникалық, көмекші (компенсаторлық) құралдарды және жүріп-тұру құралдарын енгізу жөнінде жұмыс жүргізу;
- мүгедектерге ұсынылатын протездік-ортопедиялық көмектің сапасын және қол жетер жақсарту.
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Бағдарламаның (кіші бағдар- ламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орын- даушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 023 |
| Мүгедек- терге про- тездік- ортопе- диялық көмек көрсету- ді әдіс- намалық қамтама- сыз ету | - протездік-ортопедиялық кәсіпорындар үшін бұйымдардың жаңа түрлеріне техникалық құжаттама әзірлеу; - протездік-ортопедиялық кәсіпорындар үшін протездеу және протез салу саласында медициналық ұсынымдар әзірлеу; - мүгедектерді оңалту және олардың жүріп тұруына жаңа құралдар енгізу жөнінде жұмыстар ұйымдастыру және жүргізу; - күрделі, ерекше күрделі және қалыпты емес зақымдануы бар мүгедектерді протездеу жөніндегі сынақ-тәжірибе жұмыстарын жүргізу; - протездік-ортопедиялық кәсіпорындардың мамандарын протездеуге және протез салуға үйрету; - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «республикалық эксперименталды протездеу орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын техникалық қайта жарақтандыру үшін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығымен бекітілетін тізбеге сәйкес жабдықтар сатып алуға күрделі трансферттер аудару. | Жыл бойы | Қазақстан Респу- бликасы Еңбек және халықты әлеумет- тік қор- ғау мини- стрлігі. |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже:
- протездеу бойынша медициналық қызметтер көрсету;
- отандық протездік-ортопедиялық бұйымдардың сапасын жақсарту;
- 3 акционерлік қоғамда қазіргі жаңа протез-ортопедиялық бұйымдар шығаруға көшу.
Түпкі нәтиже: мүгедектердің қазіргі протездік-ортопедиялық бұйымдарға қажеттілігін жауап беретін қанағаттандыру.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: шығарылатын протездік-ортопедиялық бұйымдардың өзіндік құнын төмендету.
Уақтылығы: жыл бойы.
Сапасы: мүгедектерді жоғары сапалы протездік-ортопедиялық бұйымдармен қамтамасыз етуге көшу.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
168-ҚОСЫМША
213 - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Оралмандарды тарихи отанына қоныстандыру және әлеуметтік қорғау»
деген 027 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2007.06.11. № 1052 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда(бұр.ред.қара)
1. Құны: 11592014 мың теңге (он бір миллиард бес жүз тоқсан екі миллион он төрт мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасының «Халықтың көші қоны туралы» 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Заңының 29-4-бабы; Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 27 желтоқсандағы № 1508 «Оралмандардың 2005-2007 жылдарға арналған көшіп келу квотасы туралы» Жарлығы; «Көшіп келу квотасы бойынша келген оралмандарға тұрақты тұратын жеріне бару және мүлкін (оның ішінде малын) апару жөніндегі шығыстарын өтеу, келген жері бойынша тұрғын үй сатып алу үшін қаражат бөлу және біржолғы жәрдемақылар төлеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 қаңтардағы № 15 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: көші-қон процестерінің есебінен Қазақстан Республикасы халқының санын өсіруге және оралмандарды жаңа қоғамдық жағдайларға кіргіздірілуіне жағдай жасау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері:
- оралмандардың қоныс аударуын және оларды әлеуметтік қорғауды ұйымдастыру;
- оралмандар көші-қоны квотасы бойынша келген оралмандар отбасыларына тұрғын үй сатып алуға қаражат бөлу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Бағдарламаның (кіші бағдар- ламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орын- даушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 027 |
| Оралман- дарды тарихи отанына қоныс- тандыру және әлеу- меттік қорғау |
|
|
|
2 |
| 100 | Оралман- дарды уақытша орна- ластыру орталығы | Көші-қон квотасымен келген оралмандар отбасыларын бейімделу кезеңінде Оралмандарды уақытша орналастыру орталығына орналастыру. Батыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстары бойынша Оралмандарды уақытша орналастыру орталығының ғимараттына күрделі жөндеу жүргізуді ұйымдастыру. | Жыл бойы | Қазақстан Респу- бликасы Еңбек және халықты әлеумет- тік қор- ғау мини- стрлігі. |
3 |
| 101 | Оралман- дардың көшіп келуі және әлеу- меттік қорғалуы | - жолақы және жүк тасымалы шығындарын өтеу және біржолғы жәрдемақыларды төлеу; - оралмандардың көші-қон квотасы бойынша шет мемлекеттерден оралмандар отбасын түпкілікті тұрғылықты жеріне дейін ұйымдасқан түрде көшіруді және олардың мүлкін апаруды ұйымдастыру; - оралмандарды тұрғылықты жеріне дейін баратын жолында азық-түлікпен және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету; - "Оралман" куәлігін дайындауға төлеу; - оралмандарға құжат беруді төлеу; - банктік қызметтерді төлеу. | Жыл бойы | Қазақстан Респу- бликасы Еңбек және халықты әлеумет- тік қор- ғау мини- стрлігі. |
4 |
| 102 | Оралман- дарды тұрғын үймен қамтама- сыз ету | - көш-кон квотасы бойынша келген оралмандардың отбасыларына тұрғын үй алу жәрдема- қыларын төлеуді ұйымдастыру; - банк қызметтерін төлеу. | Жыл бойы | Қазақстан Респу- бликасы Еңбек және халықты әлеумет- тік қор- ғау мини- стрлігі. |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже:
- 2007 жылғы көші-қон квотасына енгізілген 15 000 оралмандар отбасын қабылдау және жайластыру;
- 2007 жылы көші-қон квотасына енгізілген, шет мемлекеттерден соңғы тұрғылықты жеріне дейін 80 оралмандар отбасын ұйымдастырып көшіру және олардың мүліктерін тасымалдау;
- 67 393 мың теңгеге Батыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстары бойынша облыстық Оралмандарды уақытша орналастыру орталығының ғимаратын күрделі жөндеу.
Түпкі нәтиже: көші-қон процестерінің есебінен Қазақстан Республикасының - халқының санын өсіру.
Қаржы-экономикалық нәтиже: оралман отбасына көрсетілетін орташа көмек мөлшері - 789 952 теңге.
Уақтылығы: оралман отбасының келуіне байланысты жыл ішінде.
Сапасы: нормативтік құқықтық актілермен бекітілген мерзімде көші-қон квотасымен келген оралмандарға әлеуметтік көмектің барлық түрін ұсыну.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
169-ҚОСЫМША
213 - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне
мүгедектерді оңалту жеке бағдарламасына сәйкес, мұқтаж мүгедектерді
міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге және ымдау тілі
мамандарының, жеке көмекшілердің қызмет көрсетуіне ағымдағы
нысаналы трансферттер»
деген 030 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 600852 мың теңге (алты жүз миллион сегіз жүз елу екі мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі:
«Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 21, 22-баптары.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мүгедектерді әлеуметтік оңалту бойынша қызметтер аясын кеңейту арқылы мүгедектердің өмір сапасын жақсарту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері:
- мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес уақытылы:
жеке көмекшімен;
ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтерін уақытында ұсыну;
- мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№Nр/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 030 |
| Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне мүгедектерді оңалту жеке бағдарламасына сәйкес, мұқтаж мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге және ымдау тілі мамандарының, жеке көмекшілердің қызмет көрсетуіне ағымдағы нысаналы трансферттер | 1. Мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мұқтаж мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен, ымдау тілінің мамандарымен, жеке көмекшілермен қамтамасыз ету үшін облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалалық бюджеттеріне ағымдағы нысаналы трансферттерді аудару. 2. Мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мұқтаж мүгедектерді міндетті гигеналық құралдармен, ымдау тілінің мамандарымен, жеке көмекшілермен уақытында қамтамасыз етуді уақтылы ұйымдастыру. | Қаңтар-желтоқсан | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Облыстар, Алматы және Астанақалаларының Әкімдері. |
ҚР Үкіметінің 2007.26.11. № 1135 Қаулысымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже:
1806 мүгедекке ымдау тілі мамандарының қызметтерін ұсыну, мүгедектерді 1873 жеке көмекші мүгедектерді өз қызметтерімен қамтамасыз ететін болады, 8683 мүгедек міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етіледі, оның ішінде облыстар және қалалар бойынша:
Ақмола - 105, 92, 664;
Ақтөбе - 10, 53, 745;
Алматы - 25, 102, 728;
Атырау - 52, 60, 363;
Шығыс Қазақстан - 152, 53, 819;
Жамбыл - 70, 62, 164;
Батыс Қазақстан - 150, 535, 594;
Қарағанды - 181, 137, 442;
Қызылорда - 123, 126, 783;
Қостанай - 249, 58, 501;
Маңғыстау - 37, 27, 293;
Павлодар - 166, 64, 157;
Солтүстік Қазақстан - 100, 45, 430;
Оңтүстік Қазақстан - 151, 86, 842;
Астана - 152, 300, 324;
Алматы - 83, 73, 834 тиісінше.
Түпкі нәтиже: мүгедектерді әлеуметтік оңалту бойынша ұсынылатын қызметтердің қол жетімділігін және оның сапасын кеңейту.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: орта есеппен алғанда жеке көмекшінің қызметтері айына - 10188 теңге сомасында, ымдау тілі маманының қызметі жылына 30 сағат сурдоаудармаға 37913 теңге, міндетті гигиеналық құралдар айына - 2 912 теңге сомасында болады. Уақтылығы: ай сайын.
Сапа: қабылданған шаралар мүгедектердің қоғамға кірігуіне ықпал ететін болады.