2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың
паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі)
(ҚР Үкіметінің 2006.15.12. № 1220 Қаулысына 221-239-қосымшалар)
(үзінді)
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Мыналардың:
221, 222, 223, 224, 225, 226, 227, 228, 229, 230, 231, 232, 233, 234, 235, 236, 237, 237-1, 238, 239-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсін.
2. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
| Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
221-ҚОСЫМША
221 - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
«Мемлекеттің қызметін құқықтық қамтамасыз ету»
деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Құны: 7 638 582 мың теңге (жеті миллиард алты жүз отыз сегіз миллион бес жүз сексен екі мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 15 қаңтардағы Заңы; «Жедел-іздестіру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 15 қыркүйектегі Заңының 6 , 7 , 8-баптары; «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңының 9 , 10-баптары; «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 10 маусымдағы Заңы; «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңы; «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі Заңы; «Патент заңы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі Заңы; «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 26 шілдедегі Заңы; «Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 29 маусымдағы Заңы; «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 18 наурыздағы Заңының 3 , 15, 16, 19, 21, 22-баптары; Қазақстан Республикасының «Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік peecтpi және оларды мемлекеттік тіркеуді ретке келтіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 4 наурыздағы № 3379 Жарлығы; «Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау қызметін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 11 қыркүйектегі № 1376 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мемлекеттің қызметін құқықтық қамтамасыз ету, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың жұмысында заңдылық режиміне қолдау жасау, азаматтардың және ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Қазақстан Республикасының заңнамасымен әділет органдарына жүктелген міндеттерді жүзеге асыру.
ҚР Үкіметінің 2007.29.01. № 64 (бұр.ред.қара); 2007.13.07. № 597 (бұр.ред.қара); 2007.13.11. № 1079 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен 6-тармақ өзгертілді
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағ дар лама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 001 |
| Мемлекеттің қызметін құқықтық қамтамасыз eту |
|
|
|
2 |
| 001 | Орталық органның аппараты | 1) Заң жобалау жұмыстарын ұйымдастыру: заңнамалық актілер бойынша қолданыстағы заңнамаға талдау жүргізу. Жобаның сапасын, негіздемесін және заңдылығын бағалау жобаны қабылдаудың болуы мүмкін тиімділігін анықтау және болуы мүмкін теріс зардаптарын айқындау үшін консультациялық және эксперттік қызметтерді, ғылыми, оның ішінде ғылыми криминологиялық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу. Заң жобаларын әзірлеу үшін ғалым-заңгерлерді және тәжірибе алып жүрген заңгерлерді тарту. Заң жобаларын ғылыми құқықты сараптамадан, заң жобаларын ғылыми криминологиялық сараптамадан өткізу. Заң жобаларының тұжырымдамасын ғылыми сараптамадан өткізу. Заңға тәуелді актілері жобаларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптамасын өткізу. Криминологиялық сараптама шеңберінде заңнамалық актілері жобаларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптамасын өткізу. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға жағдайлар туғызатын нормалары бар болуы тұрғысынан қолданыстағы заңнамалық актілеріне талдау жүргізу. Заң жобаларын әзірлеу жөніндегі жұмыс топтарының отырыстарын жасау, ұйымдастыру және өткізу. Конференциялар мен дөңгелек үстел өткізуді қамтамасыз ету. Жасалған шарттарға сәйкес қызмет көрсетулерге ақы төлеу. Ғылыми мақалаларды, қолданыстағы заңнамаға жүргізілген талдау қорытындыларын, конференциялар мен дөңгелек үстелдер материалдарын, қабылданған заңдарға ғылыми-практикалық түсініктемелерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау. Мемлекеттік органдар үшін Қазақстан Республикасының Заңдар жинағын дайындау және шығару. 2) Зияткерлік меншік құқығын қорғау: Шетелдік делегацияның, сарапшылардың қатысуымен, сабақтас құқықтар шығармалары мен объектілеріне, өнеркәсіптік меншік объектілеріне, селекциялық жетістіктерге, интегралды микросхемалар топологияларына құқықтарды қорғау мәселелері жөніндегі өңірлік семинарларды, көпшілік акцияларды мыналармен ұйымдастыру және өткізу. Зияткерлік меншік объектілерін тіркеу туралы куәлік бланкілерін дайындау. Әдістемелік әдебиеттер мен нормативтік құқықтық актілерін шығару. БАЖ бейне роликтерін жасау және трансляция жүргізу. 3) Құқықтық ақпаратпен қамтамасыз ету; Жасалған шарттарға сәйкес нормативтік құқықтық актілерді жинақтау және есепке алу бойынша қызметтерге ақы төлеу. Мемлекеттік тізілімге нормативтік құқықтық актілер енгізу. Құқықтық ақпарат беруді қамтамасыз ету. Аумақтық бөлімшелерді қоса мемлекеттік органдар бойынша жаңарту мерзімділігі айына кемінде 1 рет "Заң" дерекқорын жыл сайын орнату және өзектілендіру. 4) Соттарда мемлекеттің мүддесін қорғау: Қазақстан Республикасының, шетел мемлекеттерінің, халықаралық төрелік соттарында мемлекеттің мүддесін тиімді құқықтық қорғауды қамтамасыз ету. Шет мемлекеттердің соттарында мемлекеттің мүдделерін қорғау бойынша өткен жылдардың кредиторлық берешегін өтеу. Орталық атқару органдарына құқықтық мәселелер жөніндегі консультациялық қызметтерді көрсету практикасын реттеу. Жасалған шарттарға сәйкес төрелік шығындар мен қызметтерге ақы төлеу. 5) Лицензиярлардың функцияларын орындау: Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен нотариалдық және адвокаттық қызметті лицензиялауды өткізу. Жеке және заңды тұлғаларға нотариалдық және адвокаттық қызметпен айналысу құқығына, бас лицензиялар дайындау. 7) Аумақтық бөлімшелерге заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік бланкілерін дайындау. 8) Аймақтық бөлімшелерге азаматтардың тіркеу кітаптарын дайындау. 9) Аумақтық бөлімшелерге уақытша жеке куәлік бланкілерін дайындау. 10) Мемлекеттік органдар үшін «Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағы» баспа басылымын шығару. 11) Әділет жүйесінде мемлекеттік тілді дамыту мәселелері жөнінде "дөңгелек үстел", семинар, конференция, семинар-практикум өткізу және әділет жүйесі үшін мемлекеттік тілді дамыту мәселелері бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірлеу, шығару. 12) Дін қайраткерлері, дін бірлестіктерінің басшылары, мемлекеттік органдар басшылары мен қызметкерлері қатысумен әртүрлі конфессиялар мен деноминациялар арасындағы өзара түсіністікті, төзімділікті нығайту мәселелері жөнінде семинар-кеңес, ғылыми-практикалық, республикалық, халықаралық конференциялар мен өңірлік семинарлар өткізу. Әлеуметтік зерттеулер өткізу. БАҚ-да діни мәселелер жөнінде бейне фильмдер (бейне көріністер) дайындау және трансляциялау. Діни мәселелері жөнінде радио хабарлар ұйымдастыру. Мемлекеттік органдары және коммерциялық емес ұйымдарға ақпараттық, мерзімді, баспасөз өнімдер, әдістемелік материалдар, оның ішінде "Дін және құқық" ақпараттық бюллетень дайындау және шығару. Діни тақырып бойынша республикалық және шетел баспасөз басылымдарына жазылу. Ғалым-теологтарды, заңгерлерді және өзге де ғылыми қызметкерлерді тарта отырып, діни ұстаным бостандығына азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету саласында мемлекеттік саясат мәселелері жөнінде үгіт-насихат іс-шараларын және дін тану сараптамаларын өткізу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі |
3 |
| 002 | Аумақтық органдардың аппараттары | Заңды тұлғаларды, жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олармен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының нормативтік құқықтық актілерін, азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру. Құқықтық көмекті және заң қызметін көрсетуді ұйымдастыру және құқықтық насихатты қамтамасыз ету. Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласында мемлекет саясатын іске асыру. Азаматтардың діни ұстаным бостандығына құқықтарын іске асыру, әр түрлі діни сенімдегі діни бірлестіктер арасындағы өзара түсіністікті, төзімділікті нығайтуды, олардың мемлекетпен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген норма шығармашылық қызметін және өзге де міндеттерді жүзеге асыру. Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәлік бланкілерін дайындау. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі, оның аумақтық органдары |
4 |
| 007 | Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру | Мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттыру жөніндегі 7 тақырып бойынша қызмет көрсетулер сатып алу: 1) халыққа мемлекеттік қызмет көрсететін жүйені жетілдіру; 2) Қазақстан Республикасында қаржы есептемесінің халықаралық стандарттарға көшудің өзекті мәселелері мен проблемалары; 3) іс жүргізу және құжат айналымы; 4) Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет; 5) зияткерлік меншік құқықтарын қорғау; 6) Қазақстан Республикасындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеудің өзекті мәселелері; 7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу саласында заңнаманың іс-әрекет тиімділігін арттыру шаралары. Мемлекеттік және ағылшын тілдеріне оқыту. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі және оның аумақтық органдары |
5 |
| 008 | Мемлекеттік органдардың ғимараттарын, үй-жайлары мен құрылыстарын күрделі жөндеу | Аумақтық әділет органдарының және қылмыстық-атқару жүйесі басқармасының ғимараттарына, үй-жайлары мен құрылыстарына күрделі жөндеу жүргізу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі, оның аумақтық органдары |
6 |
| 009 | Мемлекеттік органдарды материалдық-техникалық жарақтандыру | Орталық аппаратты, Комитеттерді және олардың аумақтық бөлімшелерін материалдық-техникалық қамтамасыз ету. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі, оның аумақтық органдары |
7 |
| 017 | Ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуін қамтамас ыз ету және мемлекеттік органдарды ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету | Есептеу техникасына және телекоммуникациялық жабдықтарға арналған шығыс материалдар, жиынтық және қосалқы бөлшектер сатып алу; телекоммуникациялық қызметтер; Қазақстан Республикасы Әділет бөлімшелері министрлігінің Веб-сайтына қызмет көрсету; есептеу техникасын және телекоммуникациялық жабдықтар сатып алу; өзге де тауарларды сатып алу; әділет органдарының есептеу техникасы мен ақпараттық жүйесі құралдарына жүйелік-техникалық қызметтер көрсету; ақпараттық жүйелерді әкімшілеу, сүйемелдеу және пайдалану; лицензиялық бағдарламалық өнімдерін сатып алу; жергілікті есептеу желілерін монтаждау, құру (төсеу); бағдарламалық қамтамасыз ету пайдаланушыларын оқыту. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі, Қылмысты қ-атқару жүйесі комитеті және оның аумақтық бөлімшелері |
8 |
| 100 | Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің аппараты | Қылмыстық жазаларды атқару саласында мемлекет саясатын іске асыру, қылмыстық жазаларды атқаратын органдар мен мекемелерде құқықтық тәртіпті және заңдылықты қамтамасыз ету. Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жедел-іздестіру қызметін жүргізу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі, Қыл мыстық-атқару жүйесі комитеті |
9 |
| 101 | Қылмыстық-атқару жүйесінің аумақтық органдарының аппараттары | Мекемелер мен органдарда қылмыстық жазаларды атқару бойынша заңнамасына сәйкес жұмыстар ұйымдастыру; Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жедел-іздестіру қызметін жүргізу. Өтемақы төлемдері, жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары, іссапар шығыстары бойынша өткен жылдардың кредиторлық берешегін өтеу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі, Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті және оның аумақтық бөлімшелері |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жүктелген функцияларды сапалы және уақытылы орындау;
кәсіби деңгейін арттыру кемінде 376 адам;
мемлекеттік тілге оқыту кемінде 334 адам;
ағылшын тіліне оқыту кемінде 50 адам.
Түпкі нәтиже:
мемлекеттің қызметін құқықтық қамтамасыз ету;
мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби деңгейін 11,6 пайызға арттыруда, мемлекеттік қызметкерлерді мемлекеттік тілге 20 % оқытуда және мемлекеттік қызметкерлерді ағылшын тіліне 1,5 пайызға оқытуда қажеттілігін қамтамасыз ету.
Қаржылық-экономикалық нәтиже:
республикалық бюджеттің қаражатын тиімді шығындау;
мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыруға орташа шығындар - 10,6 мың теңге;
бір мемлекеттік қызметшінің мемлекеттік тілге оқытуға орташа шығындар - 49,1 мың теңге;
бір мемлекеттік қызметшінің ағылшын тіліне оқытуға орташа шығындар - 29,7 мың теңге.
Уақтылығы: Іске асыру мерзіміне сәйкес іс-шараларды орындауды уақытылы қамтамасыз ету.
Сапасы:
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне және оның ведомстволарына жүктелген функцияларға сәйкес халыққа ұсынылатын мемлекеттік қызметтерге қол жеткізуді және олардың сапасын қамтамасыз ету;
қазіргі замандағы экономикалық жағдайларға сәйкес мемлекеттік қызметтің кәсіби талаптарына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейін арттыру;
мемлекеттік тілді оқу курстарын өткеннен кейін іс жүргізу қағаздары мемлекеттік тілге көшкен мемлекеттік қызметшілердің үлесі 30 пайыз;
ағылшын тілін оқу курстарын өткеннен кейін ағылшын тіліндегі құжаттармен жұмыс істейтін мемлекеттік қызметшілердің үлесі 1,2 пайыз;
кәсіби деңгейін арттыру курстарын өткеннен кейін жоғарғы лауазымға тағайындалған мемлекеттік қызметшілердің үлесі 2,5 пайыз.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
222-ҚОСЫМША
221 - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Сот сараптамаларын жүргізу»
деген 002 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1430316 мың теңге (бір миллиард төрт жүз отыз миллион үш жүз он алты мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Сот сараптамасы туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 12 қарашадағы Заңы; «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 18 наурыздағы Заңының 3 , 17-баптары; «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сот сараптамасы орталығы» мемлекеттік мекемесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1997 жылғы 11 тамыздағы № 1245 қаулысы; «Қазақстан Республикасының сот сараптама жүйесін дамыту тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 8 ақпандағы № 119 қаулысы; «Қазақстан Республикасының сот сараптамасы жүйесін дамыту тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2006-2008 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 26 қазандағы № 1072 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: сот сараптамасындағы қылмыстық азаматтық істердің және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істердің материалдары бойынша Қазақстан Республикасының сот ісін жүргізудің қажеттілігін қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: сот-сараптама қызметін ұйымдастыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағ дар лама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 002 |
| Сот сараптамаларын жүргізу | Соттық-сараптама қызметін ұйымдастыру; лицензиялау туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сот сарапшыларына лицензиялар беру; сот сараптамасы органдарының материалдық-техникалық базасын нығайту; сот сараптамасы саласында ғылыми-зерттеу жұмысын үйлестіру және жүргізу; сот-сараптама қызметінің ұйымдастырушылық негізін дамыту; сарапшы кадрларын ipiктеу, кәсіби даярлау және олардың біліктілігін арттыру жүйесін жетілдіру; Сот сараптамасы орталығы үшін ақпараттық жүйені техникалық, технологиялық, материалдық, бағдарламалық қамтамасыз ету және сүйемелдеу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығы. |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже:
1) Қазақстан Республикасының сот-сараптама қызметін толық ғылыми және әдістемелік қамтамасыз ету;
2) бірыңғай және тәуелсіз сот-сараптама жүйесінің қызметін кезең-кезеңмен жетілдіру;
3) азаматтық сот ісін жүргізуде сот сараптамасының ролін арттыру;
4) WEB-сайтты сүйемелдеу және қызмет көрсетулерді;
5) қызметтік ғимарат сатып алу.
Түпкі нәтиже: сот сараптамасындағы Қазақстан Республикасы сот ісін жүргізу қажеттілігін қамтамасыз ету.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: бір сараптама жүргізу үшін шығындар кемінде 8239 теңге құрайды.
Уақтылығы: іске асыру мерзіміне сәйкес іс-шараларды орындауды уақытылы қамтамасыз ету.
Сапасы: Қазақстан Республикасының сот ісін жүргізудің қазіргі заманға сай сапалы сараптамадағы талаптарын неғұрлым толық қанағаттандыру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
223-ҚОСЫМША
221 - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
«Сотталғандарды ұстау»
деген 003 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Құны: 13 662 378 мың теңге (он үш миллиард алты жүз алпыс екі миллион үш жүз жетпіс сегіз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 31 желтоқсандағы Қылмыстық-атқару кодексі; «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 18 наурыздағы Заңы; «Қазақстан Республикасы ішкі істер қылмыстық-атқару жүйесі органдарының тұрғын үйді ұстауға және коммуналды қызмет көрсетулерге ақшалай өтемақы алуға құқығы бар әскери қызметшілері қызметкерлері лауазымдарының тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 31 наурыздағы № 483 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысы; «Қазақстан Республикасы әділет органдарының қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлеріне қызметтік міндеттерін немесе қызметтік борышын атқару кезеңінде мертіккен кезде, ал олар қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда оны алуға құқығы бар адамдарға біржолғы өтемақы төлеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 4 сәуірдегі № 299 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: түзеушілік әсер етуді жүзеге асырумен сотталғандарға қатысты сот үкімін, қаулысын және ұйғарымын орындау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi:
1) Қылмыстық жазаларды орындау, қылмыстық жазаларды атқаратын мекемелерде құқықтық тәртіпті және заңдылықты қамтамасыз ету.
2) Сотталғандарды түзеуді ұйымдастыру.
3) Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде сотталғандардың және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауды қамтамасыз ету.
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағ дар лама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 003 |
| Сотталғандарды ұстау | Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде заңнамада белгіленген тәртіпті және жазасын өтеу жағдайларын сақтауды қамтамасыз ету мен сотталғандарға қатысты соттардың үкімін, қаулысын және ұйғарымын орындау. Іссапар шығыстары бойынша өткен жылдардың кредиторлық берешегін өтеу. |
| Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті және оның аумақтық органдары, түзеу мекемелері |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: қылмыстық жазаны атқару мекемелерінде заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету.
Сотталғандарды еңбекпен қамтамасыз ету. Сотталғандардың білім алуын қамтамасыз ету.
Түпкі нәтиже: сотталғандарға түзеу ықпалын, соның ішінде психологиялық-педагогикалық әдістерді пайдаланып жүзеге асыруды ұйымдастыру.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: республикалық бюджеттің қаражатын тиімді шығындау.
Уақтылығы: іске асыру мерзіміне сәйкес іс-шаралар өткізу.
Сапасы: түзелу жолына түскен сотталғандардың санын арттыру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
224-ҚОСЫМША
221 - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
«Қылмыстық-атқару жүйесі объектілерін салу және реконструкциялау»
деген 004 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 2617400 мың теңге (екі миллиард алты жүз он жеті миллион төрт жүз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 18 наурыздағы Заңы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: сотталғандар мен тергеу-қамауға алынған адамдарды ұстау үшін коммуналдық-тұрмыстық жағдай жасау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: жаңа түзеу мекемелері мен тергеу изоляторының құрылысын салу және қайта жаңарту жолымен сотталғандар мен тергеу-қамауға алынған адамдарды ұстау тығыздығын төмендету; республика бойынша сотталғандарды тасымалдау санын азайту мақсатында сотталғандардың барлық санаттарына сотталғанға немесе тұтқындалғанға дейін тұрған аймағының шегінде жазасын өтеу үшін жағдайлармен қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағ дар лама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 004 |
| Қылмыстық-атқару жүйесі объектілерін салу және реконструкциялау |
"2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің сәйкес мыналар бойынша ic-шараларға бөлінген жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес түзеу мекемелерінің және тергеу изоляторының объектілерін салу және қайта жаңарту жөніндегі мынадай инвестициялық жобаларды іске асыру: 1. Павлодар қаласындағы "Химпром" ААҚ-тың № 822 және № 823 өндірістік корпустарын 1500 орынды ерекше режимдегі түзеу колониясы етіп қайта жаңарту (жобалау-сметалық құжаттаманы бекіту туралы Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Құрылыс және тұрғын-үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің 2005 жылғы 9 ақпандағы № 37-XIX бұйрығы, жобалау-сметалық құжаттамаға Мемлекеттік сараптаманың 2004 жылғы 29 шілдедегі № 2-365/04 қорытындысы); 2. Орал қаласындағы РУ-170/3 мекемесін 900 орынды қатаң режимдегі түзеу колониясы етіп қайта жаңарту (жобалау-сметалық құжаттаманы бекіту туралы Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Құрылыс және тұрғын-үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің 2005 жылғы 8 шілдедегі № 199 ЖІЖ бұйрығы, жобалау-сметалық құжаттамаға Мемлекеттік сараптаманың 2004 жылғы 28 маусымдағы № 2-264/04 қорытындысы); 3. Атырау қаласындағы "Лейла" ЖШС өндірістік базасын 300 орынды әйелдер түзеу колониясы етіп қайта жаңарту (жобалау-сметалық құжаттамаға Мемлекеттік сараптаманың 2005 жылғы 22 желтоқсандағы № 2-902/05 қорытындысы); 4. Алматы қаласындағы 1500 орынды тергеу изоляторын қайта жаңарту және кеңейту (техникалық-экономикалық негіздемесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Құрылыс және тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің 2004 жылғы 7 қаңтардағы № 6 бұйрығы, (жобалау-сметалық құжаттамаға Мемлекеттік сараптаманың 2005 жылғы 16 қыркүйектегі 2-264/05 қорытындысы); 5. Шымкент қаласындағы тергеу изоляторын қайта жаңарту және кеңейту (техникалық-экономикалық негіздемесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Құрылыс және тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің 2006 жылғы 28 сәуірдегі № 165-ЖІЖ бұйрығы, техникалық-экономикалық негіздемесіне Мемлекеттік сараптаманың 2006 жылғы 2 ақпандағы № 2-52/06 қорытындысы); Осы жобалар шегінде белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес мынадай ic-шаралар өткізіледі: 1) Салуға және қайта жаңартуға жер дайындау бойынша жұмыстар жүргізу: - жер учаскесін бөліп беру; - құрылыс салу аймағына кіретін ғимараттар мен құрылыстарды өтеу; - бұзылатын және көшірілетін ғимараттарға құрылыстарға және әр түрлі мақсаттағы инженерлік желілерге өтемақы төлеу; - қолданыстағы ғимараттардың және құрылыстардың істегі қабілетіне және сейсмикалық тұрақтылығына тексеру жұмыстары; - топографиялық-геодезиялық жұмыстар жүргізу; - инженерлік-геологиялық іздеулер жүргізу; - жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу; - ЖСҚ мемлекеттік сараптамасын жүргізу; - жобаны icкe шығару. 2) Құрылыс-монтаж, санитарлық-техникалық электрмонтаждық жұмыстар. 3) Насос станцияларын, санитарлық-техникалық, технологиялық, асханалық, монша-кір жуу жабдықтарын, сигналдама мен байланыс жабдықтарын, бейне-бақылау және арнайы жабдықтар жүйесін сатып алу және монтаж жасау. 4) Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыру бойынша қызмет көрсетулерге ақы төлеу: - техникалық қадағалауды (шарт негізінде немесе жеке тұлға ретінде инжиниринг қызметтерін көрсететін ұйымдарды тарта отырып) ұстау; - авторлық қадағалауды жүзеге асыру; - алаңды және инженерлік желілерді атқарушылық суреттерге түсіру; - жылжымайтын мүлік орталықтарында жылжымайтын мүлікті тіркеу және қызмет көрсету бойынша қызметтер; - 3-тармақшада көрсетілген жабдықтарды реттеу жұмыстарын жүзеге асыру. | Қаңтар-желтоқсан | Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті, оның аумақтық органдары, түзеу мекемелері, тергеу изоляторлары. |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Орал қаласындағы РУ-170/3 мекемесін 900 орынды қатаң режимдегі түзеу колониясы етіп қайта жаңартуды, Атырау қаласындағы 300 орынды әйелдер түзеу колониясын қайта жаңартуды аяқтау; Шымкент қаласындағы тергеу изоляторын қайта жаңартуды және кеңейтуді, Павлодар қаласындағы «Химпром» ААҚ № 822 және № 823 өндірістік корпустарын 1500 орынды ерекше режимдегі түзеу колониясы етіп қайта жаңартуды, Алматы қаласындағы тергеу изоляторын қайта жаңартуды және кеңейтуді одан әрі жалғастыру.
Соңғы нәтиже: республика аумағында тепе-тең бөлінген режим және тергеу изоляторларының түрлері бойынша түзеу мекемелерінің желілерін құру.
Уақтылығы: жұмыс өндірісінің кестесіне және жасалған шарттарға сәйкес.
Сапасы: құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
225-ҚОСЫМША
221 - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
«Сотта адвокаттардың заңгерлік көмек көрсетуі»
деген 005 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 130000 мың теңге (бip жүз отыз миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Адвокаттық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 5 желтоқсандағы Заңы; «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысы; «Республикалық бюджет қаражаты есебінен адвокаттар көрсететін заң көмегіне ақы төлеу және қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеудің ережелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 26 тамыздағы № 1247 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: заңнамада көзделген жағдайларда азаматтардың білікті тегін заң көмегін алуына конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: заңнамада көзделген жағдайларда сотқа, анықтау және тергеу органдарына міндетті қатысқаны үшін адвокаттарға уақытылы және толық еңбекақы төлеуді қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағ дар лама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 005 |
| Сотта адвокаттардың заңгерлік көмек көрсетуі |
Заңнамада көзделген жағдайларда сотқа, анықтау және тергеу органдарына міндетті қатысқаны үшін адвокаттар алқасының өтінімдері бойынша адвокаттарға уақытылы еңбекақы төлеуді ұйымдастыру. Жасалған шарттарға сәйкес адвокаттардың қызметтеріне ақы төлеу және іссапар шығындарын төлеу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі, оның аумақтық органдары. Аумақтық адвокаттық алқалар. |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: сотқа, анықтау және тергеу органдарына міндетті қатысқаны үшін адвокаттарға толық еңбекақы төлеуді қамтамасыз ету.
Түпкі нәтиже: азаматтардың тегін заң көмегін алуына конституциялық құқықтарын іске асыруды қамтамасыз ету.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: республикалық бюджеттің қаражатын тиімді шығындау.
Уақтылығы: заңнамада көзделген жағдайларда білікті санатқа жататын азаматтарға уақытылы тегін заң көмегін көрсетуді қамтамасыз ету.
Сапасы: заңнамада көзделген жағдайларда білікті тегін заң көмегімен қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
226-ҚОСЫМША
221 - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
«Құқықтық насихат» деген 006 республикалық
бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 76506 мың теңге (жетпіс алты миллион бес жүз алты мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 18 наурыздағы Заңының 3 , 19-баптары; «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысы; «Құқықтық түсіндіру жұмысы, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, азаматтарды құқықтық оқыту мен тәрбиелеу жөніндегі 2005-2007 жылдарға арналған бағдарлама туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы № 1382 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтық санасы мен құқықтық мәдениет деңгейін арттыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: оқу орындарының барлық түрлерінде әлеуметтік-экономикалық жағдайлардың өзгеруін, азаматтардың жасын, психологиялық және басқа да ерекшеліктерін ескере отырып, құқықтық оқытудың жаңа оқу жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу;
мемлекеттік қызметшілердің жаңа буынының құқықтық даярлық деңгейін арттыру;
бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасау, құқықтық түсіндіру жұмыстарында жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану;
құқықтық мәдениетті, құқықтық тәрбиені қалыптастырудағы өзекті проблемалар бойынша ғылыми зерттеулерді өзектілендіру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағ дар лама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 006 |
| Құқықтық насихат |
Бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес 2005-2007 жылдарға арналған құқықтық түсіндіру жұмысы, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, азаматтарды құқықтық оқыту мен тәрбиелеу. Мемлекеттің құқықтық саясатының өзекті мәселелері жөніндегі республикалық және өңірлік конференцияларды, семинарларды, дәрістерді мыналармен өткізу: - үй-жайларды, көлік құралдарын және жабдықтарды жалға алу; - әдістемелік ұсынымдар шығару; - кеңсе және өзге де тауарлар сатып алу; - бағдарламалар мен шақырулар дайындау; - ілеспе аудармамен, дыбыс жазбасымен қамтамасыз ету; - буфеттік қызмет көрсету. Іссапарлық шығындар төлеу. Бұқаралық ақпарат құралдарында құқықтық тақырып бойынша арнайы айдарлар, телебағдарламалар жасау мен құқықтық мазмұндағы жарнама-имидж роликтерін шығару және бейнефильмдер жасау. Жалпы білім беретін мектептердің құқықтық пәндер бойынша сертификаттар мен әзірлемелер дайындау. Құқықтық пәндер оқытушыларын қайта даярлау және біліктілігін арттыру. Республика халқына құқықтық мәселелер бойынша түсінік беру үшін құқықтық тақырып бойынша жинақтар, оқу құралдарын, оқу-әдістемелік құралдарды, ғылыми көпшілік басылымдарын және басқа да әдебиеттерді, заң терминдерінің қазақша-орысша, орысша-қазақша сөздіктерін, тақырыптық брошюралар шығару. Жасалған шарттарға сәйкес қызмет көрсетулер мен жұмыстарға ақы төлеу. Жас ғалымдарды тартумен құқық саласындағы өзекті проблемалар бойынша ғылыми зерттеулер өткізу. "Тікелей эфирде" "дөңгелек үстел" элементтерін қолдана отырып, құқықтық тақырып бойынша теле-, радио- хабарлар, дәрістер циклін өткізу; Мерзімді баспасөз басылымдарда құқықтық тақырып бойынша ақпараттық материалдарды жүйелі жариялау; Мерзімді баспасөз басылымдарда құқықтық тақырып бойынша жақсы жарияланым конкурсын (номинациялар бойынша), теле-, радиохабарлар ұйымдастыру және өткізу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: барлық қоғамдық салаларда құқықтық нигилизмді еңсеру жұмысын өткізу.
Түпкі нәтиже: Республика азаматтарының құқықтық мәдениет деңгейін арттыруды, құқықтық тәртіп пен заңды құрметтеудің нақты жағдайын жасауды, құқықтық түсіндіру жұмыстарын, азаматтарды құқықтық оқыту мен құқықтық тәрбиелеу жүргізуде мемлекеттік органдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, қоғамдық бірлестіктер мен Yкіметтік емес ұйымдардың күш-жігерін үйлестіруді қамтамасыз ету.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: республикалық бюджеттің қаражатын тиімді шығындау.
Уақтылығы: іске асыру мерзіміне сәйкес іс-шараларды орындауды уақытылы қамтамасыз ету.
Сапасы: Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтық мәдениетінің деңгейін арттыруды қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
227-ҚОСЫМША
221 - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
«Орта кәсіптік білімді мамандар даярлау»
деген 007 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 188300 мың теңге (бір жүз сексен сегіз миллион үш жүз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 18 наурыздағы Заңының 4-тарау, 11, 20, 25-2-баптары; «Қазақстан Республикасы ішкі істер, қылмыстық-атқару жүйесі органдарының тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызмет көрсетулерге ақшалай өтемақы алуға құқығы бар әскери қызметшілері, қызметкерлері лауазымдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 31 наурыздағы № 483 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Әділет органдарының қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлеріне қызметтік міндеттерін немесе қызметтік борышын атқару кезеңінде мертіккен кезде, ал олар қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда оны алуға құқығы бар адамдарға бір жолғы өтемақы төлеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 4 сәуірдегі № 299 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: қылмыстық-атқару жүйесін орта кәсіптік білімді мамандармен қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: қылмыстық-атқару жүйесі үшін орта бөлім мамандарын даярлау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағ дар лама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 007 |
| Орта кәсіптік білімді мамандар даярлау |
Әділет органдарының қылмыстық-атқару жүйесінде қызметті одан әрі өткеру үшін курсанттарды күндізгі және сырттай нысаны бойынша оқыту. Ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасап, білім беруді ұйымдастыру. Әділет органдарының қылмыстық-атқару жүйесі қызметіне кандидаттарды және орта және аға басшы құрамның арнайы атағы бар адамдарды бастапқы даярлау. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Павлодар заң колледжі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: қылмыстық-атқару жүйесіне орта кәсіптік білімді мамандарды даярлау.
Түпкі нәтиже: қылмыстық-атқару жүйесін орта кәсіптік білімді мамандармен қамтамасыз ету.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: республикалық бюджеттің қаражатын тиімді шығындау.
Уақтылығы: іске асыру мерзіміне сәйкес іс-шаралар өткізу.
Сапасы: орта білім беру орындарын үздік бітірген арнайы кәсіптік білімі бар түлектердің санын арттыру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
228-ҚОСЫМША
221 - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
««Құжаттандыру және тұрғындарды тіркеу» мемлекеттік
деректер базасы» ақпараттық жүйесін құру"
деген 009 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 497244 мың теңге (төрт жүз тоқсан жеті миллион екі жүз қырық төрт мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасында «электрондық үкімет» қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2004 жылғы 10 қарашадағы № 1471 Жарлығы; «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізімдерін жасау мақсатында Жеке заңды тұлғаның бірыңғай нөміріне (сәйкестендіру нөміріне (бизнес-сәйкестендіру нөміріне)) көшу бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 11 маусымдағы № 565 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасында жеке тұлғалардың сәйкестендіру нөмірлерінің Ұлттық тізілімдерінің бірыңғай ақпараттық жүйесін жасау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: жеке басты куәландыратын биометриялық құжаттарды енгізу үшін жағдайлар жасау;
қолда бар және әзірленіп жатқан ведомстволық есепке алу жүйесінің салыстырылмауын жою проблемасын шешу;
мемлекеттік органдардың ақпараттық дерекқорын өзектендіруді іске асыру және ақпаратты қайталауды болдырмау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағ дар лама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 009 |
| "Құжаттандыру және тұрғындарды тіркеу" мемлекеттік деректер базасы" ақпараттық жүйесін құру |
Жеке тұлғалардың сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін жасау: құжаттандыру ақпараттық жүйесіне бейімделу бойынша жұмысты жүргізу (құжаттандыру жүйесін пысықтау); аумақтық бөлімшелер қызметкерлерін оқыту; есептеу техникасы құралдарын сатып алу; арнайы жабдықтар: чиптерге арналған байланыссыз ридерлер, қорғау және сертификаты бар (ЭЦҚ) қол қою құралдарының жеткізгіштерін сатып алу; биометрикалық алгоритмін (габитоскопия) енгізу: биометрикалық салыстыруды жүргізетін бағдарламалық қамтамасыз етуді, биометрикалық сәйкестендіруді жүргізетін лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алу; лицензиялық және қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі, Тіркеу қызметі комитеті |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: халықты құжаттандыру және тіркеу бөлімшелерінде тіркеу процестерін оңтайландыру, қолымен жасайтын операцияларды қысқарту, халыққа қызмет көрсету сапасын жақсарту, құжаттандыру мерзімін қысқарту;
жеке тұлғалар туралы өзекті және дұрыс мәліметтерді сақтайтын және ұсынатын орталықтандырылған дерекқорын жасау;
барлық республика бойынша құжаттандыру мерзімін екі айдан бір айға дейін 2 есе қысқарту және халыққа қызмет көрсету сапасын жақсарту;
некеге тұру туралы 1-нысан бойынша өтінімдердің қайтарылуы 25300 бірліктен 12650 бірлікке дейін 2 есе қысқару тиіс;
тіркеу процедурасын жүзеге асыру кезінде жеке тұлғалар туралы дұрыс және өзекті ақпарат алу;
заңсыз тіркеу және құжаттандыру мүмкіншілігіне жол бермеу;
тәжірибелі пайдалану және енгізу.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
229-ҚОСЫМША
221 - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
«Халыққа «жалғыз терезе» қағидаты бойынша қызмет көрсететін
орталықтардың қызметін қамтамасыз ету»
деген 010 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Құны: 8 813 637 мың теңге (сегіз миллиард сегіз жүз он үш миллион алты жүз отыз жеті мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексі (Салық Кодексі); Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексі; «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 18 наурыздағы Заңының 8 , 9 , 18, 19-баптары; «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1127 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2005 жылғы 14 қаңтардағы № 14 қаулысы; «Астана және Алматы қалаларында «жалғыз терезе» қағидаты бойынша халыққа мемлекеттік қызмет көрсету туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 мамырдағы № 501 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: халыққа мемлекеттік қызмет көрсету кезінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар, төрешілдік, қағазбастылық және өзге де әкімшілік кедергілерді түпкілікті жою үшін жағдайлар жасау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Астана және Алматы қалаларында, облыстық орталықтарда, қалаларда, аудандарда "жалғыз терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуді ұйымдастыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағ дар лама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 010 |
| Халыққа "жалғыз терезе" қағидаты бойынша қызмет көрсететін орталықтардың қызметін қамтамас ыз ету |
Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша құжаттарды қабылдауды және беруді жүзеге асыру; "жалғыз терезе" қағидаты бойынша халыққа қызмет көрсету орталықтарын құру және ұстау; халыққа қызмет көрсету орталығын орналастыру үшін ғимарат сатып алу; тиісті жұмысқа және қызмет көрсетулерге ақы төлеп, әкімшілік ғимараттарды күрделі жөндеу, ағымдағы жөндеу және қайта жаңарту; автокөлік жалдау; халыққа қызмет көрсету орталығын материалдық-техникалық, технологиялық, бағдарламалық, коммуникациялық қамтамасыз ету және сүйемелдеу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының Әділет департаменттері, аудандық (қалалық) Әділет басқармалары |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: халыққа уақытылы және сапалы мемлекеттік қызмет көрсетуді қамтамасыз ету;
халыққа қызмет көрсететін орталықты орналастыру үшін ғимарат сатып алу.
Түпкі нәтиже: халыққа мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру, қызмет көрсету ыңғайлығы.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: халыққа қызмет көрсету орталығының біреуін құруға және ұстауға орташа шығыстар кемінде 34822,1 мың теңге құрайды.
Уақтылығы: іске асыру мерзіміне сәйкес іс-шараларды орындауды уақытылы қамтамасыз ету.
Сапасы: салық заңнамасы саласында заңды тұлғаларды, жер учаскелеріне құқықтар мен онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу, халықты құжаттандыру мен тіркеу, азаматтық хал актілерін тіркеу және құжаттарды апостильдеу процедураларын өткізу мерзімін қысқарту.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
230-ҚОСЫМША
221 - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
«Түзету мекемелерінде ЖҚТБ індетіне қарсы іс-қимыл»
деген 011 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 3255 мың теңге (үш миллион екі жүз елу бес мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «АҚТҚ инфекциясының және ЖҚТБ-ның алдын алу мен емдеу туралы» Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 5 қазандағы Заңы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: түзеу мекемелерінде ЖҚТБ-ның таралуын болдырмау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: түзеу мекемелерінде ЖҚТБ-ның таралуын болдырмау және ЖҚТБ-мен ауыратын сотталғандарды ұстау үшін жағдайлар жасау жөніндегі қажетті шаралар кешенін қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағ дар лама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 011 |
| Түзету мекемелерінде ЖҚТБ індетіне қарсы іс-қимыл |
ЖҚТБ-ның таралуын 77 түзеу мекемелерінде болдырмау және қылмыстық жазасын өтеп жатқан ЖҚТБ-мен ауыратын сотталғандарды ұстауға жағдайлар жасау үшін қажетті шаралар кешенін (медициналық мақсатта бір рет пайдаланатын құралдарды сатып алу; плакаттар, брошюлар, бейнефильм көшірмелерін дайындау; бейнеаппаратура сатып алу) қамтамасыз ету. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті, мемлекеттік түзеу мекемелері. |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: түзеу мекемелерінде ЖҚТБ-ның таралуын болдырмау шаралар кешенін қамтамасыз ету.
Түпкі нәтиже: түзеу мекемелерінде ЖҚТБ-ның таралуын болдырмау.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: республикалық бюджеттің қаражатын тиімді шығындау.
Уақтылығы: іске асыру мерзіміне сәйкес іс-шаралар өткізу.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
231-ҚОСЫМША
221 - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
«Тергеу-қамауға алынған адамдарды ұстау»
деген 012 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Құны: 3 320 275 мың теңге (үш миллиард үш жүз жиырма миллион екі жүз жетпіс бес мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 31 желтоқсандағы Қылмыстық-атқару кодексі; «Қылмыстың жасалуына сезіктілер мен айыпталушыларды күзетте ұстаудың тәртібі мен шарттары туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 30 наурыздағы Заңы; «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 18 наурыздағы Заңы; «Қазақстан Республикасы ішкі істер, қылмыстық-атқару жүйесі органдарының тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызмет көрсетулерге ақшалай өтемақы алуға құқығы бар әскери қызметшілері, қызметкерлері лауазымдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2000 жылғы 31 наурыздағы № 483 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Әділет органдарының қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлеріне қызметтік міндеттерін немесе қызметтік борышын атқару кезеңінде мертіккен кезде, ал олар қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда оны алуға құқығы бар адамдарға бір жолғы өтемақы төлеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 4 сәуірдегі № 299 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: заңнамада көзделген қылмыстың жасалуына сезіктілердің, айыпталушылардың құқықтарын және заңды мүдделерін сақтауды қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тергеу изоляторындағы тергеу қамауына алынғандарды ұстау кезінде құқықтық тәртіпті, олардың құқықтары мен заңды мүдделерінің кепілдіктерін қамтамасыз ету бойынша функцияларды орындау.
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағ дар лама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 012 |
| Тергеу-қамауға алынған адамдарды ұстау | Тергеу изоляторындағы тергеу қамауына алынғандарды ұстау кезінде құқықтық тәртіпті, олардың құқықтары мен заңды мүдделерінің кепілдіктерін қамтамасыз ету. Іссапар шығыстары бойынша өткен жылдардың кредиторлық берешегін өтеу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті және оның аумақтық органдары, тергеу изоляторлары. |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: тергеу изоляторларына жүктелген функцияларды орындау.
Түпкі нәтиже: тергеу изоляторындағы тергеу қамауына алынғандарды ұстау кезінде құқықтық тәртіпті, олардың құқықтары мен заңды мүдделерінің кепілдіктерін қамтамасыз ету.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: республикалық бюджеттің қаражатын тиімді шығындау.
Уақтылығы: іске асыру мерзіміне сәйкес іс-шаралар өткізу.
Сапасы: тергеу-қамауға алынған адамдарды ұстауды жақсарту.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
232-ҚОСЫМША
221 - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
«Тергеу изоляторларында ЖҚТБ індетіне қарсы іс-қимыл»
деген 013 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1070 мың теңге (бip миллион жетпіс мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «АҚТҚ инфекциясының және ЖҚТБ-ның алдын алу мен емдеу туралы» Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 5 қазандағы Заңы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: тергеу изоляторларында ЖҚТБ-ның таралуын болдырмау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: тиімді алдын-алу іс-шараларын, бірінші кезекте ЖҚТБ жұқтыру қаупі бар адамдар арасында жүзеге асыру;
бірінші кезекте тергеу қамауындағы адамдарды ЖҚТБ инфекциясының алдын-алу мәселелері жөніндегі ақпаратпен қамтамасыз ету;
тергеу изоляторларын медициналық құралдармен және жабдықтармен қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағ дар лама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 013 |
| Тергеу изоляторларында ЖҚТБ індетіне қарсы іс-қимыл |
Тергеу изоляторында ЖҚТБ-ның таралуын болдырмау (медициналық мақсатта бip рет пайдаланатын құралдарды сатып алу; плакаттар, брошюралар дайындау) жөніндегі қажетті шаралар кешенін қамтамасыз ету. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті, тергеу изоляторлары |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: тергеу изоляторларында ЖҚТБ-ның таралуын болдырмау шаралар кешенін жүзеге асыру.
Түпкі нәтиже: тергеу изоляторларында ЖҚТБ-ның таралуын болдырмау.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: республикалық бюджеттің қаражатын тиімді шығындау.
Уақтылығы: іске асыру мерзіміне сәйкес іс-шаралар өткізу.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
233-ҚОСЫМША
221 - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
«Дін мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу және сараптамалық орталық
құру» деген 014 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 68136 мың теңге (алпыс сегіз миллион бір жүз отыз алты мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 15 қаңтардағы Заңы; «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңының 10-бабы; «Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау қызметін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 11 қыркүйектегі № 1376 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: ішкі саяси тұрақтылық пен төзімділікті нығайту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: дін саласындағы мемлекеттік органдар қызметін ақпараттық-аналитикалық және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету, қоғамдық институттардың мемлекетпен өзара іс-әрекетін жетілдіру;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы діни бірлестіктері, діни оқу орындары мен мекемелері және миссионерлер туралы ақпараттық деректер банкін қалыптастыру, сондай-ақ олардың қызметін зерделеу және талдау;
діни бірлестіктердің құрылуы мен қызметтері саласындағы заңнаманы әзірлеу және жетілдіру бойынша ұсыныс енгізу, сондай-ақ азаматтардың діни сенім еркіндігі құқығын қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағ дар лама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 014 |
| Дін мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу және сараптамалық орталық құру |
Қазақстандағы діни жағдайдың даму процесін зерделеу және талдауды ұйымдастыру; бір-біріне қарсы тұрып, теріске шығаруда емес, ал адамның жан дүниесін тану мен қайта жандандыруда өзара сыйластық пен ынтымақтастық тұрғыдан қалыптасқан ғылым мен дін өзара қатынасының жаңа парадигмасын қалыптастыру; Қазақстан азаматтарының ғылым және діни әлемі дүниесі төзімділік пен бірлікке негізделген жаңа көзқарас қалыптастыру бойынша ұсынымдар әзірлеу; халықтардың діни дәстүріне құрметпен қарау қажеттілігі, адамзаттың діни-имандылық мәдениетін қалыптастыру және бекітуде діннің ерекше ролі мен орнын ұғыну мүмкіндігін беруде халықтың дін тану білімін беруді және ағартуды ұйымдастыру; заң жобаларын әзірлеу, консультациялық және сараптамалық жұмыс жүргізу, ғылыми және басқа да қызметкерлерді тарта отырып, сараптамалық және ғылыми-зерттеу қызметтерін көрсету, қолданыстағы заңнаманы жүйелеу, нормативтік құқықтық актілерін сараптау, дін саласындағы қолданыстағы заңнаманы түсіндіру, дін саласындағы білім бағдарламалары бойынша теориялық және тәжірибелік білімдерін және дағдыларын жаңартып отыру; мемлекеттік, коммерциялық емес ұйымдарға және жеке тұлғаларға ғылыми-практикалық және ақпараттық көмек көрсету; азаматтардың діни сенім бостандығы құқықтарын қамтамасыз ету және діни бірлестіктер мен мемлекеттің өзара іс-қимыл саласында шет мемлекеттердің жұмыс тәжірибесін зерделеу; үй-жайды жалдау және ағымдағы жөндеу; автокөлікті сатып алу және ұстау; материалдық-техникалық жарақтандыру, технологиялық, бағдарламалық, коммуникациялық қамтамасыз ету; брошюралар дайындау. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: азаматтардың діни сенім бостандығы құқығын қамтамасыз ету;
ішкі саяси тұрақтылықты нығайту.
Түпкі нәтиже: діни мәселелер бойынша ғылыми-зерттеу және талдау орталығын құру;
Орталықты құру нәтижесінде: мемлекеттік органдар мен діни процестерінің тиімді және сындарлы ынтымақтастығы нығаяды; діни саласында заң шығару қорын жетілдіру; республикадағы діни бірлестіктер арасында өзара қарым-қатынас жүйесі жақсарады; діни экстремизмге қарсы іс-әрекеттің әлеуметтік практикада төзімділік тәртібінің нормаларымен стандарттарын бекіту мақсатында ғылыми-әдістемелік қоры құрылады; ғылым мен діннің өзара қарым-қатынасының жаңа парадигмасы қалыптасады; Қазақстан халқының діни дәстүрі, рухани құндылықтары мен имандылығын құрметтеу қажеттілігі күшейтіледі.
Уақтылығы: мемлекеттік коммерциялық емес және жеке тұлғаларға ғылыми-практикалық және ақпараттық көмек көрсету;
діни бағыттағы объектілерге діни сараптамалар жасау, ар-ождан бостандығына құқығы саласында мемлекеттік органдары мамандарының және сарапшыларының консультациялары.
Сапасы: Қазақстан Республикасында мемлекеттік және қоғамдық тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету факторы ретінде конфессиялар арасындағы және өңірлік арасындағы сұхбаттың мәдениетін қалыптастыру;
діни сенім бостандығын іске асыру саласында мемлекеттік органдар қызметін ғылыми-әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
234-ҚОСЫМША
221 - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
«Қазақстан Республикасы азаматтарының төлқұжаттары мен жеке
куәліктерін дайындау» деген 015 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 866913 мың теңге (сегіз жүз алпыс алты миллион тоғыз жүз он үш мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 18 наурыздағы Заңының 3 , 18, 19-баптары; «Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру мен тіркеу ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 шілдедегі № 1063 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: азаматтардың еркін жүріп-тұруына және тұрғылықты жерін таңдауына конституциялық құқықтарын іске асыру үшін Қазақстан Республикасы азаматтарының төлқұжаттары мен жеке куәліктерін дайындауды қамтамасыз eту; халықты құжаттандыру жүйесін және есепке алуды жетілдіру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Қазақстан Республикасы азаматтарының құжаттандыруды және төлқұжаттары мен жеке куәліктерін беруді жүзеге асыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағ дар лама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 015 |
| Қазақстан Республикасы азаматтарының төлқұжаттары мен жеке куәліктерін дайындау |
Қазақстан Республикасы азаматтарының төлқұжаттары мен жеке куәліктерін дайындау үшін шарттар бойынша міндеттемелерді орындау. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі, Тіркеу қызметі комитеті |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Қазақстан Республикасы азаматтарына төлқұжаттар мен жеке куәліктерін жасау.
Түпкі нәтиже: Қазақстан Республикасы азаматтарын төлқұжаттармен және жеке куәліктермен қамтамасыз ету.
Уақтылығы: Қазақстан Республикасы азаматтарының төлқұжаттар мен жеке куәліктерін беру мерзімін сақтау.
Сапасы:
1) Қазақстан Республикасы азаматтарынан қанағаттанғысыз қызмет көрсету туралы келіп түскен арыздар саны (факт бойынша);
2) төлқұжаттарды және жеке куәліктерді беру бойынша өз лауазымдық міндеттерін жүзеге асыру кезінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың тіркелген фактілер (факт бойынша) саны.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
235-ҚОСЫМША
221 - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
«Жоғары кәсіптік білімді мамандар даярлау»
деген 016 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 381997 мың теңге (үш жүз сексен бір миллион тоғыз жүз тоқсан жеті мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық-негізi: «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 18 наурыздағы Заңы 4-тарау, 11, 20, 25-2-баптары; «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: қылмыстық-атқару жүйесін жоғары кәсіби білімді мамандармен қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: қылмыстық-атқару жүйесі үшін жоғары кәсіби білімді мамандарды даярлау және қызметкерлерінің біліктілігін арттыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағ дар лама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 016 |
| Жоғары кәсіптік білімді мамандар даярлау |
Әділет органдарының қылмыстық-атқару жүйесінде қызметін одан әрі өткеру, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алуға қажетті жағдайлар жасап, білім беруді ұйымдастыру үшін курсанттарды күндізгі және сырттай нысаны бойынша оқыту. Адъюнктар және магистрлерді даярлау. Қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыру. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Қостанай заң институты. |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: қылмыстық-атқару жүйесіне жоғары кәсіби білімді мамандарды дайындау.
Түпкі нәтиже: қылмыстық-атқару жүйесін жоғары кәсіби білімді мамандармен қамтамасыз ету.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: республикалық бюджеттің қаражатын тиімді шығындау.
Уақтылығы: іске асыру мерзіміне сәйкес іс-шаралар өткізу.
Сапасы: жоғарғы оқу орнын үздік бітірген жоғарғы кәсіптік білімі бар түлектердің санын арттыру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
236-ҚОСЫМША
221 - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
«Кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау»
деген 017 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 50444 мың теңге (елу миллион төрт жүз қырық төрт мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 18 наурыздағы Заңның 4-тарау, 11, 20, 25-2-баптары; «Қазақстан Республикасы ішкі істер, қылмыстық-атқару жүйесі органдарының тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызмет көрсетулерге ақшалай өтемақы алуға құқығы бар әскери қызметшілері қызметкерлері лауазымдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2000 жылғы 31 наурыздағы № 483 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысы; «Қазақстан Республикасы әділет органдарының қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлеріне қызметтік міндеттерін немесе қызметтік борышын атқару кезеңінде мертіккен кезде, ал олар қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда оны алуға құқығы бар адамдарға бір жолғы өтемақы төлеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 4 сәуірдегі № 299 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: қылмыстық-атқару жүйесінің кадрлық буындарын нығайту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерін бастапқы даярлау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағ дар лама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 017 |
| Кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау |
Әділет органдарының қылмыстық-атқару жүйесіне қызметке кандидаттарды және қатардағы мен кіші басшы құрамдағы арнайы атағы бар адамдарды бастапқы даярлау. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Оқу орталығы |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: қызметке кандидаттарды және қатардағы мен кіші басшы құрамдағы арнайы атағы бар адамдарды бастапқы даярлау.
Түпкі нәтиже: қылмыстық-атқару жүйесі қызметін кандидаттармен және қатардағы мен кіші басшы құрамдағы адамдармен қамтамасыз ету.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: республикалық бюджеттің қаражатын тиімді шығындау.
Уақтылығы: іске асыру мерзіміне сәйкес іс-шаралар өткізу.
Сапа: қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде қызметке кандидаттар және қатардағы мен кіші басшы құрамдағы арнайы атағы бар адамдар үлесі - 100 пайыз.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
237-ҚОСЫМША
221 - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес»
деген 019 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 92018 мың теңге (тоқсан екі миллион он ceгіз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 23 желтоқсандағы № 1686 Жарлығы; «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2006 жылғы 9 ақпандағы № 96 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша мемлекет жүйесіндегі қолданыстағы буындарды нығайту.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағ дар лама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 019 |
| Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес |
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесін материалдық-техникалық қамтамасыз ету, қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды жұмысына енгізу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі заңнамасында көзделген функцияларды орындау.
Түпкі нәтиже: сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру.
Уақтылығы: іске асыру мерзіміне сәйкес іс-шаралар өткізу.
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 237-1-қосымшамен толықтырылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
237-1-ҚОСЫМША
221 - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
020 «Қылмыстық жазасын өтеген адамдарды оңалтуды ұйымдастыру және жүзеге асыру» деген республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 79 928 мың теңге (жетпіс тоғыз миллион тоғыз жүз жиырма сегіз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 18 наурыздағы Заңының 11-бабы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларды әлеуметтік оңалту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларды әлеуметтік оңалту үшін жағдайлар жасау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағ дар лама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 20 |
| Қылмыс- тық жазасын өтеген адамдар- ды оңал- туды ұйымдас- тыру және жүзеге асыру | Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға қоғамға қайта бірігуінде әлеуметтік жәрдем көрсету. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі, Қазақстан Республикасы Әділет министр- лігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті және Оңалту орталық- тары |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: тікелей нәтиже: екі Оңалту орталықтарда бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған 200 адамды ұстау;
соңғы нәтиже: қылмыстық жазаны өтеген адамдарға қоғамда бейімделуге және әлеуметтік байланыстарын қалпына келтіруге жағдай жасау;
қаржы-экономикалық нәтиже: Оңалту орталығында ұсталынған бір адамды ұстауға, жылына - 399,6 мың теңге мөлшерінде шартты шығындар;
уақтылылық: іске асыру мерзімдеріне сәйкес іс-шаралар өткізу;
сапасы: әлеуметтік оңалтудан өткен адамдардың жалпы саннан үлесі 100 пайыз.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
238-ҚОСЫМША
221 - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
«Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес»
деген 104 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 2552 мың теңге (екі миллион бес жүз елу екі мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 31 желтоқсандағы Қылмыстық-атқару кодексінің 97-бабы; "Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 сәуірдегі № 240 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасында нашақорлықтың және есірткі бизнесінің одан әрі таралуына тиімді қарсы іс-қимыл жүйесінің негізгі буындарын нығайту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi:
1) нашақорлыққа қарсы насихат өткізу.
2) нашақорлық құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсордың заңсыз айналымына қарсы іс-әрекет жасау тетігін жетілдіру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағ дар лама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 104 |
| Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес |
Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде ұсталатын адамдар арасында есірткіге қарсы тақырыптағы ақпаратты материалдар шығарумен және таратумен байланысты (буклеттер және плакаттар дайындау) іс-шаралар өткізу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті және оның аумақтық органдары, мекемелері. |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: нашақорлықтың және есірткі саудасын таралуына қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралар кешенін өткізу.
Түпкі нәтиже: есірткіге бейімділігінен арылған адамдар санын ұлғайту.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: республикалық бюджеттің қаражатын тиімді шығындау.
Уақтылығы: іске асыру мерзіміне сәйкес іс-шаралар өткізу.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
239-ҚОСЫМША
221 - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
«Электрондық үкімет шеңберінде адами капиталды дамыту»
деген 116 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 19800 мың теңге (он тоғыз миллион сегіз жүз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасында «электрондық үкімет» қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2004 жылғы 10 қарашадағы № 1471 Жарлығы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: халықтың компьютерлік сауаттылығын арттыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: ақпараттық ресурстарға қол жеткізуді қамтамасыз ету және қызметтердің спектрін кеңейту.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағ дар лама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 116 |
| Электрондық үкімет шеңберінде адами капиталды дамыту |
серверлік жабдықтар сатып алу; ақпараттық жүйе: заңды тұлғалар дерекқорын әзірлеу; WEB-сайтты жасау; ақпараттық дерекқорды және WEB-сайтты сүйемелдеу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі, Тіркеу қызметі комитеті |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: халықтың компьютерлік сауаттылығын арттыру, Интернет пайдаланушылардың санын ұлғайту.