Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 және 2005 жылғы 28 шілдедегі № 786 қаулыларына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 желтоқсандағы № 1258 Қаулысы
(2007.09.11. берілген өзгерістерімен)
ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 7 маусымдағы № 753 Қаулысымен күші жойылды
«Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Заңының 23-1-бабы 1-тармағының 13) тармақшасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
1) «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., № 41, 515-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Лицензиялауға жататын қызмет түрлеріне лицензиялар беруге өкілеттік берілген мемлекеттік органдардың (лицензиярлардың) тізбесінде:
реттік нөмірі 27-1-жолдың 3-бағаны мынадай мазмұндағы жаңа абзацтармен толықтырылсын:
«дене шынықтыру-сауықтыру және спорт қызметін жүзеге асыратын дене шынықтыру-сауықтыру, спорт клубтарының, орталықтардың, секциялардың және басқа да ұйымдардың қызметі;
бірінші, екінші және үшінші санаттағы спорт құрылыстарында дене шынықтыру-сауықтыру, спорт қызметтерін көрсету жөніндегі заңды және жеке тұлғалардың қызметі;
жергілікті қоғамдық бірлестіктердің, одақтардың, қауымдастықтардың (облыстық федерациялардың) дене шынықтыру және спорт саласында қызметтер көрсетуге байланысты қызметі»;
реттік нөмірі 36-жолдың 3-бағанында «дене шынықтыру және спорт жөніндегі» деген сөздер «, дене шынықтыру және спорт саласында қызметтер көрсетуге байланысты» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 9 қарашадағы № 1063 Қаулысымен күші жойылды (ресми жарияланған күнінен бастап жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара)
2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі |
Д. Ахметов |