«Бұқаралық ақпарат құралын есепке қойғаны үшін алымның мөлшерін бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 9 қазандағы № 968 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы  № 1332 қаулысымен күші жойылды

 

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексінің 425-1-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған бұқаралық ақпарат құралын есепке қойғаны үшін алымның мөлшері бекітілсін.

2. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д. Ахметов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2006 жылғы 9 қазандағы

№ 968 қаулысымен

Бекітілген

 

Бұқаралық ақпарат құралын есепке қойғаны үшін

алымның мөлшерi

 

1. Бұқаралық ақпарат құралын есепке қойғаны үшін алымның мөлшері:

1) балалар және ғылыми тақырыптағы бұқаралық ақпарат құралын құратын жеке немесе заңды тұлғалардан - алымды төлеген күнге қолданылатын екі айлық есептік көрсеткішті;

2) өзге де тақырыптағы бұқаралық ақпарат құралын құратын жеке немесе заңды тұлғалардан - алымды төлеген күнге қолданылатын бес айлық есептік көрсеткішті құрайды.

2. Бұқаралық ақпарат құралын есепке қойғандығын куәландыратын құжаттың телнұсқасын беру үшін төленетін алымның мөлшері осы қосымшаның 1-тармағында белгіленген ставканың сексен пайызын құрайды.