«2007-2009 жылдарға арналған «Байқоңыр» кешенінің инфрақұрылымын дамыту»
бағдарламасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 қыркүйектегі
№ 954 Қаулысы

(2008.28.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

«Байқоңыр» кешенінің инфрақұрылымын дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:

1. Қоса беріліп отырған «2007-2009 жылдарға арналған «Байқоңыр» кешенінің инфрақұрылымын дамыту» бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.

2. Бағдарламаның орындалуына жауапты орталық атқарушы органдар мен мүдделі ұйымдар:

1) Бағдарламаны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) жыл сайын 10 шілдеге және 10 қаңтарға қарай Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне Бағдарламаның іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.

ҚР Үкіметінің 2007.29.05. № 438 Қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

3. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі жыл сайын 25 қаңтарға және 25 шілдеге қарай Қазақстан Республикасының Үкіметіне Бағдарламаның іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы А.А. Тілеубердинге жүктелсін.

5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

Д. Ахметов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2006 жылғы 30 қыркүйектегi

№ 954 қаулысымен

бекітілген

 

«2007-2009 жылдарға арналған «Байқоңыр» кешенінің

инфрақұрылымын дамыту» бағдарламасы

 

1. Бағдарламаның паспорты

 

Атауы                 "2007-2009 жылдарға арналған "Байқоңыр"

                      кешенінің инфрақұрылымын дамыту" бағдарламасы.

 

Әзірлеу үшін негіз    Қазақстан Республикасының Президентi

                      Н. Назарбаевтың 2006 жылғы 1 наурыздағы

                      "Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша

                      қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы"

                      атты Қазақстан халқына Жолдауы;

                         Қазақстан Республикасы Президентінің

                      "Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму

                      стратегиясын одан әрі іске асыру жөніндегi

                      шаралар туралы" 2006 жылғы 30 наурыздағы № 80

                      Жарлығы;

                         Қазақстан Республикасы Президентінің 2003

                      жылғы 17 мамырдағы № 1096 Жарлығымен

                      бекітілген Қазақстан Республикасының

                      Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015

                      жылдарға арналған стратегиясы;

                        "Қазақстан Республикасы Президентінің 2006

                      жылғы 1 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауын

                      іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жалпы

                      ұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы

                      Үкіметінің 2006-2008 жылдарға арналған

                      бағдарламасын орындаудың желілік кестесi

                      туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінің

                      2006 жылғы 31 наурыздағы № 222 қаулысы;

                        Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің

                      2005 жылғы 12 қарашадағы № 24-5/007-335 және

                      2006 жылғы 31 наурыздағы № 24-5/007-385

                      тапсырмасы;

                        1994 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан

                      Республикасының Үкіметі мен Ресей

                      Федерациясының Үкіметі арасындағы "Байқоңыр"

                      кешенін жалға беру шарты;

                        "Байқоңыр" кешені объектілерінің мүлкін

                      сақтауды қамтамасыз ету мен ұтымды пайдалану

                      жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан

                      Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 11

                      шілдедегі № 946 қаулысы;

                        "Инфракос" республикалық мемлекеттік

                      кәсіпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы

                      Үкіметінің 1996 жылғы 8 қаңтардағы № 27

                      қаулысы;

                        Қазақстан Республикасы мен Ресей

                      Федерациясының арасындағы Ынтымақтастық

                      жөніндегі үкіметаралық комиссияның "Байқоңыр"

                      кешені бойынша кіші комиссиясының 2005 жылғы

                      8 сәуірдегі сегізінші отырысының Хаттамасы.

 

Әзірлеуші                Қазақстан Республикасы Білім және ғылым

                      министрлігi

 

Мақсаты                  "Байқоңыр" кешенінің инфрақұрылымын дамыту.

 

Міндеттері              "Байқоңыр" кешені объектілерінің техникалық

                      жағдайын және пайдалану перспективаларын

                      кешенді бағалау;

                        Қазақстан Республикасының меншігі болып

                      табылатын "Байқоңыр" кешенінің объектілері мен

                      мүліктерінің құнын қайта бағалау;

                        ұлттық заңнамаға және бухгалтерлік есеп

                      саласындағы халықаралық стандарттарға сәйкес

                      "Байқоңыр" кешенінің активтерін жүйелі есепке

                      алу және тиімді басқару;

                        "Байқоңыр" кешенін ғарыш индустриясы

                      орталығы ретінде дамытуға бағытталған ірi

                      индустриялық-инновациялық жоба әзірлеу;

                        ғарыш индустриясы кластерін қалыптастыру

                      және дамыту;

                        Ресей Федерациясы жалға алатын құрамға

                      кірмеген және құрамнан шығарылатын "Байқоңыр"

                      кешені объектілерін сақтауды және тиімдi

                      пайдалануды қамтамасыз ету;

                        "Байқоңыр" кешеніндегі қазақстандық

                      мамандардың әлеуметтік және коммуналдық-

                      тұрмыстық проблемаларын шешу.

 

Icкe асыру мерзімі    2007 - 2009 жылдар

 

Қаржыландыру көлемі     2007-2009 жылдары Бағдарламаны іске

мен көздері           асыруға республикалық бюджеттен қаражат

                      жұмсалатын болады.

                        Бағдарламаны іске асыруға байланысты

                      қаржылық шығындар 1220,0 млн. теңгені құрайды,

                      оның ішінде: 2007 жылы - 1220,0 млн. теңге,

                      одан:

                        "Байқоңыр" кешені объектілерінің техникалық

                      жағдайы мен пайдалану перспективаларын кешендi

                      бағалау жөніндегі зерттеу жұмыстарын аяқтауға

                      арналған қаржылай қаражат 420,0 млн. теңгенi

                      құрайды, оның ішінде 2007 жылы - 420,0 млн.

                      теңге;

                        Қазақстан Республикасының меншігі болып

                      табылатын "Байқоңыр" кешенінің объектілері мен

                      мүліктеріне түгендеу мен қайта бағалау

                      жүргізуге жұмсалатын қаржылай қаражат 2007

                      жылы 800 млн. теңгені құрайды.

                        Бағдарламаны іске асыруға арналған шығыстар

                      көлемі тиісті қаржы жылына арналған

                      республикалық бюджет туралы Заңға сәйкес

                      нақтыланатын болады.

 

Күтілетін нәтижелер     Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде:

                        "Байқоңыр" кешені объектілерінің техникалық

                      жағдайы мен одан әрі пайдалану перспективалары

                      анықталады және оның дамуының техникалық

                      саясаты әзірленеді;

                        нарықтық экономика жағдайында "Байқоңыр"

                      кешенінің негізгі құралдарының құны

                      анықталады;

                         "Байқоңыр" кешеніндегі кәсіпорындар

                      ресурстарын (ЕRР) есепке алу мен жоспарлаудың

                      ақпараттық жүйесі құрылады;

                         "Байқоңыр" кешенінде арнайы экономикалық

                      аймақ мәртебесі бар Ғарыш индустриясы

                      орталығын құру тұжырымдамасының жобасы мен

                      оның TЭH-і дайындалады (2007 жыл);

                         Ресей Федерациясы жалға алатын құрамға

                      кірмеген және құрамнан шығарылатын "Байқоңыр"

                      кешені объектілерін сақтау мен тиімдi

                      пайдалануды қамтамасыз етудің шарттары

                      қалыптастырылады;

                         ғарыш кешені инфрақұрылымын дамыту мен

                      пайдалану жұмыстарына 2000-ға дейін

                      қазақстандық мамандар тартылады;

                         Байқоңыр қаласында қазақстандық мамандар

                      үшін екі тұрғын үй және 200 нөмірлі қонақ үй

                      кешені салынатын болады (2008 жыл)

 

 

2. Кіріспе

 

Бағдарламаны әзірлеу үшін негіз болып табылатындар:

Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 наурыздағы «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» атты Қазақстан халқына Жолдауы;

«Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын одан әрі іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 30 наурыздағы № 80 Жарлығы;

Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 17 мамырдағы № 1096 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы;

«Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жалпы ұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын орындаудың желілік кестесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 наурыздағы № 222 қаулысы (42.5 т.);

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2005 жылғы 12 қарашадағы № 24-5/007-335 және 2006 жылғы 31 наурыздағы № 24-5/007-385 тапсырмасы;

1994 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Yкіметі арасындағы «Байқоңыр» кешенін жалға беру шарты;

«Байқоңыр» кешені объектілерінің мүлкін сақтауды қамтамасыз ету мен ұтымды пайдалану жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан  Республикасы Yкіметінің 1995 жылғы 11 шілдедегі № 946 қаулысы;

«Инфракос» республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 8 қаңтардағы № 27 қаулысы;

Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының арасындағы Ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның «Байқоңыр» кешені бойынша кіші комиссиясының 2005 жылғы 8 сәуірдегі сегізінші отырысының Хаттамасы.

«Байқоңыр» кешені 1991 жылғы тамызға дейін КСРО ғарыштық инфрақұрылымының негізгі буыны болып табылады.

КСРО құлағаннан кейін кешен объектілері Қазақстан Республикасының меншігіне айналып, бұл одан әрі пайдалану мәселелеріне байланысты мемлекетаралық деңгейде заңды сипаттағы проблемаларды тудырды.

1994 жылы 28 наурызда Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасында «Байқоңыр» ғарыш айлағын пайдаланудың негізгі қағидаттары мен шарттары туралы келісімге қол қойылып, соған сәйкес «Байқоңыр» кешені Ресей Федерациясына жалға берілді.

Қазақстан және Ресей Президенттерінің күш-жігерімен екі елдің үкіметтері ортақ мүдделері үшін "Байқоңыр" кешенін сақтау және тиімді пайдалану үшін барлық ықтимал шараларды қабылдады, бұл кешеннің әлемдік пайдалану үшін барлық ғарыш айлағы мәртебесін қайтадан иеленуіне мүмкіндік жасады. «Байқоңыр» кешенінің арқасында Қазақстан ғарыш кеңістігін бейбіт мақсатта пайдалану мен зерттеу жөніндегі халықаралық жобалардың толыққанды қатысушысы атанды.

Ғарыш - жоғары технологиялық саланың бірі, көптеген ғылыми бағыттардың біріктіргіші және қосылған құны жоғары өнім игеру мен өндіру саласы болғандықтан, «Байқоңыр» кешені Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму үдерісінде таяу арада және алыстағы болашақта ғарыш индустриясын құру және дамыту үшін негіз болған және болып табылады да.

Бұл ретте, «Байқоңыр» кешені базасында жерүсті инфрақұрылымынан бастап әр түрлі мақсаттағы ғарыш аппараттарына, оның ішінде орбиталық станцияларды және Күн жүйесі планеталарын зерделеуге арналған аппараттарға дейін ғарыш технологияларын игеру мен дамытуға, ғарыш техникасын жасау мен пайдалануға, ғарыш саласының кластерін жасауға жағдай жасалатын болады.

Ғарыш индустриясын құру үдерісі ілеспе міндеттермен бірге жүруі мүмкін, оларды шешу және іске асыру «Байқоңыр» кешенінде жүк терминалы бар «секіріс» әуежайын құру, халықаралық ғылыми-техникалық немесе өндірістік кооперациялар құру сияқты қызметтердің жаңа бағыттарының дамуына мүмкіндік береді.

Осы Бағдарлама еліміздің Индустриалық-инновациялық даму стратегиясын одан әрі іске асыруға, ғарыш индустриясы кластерін қалыптастыру мен дамытуға, халықаралық маңызы бар «серпілістік» жобаларды іске асыруға және еліміздің әлемдік экономикаға кірігуіне бағытталып отыр.

 

 

3. Проблемалардың қазіргі жағдайын талдау

 

Қазіргі уақытта «Байқоңыр» кешені ұшырудың көп мөлшері жүзеге асырылатын әлемдегі ең ірі ғарыш айлағы болып табылады. 2000 жылдан 2005 жылға дейін «Байқоңыр» ғарыш айлағынан 109 ұшыру жүзеге асырылды.

2005 жылы «Байқоңыр» ғарыш айлағынан 19, Кеннеди атындағы Ғарыш орталығы мен Канаверал мүйісінен - 7, «Куру» ғарыш айлағынан - 5 және «Плесецк» ғарыш айлағынан - 6 ұшыру жүзеге асырылған болатын;

Сол уақытта коммерциялық ұшырудың саны жағынан «Байқоңыр» ғарыш айлағы 2000 жыл - 2005 жыл кезеңінде жүзеге асырылған 30 ұшырумен 40 ұшыруды жүзеге асырып, әлемде тек «Куру» ғарыш айлағынан кейінгі екінші орында тұр. Жоғарыда атап көрсетілген американдық ғарыш айлақтары 20 жіберуді жүзеге асырды.

Басқаша сөзбен айтқанда, «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшырудың едәуір бөлігі коммерциялық негізде жүзеге асырылады және Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігі мен Федералдық ғарыш агенттігінің тапсырысы бойынша қаржыландырылады, бұл ретте коммерциялық ұшырулар үлесі тек 28 % құрайды.

Мұндай ахуал 30%-ды құрайтын коммерциялық ұшырулар үлесі бар жерде бүкіл әлемдегі ғарыштық ұшырулар нарығының жағдайын бейнелейді және әлемнің алдыңғы қатарлы державаларының ғарыш айлақтары үшін дұрыс болып табылады.

Қалай болғанда да, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан "Байқоңыр" ғарыш айлағы үшін Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігі мен Федералдық ғарыш агенттігінің тапсырмасы бойынша жүзеге асырылатын ұшырулардың коммерциялық ұшырудан басым болуы ғарыш айлағының болашағына қатысты мазасыздануға белгілі бір себеп туғызады.

Біріншіден Ресей қорғаныс және қауіпсіздік мүддесінде жүзеге асырылатын барлық ұшыруларды 2015 жылға дейін "Байқоңыр" ғарыш айлағынан "Плесецк" ғарыш айлағына ауыстыруды Ресейдің жоспарлап отырғанын ескеру қажет.

Екіншіден ұшыру қызметтерін көрсететін компаниялар арасындағы бәсекелестіктің үнемі өсуі кезіндегі коммерциялық ұшырулар нарығындағы ұзақ мерзімді тұралауды назарға алу қажет.

«Байқоңыр» ғарыш айлағы космонавтиканы басқарып ұшудың әлемдік орталығының бірі болды және болып қала беретіндігін атап өту қажет. Ғарыш айлағының мұндай бағыт алуы космонавтиканы басқарып ұшудың жаңа даму кезеңіне арналған елеулі артықшылыққа жеткізуі мүмкін.

Қазіргі уақытта әлемдік космонавтиканы басқарып ұшудың дамуы XҒС-ның дамуымен және ұзақ мерзімді перспективада - Айға және Марсқа халықаралық кооперация негізінде басқарып ұшумен түйіндес екендігі белгілі.

Бұдан басқа, бүгінгі таңда қазақстандық мамандар «Байқоңыр» кешені сияқты стратегиялық маңызды объектінің бар ғылыми-техникалық және өндірістік әлеуетін жеткілікті мөлшерде зерттемеген. «Байқоңыр» кешені объектілерінің жағдайына, арналымына және мүмкін болатын бағыттарына жүргізілген талдау жаһандық халықаралық ғарыштық бағдарламалар мен жобаларға Қазақстанның кеңінен қатысуына мүмкіндік жасайтын ғарыш саласын дамыту үшін ең маңызды инфрақұрылымдық элемент ретінде «Байқоңыр» кешенін қарауға негіз береді.

«Байқоңыр» кешенінің осал буыны ғарыш индустриясы орталығы ретіндегі оның дамуына бағытталған ірі индустриялық-инновациялық жобаның жоқтығы, ғылыми-зерттеу және өнеркәсіптік орталықтардан алшақтығы, халықаралық қатысу дәрежесінің төмендігі, қазіргі заманғы отандық конструкторлық-технологиялық, тәжірибелік-экспериментальдық және зерттеушілік құрылымдарының жоқтығы болып табылады.

Қазақстанның қатысуымен «Байқоңыр» кешеніндегі алғашқы жобалар:

«Байқоңыр» ғарыш айлағынан экологиялық таза зымыран тасығыштардың жаңа түрін ұшыру кезінде бастапқы кешенді құру және пайдалану (»Бәйтерек») және «Ұлттық геостационарлық байланыс және хабар тарату серігін жасау және ұшыру» (»Kazsat») болып табылады.

«Байқоңыр» кешені жерүсті инфрақұрылымының қазіргі жағдайы мынадай болып сипатталады:

1. Бухгалтерлік есеп саласындағы ұлттық заңнама мен халықаралық стандарттарға сәйкес «Байқоңыр» кешені мүліктері бағаланбаған және активтердің жүйелік есебі ұйымдастырылмаған.

2. Ресей Федерациясы жалға алған құрамға енбеген және құрамнан шығарылған «Байқоңыр» кешенінің 593 объектісі 1997 жылдан қазіргі кезге дейін «Инфракос» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ("Инфракос" РМК) шаруашылық жүргізуіне берілген.

Есептен шығарылатын мүліктерді сатуды талдау, бүгінгі таңда мүліктің мұндай түрін сатудан түсетін кірістер оны күзетуге арналған шығыстарды жаба алмайтынын көрсетіп отыр. Бұл 1998-2002 жылдары объектілердің "Инфракос" РМК қызметінің бастапқы кезеңінде өтімді материалдарды қамтитын қайта жөнделуіне байланысты.

«Байқоңыр» кешенінің жалға алынған мүліктерін түгендеудің 2003 жылғы қорытындылары бойынша ресей тарапы 740 объектіні жалдаудан шығарды, оларды одан әрі пайдалану жоспарланбайды.

«Инфракос» PMК өзінің жарғылық міндеттеріне сәйкес олардың одан әрі пайдаланылу перспективаларын Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдары анықтағанға дейін аталған объектілерді өз теңгеріміне алады.

«Инфракос» РМК объектілердің сақталуын тек кәсіпорын құрамында ведомстволық күзет бөлімшесін құру жағдайында ғана қамтамасыз ете алады, бұл ретте күзет бөлімшесін жарақтандыру мен ұстауды республикалық бюджет қаражатынан ғана қаржыландыру.

3. «Байқоңыр» кешеніне келетін тауарларды жинау, сұрыптау және сақтау үшін қазіргі заманғы жүк терминалы жоқ.

4. Байқоңыр қаласында тұрғын үйдің тапшылығына байланысты қазақстандық компаниялардың филиалдарында жұмыс істеу үшін кешенге келетін қазақстандық мамандардың жатын-орын проблемасы бар.

Бұдан басқа, Байқоңыр қаласындағы қонақ үйлердің көпшілігі өткен ғасырдың 70-ші жылдарында салынған және монтаждаушы мамандардың орналасуына бағдарланған, соған байланысты олар жұмысшылар жатақханасы болып жіктелуге жатады.

Байқоңыр қаласында қонақ үйлік кешен салу «Байқоңыр» кешеніне келетін қазақстандық мамандарды орналастыру, оларға әр түрлі сервистік және көліктік қызметтер көрсету проблемаларын шешуге мүмкіндік береді.

 

 

4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттерi

 

Бағдарламаның негізгі мақсаты:

«Байқоңыр» кешенінің инфрақұрылымын дамыту.

Бағдарламаның негізгі міндеттері:

«Байқоңыр» кешені объектілерінің техникалық жағдайын және пайдаланылу перспективаларын кешенді бағалау;

Қазақстан Республикасының меншігі болып табылатын «Байқоңыр» кешенінің объектілері мен мүліктерінің құнын қайта бағалау;

бухгалтерлік есеп саласындағы ұлттық заңнама мен халықаралық стандарттарға сәйкес «Байқоңыр» кешенінің активтерін жүйелік есепке алу және тиімді басқару;

«Байқоңыр» кешенін ғарыш индустриясы орталығы ретінде дамытуға бағытталған ірі инновациялық-индустриялық жоба әзірлеу;

ғарыш индустриясы кластерін қалыптастыру және дамыту;

Ресей Федерациясы жалға алатын құрамға енбеген және құрамнан шығарылатын «Байқоңыр» кешені объектілерін сақтауды және ұғымды пайдалануды қамтамасыз ету;

«Байқоңыр» кешеніндегі қазақстандық мамандардың әлеуметтік және коммуналдық-тұрмыстық проблемаларын шешу.

 

 

5. Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен тетігi

 

Бағдарламаның алға қойылған міндеттерін іске асыру үшін мынадай іс-шараларды жүзеге асыру болжанып отыр:

 

5.1 «Байқоңыр» кешені объектілерінің техникалық жағдайын және

пайдаланылу перспективаларын кешенді бағалау жөніндегі зерттеу

жұмыстарын аяқтау

 

Зерттеу жұмыстарын жүргізу нәтижесінде кешеннің ғылыми-техникалық әлеуеті бағаланады, оның объектілерін одан әрі пайдалану мәселелері жедел қаралатын болады.

Зерттеу жұмыстары мыналарды қамтиды:

объектілердің функционалдық мақсаты бойынша жалпы техникалық жағдайын бағалау;

«Байқоңыр» кешені дамуының перспективаларын тұтастай алғанда және оның жекелеген элементтерін болжамды маркетингтік талдау;

«Байқоңыр» кешені объектілерінің инвестицияға тартылуын қаржылық талдау;

«Байқоңыр» кешенін Қазақстан Республикасының ұлттық

қауіпсіздігін қамтамасыз ету және оның саяси мүдделерін сақтау тұрғысынан талдау.

 

5.2. Қазақстан Республикасының меншігі болып табылатын «Байқоңыр»

кешенінің объектілері мен мүліктерін түгендеу

және қайта бағалау

 

2007 жылы Ресей Федерациясы жалға алған мүлікке түгендеу жүргізу барысында Қазақстан Республикасының меншігі болып табылатын «Байқоңыр» кешенінің объектілерін қайта бағалау нарықтық экономика жағдайында «Байқоңыр» кешені активтерінің құнын анықтауға, оларды Қазақстан Республикасының шаруашылық жүргізуші субъектілерінің теңгеріміне оларды кейіннен қоюды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

 

5.3. Кәсіпорын ресурстарын жоспарлаудың ақпараттық

жүйесін (ЕRР) енгізу

 

«Байқоңыр» кешенінің мүліктерін бағалау жөніндегі жұмыс нәтижелерін пайдалану және бухгалтерлік есеп саласындағы ұлттық заңнама мен халықаралық стандарттарға сәйкес активтерді жүйелі есепке алу, ғарыштық инфрақұрылымды дамытуға инвестицияларды тарту үшін кәсіпорын ресурстарын жоспарлаудың ақпараттық жүйесін (ЕRР) енгізу қажет.

Жүйе шаруашылық жүргізуші субъектілердің шаруашылық-экономикалық қызметін тиімді басқаруды, оның ішінде: бизнес-үдерістердің тиімділігін арттыруды, шығасыны төмендетуді, жеткізулерді оңтайландыруды, басқарма және қаржы есептілігін жедел түрде алуды, өнімнің сапасын басқаруды және жабдықтың жөнделуін қамтамасыз етеді.

Жүйенің негізінде бүкіл корпоративтік бизнес-ақпаратты қамтитын деректердің бірыңғай қоймасын құру қағидаты жатыр. Ақпараттық жүйені енгізу «Байқоңыр» кешенін дамытудың неғұрлым басым мәселелеріне тоқталуға мүмкіндік жасайды.

 

5.4. Ғарыш индустриясы орталығын құру

 

Ұлттық ғарыш саласын құруға бағытталған инвестициялық қызметті ынталандыру мақсатында «Байқоңыр» кешенінде арнайы экономикалық аймақ (АЭА) мәртебесі бар Ғарыш индустриясы орталығын (ҒИО) құру қажет.

ҒИО мыналар үшін құрылады:

«Байқоңыр» кешенінің сынақтық, технологиялық, өндірістік-техникалық объектілерін пайдалана отырып, ғарыш саласындағы ғылыми-зерттеу және жобалау-конструкторлық қызметті жүзеге асыру;

Қазақстан Республикасының аумағында ғарыш техникасы өндірісіне өту жолымен жаңа технологияларды енгізу;

халықаралық ғарыштық бағдарламалар мен жобаларға бірігу;

ғарыш қызметін сүйемелдеудің метеорология және сертификаттау жүйесін құру;

ғарыш технологиялары саласындағы маркетингтік зерттеулер;

ғарыш қызметін ақпараттық сүйемелдеу жүйесін құру.

ҒИО құру үшін қазіргі уақытта Ресей Федерациясы жалға алатын құрамнан шығаруға ұсынылған 113 алаңның объектілері неғұрлым құптауға боларлық.

Алаң «Байқоңыр» кешені орталығында орналасқан, жалдаудан шығарылғаннан кейін қажетті қамтамасыз етуші құрылымы бар. Қазақстан Республикасының оқшауланған аумағы болып табылмақ. Аумақтың жалпы алаңы 100 гектарға жуық.

Бұдан басқа 113 алаңнан 5 - 6 км қашықтықта Ресей тарапы жалдаудан шығаруға ұсынған Серпінді сынақтар стенді (биіктігі 105 м) мен Монтажды май құю корпусы (биіктігі 80 м), алаңнан 15 км қашықтықта «Юбилейный» әуежай кешені және 20 км қашықтықта келешектегі «Бәйтерек» зымыран ғарыш кешенінің жөнелту кешені орналасқан.

 

5.5. Материалдық-техникалық жарақтандыру базасын құру

 

Материалдық техникалық жарақтандыру базасы Ресей Федерациясы жалға алатын құрамнан шығарған 3Б алаңында базаның негізінде құрылатын болады.

Болжанып отырған база халықаралық ғарыштық бағдарламалар мен коммерциялық жобаларды орындау шеңберінде «Байқоңыр» кешеніне келетін тауарларды жинау, сұрыптау және сақтау үшін жүк терминалы функциясын орындайтын болады.

Осы Бағдарламада көрсетілген базаны қайта жаңарту мен жабдықтау көзделген.

 

5.6. Ресей Федерациясы жалға алатын құрамға кірмеген және

құрамнан шығарылған «Байқоңыр» кешені объектілерін қорғау

 

«Инфракос» республикалық мемлекеттік кәсіпорын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 8 қаңтардағы № 27 қаулысына сәйкес Иифракос РМК-нің негізгі міндеттерінің бірі Ресей Федерациясы жалға алатын құрамға кірмеген және құрамнан шығарылған Байқоңыр кешені объектілерінің сақталуын қамтамасыз ету болып табылады.

Осы мақсат үшін «Күзет қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 19 қазандағы № 85-II Заңына сәйкес Инфракос РМК-нің құрамында 33 ведомостволық күзеттің бекеті құрылуда.

Инфракос РМК-нің құрамында ведомстволық күзет бөлімшесін құру Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары оларды одан әрі пайдалану перспективаларын анықтағанға дейін берілген объектілерді сақтауға, мүмкіндік жасайды.

 

ҚР Үкіметінің 2007.29.05. № 438 Қаулысымен 5.7-кіші бөлім өзгертілді (бұр. ред. қара) ; ҚР Үкіметінің 2008.28.04. № 395 (бұр.ред.қара) қаулысымен 5.7-кіші бөлім өзгертілді

 

5.7. Байқоңыр қаласында тұрғын үйлер мен қонақ үй кешенін салу

 

Қазақстандық мамандардың тұруы үшін Байқоңыр қаласында 50 пәтерлі екі тұрғын үй салынатын болады.

Көрсетілген үйлердегі пәтерлерді бөлу мынадай тәртіппен жүзеге асырылатын болады:

Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі - 10 пәтер;

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы» АҚ - 40 пәтер;

«Инфракос» РМК - 20 пәтерлер;

«Астрофизикалық зерттеу орталығы» РМК - 20 пәтер;

«Бәйтерек» бірлескен кәсіпорны - 10 пәтер.

Іссапармен Байқоңыр қаласына келуші қазақстандық мамандарды орналастыру үшін 200 нөмірлік қонақ үй кешені салынатын болады.

 

6. Қажетті ресурстар және оларды қаржыландыру көздерi

 

2007 - 2009 жылдарға арналған Бағдарламаны іске асыруға республикалық бюджеттен қаражат жұмсалатын болады.

Бағдарламаны іске асыруға байланысты қаржылық шығындар, 1220,0 млн. теңгені құрайды, оның ішінде: 2007 жылы - 1220,0 млн. теңге.

 

Бағыттары

Республикалық

бюджет қаражаты

(млн. теңге)

1.

"Байқоңыр" кешені объектілерінің техникалық,

жағдайын және пайдаланылу перспективаларын

кешенді бағалау жөніндегі зерттеу жұмыстарын аяқтау

420,0, оның ішінде

2007 жылы 420,0

2.

Қазақстан Республикасының меншігі болып

табылатын "Байқоңыр" кешенінің объектілері

мен мүліктерін түгендеу және қайта бағалау

800,0, оның ішінде

2007 жылы 800,0,

Бағдарлама бойынша жиыны:

оның ішінде: 2007 ж:

1220,0

1220,0

Бағдарламаны іске асыруға арналған шығыстар көлемі тиісті қаржы жылына арналған

республикалық бюджет туралы Заңға сәйкес нақтыланатын болады.

 

7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер

 

Бағдарламаны іске асыру аэроғарыш саласының негізгі өндірістік және ғылыми-техникалық үдерістерін қамтамасыз ететін ғарыштық инфрақұрылымын құру және дамыту негізінде «Байқоңыр» кешенінде Қазақстан Республикасының меншігін бекітуге және жетілдіруге ықпал етеді.

Мыналар:

«Байқоңыр» кешені объектілерінің техникалық жағдайы және одан әрі пайдаланылу перспективалары анықталады және оның дамуының техникалық саясаты әзірленеді;

нарықтық экономика жағдайында «Байқоңыр» кешені негізгі қорларының құны анықталады;

«Байқоңыр» кешенінде кәсіпорын ресурстарын есепке алу мен жоспарлаудың ақпараттық (ERP) жүйесі құрылады;

TЭH-і және «Байқоңыр» кешенінде арнайы экономикалық аймақ мәртебесі бар Ғарыш индустриясы орталығын құру Тұжырымдамасы және оның TЭH-і әзірленеді (2007 жыл);

Ресей Федерациясы жалға алғандардың құрамға енгізілмеген және құрамнан шығарылған «Байқоңыр» кешені объектілерін сақтау және ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету үшін жағдай қалыптастырылады;

кешен инфрақұрылымын дамыту мен пайдалануға арналған жұмыстарға 2000 қазақстандық мамандар тартылады;

Байқоңыр қаласында екі тұрғын үй мен 200 нөмірлі қонақ үй кешені салынады (2008 жыл).

 

ҚР Үкіметінің 2007.29.05. № 438 Қаулысымен 8-бөлім өзгертілді (бұр. ред. қара)

 

8. «2007-2009 жылдарға арналған «Байқоңыр» кешенінің инфрақұрылымын дамыту»

бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары

 

р/с

Iс-шаралар

Аяқталу нысаны

Орындауға  жауапт ылар

Орындалу

мерзімі

Болжанып

отырған (млн.

теңге)

Қаржыландыру

көзі

1. «Байқоңыр» кешені объектілерінің техникалық жағдайын және

пайдаланылу перспективаларын кешенді бағалау жөніндегі зерттеу жұмыстарын жүргізу

1.

Функционалдық мақсаты бойынша

"Байқоңыр" кешені объектілерінің жалпы

техникалық  жағдайын бағалау

Қазақстан Республикасының Yкіметіне ақпарат

ҰҒА (жи-

нақтау),   Қаржы-

мині, ИСМ,

Қорған-

ысмині, ТЖМ, АБА

2007

жылдың II

тоқсаны

250,0

РБ

2.

"Байқоңыр" кешенінің

тұтастай   алғанда және оның жекелеген

элементтерінің даму

перспективаларын болжамды

маркетингтік талдау

Қазақстан

Республикасының

Үкіметіне ақпарат

ҰҒА (жинақтау),  Қаржымині, ЭБЖМ, ИСМ

2007 жылдың III тоқсаны

20,0

РБ

3.

"Байқоңыр" кешені объектілерінің инвестициялық тартымдылығын қаржылық талдау

Қазақстан

Республикасының

Үкіметіне

ақпарат

ҰҒА (жинақтау), Қаржыминi

2007 жылдың III тоқсаны

20,0

РБ

4.

Қазақстан Республикасының ұлттық

қауіпсіздігін   қамтамасыз ету және оның саяси

мүдделерін қамтамасыз ету мәніне "Байқоңыр" кешенін

талдау

Қазақстан

Республикасының

Үкіметіне ақпарат

ҰҒА (жинақтау), Қорғанысмині, ҰҚК, СІМ

2007 жылдың IV тоқсаны

130,0

РБ

БӨЛІМ БОЙЫНША ЖИЫНЫ:

420,0

РБ

2. Қазақстан Республикасының меншігі болып табылатын «Байқоңыр»

кешенінің объектілері мен мүліктерін түгендеу және қайта бағалау

5.

«Байқоңыр» кешеніндегі жалға берілген мүліктердi

түгендеу және қайта бағалау жөніндегі жұмыстарды

жүргізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп

ҰҒА (жи-

нақтау),

Қаржымині,  Қорғанысмині, ИСМ, ККМ, Қоршаған ортамині, АБА

2007 жылдың IV

тоқсаны

800,0

РБ

БӨЛІМ БОЙЫНША БАРЛЫҒЫ:

800,0

РБ

3. (ERP) кәсіпорындары ресурстарын жоспарлаудың

ақпараттық жүйесін енгізу

6.

«Байқоңыр»кешенінде ERP жүйесін енгізудің

ТЭН-ін әзірлеу жөнінде инвестициялық ұсыныс дайындау

ЭБЖМ-ге инвестициялық ұсыныс

ҰҒА

2007 жылдың І

тоқсаны

-

-

4. «Байқоңыр» кешенінде Ғарыш индустриясы орталығын құру

7.

Ғарыш

индустриясы орталығын құру Тұжырымдам асын және оның TЭH-ін әзірлеу жөнінде инвестициялық ұсыныс дайындау

ЭБЖМ-ге  инвестициялық ұсыныс

ҰҒА (жинақтау), ИСМ

2007 жылдың І тоқсаны

-

-

8.

Арнайы

экономикалық аймақ құру жөнінде ұсыныстар дайындау

Қазақстан  Республикасының Үкіметіне ұсыныстар

ҰҒА (жинақтау), ЭБЖМ

2007 жылдың II

тоқсаны

-

-

5. «Байқоңыр» кешенінде материалдық-техникалық жарақтандыру базасын құру

9.

"Байқоңыр" кешенінде материалдық-техникалық жарақтандыру базасын құру ТЭН-ін әзірлеу жөнінде инвестициялық ұсыныс дайындау

ЭБЖМ-ге

инвестициялық ұсыныс

ҰҒА

2007

жылдың

І тоқсаны

-

-

6. Ресей Федерациясы жалға алатын құрамға кірмеген және құрамнан

шығарылатын «Байқоңыр» кешенінің объектілерін сақтауды қамтамасыз ету

10.

"Инфракос"

РМК-ің

ведомстволық күзет бөлімшесін құру жөнінде ұсыныстар дайындау

БҒМ

бюджеттік өтінімі

ҰҒА

2007 жылдың І тоқсаны

-

-

7. Байқоңыр қаласында тұрғын үйлер және қонақ үй кешенін салу

11.

Байқоңыр қаласында Қазақстандық мамандар үшін екі тұрғын үй және 200 нөмірлі қонақ үй кешенін салу жөнінде инвестициялық ұсыныс

дайындау

ЭБЖМ-ге инвестициялық ұсыныс

ҰҒА (жинақтау),

ИСМ, TCM

2007 жылдың І тоқсаны

 

 

БӨЛІМДЕР БОЙЫНША БАРЛЫҒЫ:

1220,0

РБ

оның ішінде 2007 жылы:

1220,0

 

 

ҚР Үкіметінің 2007.29.05. № 438 Қаулысымен ескертпе өзгертілді (бұр. ред. қара)

Ескертпе (әріптік аббревиатуралардың толық жазылуы):

ТЭН - техникалық-экономикалық негіздеме;

РБ - республикалық бюджет;

БҒМ - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі;

Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі;

ЭБЖМ - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі;

ИСМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі;

Қорғанысмині - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігi

ТЖМ - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігi

АБА - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігi

ҰҚК - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетi

СІМ - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігi

ККМ - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігi

Қоршағанортамині - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігi

ТСМ - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігi

ҰҒА - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі.