Арал өңірінің проблемаларын кешенді шешу жөніндегі 2007-2009 жылдарға
арналған бағдарламаны бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 қыркүйектегі № 915 Қаулысы

(2008.06.02. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған Арал өңірінің проблемаларын кешенді шешу жөніндегі 2007 - 2009 жылдарға арналған бағдарлама (бұдан әрі - Бағдарлама бекітілсін.

2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар Бағдарламада көзделген іс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін және жыл сайын 20 қаңтардан және 20 шілдеден кешіктірмей Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне оның іске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынсын.

3. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі жыл сайын 1 ақпаннан және 1 тамыздан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне Бағдарламаның іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат ұсынсын.

4. Ақтөбе, Қарағанды, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарының әкімдеріне әзірленетін өңірлік бағдарламаларда «Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 30 маусымдағы Заңының қолданысына жатқызылатын аумақтарды дамыту жөніндегі кешенді шаралар мен тетіктерді көздеу ұсынылсын.

5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне жүктелсін.

6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

Д. Ахметов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2006 жылғы 26 қыркүйектегi

№ 915 қаулысымен

бекітілген

 

Арал өңірінің проблемаларын кешенді шешу жөніндегі 2007-2009 жылдарға

арналған бағдарлама

 

Бағдарламаның мазмұны

 

1.  Бағдарламаның паспорты

2.  Кіріспе

3.  Проблеманың қазіргі жай-кyйін талдау

3.1. Жалпы сипаттама

3.2. Экологиялық ахуал

3.3. Халықтың ауыз сумен қамтамасыз етілуi

3.4. Әлеуметтік инфрақұрылым

3.5. Арал өңірі экономикасының жай-күйi

4.  Бағдарламаның мақсаты мен міндеттерi

5.  Бағдарламаның негізгі бағыттары мен іске асыру тетігi

5.1. Негізгі бағыттары

5.1.1. Экологиялық ахуалды жақсарту және халықтың экологиялық мәдениетін арттыру

5.1.2. Халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету

5.1.3. Суды ұтымды пайдалану және егіншілік әдістерін жақсарту

5.1.4. Нарықтық инфрақұрылымды дамытуға жәрдемдесу

5.1.5. Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту

5.1.6. Өңірдің маркетингi

5.2. Бағдарламаны іске асыру тетіктерi

6.  Қажетті ресурстар мен қаржыландыру көздерi

7.  Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер

8.  Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары

 

 

ҚР Үкіметінің 2008.06.02. № 105 Қаулысымен 1-бөлім өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Бағдарламаның паспорты

 

Атауы                Арал өңірінің проблемаларын кешенді шешу

                     жөніндегі 2007-2009 жылдарға арналған

                     бағдарлама

 

Әзірлеу үшін         Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2006 жылғы

негіздеме            31 наурыздағы № 222 қаулысымен бекітілген

                     Қазақстан Республикасы Президентінің 2006

                     жылғы 1 наурыздағы "Қазақстанның әлемдегi

                     бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына

                     кіру стратегиясы" атты Қазақстан халқына

                     Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың

                     жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан

                     Республикасы Yкіметінің 2006-2008 жылдарға

                     арналған бағдарламасын орындаудың желілік

                     кестесінің 104-тармағы;

                     Қазақстан Республикасы Президентінің

                     Әкімшілігі Басшысының 2005 жылғы 13 мамырдағы

                     № 41-8.28 бұйрығымен бекітілген

                     Қазақстан Республикасының Президентi

                     H.Ә.Назарбаев 2005 жылғы 27-28 сәуірде

                     Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында

                     берген тапсырмаларды орындау жөніндегi

                     іс-шаралардың 4-тармағы

 

Негізгі әзірлеуші    Қазақстан Республикасы Экономика және

                     бюджеттік жоспарлау министрлігi

 

Мақсаты              Бағдарламаның мақсаты экологиялық жағдайды

                     тұрақтандыру, нарықтық және әлеуметтік

                     инфрақұрылымды дамыту, өңірдің беделін арттыру

                     арқылы Арал өңірі халқының тұрмыс сапасының

                     өлшемдерін жақсарту болып табылады

 

Міндеттері           Экологиялық ахуалды оңалту;

                     суды ұтымды пайдалану және жерді пайдалану

                     әдістерін жақсарту;

                     сапалы ауыз суға қол жеткізуді қамтамасыз ету;

                     нарықтық және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту;

                     өңірдің беделін қалыптастыру және ілгерілету

 

Қаржыландыру         Республикалық бюджеттен 7796,7 млн. теңге,

көздері              оның ішінде 2007 жылы 1223,4 млн. теңге, 2008

                     жылы 2051,1 млн. теңге, 2009 жылы

                    4522,2 млн. теңге көлемінде;

                     халықаралық гранттар есебінен 2007 жылы 86,3

                     млн. теңге көлемінде қаражат бөлу көзделіп

                     отыр.

                     Республикалық бюджет қаражаты есебінен

                     қаржыландырылатын іс-шаралар бойынша

                     қаражаттың көлемі тиісті қаржы жылына

                     арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан

                     Республикасының Заңына сәйкес нақтыланатын

                     болады.

 

Бағдарламаны іске    Бағдарламаны іске асыру және онда көзделген

асырудан күтілетін   барлық шараларды қабылдау Арал өңіріндегi

нәтижелер            экологиялық ахуалды жақсартуға,  нарықтық инфрақұрылымды

                     дамытуға, халықты сапалы

                     ауыз сумен қамтамасыз етуге, суды ұтымды

                     пайдалануға және Арал өңіріндегі егіншілік

                     әдістерін жетілдіруге ықпал етуге тиіс.

 

Iске асыру мерзімі   2007-2009 жылдар

 

 

2. Кіріспе

 

Соңғы жылдары мемлекет экологиялық қасірет нәтижесінде Арал өңірінде қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық проблемаларды шешу жөнінде ауқымды шаралар қабылдауда.

Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2004 жылғы 7 мамырдағы № 520 қаулысымен бекітілген Арал өңірінің проблемаларын кешенді шешу жөніндегі 2004-2006 жылдарға арналған және Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2005 жылғы 24 қаңтардағы № 49 қаулысымен бекітілген, Арал өңіріне іргелес өңірлер аумақтарының шөлейттену процесін тоқтатуға және болдырмауға бағытталған Қазақстан Республикасында шөлейттенуге қарсы күрес жөніндегі 2005 - 2015 жылдарға арналған бағдарлама қабылданды және іске асырылуда.

Осы және басқа шараларды іске асыру өңірдің экологиялық жай-күйін біршама жақсартуға, оның мемлекет кепілдік берген негізгі қызметтерді ұсынатын әлеуметтік және тыныс-тіршілікті қамтамасыз етуші инфрақұрылым желісімен қамтамасыз етілу деңгейін арттыруға көмегін тигізді.

Сонымен қатар, Арал өңірі проблемаларының ауқымдылығы оларды шешу жөніндегі жұмыстарды жалғастыруды талап етеді. Осыны негізге ала отырып, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев 2005 жылы 27-28 сәуірде Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында берген тапсырмалар бойынша жаңа 2007-2009 жылдарға арналған Арал өңірінің проблемаларын кешенді шешу жөніндегі бағдарлама әзірленді.

 

 

3. Проблеманың қазіргі жай-күйін талдау

 

3.1. Жалпы сипаттама

 

Арал өңірінің проблемаларын кешенді шешу жөніндегі 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламаның қабылдануымен өңірдегі жағдайды тұрақтандыру жөніндегі шаралар неғұрлым жүйелі сипатқа ие болды.

Арал өңіріндегі экологиялық қасірет себептері мен салдарын жою жөніндегі басымдықтар айқындалды.

Көрсетілген Бағдарлама шеңберінде республикалық бюджеттен 2004-2006 жылдары Арал өңірі проблемаларын шешу жөніндегі іс-шараларды іске асыру үшін 17356,1 млн. теңге бөлінді, оның ішінде 2004 жылы 6271,9 млн. теңге, 2005 жылы 7814,4 млн. теңге, 2006 жылы (бюджетті нақтылау кезіндегі түзетулерді ескере отырып) 3269,8 теңге бөлінді.

Көрсетілген қаражат мынадай жобаларды іске асыруға жіберілді:

Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау;

Арал теңізі өңірінің елді мекендерін сумен жабдықтау және санитариясы;

Қызылорда қаласында сарқынды суларды биологиялық тазарту станциясын салу;

Қызылорда қаласында сарқынды суларды биологиялық тазарту станциясына дейін 1 және 12 кәріздік-сорғы станциялары бар бас тегеурінді коллекторларды салу;

Қызылорда облысында бас су өткізу құрылысы бар Қараөзек өзегін қайта жаңарту;

Қызылорда қаласында су құбырлары мен кәріз желілерін қайта жаңарту және кеңейту (1-кезек);

Қызылорда қаласының жылу-энергия көздерін және тұрғын үй секторын ілеспе газға көшіру;

және басқалар.

Тұтастай алғанда, көрсетілген және басқа да мемлекеттік және салалық бағдарламалар шеңберінде Арал өңірінің проблемаларын шешу үшін 2004 - 2005 жылдары республикалық бюджеттен 32795,98 млн. теңге бөлінген болатын.

Қазақстан Республикасында шөлейттенуге қарсы күрес жөніндегі 2005 - 2015 жылдарға арналған бағдарлама шеңберінде жайылымды пайдалану жүйесін жетілдіру, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы шөлейттену процестерін болдырмау мақсатында егістікті жайылымдар жасау, Қызылорда облысында қайталама тұздалған топырақты қалпына келтіру және мелиорациялау жөніндегі пилоттық жобаны әзірлеу және іске асыру жөніндегі шаралар қабылдануда.

Қабылданып жатқан шаралардың нәтижесінде соңғы жылдары Арал өңірінде демографиялық көрсеткіштердің жақсарғаны байқалады.

2005 жылы бала туудың республикалық көрсеткіші халықтың әр 1000 адамына 18,4-тен келген кезде, Оңтүстік Қазақстан облысында бұл индикатор 25,9-ды, Қызылорда облысында - 22,5-ті құрайды. Ақтөбе облысында да бала туу орташа республикалық көрсеткіштен жоғары.

Өлім-жітім көрсеткіштері соңғы жылдары Арал өңірінің аудандарында да төмендеу үрдісіне ие болды және орташа республикалық деңгейден төмен қалыптасты.

Арал өңірінде елдің басқа өңірлерімен салыстырғанда халықтың өмір сүру деңгейін жақсартуға бағытталған қосымша әлеуметтік қорғау шаралары іске асырылуда. Мысалы, жыл сайын республикалық бюджеттен экологиялық қасірет аймақтарында тұратын халыққа атаулы әлеуметтік және тұрғын үй көмегін көрсетуге арналған нысаналы трансферттер бөлініп келді.

Сонымен қатар, халықтың өмір сүру жағдайының едәуір нашарлауына алып келген Арал өңіріндегі экологиялық қасірет себептері мен салдарын жою үшін капиталды қажет ететін ірі жобаларды іске асыру арқылы мемлекеттің одан әрі мақсатты қолдауы қажет.

Сонымен бірге орасан күйзеліске ұшыраған, табиғи және әлеуметтік-экономикалық проблемаларға толы, тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету үшін жарамсыз және даму үшін перспективасы жоқ өңір ретіндегі Арал өңірі туралы соңғы он жылдықтарда қалыптасқан таптаурын көзқарасты өзгерту қажет.

Қолданылып жатқан шаралардың нәтижесі осы ұғымды өзгертуге, Арал өңірін үлкен мүмкіндіктер өңірі ретінде қабылдауға жәрдемдесуі тиіс, бұл оның экономикалық дамуының, инвестициялық тартымдылығының қосымша факторы болады.

 

3.2. Экологиялық ахуал

 

Арал теңізі бассейніндегі экологиялық жағдайды жақсарту үшін Арал өңірінің проблемаларын кешенді шешу жөніндегі 2004 - 2006 жылдарға арналған бағдарламаның шеңберінде "Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау - 1-кезең" (бұдан әрі - САРАТС-1) жобасының бірінші кезеңін іске асыру бірінші кезектегі маңызға ие.

Жобаны іске асыру нәтижесінде 2006 жылғы ақпандағы деректер бойынша Арал теңізінің солтүстік бөлігінің деңгейі Балтық жүйесі бойынша (жобаны іске асыру басталғанға дейін 39 метр) 41,4 метрлік белгіге дейін жетті. Бұл ретте, су бетінің аумағы 2606-дан 3156,6 шаршы км-ге дейін, су көлемі - 17,7-ден 25,2 текше км-ге дейін ұлғайды, ал судың минералдануы бір литрге 23-тен 12 граммға дейін азайды.

Алдын ала есептеулер бойынша судың көбеюінің қазіргі қарқыны сақталған кезде Арал теңізінің солтүстік бөлігіндегі судың деңгейі 2006 жылдың соңына қарай Балтық жүйесі бойынша 42 метр белгіге жетеді, яғни жобалық көлемге жобада көзделген мерзімнен 1-1,5 жыл бұрын жетеді.

Қазалы және Қызылорда гидротораптарынан төменірек Сырдария өзенінің өткізу қабілеті 60-тан 400 текше м/сек. дейін және тиісінше 400-ден 760 текше м/сек. дейін ұлғайды.

Көлдер жүйесін суландыру алаңы 6,3 мың гектарға, Қазалы гидроторабына "байланған" шабындықтар 7 мың гектарға және Қызылорда гидроторабына "байланған" суармалы жер 17 мың гектарға жетті.

Қазіргі уақытта САРАТС-1 жобасының бірінші кезеңін іске асыру жалғасуда.

Бұдан басқа, 2002 - 2005 жылдары Арал өңірінде 2 мұнай және 143 өздігінен төгіліп жатқан, оның ішінде құрамындағы радионуклидтері жоғары 121 ұңғыма жойылды. Нәтижесінде 300 мыңнан астам шаршы метр алаңдағы жер беті сулары мен топырақтың мұнай өнімдерімен және радионуклидтермен одан әрі ластануының алды алынды және шамамен 9 мың текше м/тәулік көлемінде жер асты тұщы судың шығысы қысқарды.

Сонымен бірге, қабылданып отырған шараларға қарамастан, техногендік жүктеме және Арал өңірінің топырақ жамылғысының шөлейттенуі жалғасуда. Бұл ретте, топырақ түзудің теңгерімді табиғи процестері бұзылуда, топырақтың құнарлылығы мен өнімділігі азаюда, қоршаған ортаның ластану, топырақ жамылғысының сортаңдану мен азу процестері күшеюде.

Жер ресурстарын пайдалануда жіберілген маңызды кемшіліктер едәуір учаскелерін су басқан және сортаңдалған суармалы жерлердің қайтарымының төмендеуіне әкелді. Жыл сайын айналымнан суармалы жердің 10-15 %-ның шығарылуы жалғасып отыр, Арал өңірінің оңтүстік бөлігінде жайылымның 20-25 %-ы жарамсыз. Үш мың жайылма көлдердің 123-і ғана қалды, шабындықтардың өнімділігі 4 есеге азайды, топырақтың шөлейттену және сортаңдану процесі күшейіп отыр.

Суару және коллекторлық-дренаждық желілердің техникалық жай-күйі және олардың пайдалы әрекет коэффициенті жер, сондай-ақ су құрылғыларының тозу көздері бола отырып, өте төмен деңгейде қалып отыр.

Суарылатын, құрғатылмаған және шала құрғатылған жерлердің сортаңдану және сондай-ақ батпақтану процестерімен қатар тыңайтқыштар қалдықтарының жинақталуы, улы химикаттармен, дефолианттармен ластануы байқалып отыр.

Арал теңізінің кеуіп қалған табанында әртүрлі сортаңдардың ірі массивтері қалыптасты. Зерттелген 1533 мың га алаңның 755 мың га немесе шамамен 50 %-ы сортаң.

3,0 мыңнан астам га аумақта сексеуіл дәнін себу жөніндегі жыл сайынғы жұмыстар жеткіліксіз, өйткені Арал теңізінің кеуіп қалған табанының қазақстандық бөлігі шамамен 2,4 млн. га құрайды.

2004 - 2005 жылдар бойы жүргізілген зерттеулерге сәйкес өңірдегі судың сапасы микробиологиялық және санитарлық-химиялық көрсеткіштер бойынша санитарлық нормаларға сәйкес келмейді.

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі "Қазгидромет" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Арал өңірінің экологиясы өңірлік орталығы 2003 - 2005 жылдар аралығында жүргізген қоршаған ортаның ластануы мен халық денсаулығының жай-күйін мониторингілік зерттеулер халықты сапалы ауыз сумен қанағаттанғысыз қамтамасыз етілуі халықтың денсаулығы нашарлауының маңызды себептерінің бірі болып табылады деген қорытынды жасауға мүмкіндік берді.

Бұл ретте, ауыз сумен жабдықтау көздерінің неғұрлым қолайсыз жағдайы Қызылорда қаласында қалыптасқан, олар кермектігі, лайлылық, түстілік, сульфаттардың, құрғақ қалдықтың болуы сияқты химиялық-талдамалық көрсеткіштер бойынша шекті жол берілетін шоғырлануға (бұдан әрі - ШЖШ) сәйкес келмейді.

Оңтүстік Қазақстан облысының Арал өңірінің аймағына кіретін өңірлерінде де жағдай оңып тұрған жоқ, онда мемлекеттік гидрометеорологиялық мониторинг деректері бойынша Сырдария, Келес, Бадам өзендерінде мыс пен сульфат бойынша ШЖШ бірнеше есе асатын жер беті суларының ластануы байқалып отыр.

Өңірде жер беті суларының ресурстары шектеулі болғандығына және өзінің сапалық сипаттамалары бойынша халық пен шаруашылық жүргізуші субъектілердің қажеттілігін қанағаттандыра алмайтындығына байланысты судың жер асты запастарын пайдалану маңызды болып отыр. Осыған байланысты перспективада минералдылығы жоғары жер асты суларын тұщыту жөніндегі қондырғыларды қолдана отырып, жергілікті су тартқыштар салу қажеттілігі туындайды.

Арал өңірі аумағында қоршаған ортаның барлық көрсеткіштерінің жаппай және жүйелі мониторингі жолға қойылмағанын атап өткен жөн. Ауа сынамасын бір жолғы іріктей отырып, тоқсан сайынғы мониторинг Қызылорда қаласында ғана жүзеге асырылады. Арал өңірінің қалған аумақтарында атмосфералық ауаның ластануын бақылау жүргізілген жоқ.

Тұтастай алғанда, қабылданып жатқан шараларға қарамастан, өңірдегі экологиялық жағдай мейлінше күрделі болып қалып отыр.

Экологиялық қолайсыздық халықтың денсаулығына және бірінші кезекте ана мен бала денсаулығына әсер етеді. Әлеуметтік маңызы бар аурулардың (қаны аздық, туберкулез, несеп-жыныс жүйесінің аурулары, гипертензиялық бұзылу, жүкті әйелдердің, туудың және туғаннан кейінгі кезеңнің патологиясы) өсуі есебінен әйелдердің экстрагениталдық патологиясы ұлғайды. Бұл аудандарда аллергиялық ауру жиі байқалуда. Республиканың басқа аудандарындағы балалармен салыстырғанда Арал өңіріндегі балалардың антропометрикалық деректерінің неғұрлым төмен екендігі байқалуда.

Қызылорда облысында жоғары аналар өлім-жітімі сақталуда (тірі туған әр 100 мың балаға 79,1), бұл республикалық көрсеткіштен шамамен 2 есеге жоғары.

2000 - 2005 жылдардағы Арал өңірі аймағы халқының ауырушаңдығы көрсеткіштерін талдау Арал өңірінің барлық аудандарында эндокринді, жүйке, ас қорыту жүйесі, несеп органдары жүйесі ауруларының өскенін көрсетті.

Сонымен бірге, бұл халық денсаулығының нашарлауымен ғана емес, сондай-ақ жыл сайын жүргізілетін алдын ала медициналық тексерулер барысында ауруларды анықтаудың жақсаруымен де түсіндіріледі.

 

3.3. Халықтың ауыз сумен қамтамасыз етілуi

 

Республика өңірлері бойынша талдау және салыстырмалы деректер Арал өңіріндегі сумен жабдықтау объектілерін салу және қайта жаңарту соңғы жылдары жедел қарқынмен жүзеге асырылғанының куәсі.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 23 қаңтардағы № 93 қаулысымен бекітілген 2002 - 2010 жылдарға арналған «Ауыз cу» салалық бағдарламасы шеңберінде республикалық бюджет қаражаты есебінен 2002 - 2003 жылдары Арал өңірінде 195 км-ден астам су құбыры желілері салынды немесе қайта жаңартылды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 10 шілдедегі № 1149 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2004 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын және 2002 - 2010 жылдарға арналған «Ауыз cу» салалық бағдарламасын іске асыру шеңберінде өңірді ауыз сумен жабдықтауды дамытуға республикалық бюджеттен 2004 - 2006 жылдары 6107,6 млн. теңге сомасында қаражат бөлінді.

2004 жылы Қызылорда облысының Жалағаш, Жосалы кенттеріндегі және Жиделі топтық су құбыры (2-кезегін қайта жаңарту), Ақтөбе облысының Байғанин және Оңтүстік Қазақстан облысының Қарақұр ауылдарында су құбыры желілері салынды немесе қайта жаңартылды.

2005 - 2006 жылдары Арал-Сарыбұлақ (IV кезек), Жиделі және Кентау-Түркістан топтық су құбырлары сияқты ірі объектілердің құрылысы, Қызылорда облысының Қазалы қаласын сумен жабдықтау жобасы аяқталды (немесе аяқталу сатысында), Қызылорда облысының Жаңақорған, Тереңөзек кенттерінің, Ақтөбе облысының Ноғайты ауылының сумен жабдықтау объектілері, Қарағанды облысының Жезді кентіндегі су құбыры желілері және басқалар қайта жаңартылды.

Қызылорда облысында Арал өңірінің проблемаларын кешенді шешу жөніндегі 2004 - 2006 жылдарға арналған бағдарлама шеңберінде "Арал теңізі өңірінің елді мекендерін сумен жабдықтау және санитариясы" жобасы іске асырылуда. Жоба шеңберінде жалпы ұзындығы 22 км Арал-Сарыбұлақ топтық су аққысы желілерін қыздырылған шойыннан жасалған құбырлар төсеп, Арал қаласының қолданыстағы су тарату құбыры желісін полиэтилен құбырларымен қайта жаңарту, 3 мыңнан астам үйді қалпына келтірілген желіге қосу, су тарту колонналарын және өрт сөндіру гидранттарын орнату және тегеурінді су мұнараларын салу және басқа да жұмыстар жүргізілді.

Қазіргі уақытта халықтың су құбыры суымен қамтамасыз етілу деңгейі бойынша (75%) Қызылорда облысы республиканың басқа облыстары арасында алдыңғы орындардың бірін иеленеді.

Ақтөбе облысы бойынша 2005 жылы Арал өңіріндегі халықтың су құбыры суымен қамтамасыз етілуі 60,4 %-ды құрады, орталықтандырылмаған көздерден 2000 жылғы 70 %-ға қарағанда - 39,5%-ды құрады. Жұмыс істемейтін бу құбырларының үлес салмағы 2000 жылғы 15,3 %-дан 2005 жылы 10,6 %-ға төмендеді.

Сонымен бірге Арал өңірінде жұмыс істеп тұрған су құбырларының санитарлық-техникалық жай-күйі қанағаттанғысыз күйде қалып отыр, бұл су құбыры құрылыстары мен тарату желілерінде апатты жағдайлардың жиі болуына алып келеді. Бірқатар су құбырларында тазарту және зарарсыздандыру қондырғыларының қажетті кешені жоқ.

Судың тапшылығынан Оңтүстік Қазақстан облысының ауылдық жерлеріндегі халықты сумен қамтамасыз етуде неғұрлым қиын жағдай қалыптасып отыр, мұнда Арал өңірі аймақтарының бірқатар елді мекендерінде су тұтыну үлесі норма бойынша тәулігіне 150 литрдің орнына шамамен 30 литрді құрайды.

Арал өңірінің жергілікті атқарушы органдары ішкі су құбыры желілерін салу және оларды салынып жатқан топтық су құбырларына қосу мәселелерін тиісінше пысықтамайды. Бұл республикалық бюджеттен бөлінген қаражаттың тиімсіз жұмсалуына алып келеді.

 

3.4. Әлеуметтік инфрақұрылым

 

Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы № 1459 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы және Қазақстан Республикасындағы ауылдық аумақтарды дамытудың 2004 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде өңірдің білім беру жүйесін дамытуға республикалық бюджеттен 2004 - 2006 жылдары 3456,3 млн. теңге бөлінді. Осы жылдары 11 білім беру объектісінің құрылысы салынды және аяқталады, 10 құрылыс басталды және жалғастырылады.

2000 жылмен салыстырғанда өңірдің жалпы білім беретін мектептерінің желісі 31 бірлікке ұлғайды.

Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2004 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде өңірдің денсаулық сақтау жүйесін дамытуға 2004 - 2006 жылдары бюджеттен 3240,4 млн. теңге бөлінді. Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 13 қыркүйектегі № 1438 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 2006 жылы республикалық бюджеттен Қызылорда облысының Байқоңыр қаласында әйелдер консультациясы бар перзентхана үйін салуды бастауға 100,0 млн. теңге бөлінді.

2004 - 2006 жылдары 9 денсаулық сақтау объектісінің құрылысы салынды және аяқталатын болады, 7 объектінің құрылысы басталды және жалғастырылады.

Бұдан басқа, денсаулық сақтау және білім беру желілерін дамыту жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен де жүзеге асырылады.

Сонымен бірге, егер оқушы орындарын ұлғайту білім беру қызметтеріне қол жетімділікті қамтамасыз ететін болса, аурухана төсектерін жай ғана ұлғайту өңір халқының денсаулығы проблемаларының барлық кешенін шеше бермейді. Арал өңірінің денсаулық сақтау ісінде негізгі назар қалыптасып отырған экологиялық жағдайда аурудың алдын алу, салауатты өмір салтын жүргізу жөнінде халыққа білім беру жұмысы, тұрмысты дұрыс ұйымдастыру жағына аударылуға тиіс.

 

3.5. Арал өңірі экономикасының жай-күйi

 

Арал өңірін әлеуметтік-экономикалық дамыту жөніндегі, оның ішінде Арал өңірінің проблемаларын кешенді шешу жөніндегі 2004 - 2006 жылдарға арналған бағдарламаны іске асыру шеңберінде мемлекет қабылдаған шаралар өңір экономикасындағы жағдайды тұрақтандыруға мүмкіндік берді, оның әлеуетін одан әрі өсіру үшін жағдай жасады.

Мысалы, Арал өңірінің проблемаларын кешенді шешу жөніндегі 2004 - 2006 жылдарға арналған бағдарламаны іске асыру шеңберінде «Қызылорда қаласында жылу-энергия көздері мен тұрғын үй секторын ілеспе газға көшіру» жобасы бойынша электр қуаты 50 МBт және жылу қуаты 90 Гкал/сағ. газ-турбиналық электр станциясын салуды аяқтау өңірдің ішінара энергетикалық тәуелсіздігін қамтамасыз етті. Нәтижесінде жылыту тарифтері 1 шаршы метр үшін 98 теңгеден 58 теңгеге дейін немесе 59,1 % төмендеді, 1 текше метр газдың құны 6 теңгені құрады.

Сайып келгенде, жобаны іске асыру өңірдегі инвестициялық ахуалдың жақсаруына, энергия қажетсінетін өндірістердің дамуына алып келді.

Қазіргі уақытта кварц құмы кен орындары базасында табақты шыны өндірісі жөніндегі зауыт салу басталды.

2006 жылы саздақ кен орындары негізінде жоғары сапалы керамикалық кірпіш шығаратын 3 зауыт пайдалануға беріледі және әк тас пен құрғақ құрылыс қоспаларын шығару өндірісін ұйымдастыру жөніндегі жоба іске асырылады.

«Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау» жобасының 1-кезеңін іске асыру 39,5 га балық өсірілетін көлдерді қалпына келтіруге және суландыруға әрі Арал өңірінде балық саласын дамытуға мүмкіндік берді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 29 желтоқсандағы № 1344 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының балық шаруашылығын дамытудың 2004 - 2006 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде Арал теңізінің Солтүстік бөлігінде балық ресурстарын және сирек кездесетін бағалы балық түрлерін толықтыру жөнінде жұмыстар жүргізілуде.

Балық шаруашылығы өндірісін дамыту үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1389 қаулысымен бекітілген Шағын қалаларды дамытудың 2004 - 2006 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде «Арал қаласында шыны-пластика қайықтар шығару жөніндегі технологияларды дамыту» жобасы іске асырылуда.

Ақтөбе облысының Арал өңірі аймағында орналасқан аудандарында өнеркәсіп өнімдері өндірісінің өсуі байқалады.

Мысалы, 2004 жылғы деңгейге қарағанда 2005 жылы өнеркәсіп өнімі өсуі Шалқар ауданында 2,9 есе, Темірде - 39,4 %-ға, Байғанинде - 17,3 %-ға, Ырғызда - 15,6 %-ға өсті.

Байғанин ауданында 2005 жылы "Уміт" жаңа мұнай кен орны ашылды, оны іске қосу жаңа жұмыс орындарын құруға, ауданды одан әрі орнықты дамыту әлеуетін кеңейтуге мүмкіндік береді.

Арал өңірінде экономиканың негізгі салаларының бірі - ауыл шаруашылығы болып табылады.

Сонымен бірге, құрғақ климат жағдайында ылғалды көп қажет ететін ауыл шаруашылығы дақылдары өндірісіне бағдарлану, суармалы инфрақұрылымның жетілмегендігі су қорларын тиімсіз пайдалануға алып келеді.

Күріш өсірудің қалыптасқан технологиясында суландыру және коллекторлы-дренажды желіге көп күш түседі, тұнбаланады және олар жиі істен шығады, бұл агроэкологиялық жағдайды одан әрі нашарлатады.

Осыған байланысты, нарықта сұранысқа ие және құрғақшылық пен тұзға төзімділігімен ерекшеленетін өңделетін дақыл түрлерінің әр алуандылығын көбейту қажеттігі өңір үшін басты проблемалардың бірі болып табылады. Бұл өңірді тұрақты дамыту және шөлейттенуге қарсы күрес үшін суландыру суын ұтымды пайдалануға ғана емес, сонымен бірге жергілікті халықтың өмір сүру деңгейін көтеруге де мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта күріш өсірудің (көшеттік әдіс және өсірілген тұқымнан күріш себу) жаңа технологиялары бар, бұлар суландыру суы нормаларын азайтуға, топырақтың қайтадан сорлануының алдын алуға ықпал етеді.

Су үнемдеу технологиясы өсімдік шаруашылығын әртараптандыруға да байланысты, ол бұл өңір үшін дәстүрлі емес техникалық (қант қызылшасы, сафлор, қытай бұршағы, мақта және тағы басқа) және астық (күздік қара бидай, сорго, арпа, сұлы және басқалары) дақылдары егістерін кеңейту қажеттігін көздейді.

Өңірдің экономикасында туризмді дамыту маңызды рөл атқарған болар еді, ол үшін тиісті әлеует бар: Арал теңізі, Түркістан қаласы, Қамбаш көлі, «Байқоңыр» ғарыш айлағы және басқалары.

Алайда, туристік инфрақұрылымның жоқтығы, нашар менеджмент, көлік-коммуникациялық инфрақұрылымның, сервистік қызмет көрсетудің төмен деңгейі саланың дамуын тежейді.

 

 

4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері

 

Бағдарламаның мақсаты экологиялық жағдайды тұрақтандыру, нарықтық және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту, өңірдің беделін арттыру арқылы Арал өңірі халқының тұрмыс сапасының көрсеткіштерін жақсарту болып табылады.

Қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін Бағдарламада мынадай міндеттерді шешу көзделеді:

экологиялық жағдайды оңалту;

суды ұтымды пайдалану және жер ресурстарын тиімді пайдалану;

сапалы ауыз суға қол жеткізуді қамтамасыз ету;

нарықтық және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту;

өңірдің беделін қалыптастыру және ілгерілету.

 

 

5. Бағдарламаның негізгі бағыттары мен іске асыру тетігi

 

5.1. Негізгі бағыттары

 

Қойылған мақсаттарға қол жеткізу және міндеттерді шешу мынадай негізгі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

экологиялық жағдайды оңалту және халықтың экологиялық мәдениетін арттыру жөніндегі іс-шараларды іске асыру;

халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды іске асыру;

суды ұтымды пайдалану және жерді пайдалану әдістерін жақсарту;

нарықтық инфрақұрылымды дамытуға жәрдемдесу;

әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту;

өңірдің маркетингі.

Арал өңірінің халқын әлеуметтік қорғау мәселелері «Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 30 маусымдағы Заңына сәйкес шешілетін болады.

 

5.1.1. Экологиялық ахуалды жақсарту және халықтың экологиялық

мәдениетін арттыру

 

Арал өңірінің экологиялық ахуалын жақсарту үшін:

Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау жөніндегі жобаны (1-кезең) аяқтау;

«Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау (2-кезең)» жобасы бойынша жоба алдындағы құжаттаманы әзірлеуді қамтамасыз ету;

Қызылорда қаласында улы химикаттарды сақтайтын арнайы сақтау қоймаларын (көмінді) салу;

Қызылорда қаласында өндірістік және тұрмыстық қалдықтарды сорттауға және көмуге арналған полигон салу;

Қызылорда облысы Қызылорда қаласында сарқынды суларды биологиялық тазарту станциясына дейін 1 және 12 кәріздік-сорғы станциялары бар бас тегеурінді коллекторлар салуды аяқтау;

Арал теңізі өңірінің елді мекендерін сумен жабдықтау және санитария жобасын аяқтау;

Арал-Сырдария бассейнінде бағалы балық түрлерін сақтау, молықтыру және ұтымды пайдалану жөніндегі іс-шараларды одан әрі іске асыру жөнінде шаралар қабылдау;

Арал өңірінің ауылдық аумақтарына экологиялық-демографиялық тексеру жүргізу, әкімшілік аудандардың экологиялық паспорттарын жасау;

Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасымен Арал өңірінің әлеуметтік проблемаларын зерттеуге техникалық көмек тарту мәселелерін пысықтау көзделеді.

Табиғатты ұтымды пайдаланудың маңызды элементі болып табылатын халықтың экологиялық мәдениетін арттыру үшін:

Арал өңірінде экологиялық мәдениетті арттырудың өңірлік тұжырымдамаларын әзірлеу;

экологиялық білім беру жөніндегі жобаларды іске асыратын халықаралық экологиялық қорлармен, үкіметтік емес ұйымдармен (бұдан әрі - ҮЕҰ) жүйелі жұмыс жүргізу;

облыстық және қалалық әкімдіктерге халықтың экологиялық мәдениетін арттыруға бағытталған халықаралық гранттарды орналастыру жөніндегі конкурстарға қатысуды ұсыну;

экологиялық қолайсыз өңірлерде экологиялық білім беру жөніндегі әлемдік тәжірибені зерделеу көзделіп отыр.

 

ҚР Үкіметінің 2008.06.02. № 105 Қаулысымен 5.1.2-бөлім өзгертілді (бұр.ред.қара)

5.1.2. Халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету

 

Халықтың сапалы ауыз суға қол жеткізуін қамтамасыз етуді жақсарту үшін:

Қызылорда қаласындағы су құбыры және кәріз желілерін қайта жаңарту және кеңейту

салынып жатқан топтық су құбырларына қосылатын елді мекендердің ішкі су құбырлары желілерін қайта жаңартуды жүзеге асыру жөнінде шаралар қабылдау;

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының «Ырғыз-Тельман-Коминтерн» магистральды су аққысын қайта жаңартуды жүргізy;

Қызылорда облысы Қармақшы ауданының Жосалы аудан орталығында су құбырын салу (3-кезең);

Қызылорда облысы Сырдария ауданының Нағи Ілиясов атындағы кентінде сумен қамтамасыз ету жүйесін қайта жаңартуды және кеңейтуді жүргізу;

ауылдық су құбыры желілері мен құрылыстарында профилактикалық жөндеу жұмыстарын жүргізу жөнінде шаралар қабылдау көзделеді.

Бұдан басқа, 2002 - 2010 жылдарға арналған «Ауыз cу» салалық бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2007 - 2009 жылдары Арал өңірінің сумен жабдықтау жүйесін жетілдіруге республикалық бюджеттен 4081,2 млн. теңге сомасында қаражат бөлу жоспарланып отыр.

2007 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан қаласын сумен жабдықтау құрылысының жобасын іске асыруды; 2008 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданының Тасты-Шу топтық су құбырын қайта жаңартуды, Қызылорда облысы Қазалы ауданының Қазалы қаласы мен Әйтеке би кентіндегі қолданыстағы су құбыры желілерін қайта жаңарту, «Қазалыны/Жаңа Қазалыны сумен жабдықтау» жобасын аяқтау, 2009 жылы - Қызылорда облысының Октябрь топтық су құбырын салуды аяқтау жоспарланып отыр.

Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2004 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2007 жылы Ақтөбе облысы Темір ауданының Кеңқияқ кентінде сумен жабдықтау жүйесін қайта жаңартуды, Қызылорда облысы Қармақшы ауданының Тасбөгет кентінде сумен жабдықтау және су бөлу жүйелерін қайта жаңарту мен кеңейтуді, Төретам кентінде тарату желілерін қайта жаңартуды, Шиелі ауданының Шиелі кентінде су құбырлары желілерін қайта жаңартуды аяқтауға республикалық бюджеттен 683,4 млн. теңге бөлу жоспарлануда.

 

5.1.3. Суды ұтымды пайдалану және егіншілік әдістерін жақсарту

 

Топырақ бетінің нашарлауын, тұздануын, батпақтануын болдырмау үшін:

Қызылорда облысында күріш шаруашылығының жаңа технологиялары мен күріштің ылғалды аз қажетсінетін сорттарын енгізу;

жаңа технологиялар мен Арал өңірі аймағы үшін дәстүрлі емес тұзға төзімді, ылғалды аз қажетсінетін дақылдарды енгізу жолымен өсімдік шаруашылығын әртараптандыру жөнінде шаралар қабылдау;

суармалы жердің қарашіріксізденуін болдырмауға бағытталған технологияларды енгізу;

егіншілікке, оның ішінде минералды тыңайтқыштар мен өсімдіктерді қорғау құралдарын пайдалануда экологиялық қауіпсіз технологияларды енгізу жөнінде шаралар қабылдау;

инфрақұрылымы мен қайта өңдеу өнеркәсібі нашар дамыған жекелеген аудандарда орналасқан судың үлестік шығысы жоғары тұзды, өнімділігі аз жерді ауыл шаруашылығы айналымынан шығару мәселелерін пысықтау;

Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасымен Арал өңірінің табиғи ресурстарын пайдалану мен басқаруды жақсартуға техникалық көмек тарту мәселелерін пысықтау көзделіп отыр.

 

ҚР Үкіметінің 2008.06.02. № 105 Қаулысымен 5.1.4-бөлім өзгертілді (бұр.ред.қара)

5.1.4. Нарықтық инфрақұрылымды дамытуға жәрдемдесу

 

Арал өңірінің экономикасын мемлекеттік қолдау нарықтық инфрақұрылымның одан әрі дамуын қамтамасыз ету жолымен жүзеге асырылатын болады.

Энергияны көп қажет ететін өндірістерге инвестициялар тарту және өңір халқын газбен қамтамасыз ету мақсатында Қызылорда облысы Арал ауданының Құланды газ кен орнын игеру мәселесі қаралатын болады.

«Қызылорда қаласындағы жылу энергия көздері мен тұрғын үй секторын ілеспе газға көшіру» жобасын іске асыру жалғасатын болады.

Энергиямен жабдықтауды жақсарту үшін Қызылорда облысының Қармақшы ауданы Төретам кентінде «Западная» қосалқы станциясын салу мәселесін қарау көзделіп отыр.

Нарықтық инфрақұрылымды жақсартуда автомобиль жолдарын және басқа да қатынас жолдарын дамыту негізгі басым бағыттардың бірі болып табылады. Осы мақсатта Жезқазған - Сексеуіл, Бейнеу - Шалқар темір жолдарын салу мәселелері пысықталатын болады.

 

5.1.5. Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту

 

2007 - 2009 жылдары Арал өңірі халқының білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау қызметтеріне қол жетімділігін қамтамасыз ету үшін:

Қызылорда қаласының Александров кентінде 994,3 млн. теңге сомасына 150 орындық мүгедектерге арналған оңалту орталығын салуды бастау;

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде 1538,4 млн. теңге сомасына 5 білім беру объектісін салу;

Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2004 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде 3445,8 млн. теңге сомасына 20 білім берудің объектісін және 3405,3 млн. теңге сомасына 10 денсаулық сақтау объектісін салу;

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде Қызылорда облысының Байқоңыр қаласында құны 1620,0 млн. теңге әйелдер консультациясы бар перзентхана үйін салуды аяқтау;

Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2006 жылғы 6 қаңтардағы № 17 қаулысымен бекітілген Мүгедектерді оңалтудың 2006 - 2008 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру шеңберінде Қызылорда қаласының Александров кентінде құны 2798,8 млн. теңге ересектер мен балаларға арналған психоневрологиялық интернаттар салуды бастау көзделіп отыр.

 

5.1.6. Өңірдің маркетингi

 

Арал өңірінің серпінді экономикалық дамуы үшін оның инвестициялық тартымдылығының негізгі факторларының бipi болып табылатын өңірдің беделін арттырудың маңызы зор.

Өңірдің беделін қалыптастыру және ілгерілету;

Арал өңірінің жергілікті атқарушы органдарының маңызды міндеттерінің бipi болуға тиіс. Осыған байланысты олар өңірдің маркетингі бойынша мынадай бағыттарды қамтитын жеке іс-қимыл жоспарын әзірлеуі қажет:

өңірдің брендін қалыптастыру және ілгерілету-инвестициялық маркетинг;

туристік маркетинг;

өңірдің ақпараттық саясаты.

Өңірдің брендін қалыптастыру және ілгерілету:

өңірдің стратегиялық ресурстарын айқындаумен маркетингтік зерттеулер жүргізуді;

Арал өңірі үшін беделдік жобалар мен идеяларды әзірлеу жөнінде ҮЕҰ мен халық үшін конкурстар өткізуді;

маркетингтік зерттеулердің нәтижелері бойынша өңірдің даму стратегиясына негізделген Арал өңірінің маркетингтік стратегиясын қалыптастыруды қамтиды.

Инвестициялық маркетинг:

әлеуетті инвесторлармен мақсатты жұмысты;

өңірдің инвестициялық паспортын әзірлеуді және оны мамандандырылған инвестициялық сайттарда орналастыруды;

өңірдің мүдделерін алға жылжыту үшін өңір өкілдерінің форумдарға, инвестициялық жәрмеңкелерге, конференцияларға қатысуын;

өңірде инвестициялық алаңқайлар тізілімін дайындауды;

өңірде модельдік инвестициялық жобаларды іске асыруды;

инвестициялық жобалар жәрмеңкесін өткізуді;

әлеуметтік маңызы бар үздік инвестициялық жобаға конкурс өткізуді;

өңір үшін стратегиялық инвесторларды анықтауды, олардың әлеуметтік көтермелеу жөніндегі шараларды әзірлеуді;

өңірде жұмыс істейтін инвесторлар арасында олардың қажеттіліктері мен проблемаларын анықтау үшін форумдар өткізуді;

инвестициялық маркетингтің нәтижелілігі мониторингін;

Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 17 мамырдағы № 1096 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003 - 2015 жылдарға арналған стратегиясы шеңберінде өңірдегі экологиялық ахуалды ескере отырып, Арал өңірі экономикасының нақты секторындағы инвестициялық жобаларды қаржыландыру мәселелерін пысықтауды қамтиды.

Туристік маркетинг:

туризм саласын дамыту жөнінде ұсыныстар әзірлеуді;

қонақ үй секторын қоса алғанда, тиісті инфрақұрылымдарды дамытуды;

туристік бағыттарды әзірлеуді;

халықаралық туристік компаниялар үшін жарнамалық туристік турлар ұйымдастыруды;

туристік нарық үшін өңір туралы жарнамалық өнім шығаруды;

туристік секторда жұмыс істейтін басқарушы персоналды оқытуды қамтиды.

Өңірдің ақпараттық саясаты:

бұқаралық ақпарат құралдары (бұдан әрі - БАҚ) мен журналистер арасында Арал өңірі туралы, өңірдің даму проблемалары туралы үздік ақпараттық материалға конкурстар өткізуді;

өңірдің ақпараттық ортасын қалыптастыруда жергілікті БАҚ-пен өнімді іс-қимыл жасауды;

мамандандырылған халықаралық БАҚ-тарда өңір туралы ақпарат орналастыруды;

мақсатты аудиторияларға (бизнес-құрылымдарға, халыққа және басқаларға) есептелген өңір туралы ақпараттық және жарнамалық өнімдер шығаруды қамтиды.

 

5.2. Бағдарламаны іске асыру тетіктерi

 

Бағдарламаны іске асыру оны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары негізінде жүзеге асырылатын болады.

Іс-шаралардың кешенділігі атқарушы биліктің барлық деңгейлерінің қызметін үйлестіруге және мүмкіндіктерін Арал өңіріндегі экологиялық ахуалды жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарының барлық бағыттары бойынша мақсатты және келісілген іс-қимылды қамтамасыз етуге жұмылдыруға мүмкіндік береді.

Бағдарламаны іске асыру тетігінің тиімділігін Арал өңірінің проблемаларын шешудің негізгі бағыттары бойынша іс-қимылдың мақсаттылығымен және келісілуімен қамтамасыз ету ұйғарылып отыр: экологиялық ахуалды оңалту және сапалы ауыз суға қол жеткізуді қамтамасыз ету, су ресурстарын пайдаланудың тиімділігін арттыру және жерді пайдалану әдістерін жақсарту, нарықтық инфрақұрылымды дамыту, өңірдің маркетингі.

Бұдан басқа, Арал өңірін оңалту жөніндегі нақты шаралар экологияны оңалтуды, сумен жабдықтауды және елдің инфрақұрылымын дамытуды көздейтін басқа да бағдарламалық құжаттаpдa көрініс табады.

Ақтөбе, Қарағанды, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарының әкімдеріне әзірленетін өңірлік бағдарламаларда «Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 30 маусымдағы Заңының қолданысына жатқызылатын аумақтарды дамыту жөніндегі кешенді шаралар мен тетіктерді көздеу ұсынылып отыр.

Қазақстан Республикасының Үкіметі Бағдарламаның аралық қорытындыларының тұрақты мониторингін жүзеге асыратын болады және қажет болғанда оны іске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспарын белгіленген тәртіппен түзететін болады.

 

 

ҚР Үкіметінің 2008.06.02. № 105 Қаулысымен 6-бөлім өзгертілді (бұр.ред.қара)

6. Қажетті ресурстар және қаржыландыру көздерi

 

Арал өңірінің проблемаларын шешуге республикалық бюджеттен 2007 - 2009 жылдар ішінде барлығы 25269,7 млн. теңге, оның ішінде 2007 жылы 7831,1 млн. теңге, 2008 жылы 7716,5 млн. теңге, 2009 жылы 9722,1 млн. теңге бөлінетін болады.

Осы Бағдарламаның іс-шараларын іске асыру шеңберінде республикалық бюджеттен 7796,7 млн. теңге, оның ішінде 2007 жылы 1223,4 млн. теңге, 2008 жылы 2051,1 млн. теңге, 2009 жылы 4522,2 млн. теңге көлемінде қаражат бөлінетін болады.

Сондай-ақ іс-шараларды қаржыландыру қолданыстағы мемлекеттік және салалық бағдарламалар шеберінде жүзеге асырылатын болады, оларға:

Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2004 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;

Қазақстан Республикасының автожол саласын дамытудың 2006 - 2012 жылдарға арналған бағдарламасы;

2002 - 2010 жылдарға арналған «Ауыз cу» салалық бағдарламасы;

Мүгедектерді оңалтудың 2006 - 2008 жылдарға арналған бағдарламасы жатады.

Республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын іс-шаралар бойынша қаражат көлемі тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес нақтыланатын болады.

Бұдан басқа, Бағдарламаның жекелеген іс-шараларының іске асырылуын халықаралық гранттар қаражаты есебінен жүзеге асыру көзделіп отыр.

 

 ҚР Үкіметінің 2008.06.02. № 105 Қаулысымен 7-бөлім өзгертілді (бұр.ред.қара)

7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер

 

Тұтастай алғанда Бағдарламаны іске асыру Арал өңірінде экологиялық ахуалды жақсартуға, халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге, суды және жерді пайдалану жүйесін жетілдіруге ықпал етуі тиіс.

«Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау» жобасының 1-кезеңі аяқталатын болады, оның нәтижелері бойынша Арал теңізінің солтүстік бөлігіндегі су деңгейі және Сырдария өзені арнасының өткізу қабілеті және басқалары артады.

«Қызылорда қаласының жылу энергия көздері мен тұрғын үй секторын ілеспе газға көшіру» жобасын іске асыру жалғасатын болады.

Қызылорда қаласында су құбыры және кәріз желілері қайта жаңартылады және кеңейтіледі.

Су ресурстарын пайдаланудың оңтайлы жүйесі құрылатын болады.

Егіншілікті жүргізудің жаңа технологиялары, күріштің неғұрлым тұрақты әрі ылғалды аз қажетсінетін сорттары енгізілетін болады.

Өсімдік шаруашылығын әртараптандыру жөніндегі шаралар асырылатын болады, нарықта сұранысқа ие және құрғақшылыққа әрі тұзға төзімділігімен ерекшеленетін екпе дақылдардың түрлері кеңейтіледі, бұл суды тиімді пайдалануға ғана емес, жергілікті халықтың тұрмыс деңгейін көтеруге де ықпалын тигізеді.

 

 

 ҚР Үкіметінің 2008.06.02. № 105 Қаулысымен 8-бөлім өзгертілді (бұр.ред.қара)

8. Арал өңірінің проблемаларын кешенді шешу жөніндегі 2007 - 2009 жылдарға

арналған бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары

 

Р/с №

 

Іс-шара

Аяқтау нысаны

Орындалуына (іске асырылуына) жауапты

Орындау (іске асыру) мерзімі

Болжалды шығыстар (млн. теңге)

Қаржыландыру көздері

1

2

3

4

5

6

7

1. Экологиялық ахуалды жақсарту және халықтың экологиялық мәдениетін арттыру

1

Қызылорда қаласында улы химикаттарды сақтау үшін арнайы сақтау қоймасын (көмінді) салу

ЭБЖМ-ге ақпарат

Қоршағанортамині

2009 жылғы 20 шілде

2008 жыл - 126,0 2009 жыл - 196,8

Республикалық бюджет

2

Қызылорда қаласында өндірістік және тұрмыстық қалдықтарды сорттауға және көмуге арналған полигон салу

ЭБЖМ-ге ақпарат

Қоршағанортамині

2009 жылғы 20 шілде

2008 жыл - 200,0 2009 жыл - 137,0

Республикалық бюджет

3

Сырдария

өзенінің

арнасын

реттеу

және Арал

теңізінің

солтүстік

бөлігін

сақтау

ЭБЖМ-

ге

ақпа-

рат

АШМ,

Қызылор-

да облы-

сының

әкімі

2009

жылғы

20

шілде

2007

жыл -

312,1

2008

жыл -

325,9

2009

жыл -

22,6

Республикалық

бюджет

 

4

Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау (2-кезең)»  жобасы бойынша жоба алдындағы құжаттаманы әзірлеуді қамтамасыз ету

ЭБЖМ-ге ақпарат

АШМ

2008 жылғы 20 қаңтар

2007 жыл - 154,5 (68,2 - республикалық бюджет, 86,3 - Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкінің гранты)

Республикалық бюджет, Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкінің гранты

5

Қызылорда облысы Қызылорда қаласында сарқынды суларды биологиялық тазарту станциясына дейін 1 және 12 кәріздік-сорғы станциялары бар бас тегеурінді коллекторлар салуды аяқтау

ЭБЖМ-ге ақпарат

Қоршағанортамині

2008 жылғы 20 қаңтар

2007 жыл - 200,0

Республикалық бюджет

 

6

"Арал теңізі өңірінің елді мекендерін сумен жабдықтау және санитариясы"»жобасын аяқтау

ЭБЖМ-ге ақпарат

АШМ

2008 жылғы 20 қаңтар

2007 жыл - 19,5

Республикалық бюджет

7

Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының қолданысына жататын ауылдык аймақтарға экологиялык-демографиялық зерттеу жүргізу, әкімшілік аудандардың экологиялық паспорттарын жасау

ЭБЖМ-ге ақпарат

Қоршағанортамині

2009 жылғы 20 қаңтар

2008 жыл - 9,0

Республикалық бюджет

8

Арал-Сырдария бассейнінде бағалы балық түрлерін сақтау, молықтыру және ұтымды пайдалану жөніндегі іс-шараларды одан әрі іске асыру жөнінде шаралар қабылдау

ЭБЖМ-ге ақпарат

АШМ, Қызылорда облысының әкімі

Жыл сайын, 20 қаңтар, 20 шілде

Талап етілмейді

 

9

Арал өңірінде халықтың экологиялық мәдениетін арттыру жөніндегі шаралар кешенін әзірлеу және іске асыру

ЭБЖМ-ге ақпарат

Қызылорда, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан облыстарының әкімдері

Жыл сайын, 20 қаңтар

Талап етілмейді

 

10

Біріккен Ұлтттар Ұйымының Даму Бағдарламасымен бірге Арал өңірінің әлеуметтік проблемаларын зерттеуге техникалық көмек тарту мәселелерін пысықтау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ЭБЖМ

2008 жылғы 20 қаңтар

Талап етілмейді

 

 

2. Халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету

11

Қызылорда

қаласын-

дағы қа-

зіргі су

құбыры

мен кәріз

желілері

жүйесін

қайта жаңарту

ЭБЖМ-

ге ақ-

парат

 

ИСМ,

Қызыл-

орда

облы-

сының

әкімі

2009

жылғы

20

шілде

2007

жыл -

523,6

2008

жыл -

535,5

2009

жыл -

544,2

 

Республикалық

бюджет

 

12

Салынып жатқан топтық су құбырларына қосылатын елді мекендердің ішкі су құбыры желілерін қайта жаңартуды жүзеге асыру жөнінде шаралар қабылдау

ЭБЖМ-ге ақпарат

АШМ,  Ақтөбе, Қызылорда,      Оңтүстік Қазақстан облыстарының әкімдері

Жыл сайын, 20 қаңтар, 20 шілде

Талап етілмейді

 

13

Ауылдық су құбыры желілері мен құрылыстарына профилактикалық жөндеу жұмыстарын жүргізу жөнінде шаралар қабылдау

ЭБЖМ-ге ақпарат

АШМ, Ақтөбе, Қарағанды,  Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарының әкімдері

Жыл сайын, 20 қаңтар, 20 шілде

Талап етілмейді

 

14

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының Ырғыз-Тельман-Коминтерн магистральды су аққысын қайта жаңарту

ЭБЖМ-ге ақпарат

АШМ, Ақтөбе облысының әкімі

2009 жылғы 20 шілде

2008 жыл - 40,0 2009 жыл - 140,0

Республикалық бюджет

15

Қызылорда облысы Қармақшы ауданының Жосалы аудан орталығында су құбырын салу (3-кезең)

ЭБЖМ-ге ақпарат

АШМ, Қызылорда облысының әкімі

2009 жылғы 20 шілде

2008 жыл - 100,0 2009 жыл - 150,0

Республикалық бюджет

16

Қызылорда облысы Сырдария ауданының Нағи Ілиясов атындағы кентінде сумен жабдықтау жүйесін қайта жаңарту және кеңейту

ЭБЖМ-ге ақпарат

АШМ, Қызылорда облысының әкімі

2009 жылғы 20 шілде

2008 жыл - 40,0 2009 жыл - 70,3

Республикалық бюджет

3. Суды ұтымды пайдалану және егіншілік әдістерін жақсарту

17

Күріш шаруашылығының жаңа технологияларын, ылғалды аз қажетсінетін күріш сорттарын енгізу жөніндегі шараларды қабылдау

ЭБЖМ-ге ақпарат

АШМ, Қызылорда облысының әкімі

Жыл сайын, 20 каңтар

Талап етілмейді

 

 

18

Өсімдік шаруашылығын жаңа технологияларды және Арал өңірі аймағы үшін дәстүрлі емес тұзға төзімді және ылғалды аз қажетсінетін дақылдарды енгізу жолымен әртараптандыру жөнінде шаралар қабылдау

ЭБЖМ-ге ақпарат

АШМ, Қызылорда облысының әкімі

Жыл сайын, 20 қаңтар

Талап етілмейді

 

19

Суармалы жерлердің қарашіріксізденуін болдырмауға бағытталған технологияларды енгізу жөнінде шаралар қабылдау

ЭБЖМ-ге ақпарат

АШМ, Қызылорда облысының әкімі

Жыл сайын, 20 қаңтар

Талап етілмейді

 

20

Егіншілікке, оның ішінде минералды тыңайтқыштар мен өсімдіктерді қорғау құралдарын пайдалануда экологиялық кауіпсіз технологияларды енгізу жөнінде шаралар қабылдау

ЭБЖМ-ге ақпарат

АШМ, Қызылорда облысының әкімі

Жыл сайын, 20 қаңтар

Талап етілмейді

 

21

Судың үлестік шығысы жоғары сортандаңған, құнарлығы төмен жерлерді ауыл шаруашылығы айналымынан шығару мәселелерін пысықтау

ЭБЖМ-ге ақпарат

Қызылорда облысының әкімі

Жыл сайын, 20 қаңтар

Талап етілмейді

 

22

Біріккен Ұлтттар Ұйымының Даму Бағдарламасымен бірге Арал өңірінде табиғи ресурстарды пайдалануды және басқаруды жақсартуға техникалық көмек тарту мәселелерін пысықтау

ЭБЖМ-ге ақпарат

АШМ, Қызылорда, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан облыстарының әкімдері

2008 жылғы 20 қаңтар

Талап етілмейді

 

 

4. Нарықтық инфрақұрылымды дамытуға жәрдемдесу

23

Қызылорда облысы Қармақшы ауданының Төретам кентінде»Западная қосалқы станциясын салу мәселесін қарау

ЭБЖМ-ге ақпарат

ЭМРМ, Қызылорда облысының әкімі

2007 жылғы 20 шілде

Талап етілмейді

 

24

Қызылорда облысының Арал ауданында Құланды газ кен орнын игеру мәселесін қарау

ЭБЖМ-ге ақпарат

ЭМРМ, Қызылорда облысының әкімі

2008 жылғы 20 қаңтар

Талап етілмейді

 

24-1

Қызылорда

қаласын-

дағы жылу

энергия

көздері

мен тұрғын үй секторын

ілеспе газға көшіру

ЭБЖМ-

ге ақ-

парат

ЭМРМ,

Қызыл-

орда

облы-

сының

әкімі

2009

жылғы

20

шілде

2008

жыл -

1000,

0

2009

жыл -

3010,8

Рес-

публи-

калық

бюджет

 

25

Жезқазған - Сексеуіл, Бейнеу -Шалқар темір жолдарын салу мәселесін пысықтау

ЭБЖМ-ге ақпарат

ККМ

2008 жылғы 20 қаңтар

Талап етілмейді

 

5. Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту

26

Қызылорда

облысы

Қызылорда

қаласының

Александров

кентінде

мүгедектер-

ге арналған

150 орындық

оңалту орта-

лығын салу

ЭБЖМ-

ге ақ-

парат

Еңбек-

мині,

Қызыл-

орда

облы-

сының

әкімі

2009

жылғы

20

шілде

2008

жыл -

49,7

2009

жыл -

944,6

Республикалық

бюджет

 

26-1

Қызылорда

облысының

Арал

қаласында

спорттық-

сауықтыру

кешенін салу

ЭБЖМ-

ге

ақпа-

рат

Қызыл-

орда

облысының

әкімі

2009

жылғы

20

қаңтар

2007

жыл -

100,0

2008

жыл -

131,0

Республикалық

бюджет

 

 

6. Өңірдің маркетингі

27

Өңірдің маркетингі бойынша Іс-қимыл жоспарын әзірлеу

ЭБЖМ-ге ақпарат

Қызылорда, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан облыстарының әкімдері

2008 жылғы 20 қаңтар

Талап етілмейді

 

28

Арал өңірінде туристік саланы дамыту жөнінде ұсыныстар әзірлеу

ЭБЖМ-ге ұсыныс

ТСМ, Қызылорда, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан облыстарының әкімдері

2007 жылғы 20 шілде

Талап етілмейді

 

29

Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық даму стратегиясы шеңберінде өңірдегі экологиялық жағдайды ескере отырып, Арал өңірі экономикасының нақты секторындағы инвестициялық жобаларды қаржыландыру мәселелерін пысықтау

ЭБЖМ-ге ақпарат

ИСМ,»Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік қоғамы, Ақтөбе, Қарағанды, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарының әкімдері

2008 жылғы 20 қаңтар

Талап етілмейді

 

 

ЖИЫНЫ (жылдар бойынша қаржыландыру көлемі)

 

 

 

2007 жыл - 1223,4

2008 жыл - 2051,1

2009 жыл - 4522,2

2007 жыл - 86,3

Республикалық бюджет

 

 

 

 

 

Халықаралық гранттар қаражаты

 

Ескертпе. Аббревиатуралардың толық жазылуы:

Қоршағанортамині - Қоршаған ортаны қорғау министрлігі

АШМ - Ауыл шаруашылығы министрлігі

ЭМРМ - Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі

ИСМ - Индустрия және сауда министрлігі

ЭБЖМ - Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі

Еңбекмині - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

ТСМ - Туризм және спорт министрлігі

ККМ - Көлік және коммуникация министрлігі