Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 желтоқсандағы № 1946 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы № 815 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 429 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Жоғары ғылыми-техникалық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 желтоқсандағы № 1946 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 57, 551-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Жоғары ғылыми-техникалық комиссия туралы ережеде:

2-тармақта:

бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«2. ЖҒТК-ні төраға - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі (бұдан әрі - төраға) басқарады, оның ғылым және инновациялар саласындағы уәкілетті органдардың бірінші басшылары тұлғасындағы екі орынбасары, сондай-ақ ғылым және техника салаларындағы басшылықты және үйлестіруді қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімшенің, ЖҒТК-нің жұмыс органының басшысы лауазымындағы жауапты хатшысы болады.»;

үшінші абзацта «өндіріс» деген сөз «ұлттық компаниялар, ірі бизнес және үкіметтік емес сектор» деген сөздермен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:

«ЖҒТК-нің жанынан дүниежүзіне танымал отандық және шетелдік ғалымдардан тұратын Халықаралық сараптамалық кеңес құрылады. Халықаралық сараптамалық кеңестің ережесі мен құрамын төраға айқындайды.»;

4-тармақ мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:

«Халықаралық сараптамалық кеңестің ұсынымдарын ескере отырып, елдің ғылыми-техникалық даму басымдықтарын мақұлдау;

мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманың ұсынымдарын ескере отырып, ғылыми-техникалық бағдарламаларды мақұлдау;

Республикалық бюджет комиссиясына ғылыми-технологиялық бағдарламаларды қаржыландыру көлемі жөнінде ұсынымдар әзірлеу;

әрбір үш жыл сайын Қазақстан Республикасының Президентіне елдің ғылыми-технологиялық даму қорытындылары бойынша есеп дайындау.

ЖҒТК үш жылда бір рет:

ғылыми-техникалық дамудағы әлемдік трендтер және елдің нақты бағыттар бойынша озық ғылыми зерттеулер жүргізуге арналған әлеуетті мүмкіндіктері туралы Халықаралық сараптамалық кеңесті;

орындалған ғылыми-технологиялық бағдарламалардың нәтижелері туралы Білім және ғылым министрлігін және басқа да салалық министрліктерді;

ғылыми қоғамдастықтың және үкіметтік емес сектордың өкілі ретінде Ғылым туралы ұлттық баяндамасымен Ұлттық ғылым академиясын тыңдайды.»;

7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«7. ЖҒТК-нің қызметін, оның ішінде ЖҒТК-нің жұмысына тартылатын шетелдік және отандық ғалымдар мен сарапшылардың қызметтерін қаржыландыру және оларды іссапарға жіберу осы мақсаттарға бөлінетін республикалық бюджет қаражатынан жүргізіледі.»;

көрсетілген қаулыға 2-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д. Ахметов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2006 жылғы 25 тамыздағы

№ 815 қаулысына

Қосымша

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

1999 жылғы 20 желтоқсандағы

№ 1946 қаулысына

2-қосымша

 

Қазақстан Республикасы Yкіметінің жанындағы

Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның құрамы

 

Ахметов

Даниал Кенжетайұлы

- Қазақстан Республикасының Премьер-

Министрі, төраға

 

Әйтімова

Бірғаным Сарықызы

- Қазақстан Республикасының Білім және

ғылым министрі, төрағаның орынбасары

 

Школьник

Владимир Сергеевич

- Қазақстан Республикасының Индустрия

және сауда министрі, төрағаның

Орынбасары

 

Могильный

Валерий Валентинович

- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым

министрлігі Ғылым департаментінің

директоры, хатшы

 

Досаев

Ерболат Асқарбекұлы

- Қазақстан Республикасының Денсаулық

сақтау министрi

 

Eciмoв

Ахметжан Смағұлұлы

- Қазақстан Республикасының Ауыл

шаруашылығы министрi

 

Құсайынов

Марат Әпсеметұлы

- Қазақстан Республикасының Экономика

және бюджеттік жоспарлау вице-министрi

 

Жұмағалиев

Асқар Қуанышұлы

- Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру

және байланыс агенттігінің төрағасы

 

Әбдімомынов

Азамат Құрманбекұлы

- Қазақстан Республикасының Білім және

ғылым вице-министрi

 

Сұлтанов

Қуаныш Сұлтанұлы

- Қазақстан Республикасының Парламентi

Сенатының депутаты, Әлеуметтік-мәдени

даму комитетінің төрағасы

 

Сағадиев

Кенжеғали Әбенұлы

- Қазақстан Республикасының Парламентi

Мәжілісінің депутаты, Қаржы және бюджет

комитетінің төрағасы

 

Қуанғанов

Фархад Шаймұратұлы

- Қазақстан Республикасы Премьер-

Министрінің Кеңсесі Әлеуметтік-мәдени

даму бөлімінің меңгерушісi

 

Әбдіманапов

Сәрсенғали Әбдіғалиұлы

- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым

министрлігі Л.Н. Гумилев атындағы

Еуразия ұлттық университетінің ректоры

 

Қожамқұлов

Төлеген Әбдісағиұлы

- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым

министрлігі әл-Фараби атындағы Қазақ

ұлттық университетінің ректоры

 

Жантаев

Жұмабек Шабденамұлы

- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым

министрлігінің Ғылым комитетi

«Астрофизикалық зерттеулер орталығы»

республикалық мемлекеттік кәсіпорнының

бас директоры

 

Жұрынов

Мұрат Жұрынұлы

- «Қазақстан Республикасының Ұлттық

ғылым академиясы» қоғамдық бірлестігінің

Президентi

 

Қадыржанов

Қайрат Камалұлы

- Қазақстан Республикасы Энергетика және

минералдық ресурстар министрлігi

«Қазақстан Республикасының Ұлттық

ядролық орталығы» республикалық

мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры

 

Раманқұлов

Ерлан Мірхайдарұлы

- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым

министрлігінің Ғылым комитеті «Қазақстан

Республикасының Ұлттық биотехнология

орталығы» республикалық мемлекеттік

кәсіпорнының бас директоры

 

Сүлейменов

Ербол Зинаддинұлы

- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым

министрлігінің Ғылым комитеті «Қазақстан

Республикасының Ұлттық ғылыми-

техникалық ақпарат орталығы»

республикалық мемлекеттік кәсіпорнының

бас директоры

 

Саданов

Аманкелді Құрбанұлы

- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым

министрлігінің Ғылым комитетi

«Биологиялық зерттеулер орталығы»

республикалық мемлекеттік кәсіпорнының

бас директоры

 

Әдекенов

Серғазы Мыңжасарұлы

- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым

министрлігінің Ғылым комитетi

«Фитохимия» ғылыми-өндірістік орталығы»

акционерлік қоғамының президентi

 

Арынғазин

Асқар Қанапияұлы

- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым

министрлігінің Л.Н. Гумилев атындағы

Еуразия ұлттық университеті Іргелi

зерттеулер институтының директоры

 

Дробжев

Виктор Иванович

- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым

министрлігі Ғылым комитетінің

«Астрофизикалық зерттеулер орталығы»

республикалық мемлекеттік кәсіпорны

Ионосфера институтының директоры

 

Қасқабасов

Сейіт Асқарұлы

- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым

министрлігінің Ғылым комитетi

М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер

институтының директоры

 

Жәкішев

Мұхтар Еркінұлы

- «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом

компаниясы» акционерлік қоғамының

Президентi

 

Қарабалин

Ұзақбай Сүлейменұлы

- «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы»

акционерлік қоғамының президентi

 

Кәрібжанов

Қайрат Сәлімұлы

- «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының

президентi