«Қазақстан Республикасы Yкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 17 тамыздағы
№ 776 Қаулысы

 

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономиканың мемлекеттік секторын басқаруды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д. Ахметов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2006 жылғы 17 тамыздағы

№ 776 қаулысына

Қосымша

 

Қазақстан Республикасы Yкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің

тізбесi

 

1. «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының кредит саясаты меморандумы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 наурыздағы № 289 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 12, 159-құжат).

2. «Ұлттық инновациялық қор» акционерлік қоғамының 2004 - 2007 жылдарға арналған инвестициялық саясаты туралы меморандум туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 маусымдағы № 615 қаулысы.

3. «Қазақстанның инвестициялық қоры» акционерлік қоғамының инвестициялық декларациясын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы № 1383 қаулысы.

4. «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының таяу шетел рыноктарына шығу тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 17 ақпандағы № 147 қаулысының 5-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., № 9, 79-құжат).

5. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы № 1383 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2005 жылғы 28 наурыздағы № 270 қаулысы.

6. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 наурыздағы № 289 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 шілдедегі № 688 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., № 28, 351-құжат).

7. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 мамырдағы № 502 және 2004 жылғы 3 маусымдағы № 615 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 26 шілдедегі № 776 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2005 ж., № 31, 411-құжат).