Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2003 жылғы 28 қарашадағы № 1194 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 8 тамыздағы № 748 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 18 наурыздағы № 148 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Табиғи монополия саласына жататын, ұсынылатын қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) арналған үлгі шарттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 қарашадағы № 1194 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 45, 493-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
осы қаулыға 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес қосымшалармен толықтырылсын.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 8 тамыздағы
№ 748 қаулысына 1-қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 жылғы 28 қарашадағы № 1194
қаулысымен бекітілген
Магистральдық темір жол желісінің қызметтерін
көрсетуге арналған үлгі шарт
______________________ 200_ жылғы «__»________
(шарттың жасалған орны)
Бұдан әрі оператор деп аталатын, магистральдық темір жол желісінің қызметтерін (магистральдық темір жол желісін пайдалануға ұсыну; магистральдық темір жол желісі бойынша жылжымалы құрамды
өткізуді ұйымдастыру) ұсынатын______________________________________
(қызметті ұсынатын субъектінің атауы, құрылтай
___________________________________________________________________
құжаттары, мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, күні мен берген орган)
____________________________________________негізінде әрекет ететін
__________________________________тұлғасында бір тараптан және бұдан
әрі тасымалдаушы ден аталатын_______________________________________
____________________________________________________негізінде әрекет
ететін қызметтер ұсынушы____________________________________________
(тұтынушының деректемелері, құрылтай құжаттары,
_______________________________________________________________
мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, күні мен берген орган)
_________________________тұлғасында екінші тараптан, мына төменгілер
(лауазымы, Т.А.Ә.)
туралы осы Шартты (бұдан әрі - Шарт) жасасты:
1. Шарттың мәні
1. Оператор осы Шартқа сәйкес магистральдық темір жол желісінің қызметтерін ұсынады, тасымалдаушы Шартта белгіленген тәртіппен және мерзімде оларға ақы төлейді.
2. Магистральдық темір жол желісінің қызметтерін ұсынуға арналған шарт тасымалдаушымен жеке тәртіппен жасалады.
2. Магистральдық темір жол желісін пайдалануға беру
жөніндегі қызметтер көрсетудің тәртібі мен шарттары
3. Тасымалдаушының операторға магистральдық темір жол желісін пайдалану құқығын алуға өтінім беруі, оны қарау мен поездардың қозғалыс кестесіне енгізу Қазақстан Республикасының темір жол көлігі саласындағы заңнамасына және осы мәселелерді регламенттейтін өзге де нормативтік құқықтық кесімдерге сәйкес жүргізіледі.
4. Тасымалдаушының поездар қозғалысының учаскелері бойынша поездар қозғалысының оператор бекіткен кестесінен үзінді-көшірме осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылады.
5. Оператор белгілеген тәртіппен бекіткен поездар қозғалысы кестесінің негізінде, тасымалдаушы тасымалдау мерзіміне дейін 10 күнтізбелік күн бұрын тасымалдарды жүзеге асыру кезінде магистральдық темір жол желісінің қызметтерін пайдалануға арналған өтінімде көрсетілген поездар өлшемдерінің өзгерістері туралы мәліметтерді қамтитын тасымалдар жоспарын операторға ұсынады.
Тасымалдар жоспары__________________________________________
(берудің нысаны мен тәсілі көрсетіледі)
______________________________________________________________
(оператордың жауапты адамы және/немесе тасымалдаушының поезын қалыптастыру станциясындағы оператордың құрылымдық бөлімшесi көрсетіледі)
_________________________________________________________беріледі.
6. Оператор белгіленген тәртіппен бекіткен поездар қозғалысы кестесінің негізінде тасымалдаушының тасымалдарының техникалық жоспарында көрсетілген тасымалдау мерзіміне дейін тәулік/сағат бұрын тасымалдаушы операторды поезды техникалық және/немесе коммерциялық тексеруге берудің уақыты туралы хабардар етеді.
Хабарлама_____________________________________________________
(хабарлама берудің нысаны мен тәсілі көрсетіледі)
_____________________________________________________________
(оператордың жауапты адамы және/немесе тасымалдаушының поезын қалыптастыру станциясындағы оператордың құрылымдық бөлімшесi көрсетіледі)
___________________________________________________________беріледі.
7. Егер тасымалдаушының құрамды қалыптастыруды-таратуды (вагондарды өңдеуді), вагондарды ағымдағы жөндеуді өздігінен жүзеге асыруға мүмкіндігі болмаған жағдайда, оператор тасымалдаушыға тасымалдардың техникалық жоспарымен бір мезгілде берілетін тасымалдаушының өтінімдері бойынша осы қызметтерді көрсетеді.
Өтінім______________________________________________________
(берудің нысаны мен тәсілі көрсетіледі)
_____________________________________________________________
(оператордың жауапты адамы және/немесе тасымалдаушының поезын қалыптастыру станциясындағы оператордың құрылымдық бөлімшесi көрсетіледі)
___________________________________________________________беріледі.
8. Жылжымалы құрамды магистральдық темір жол желісіне жіберген кезде тасымалдаушы темір жол көлігі саласындағы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша және тәртіппен жылжымалы құрамға арналған есептік құжатты операторға ұсынады.
9. Толтырылған тасымалдау құжаттарының бір данасын таcымалдаушы поезды жөнелтетін станциядағы операторға береді.
Тасымалдау құжаттарының негізінде оператор поездың нақты парағын_____ данада ресімдейді.
10. Қатынас жолындағы поезд құрамының барлық өзгерістері туралы оператордың өкілдері поездың нақты парағының барлық данасына белгі соғады.
11. Поезд межелі станцияға келгеннен кейін тасымалдаушы операторға поездың нақты парағының____ данасын және тасымалдау құжаттарын____данадан береді.
12. Поездың межелі станциясында оператор есептелген төлемдердің дұрыстығын тексеруді жүзеге асырады.
13. Поездың тасымалдау құжаттары мен нақты парағы осы Шарттың
талаптарына сәйкес қызметтер көрсету фактілерін және олардың іс жүзіндегі көлемін растайтын құжаттар болып табылады және магистральдық темір жол желісі көрсеткен қызметтер үшін түпкілікті есеп айырысулар жүргізуге негіз болады.
14. Тасымалдаушының диспетчерлік қызметіне оператордың тасымалдау процесі мен вагон ағыстарын жоспарлау, ұйымдастыру мен жүзеге асыру, локомотивтер мен вагондардың айналымын реттеу тасымалдаушы ақпарат беруi_______________________________________
(ақпарат берудің мерзімі көрсетіледі)
тасымалдаушының әрбір өтініші бойынша жеке__________________________
(ақпарат берудің нысаны мен тәсілі көрсетіледі)
жүзеге асырылады.
3. Есеп айырысулар тәртібi
15. Магистральдық темір жол желісінің қызметтеріне ақы төлеу табиғи монополия саласындағы қызметті бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік уәкілетті орган бекіткен тарифтер (бағалар, алым ставкалары) бойынша жүргізіледі.
16. Магистральдық темір жол желісінің қызметтеріне ақы төлеуді вагондарды ағымдағы ағытпалық жөндеу бойынша қызметтерге ақы төлеуді қоспағанда, осы Шартты жасасқаннан кейін 10 банктік күн ішінде мәлімделген (келісілген) қызметтердің көлемі құнының 100%-ының алдын-ала төленуі шартымен тасымалдаушы жүргізеді.
17. Ағымдағы ағытпалық жөндеу бойынша қызметтерге ақы төлеуді іс жүзінде көрсетілген қызметтердің көлемі үшін жасалған екіжақты актілер мен шот-фактуралардың негізінде тасымалдаушы жүргізеді.
18. Магистральдық темір жол желісінің қызметтерін көрсеткені үшін түпкілікті есеп айырысу ic жүзінде көрсетілген қызметтердің көлемі үшін екіжақты актілер мен шот-фактуралардың негізінде қызметтер көрсетілген айдан кейінгі айдың 15 күнінен кешіктірмей жүргізіледі.
19. Осы Шартта көзделген төлемдердің мерзімі өткен жағдайда, тасымалдаушы операторға төлем күнін қоса алғанда, әрбір мерзімі өткен күн үшін берешек сомасының Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландыру ставкасы бойынша тұрақсыздық айыбын төлейді.
20. Оператордың кінәсінен осы Шартта көзделген көлемнен кем көлемде магистральдық темір жол желісінің қызметтерін көрсетуге байланысты тасымалдаушы артық төлеген соманы қайтаруды оператор кешіктірген жағдайда, оператор тасымалдаушыға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландыру ставкасы бойынша мерзімі өткен әрбір күн үшін берешек сомасының тұрақсыздық айыбын төлейді.
21. Магистральдық темір жол желісінің қызметтеріне ақы төлеу бойынша тасымалдаушының міндеттемелерін орындау деп________________
(есептелген төлемдердің
___________________________________________________________________
барлық сомаларын тасымалдаушының енгізу фактісі немесе оператордың шотына есептелген төлемдердің барлық сомаларының түсу фактісі көрсетіледі)____________________________________фактісі танылады.
4. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
22. Оператор:
1) тасымалдаушы осы Шартта көзделген талаптарды бұзған жағдайда, тасымалдаушыны осы қызметтерді көрсетуді іс жүзінде тоқтатқанға дейін бес күннен кешіктірмей жазбаша хабардар етуі шартымен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес магистральдық темір жол желісінің қызметтерін көрсетуді тоқтатуға;
2) магистральдық темір жол желісінің қызметтерін ұсынғаны үшін ақыны уақтылы алуға;
3) тасымалдаушының кінәсінен келтірілген зиянның орнын толтыруды талап етуге;
4) тасымалдаушыдан магистральдық темір жол желісінің қызметтерін ұйымдастыру, жоспарлау мен жүзеге асыру үшін қажетті ақпарат алуға;
5) табиғи және техногендік сипаты бар төтенше жағдайлар туындаған жағдайда, сондай-ақ тасымалдауға кедергі келтіретін төтенше жағдайлар мен өзге де жағдайлар енгізілген кезде тасымалдаушы өздігінен не уәкілетті органдардың шешімдерінің негізінде жүзеге асыратын тасымалдарды уақытша тоқтату не шектеу туралы шешім қабылдауға;
Бұл ретте оператор тасымалдаушыны жылжымалы құрамды уақытша тоқтату не оған қол жеткізуді шектеу туралы қабылданған шешім туралы себептерін көрсете отырып, хабардар етеді;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды иеленуге құқылы.
23. Оператор:
1) тасымалдаушыларға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жеңілдіктер мен артықшылықтарды ескере отырып, магистральдық темір жол желісінің қызметтерін ұсыну жағдайларын қоспағанда, магистральдық темір жол желісінің қызметтеріне қол жеткізудің тең жағдайларын, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен магистральдық темір жол желісінің қызметтеріне қол жеткізудің тең жағдайларын ұсынуға;
2) тасымалдау кезінде жүктердің Қазақстан Республикасының заңнамасына және өзге де нормативтік құқықтық кесімдерге сәйкес сақталуын қамтамасыз етуге;
3) поездардың қозғалыс кестесін, технологиялық нормаларды, техникалық-бөлу актілерін, станциялардың технологиялық процестерін және станциялар мен кірме жолдар жұмысының бірыңғай технологиялық процестерін сақтауға;
4) қызметтер көрсетудің техникалық және технологиялық мүмкіндіктерін қоспағанда, магистральдық темір жол желісі қызметтерінің тасымалдаушымен келісілген көлемдерінің орындалуын қамтамасыз етуге міндетті. Магистральдық темір жол желісі қызметтерінің тасымалдаушы мәлімдеген көлемдерін іс жүзіндегі мүмкіндіктерден асырып жіберген жағдайда, оператор Қазақстан Республикасының темір жол көлігі саласындағы заңнамасына және өзге де нормативтік құқықтық кесімдерге сәйкес қызметтердің орындалуын қамтамасыз етуге;
5) тасымалдаушы поезының қатынас жолдарындағы магистральдық темір жол желісінің қызметтерін Шартта көзделген мерзімдер мен талаптарға сәйкес көрсетуге;
6) осы Шарт бойынша қызметтер көрсету кезінде тасымалдаушының диспетчерлік қызметіне тасымалдау процесі мен вагон ағындарын ұйымдастыру, жоспарлау мен жүзеге асыру, локомотивтер мен вагондардың айналымын реттеу, тасымалдаушы поездарының қозғалысын бақылау, қозғалыс кестесін орындау үшін қажетті ақпараттар беруді жүзеге асыруға;
7) қауіпсіздік пен технологиялық нормалардың талаптарына, сондай-ақ белгіленген тәртіппен бекітілген ұсынылатын қызметтердің сапасына қойылатын талаптарға сәйкес магистральдық темір жол желісінің белгіленген сападағы қызметтерін көрсетуді қамтамасыз етуге;
8) ұсынылатын қызметтердің сапасы мен санын есепке алу мен оған бақылау жүргізуге, қызмет көрсетуде бұзушылықтардың алдын алу және жою жөнінде уақтылы шаралар қабылдауға;
9) магистральдық темір жол желісінің объектілерін белгіленген жылдамдықтармен поездарды қауіпсіз өткізуді қамтамасыз ететін жағдайда ұстауға;
10) магистральдық темір жол желісін Қазақстан Республикасының темір жолдарын техникалық пайдалану ережесінің және құрылыс нормаларының талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етуге;
11) Қазақстан Республикасының Техникалық пайдалану ережесінің, Темір жолдарда белгі беру жөніндегі нұсқаулықтың, Қазақстан Республикасының темір жолдарындағы поездардың қозғалысы мен маневрлік жұмыс жөніндегі нұсқаулықтың және темір жол көлігі саласындағы өзге де нормативтік құқықтық кесімдердің талаптарын орындауға;
12) тасымалдаушыны магистральдық темір жол желісінің қызметтеріне арналған тарифтердің (бағалардың, алым ставкаларының) өзгерістері туралы олар қолданысқа енгізілгенге дейін он күнтізбелік күннен кешіктірмей хабардар етуге;
13) тасымалдаушыны себептерін көрсете отырып, қабылданған жылжымалы құрамға қол жеткізуді уақытша тоқтату немесе шектеу шешімі туралы дереу хабардар етуге;
14) темір жол көлігі саласындағы уәкілетті орган белгілеген талаптарға сәйкес келмейтін жылжымалы құрамды магистральдық темір жол желісіне жіберуге жол бермеуге;
15) қатынас жолында тасымалдаушының жылжымалы құрамының темір
жол көлігі саласындағы уәкілетті орган бекіткен жүкті сақтаудың техникалық және технологиялық талаптарына сәйкес келмейтіндігі анықталған жағдайда, тасымалдаушының жылжымалы құрамының қозғалысын тоқтатуға;
16) жылжымалы құрамға қызмет көрсететін персоналдың темір жол көлігі саласындағы уәкілетті орган белгілеген біліктілік талаптарына сәйкес келмейтіндігі анықталған жағдайда, тасымалдаушының персоналын тасымалдау процесіне жібермеуге;
17) тасымалдаушы өтінімінің негізінде поездар қозғалысының кестесін әзірлеуге және бекітуге;
18) бекітілген қозғалыс кестесіне, қалыптастыру жоспарына және белгіленген технологиялық нормаларға сәйкес техникалық және технологиялық мүмкіндіктерді келісуді қоса алғанда, поездар қозғалысын орталықтан басқаруды жүзеге асыруға;
19) магистральдық темір жол желісінің жарамды жағдайда үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге;
20) тасымалдаушыға магистральдық темір жол желісінің қызметтерін көрсетуге байланысы жоқ қызметтерді, сондай-ақ үшінші адамдармен міндеттемелердің туындауына алып келетін қосымша шарттарды жүктемеуге міндетті.
24. Тасымалдаушы:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Шартқа сәйкес магистральдық темір жол желісін пайдаланудың тең құқығын алуға;
2) Шарттың талаптарына сай қауіпсіздік және технологиялық нормалардың талаптарына, сондай-ақ белгіленген тәртіппен бекітілген ұсынылатын қызметтердің сапасына қойылатын талаптарға сәйкес магистральдық темір жол желісінің белгіленген сападағы қызметтерін алуға;
3) осы Шарттың мерзімі мен талаптарына сәйкес поездың қатынас жолындағы магистральдық темір жол желісінің қызметтерін алуға;
4) оператордан поездардың қозғалыс кестесіндегі қызметтердің шартта көзделген магистральдық темір жол желісінің қызметтерін көрсетудің мерзімі мен шарттарын өзгертуге алып келетін өзгерістер туралы жазбаша нысандағы ақпаратты оператор көрсетілген өзгерістерді (дүлей зілзала, әскери қимылдар, ереуілдер немесе көздеу немесе алдын алу мүмкін емес өзге де жағдайлар) енгізгенге дейін үш күнтізбелік күннен кешіктірмей алуға;
5) оператордан тасымалдау процесі мен вагон ағындарын ұйымдастыру, жоспарлау мен жүзеге асыру, локомотивтер мен вагондардың айналымын реттеу, поездар қозғалысын бақылау, қозғалыс кестесін орындау үшін қажетті ақпарат алуға;
6) оператордан магистральдық темір жол желісін пайдалануға ұсыну жөніндегі қызметтерге арналған тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) өзгерту туралы олар қолданысқа енгізілгенге дейін он күннен кешіктірмей ақпарат алуға;
7) оператордың кінәсінен келтірілген залалдардың орнын толтыруды талап етуге;
8) себептерін көрсете отырып, оператордың вагондарды қабылдауды уақытша тоқтату немесе шектеу шешімін қабылдауы туралы ақпарат алуға;
9) магистральдық темір жол желісінің қызметтерін көрсетумен байланысы жоқ қызметтерден, сондай-ақ үшінші адамдардың алдында міндеттемелердің туындауына алып келетін қосымша талаптардан бас тартуға;
10) осы Шартқа және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін оператордың іс-әрекетіне сот тәртібімен шағымдануға;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды иеленуге құқылы.
25. Тасымалдаушы:
1) магистральдық темір жол желісінің қызметтеріне уақтылы және толық көлемде ақы төлеуге;
2) Магистральдық темір жол желісін пайдалану ережесін, Жүктерді тасымалдау ережесін, нормативтік құқықтық кесімдерде көзделген темір жолдың жылжымалы құрамын техникалық пайдалану талаптарын орындауды қамтамасыз етуге;
3) операторға магистральдық темір жол желісінің қызметтерін ұйымдастыру, жоспарлау және жүзеге асыру үшін қажетті ақпарат ұсынуға;
4) технологиялық нормаларды, поездар қозғалысының бекітілген кестесін, техникалық-бөлу актілерін, станциялардың технологиялық процестерін және станциялар мен кірме жолдар жұмысының бірыңғай технологиялық процестерін сақтауға;
5) Техникалық пайдалану ережесінің, Қазақстан Республикасының темір жолдарында белгі беру жөніндегі нұсқаулықтың, Қазақстан Республикасының темір жолдарындағы поездардың қозғалысы және маневрлік жұмыс жөніндегі нұсқаулықтың және темір жол көлігі саласындағы өзге де нормативтік құқықтық кесімдердің талаптарын орындауға;
6) операторға осы Шарт бойынша қызметтер алуға байланысты олар жүзеге асыратын қызмет түрлеріне арналған лицензия ұсынуға және операторды көрсетілген лицензиялардың қолданылуын тоқтата тұру не күшін жою туралы уақтылы хабардар етуге;
7) оператордың поездар қозғалысының қауіпсіздік талаптарын, қозғалыс кестесінің нормативтерін, поездарды қалыптастырудың жоспары мен тәртібін, магистральдық темір жол желісінің инфрақұрылымдық желілік бөлімшелері жұмысының технологиялық процестерін қамтамасыз етуге қатысты өкімін орындауға;
8) осы Шартта көзделген мерзім мен талаптарды сақтауға;
9) операторды магистральдық темір жол желісін пайдалануға арналған тараптармен келісілген өтінімдерде көзделген қызметтерді алудан бас тарту туралы Қазақстан Республикасының темір жол көлігі саласындағы заңнамасында белгіленген мерзімде жазбаша нысанда хабардар етуге;
10) операторға магистральдық темір жол желісі объектілерінің табылған ақаулары, сондай-ақ үшінші адамдардың Техникалық пайдалану ережесін бұзушылықтары туралы хабарлауға;
11) темір жол көлігі саласындағы уәкілетті органның магистральдық темір жол желісін пайдалану бөлігіндегі талаптарын сақтауға;
12) магистральдық темір жол желісі қызметтерін алудың техникалық және технологиялық мүмкіндіктері болмауын қоспағанда, тасымалдау көлемдерінің жоспарында мәлімделгендердің орындалуын қамтамасыз етуге;
13) оператордың тасымалдау процестерін орталықтан басқару жөніндегі нұсқауын сақтауға;
14) тасымалдау процесіне байланысты қызметкерлер біліктілігінің темір жол көлігі саласындағы уәкілетті орган белгілеген талаптарға сәйкестігін қамтамасыз етуге;
15) темір жол көлігі саласындағы уәкілетті орган белгілеген талаптарға жылжымалы құрамның сәйкестігін қамтамасыз етуге міндетті.
5. Тараптардың жауапкершілігі
26. Тараптар осы Шарттың талаптарын орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапты болады.
27. Өсімпұл төлеу тасымалдаушыны операторға Шарттың талаптарына сәйкес есептелген төлемдерді енгізуден босатпайды.
28. Белгіленген мерзімде қызметтер ұсынылмаған жағдайда, оператор тасымалдаушыға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландыру ставкасы бойынша іс жүзінде қызметтер көрсету басталатын уақытқа дейін шарт бойынша қызмет көрсету жүзеге асырылуға тиісті уақыттың ішінде алдын ала төленген сомадан тұрақсыздық айыбын төлейді.
29. Осы Шарттың талаптарында көрсетілетін қызметтерді алудан бас тарту туралы операторды хабардар ету мерзімі сақталмаған кезде, тасымалдаушы операторға қызметтер алудан бас тарту сәтінен бастап есептелген төлемдер сомасынан магистральдық темір жол желісі қызметтерінің жоспарланған көлемі үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру ставкасының мөлшерінде айыппұл төлейді.
30. Оператор тасымалдаушыны поездар қозғалысы кестесінің өзгергені туралы хабардар ету мерзімін сақтамаған кезде, тасымалдаушыға алдын ала төленген сомадан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру ставкасының мөлшерінде айыппұл төлейді.
31. Оператордың және(немесе) тасымалдаушының міндеттемелерді орындамауына немесе тиісінше орындамауына байланысты үшінші тұлғаға келтірілген залалды тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен және мөлшерде өтейді.
6. Форс-мажорлық мән-жайлар
32. Осы Шарттан туындайтын міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін, егер бұл еңсерілмес күш (дүлей зілзала, әскери қимылдар, ереуілдер немесе болжау немесе алдын алу мүмкін болмайтын өзге мән-жайлар) салдарынан болып табылса, тараптар жауапкершіліктен босатылады.
33. Еңсерілмес күштің мән-жайларына сілтеме жасайтын тарап екінші тарапты 48 (қырық сегіз) сағаттың ішінде құзыретті орган берген растайтын құжатты екінші тараптың талабы бойынша ұсына отырып, осындай мән-жайлардың басталғаны туралы да, аяқталғаны туралы да хабардар етуге міндетті.
34. Егер тараптардың бірі Шарт бойынша өз міндеттемелерін еңсерілмес күш мән-жайлары туындаған сәттен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде орындауға жағдайы болмаса, екінші тарапты болжанып отырған шартты бұзу күніне дейін кемінде он күнтізбелік күн бұрын алдын ала жазбаша хабардар етуі шартымен, екінші тараптың Шартты бұзуға құқығы бар. Бұл ретте тараптар отыз күнтізбелік күн ішінде Шарт бойынша барлық өзара есеп айырысуларды жүргізуге міндеттенеді.
7. Жалпы ережелер және дауларды шешу
35. Тасымалдаушының осы Шартта көзделген магистральдық темір жол желісін пайдалану құқығын басқа адамға беруіне жол берілмейді.
36. Шарттың талаптарын орындаудан біржақты бас тартылған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен тарап бұл туралы екінші тарапқа отыз күнтізбелік күннен кешіктірмей жазбаша түрде ескертуге тиіс.
37. Шарттан туындайтын даулар мен келіспеушіліктер келіссөздер арқылы шешіледі. Егер келіссөздер жолымен тараптар өзара келісімге қол жеткізбесе, онда даулар мен келіспеушіліктер Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен шешіледі.
38. Почта және банктік деректемелері өзгерген жағдайда тарап бұл туралы екінші тарапқа көрсетілген өзгерістер қолданысқа енгізілген сәттен бастап бес жұмыс күнінің ішінде жазбаша хабарлауға міндетті.
39. Шарт тараптарда сақталатын және бірдей заң күші бар екі данада жасалады.
40. Тараптардың Шарттан туындайтын және олармен реттелмеген қатынастары Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.
8. Шарттың қолданылу мерзімі және қолданысын тоқтату
тәртібi
41. Шарт 200 жылғы «__»______________00-00 сағаттан бастап күшіне енеді және 200 жылғы «__»__________ 24-00 сағатты қоса қолданылады, бірақ поездар қозғалысы кестесінің белгіленген тәртіппен бекітілген мерзімінен аспауға тиіс, ал өзара есеп айырысулар бөлігінде - олар толық орындалғанға дейін қолданылады.
42. Шарт Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген жағдайларда мерзімінен бұрын бұзылуы мүмкін.
43. Шарт мынадай жағдайларда:
1) тасымалдаушы лицензиясының қолданысы тоқтатылғанда;
2) тасымалдаушы лицензиясының күші тоқтатыла тұрғанда немесе оны қайтарып алғанда;
3) олардың жазбаша өтініштерінің негізіндегі тараптардың бастамасы бойынша бұзылуы мүмкін.
44. Шарттың қолданылуы тараптардың келісімі бойынша Шарттың ажырамас қосымшасы ретінде қосымша келісім жасасу не жаңа шарт жасасу жолымен ұзартылуы мүмкін.
45. Тараптардың келісімі бойынша Шарт осы Шартқа және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін басқа да талаптармен толықтырылуы мүмкін.
46. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы өзгерген, магистральдық темір жол желісінің қызметтерін ұсынудың тәртібі мен талаптарын өзгертетін нормативтік құқықтық кесімдер қабылданған жағдайда, тараптар отыз күнтізбелік күн ішінде осы Шартты Шарттың мәтініне қажетті толықтырулар мен өзгерістер енгізу жолымен аталған кесімдердің талаптарына сәйкес келтіруге міндетті.
9. Тараптардың заңды мекен-жайы, банктік деректемелері мен
Қолтаңбалары
Оператор: Тасымалдаушы:
_____________________ ___________________________
_____________________ ___________________________
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 8 тамыздағы
№ 748 қаулысына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 жылғы 28 қарашадағы
№ 1194 қаулысымен
бекітілген
Жылжымалы құрамның жүруі үшін кірме жолды
ұсыну жөніндегі қызметтерді көрсетуге
арналған үлгі шарт
______________________ 200 жылғы " "_______
(шарттың жасалған орны)
Бұдан әрі тармақ иеленуші деп аталатын, жылжымалы құрамның жүруі үшін кірме жолды ұсыну жөніндегі қызметтерді көрсететін
___________________________________________________________________
(қызметті ұсынатын субъектінің атауы, құрылтай құжаттары,
____________________________________________________________________
мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, күні мен берген орган)
_____________________________________________негізінде әрекет ететін
____________________________________________________________________
(лауазымы, Т.А.Ә.)
тұлғасында бір тараптан және бұдан әрі Тармақ пайдаланушы деп аталатын
____________________________________________________________________
(тұтынушының деректемелері, құрылтай құжаттары, мемлекеттік
____________________________________________________негізінде әрекет
ететін тіркеу туралы куәлік, күні мен берген орган)
____________________________________________________________________
(лауазымы, Т.А.Ә.)
тұлғасында екінші тараптан, мына төмендегілер туралы осы Шартты (бұдан әрі - Шарт) жасасты.
1. Шарттың мәнi
1. Тармақ иеленуші Шартқа сәйкес жылжымалы құрамның жүруі үшін кірме жол қызметтерін ұсынады, тармақ пайдаланушы оларға Шартта белгіленген тәртіппен және мерзімде ақы төлейді.
2. Жылжымалы құрамның жүруі үшін кірме жол қызметтерін ұсынуға арналған шарт тармақ пайдаланушымен жеке тәртіппен жасалады.
2. Жылжымалы құрамның жүруі үшін кірме жолды ұсыну
жөніндегі қызметтер көрсетудің тәртібі мен шарттары
3. «Kipмe жолдың шекарасы» деген белгi________________________
_________________________________________________________жаққа қарай
(кірме жолдың тұйығына қарай немесе станциялық жолдың № және жанасу станциясының немесе басқа да кірме жолдың немесе қосатын жолдың немесе жанасудың басқа жолының атауын көрсету)
________ұзақтықтағы жанасу бағыттағышынан________ M қашықтықта орнатылады.
4. Кірме жолдың ұзына бойы жайылған ұзындығы_______M құрайды.
5. Жолақты бөлу шекарасында кірме жол мен құрылыстар алаңы _________шаршы метр жер учаскесін алады.
6. Кірме жол арқылы поездардың қозғалысы Қазақстан Республикасының темір жол көлігі саласындағы заңнамасын және осы мәселелерді регламенттейтін өзге де нормативтік құқықтық кесімдердi сақтай отырып жүргізіледі.
7. Жылжымалы құрамның жүруі үшін кірме жолды ұсыну тармақ иеленушінің алдын ала хабарламасы бойынша жүргізіледі.
Хабарлама_____________________________________________беріледі.
(хабарлама беру тәртібі)
8.______________________үшін______________________кірме жолға
(ай, тоқсан, жыл)
келген және одан кеткен вагондардың мәлімделген саны.
9. Тармақ иеленушінің кірме жолына бір мезгілде берілетін тармақ пайдаланушы вагондарының саны___________вагоннан аспайтын болып белгіленеді.
10. Кірме жол арқылы өткен вагондардың санын тармақ иеленуші тармақ пайдаланушының қатысуымен тіркейді және есепке алады. Ол үшін екі данада акт (немесе ведомость) жасалады, олардың біреуі тармақ иеленушіде қалады, екіншісі тармақ пайдаланушыға беріледі. Бір ай ішіндегі жұмыстың қорытындылары бойынша, ол тармақ пайдаланушыға шотын беру үшін негіз болып табылатын орындалған жұмыстардың актісі жасалады.
11. Жылжымалы құрамның жүруі үшін кірме жолды оның құрылысының кезеңінде, табиғи-климаттық жағдайлар күрт өзгерген жағдайда ұсыну, кірме жол жұмысының қысқа мерзімді шартының талаптарында жүзеге асырылуы мүмкін.
3. Есеп айырысулар тәртібi
12. Жылжымалы құрамның жүруі үшін кірме жолды ұсыну жөніндегі қызметтерге ақы төлеу табиғи монополиялар салаларындағы қызметті бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік уәкілетті орган бекіткен тарифтер (бағалар, алым ставкалары) бойынша жүргізіледі.
13. Жылжымалы құрамның жүруі үшін кірме жолды ұсыну жөніндегі қызметтер көрсетуге ақы төлеуді тармақ пайдаланушы жоспарланған айлық вагон айналымына сәйкес 50% алдын ала төлеу шарттарында жүргізеді.
14. Жылжымалы құрамның жүруі үшін кірме жолды ұсыну жөніндегі қызметтер көрсеткені үшін түпкілікті есеп айырысу ай сайын өткізілген вагондар мен берілген шот-фактуралардың іс жүзіндегі саны бойынша көрсетілген қызметтердің актілеріне тараптар қол қойғаннан кейін 10 күнтізбелік күнінен кешіктірмей жүргізіледі.
4. Тараптардың құқықтары мен міндеттерi
15. Тармақ иеленуші:
1) тармақ пайдаланушы осы Шартта көзделген талаптарды бұзған жағдайда, тармақ пайдаланушының осы қызметтерді іс жүзінде көрсеткенге дейін бес күннен кешіктірмей жазбаша хабардар етілуі шартымен, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жылжымалы құрамның жүруі үшін кірме жолды ұсыну жөніндегі қызметтер көрсетуді тоқтатуға;
2) ұсынылатын қызметтер үшін уақтылы ақы алуға;
3) тармақ пайдаланушының кінәсінен келтірілген залалдың орнын толтыруды талап етуге;
4) темір жол көлігі саласындағы уәкілетті органның актісімен расталған оның қанағаттанғысыз жай-күйі болған жағдайда, жоспарлы жұмыстар енгізілгенге дейін кемінде бес күн бұрын тармақ пайдаланушыны жазбаша хабардар ете отырып, кірме жолды жөндеуге жабуға;
5) тармақ пайдаланушы жиырма күннен асатын мерзімге төлемдерді кешіктірген жағдайда, осы шартты бұзуға бастамашылық етуге;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды иеленуге құқылы.
16. Тармақ иеленуші:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жеңілдіктер мен артықшылықтарды ескере отырып, реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну жағдайларын қоспағанда, тармақ пайдаланушыларға жылжымалы құрамның жүруі үшін кірме жолды ұсыну жөніндегі қызметтерге қол жеткізудің тең жағдайларын, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жылжымалы құрамның жүруі үшін кірме жолды ұсыну жөніндегі қызметтерге қол жеткізудің тең жағдайларын ұсынуға;
2) жылжымалы құрамның жүруі үшін кірме жолды ұсыну жөніндегі қызметтерді қауіпсіздік және технологиялық нормалардың талаптарына, сондай-ақ белгіленген тәртіппен бекітілген ұсынылатын қызметтердің сапасына қойылатын талаптарға сәйкес көрсетуді қамтамасыз етуге;
3) қызметтер көрсетудің техникалық және технологиялық мүмкіндіктерінің болмауы жағдайларын және кірме жолда жүру қауіпсіздігіне қауіп төну жағдайларын қоспағанда, тармақ пайдаланушының жылжымалы құрамның жүруі үшін кірме жолды ұсыну жөніндегі қызметтердің мәлімделген көлемдерінің орындауын қамтамасыз етуге міндетті. Тармақ пайдаланушы кірме жолды ұсыну жөніндегі қызметтердің мәлімделген көлемдерін іс жүзіндегі мүмкіндіктерден арттырған жағдайда, тармақ иеленуші Қазақстан Республикасының темір жол көлігі саласындағы заңнамасына және өзге де нормативтік құқықтық кесімдерге сәйкес қызметтердің орындалуын қамтамасыз етеді;
4) ұсынылатын қызметтердің сапасы мен санына есеп және бақылау жүргізу, қызметтер көрсету бұзушылықтарын алдын алу және жою жөнінде уақтылы шаралар қабылдауға;
5) белгіленген жылдамдықпен поездардың қауіпсіз өтуін қамтамасыз ететін жағдайда кірме жол элементтерін тұрақты ұстау үшін кірме жолды, оның құрылыстарын және құрылғыларын ағымдағы ұстауды, оларға күрделі, орташа және көтеру жөндеулерін жүргізуге;
6) темір жол көлігі саласындағы уәкілетті орган белгілеген нормативтік құқықтық кесімдерінің шегінде кірме жолды, және өтпелерді қардан, шөптен және ластанулардан тазалауды жүргізуге;
7) кірме жолдардың Техникалық пайдалану ережесінің және құрылыс нормаларының талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етуге;
8) тармақ пайдаланушыны жылжымалы құрамның жүруі үшін кірме жолды ұсыну жөніндегі қызметтердің тарифтерінің (бағаларының, алымдар ставкаларының) өзгергені туралы олар қолданысқа енгізілгенге дейін отыз күнтізбелік күннен кешіктірмей хабардар етуге;
9) тармақ пайдаланушыны себептерін көрсете отырып, вагондарды қабылдауды уақытша тоқтату немесе шектеу туралы қабылданған шешімдер туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы Шартта белгіленген мерзімде хабардар етуге;
10) темір жол көлігі саласындағы уәкілетті орган белгілеген талаптарға сәйкес келмейтін жылжымалы құрамды кірме жолдарға жібермеуге;
11) тармақ пайдаланушымен өзара қатынастарда Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауға;
12) тармақ пайдаланушыға жылжымалы құрамның жүруі үшін кірме жолды ұсыну жөніндегі қызметтерді көрсетуге байланысты емес қызметтерді, сондай-ақ үшінші тұлғалардың алдында міндеттемелердің туындауына алып келетін қосымша шарттарды таңбауға;
13) өзіне тиесілі кірме жолдардың күзетін қамтамасыз етуге міндетті.
17. Тармақ пайдаланушы:
1) жылжымалы құрамның жүруі үшін тармақ иеленушінің кірме жолын пайдалануға ұсыну жөніндегі қызметтерді пайдалануға тең құқық алуға;
2) осы Шарттың талаптарына сай жылжымалы құрамның жүруі үшін кірме жолды ұсыну жөніндегі қызметтерді қауіпсіздік және технологиялық нормалардың талаптарына сәйкес белгіленген сапада алуға;
3) тармақ иеленушіден жылжымалы құрамның жүруі үшін кірме жолды ұсыну жөніндегі қызметтер тарифтерінің (бағаларының, алым ставкаларының) өзгергені туралы олар қолданысқа енгізілгенге дейін отыз күннен кешіктірмей ақпарат алуға;
4) тармақ иеленушінің кінәсінен келтірілген залалдың орнын толтыруды талап етуге;
5) тармақ иеленушіні себептерін көрсете отырып, қабылданған кірме жолдарға вагондарды қабылдауды уақытша тоқтату немесе шектеу шешімдері туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде хабардар етуге;
6) тармақ иеленушімен өзара қатынастарда Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауға;
7) тармақ иеленушінің осы Шартқа және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін іс-әрекеттеріне сот тәртібімен шағым жасауға;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды иеленуге құқылы.
18. Тармақ пайдаланушы:
1) осы Шарттың талаптарына сәйкес тармақ иеленушінің жылжымалы құрамның жүруі үшін кірме жолдарды ұсыну жөніндегі қызметтеріне уақтылы және толық көлемде ақы төлеуге;
2) тармақ иеленушімен қауіпті және разрядты жүктері бар вагондарды кірме жолдар бойынша өткізуді келісуге, сондай-ақ оның күзетін (бірге жүруді) қамтамасыз етуге;
3) ең жоғары осьтік жүктемесі бар вагондарды немесе цистерналарды тармақ иеленушінің жазбаша рұқсатымен кірме жолдар арқылы өткізуге;
4) темір жол көлігі саласындағы уәкілетті органның кірме жолдарды пайдалану бөлігіндегі талаптарын сақтауға;
5) жылжымалы құрамның жүруі үшін кірме жолды ұсыну жөніндегі қызметтерді алудың техникалық және технологиялық мүмкіндігі болмаған жағдайды қоспағанда және тармақ иеленушінің кірме жолында қауіпсіз емес қозғалу жағдайында мәлімделген көлемдердің орындалуын қамтамасыз етуге;
6) осы Шарт бойынша құқықты тармақ иеленушінің келісімінсіз үшінші тұлғаларға бермеуге;
7) есепті айдан кейінгі әрбір айдың бесінші күніне дейін есепті кезең ішіндегі өзара есеп айырысуға салыстыру жүргізуге міндетті.
5. Тараптардың жауапкершілігі және дауларды шешу
19. Тараптар осы Шарттың талаптарын орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапты болады.
20. Осы Шарттан туындайтын даулар мен келіспеушіліктер келіссөздер арқылы шешіледі. Егер тараптар келіссөздер жолымен өзара келісімге қол жеткізе алмаса, онда даулар мен келіспеушіліктер Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен шешіледі.
21. Осы Шартта көзделген төлемдердің мерзімі өткен жағдайда, тармақ пайдаланушы тармақ иеленушіге төлем күнін қоса алғанда, мерзімі өткен әрбір күн үшін берешектің сомасынан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландыру ставкасының мөлшерінде тұрақсыздық айыбын төлейді.
22. Белгіленген мерзімде қызметтер ұсынылмаған жағдайда, тармақ иеленуші тармақ пайдаланушыға шарт бойынша қызмет жүзеге асырылуға тиіс уақыттан бастап қызметтер көрсету іс жүзінде басталған уақытқа дейін алдын ала төленген сомадан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландыру ставкасының мөлшерінде тұрақсыздық айыбын төлейді.
6. Форс-мажорлық мән-жайлар
23. Осы Шарттан туындайтын міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін, егер бұл еңсерілмес күш ( дүлей зілзала, әскери қимылдар, ереуілдер немесе болжау немесе алдын алу мүмкін болмайтын өзге мән-жайлар) салдарынан болып табылса, Тараптар жауапкершіліктен босатылады.
24. Еңсерілмес күштің мән-жайларына сілтеме жасайтын тарап екінші тарапты 48 (қырық сегіз) сағаттың ішінде құзыретті орган берген растайтын құжатты екінші тараптың талабы бойынша ұсына отырып, осындай мән-жайлардың басталғаны туралы да, аяқталғаны туралы да хабардар етуге міндетті.
25. Егер тараптардың бірі Шарт бойынша өз міндеттемелерін еңсерілмес күш мән-жайлары туындаған сәттен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде орындауға жағдайы болмаса, екінші тарапты болжанып отырған шартты бұзу күніне дейін кемінде он күнтізбелік күн бұрын алдын ала жазбаша хабардар етуі шартымен, екінші тараптың Шартты бұзуға құқығы бар. Бұл ретте тараптар отыз күнтізбелік күн ішінде Шарт бойынша барлық өзара есеп айырысуларды жүргізуге міндеттенеді.
7. Жалпы ережелер
26. Шарттың талаптарын орындаудан біржақты бас тартылған жағдайда, тарап бұл туралы екінші тарапты отыз күнтізбелік күннен кешіктірмей жазбаша түрде ескертуге тиіс.
27. Почта және банктік деректемелері өзгерген жағдайда тарап бұл туралы екінші тарапқа көрсетілген өзгерістер қолданысқа енгізілген сәттен бастап бес жұмыс күннің ішінде жазбаша хабарлауға міндетті.
28. Шарт тараптарда сақталатын және бірдей заң күші бар екі данада жасалады.
29. Тараптардың Шарттан туындайтын және онымен реттелмеген қатынастары Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.
8. Шарттың қолданылу мерзімі және қолданылуын тоқтату
тәртібі
30. Шарт 200__ жылғы «__»_______00-00 сағаттан бастап күшіне енеді және 200__ жылғы «__»________24-00 сағатты қоса, ал өзара есеп айырысулар бөлігінде - олар толық орындалғанға дейін қолданылады.
31. Шарт Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген жағдайларда мерзімінен бұрын бұзылуы мүмкін.
32. Шарттың қолданылуы тараптардың келісімі бойынша Шарттың ажырамас қосымшасы ретінде қосымша келісім жасасу не жаңа шарт жасасу жолымен ұзартылуы мүмкін.
33. Тараптардың келісімі бойынша Шарт осы Шартқа және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін басқа да талаптармен толықтырылуы мүмкін.
34. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы өзгерген, жылжымалы құрамның жүруі үшін кірме жолдарды ұсынудың тәртібі мен талаптарын өзгертетін нормативтік құқықтық кесімдер қабылданған жағдайда, тараптар отыз күнтізбелік күн ішінде осы Шартты Шарттың мәтініне қажетті толықтырулар мен өзгерістер енгізу жолымен аталған кесімдердің талаптарына сәйкес келтіруге міндетті.
9. Тараптардың заңды мекен-жайлары, банктік деректемелерi
мен қолтаңбалары
Тармақ иеленуші: Тармақ пайдаланушы:
______________________ __________________________
______________________ __________________________
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 8 тамыздағы
№ 748 қаулысына
3-қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 жылғы 28 қарашадағы
№ 1194 қаулысымен
Бекітілген
Тасымалдау процесінің маневрлік жұмыстары,
тиеу-түсіру, басқа да технологиялық операциялары үшін,
сондай-ақ тасымалдау процесінің технологиялық
операцияларында көзделмеген жылжымалы құрамның тұрағы үшін
кірме жолды ұсыну жөніндегі қызметтер көрсетуге арналған
үлгі шарт
_______________________ 200 жылғы «__»________
(шарттың жасалған орны)
Бұдан әрі тармақ иеленуші деп аталатын, тасымалдау процесінің маневрлік жұмыстары, тиеу-түсіру, басқа да технологиялық операциялары үшін, сондай-ақ тасымалдау процесінің технологиялық операцияларында көзделмеген жылжымалы құрамның тұрағы үшін кірме
жолды ұсыну жөнінде қызметтер көрсететін__________________________
__________________________________________________________________
(қызмет ұсынатын субъектінің атауы, құрылтай құжаттары,
__________________________________________________________________
мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, күні мен берген орган)
___________________________________________негізінде әрекет ететін
__________________________________________________________________
(лауазымы, Т.А.Ә.)
тұлғасында бір тараптан және бұдан әрі тармақ пайдаланушы деп аталатын__________________________________________________негізінде
__________________________________________________________________
(тұтынушының деректемелері, құрылтай құжаттары, мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, күні мен берген орган)
әрекет ететін_____________________________________________________
(лауазымы, Т.А.Ә.)
тұлғасында екінші тараптан, мына төмендегілер туралы осы Шартты (бұдан әрі - Шарт) жасасты.
1. Шарттың мәнi
1. Тармақ иеленуші Шартқа сәйкес жылжымалы құрамның жүруі үшін, кірме жолдардың қызметтерін ұсынады, тармақ пайдаланушы оларға Шартта белгіленген тәртіппен және мерзімдерде ақы төлейді.
2. Жылжымалы құрамның жүруі үшін кірме жолдың қызметтерін, ұсынуға арналған Шарт тармақ пайдаланушымен жеке тәртіппен жасалады.
2. Қызметтер көрсетудің тәртібі мен шарттары
3. «Кірме жолдың шекарасы» деген белгi______________________
_______________________________________________________жаққа қарай
(кірме жолдың тұйығына қарай немесе станциялық жолдың № және жанасу станциясының немесе басқа да кірме жолдың немесе қосатын жолдың немесе жанасудың басқа жолының атауын көрсету)
__________ұзақтықтағы жанасу бағыттағышынан______ м. қашықтықта орнатылады.
4. Кірме жолдың ұзына бойы жайылған ұзындығы______м. құрайды.
5. Жолақты бөлу шекарасында кірме жол мен құрылыстар алаңы,
________шаршы метр жер учаскесін алады.
6. Кірме жол арқылы поездардың қозғалысы Қазақстан Республикасының темір жол көлігі саласындағы заңнамасын және осы мәселелерді регламенттейтін өзге де нормативтік құқықтық кесімдерді сақтай отырып жүргізіледі.
7. Тасымалдау процесінің маневрлік жұмыстары, тиеу-түсіру, басқа да технологиялық операциялары үшін, сондай-ақ тасымалдау процесінің технологиялық операцияларында көзделмеген жылжымалы құрамның тұрағы үшін кірме жолды ұсыну тармақ иеленушінің алдын ала хабарламасы бойынша жүргізіледі.
Хабарлама_________________________________________________беріледі.
(хабарлама беру тәртібі)
8. Кірме жолға берілетін вагондарды_________________________
(локомотивтің маркасы, үлгісі)
локомотиві береді. Одан арғы қозғалысты_____________________________
(тиеу, түсіру орындары бойынша орналастырылуын немесе жоқтығын көрсету қажет)
_______________________________________________локомотиві жүргізеді.
9. Жүктер мен вагондарды өткізу мен қабылдау__________________
______________________________________________негізінде жүргізіледі.
(құжаттың түрі)
10.________________________үшін__________________________кірме
(ай, тоқсан, жыл)
жолға (дан) келген және кеткен вагондардың мәлімделген саны.
11. Тармақ иеленушінің кірме жолына бір мезгілде берілетін вагондар саны________________вагоннан (осьтің) аспайтын болып белгіленеді.
12.______________вагонның тиеу-түсіру орындарының сыйымдылығы.
13.__________________________________________вагонның (осьтің)
маневрлік жылжулары мен тиеу-түсіру жөніндегі жұмыстарын жүргізу мүмкіндігі ескерілген жылжымалы құрамның тұрағына кірме жолдың сыйымдылығы.
14. Кірме жолға келетін және одан кететін вагондардың санын тармақ иеленуші тармақ пайдаланушының қатысуымен тіркейді және есепке алады, ол үшін екі данада акт (немесе ведомость) жасалады, оның біреуі тармақ иеленушіде қалады, екіншісі тармақ пайдаланушыға беріледі. Бір ай ішіндегі жұмыстың қорытындылары бойынша, ол тармақ пайдаланушыға (уақытты есепке алу карточкасын міндетті түрде ресімдей отырып) шот беру үшін негіз болып табылатын орындалған жұмыстардың актісі жасалады.
Кірме жолға жылжымалы құрамды беру және кірме жолдан вагондарды әкету нормативтік құқықтық кесімдерге сәйкес айқындалатын уақыт аралығы арқылы жүргізіледі.
15. Тасымалдау процесінің маневрлік жұмыстары, тиеу-түсіру, басқа да технологиялық операциялары үшін, сондай-ақ тасымалдау процесінің технологиялық операцияларында көзделмеген жылжымалы құрамның тұрағы үшін кірме жолды оның құрылысы кезеңінде, табиғи-климаттық жағдайлар күрт өзгерген жағдайда ұсыну кірме жол жұмысының қысқа мерзімді шартының талаптарында жүзеге асырылуы мүмкін.
3. Есеп айырысулар тәртібi
16. Қызметтерге ақы төлеу табиғи монополия саласындағы қызметті бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік уәкілетті орган бекіткен тарифтер (бағалар, алым ставкалары) бойынша жүргізіледі.
17. Қызметтерге ақы төлеуді тармақ пайдаланушы жұмыстардың мәлімделген (келісілген) көлемі құнының 50% алдын ала ақы төлеу шарттарында жүргізеді.
18. Тасымалдау процесінің маневрлік жұмыстары, тиеу-түсіру, басқа да технологиялық операциялары үшін, сондай-ақ тасымалдау процесінің технологиялық операцияларында көзделмеген жылжымалы құрамның тұрағы үшін кірме жолды ұсыну жөніндегі қызметтерді көрсеткені үшін түпкілікті есеп айырысу ай сайын көрсетілген қызметтердің іс жүзіндегі көлемі жөніндегі актілерге және берілген шот-фактураларға тараптар қол қойғаннан кейін 10 күнтізбелік күннен кешіктірмей жүргізіледі.
4. Тараптардың құқықтары мен міндеттерi
19. Тармақ иеленуші:
1) тармақ пайдаланушы осы шартта көзделген талаптарды бұзған жағдайда, тармақ пайдаланушының осы қызметтер көрсетуді іс жүзінде тоқтатқанға дейін кемінде бес күн бұрын жазбаша хабардар етілуі шартымен, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметтер көрсетуді тоқтатуға;
2) Ұсынылатын қызметтер үшін уақтылы ақы алуға;
3) тармақ пайдаланушының кінәсінен келтірілген залалдың орнын толтыруды талап етуге;
4) темір жол көлігі саласындағы уәкілетті органның актісімен расталған оның қанағаттанғысыз жай-күйі болған жағдайда, жоспарлы жұмыстар енгізілгенге дейін кемінде бес күн бұрын тармақ пайдаланушыны жазбаша хабардар ете отырып, кірме жолды жөндеуге жабуға;
5) тармақ пайдаланушы жиырма күннен асатын мерзімге төлемдерді кешіктірген жағдайда, осы шартты бұзуға бастамашылық етуге;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды иеленуге құқылы.
20. Тармақ иеленуші:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жеңілдіктер мен артықшылықтарды ескере отырып, тасымалдау процесінің маневрлік жұмыстары, тиеу-түсіру, басқа да технологиялық операциялары үшін, сондай-ақ тасымалдау процесінің технологиялық операцияларында көзделмеген, жылжымалы құрамның тұрағы үшін кірме жолдың қызметтерін ұсыну жағдайларын қоспағанда тармақ пайдаланушыларға тасымалдау процесінің маневрлік жұмыстары, тиеу-түсіру, басқа да технологиялық операциялары үшін, сондай-ақ тасымалдау процесінің технологиялық операцияларында көзделмеген жылжымалы құрамның тұрағы үшін кірме жолдың қызметтері ұсыну бойынша қол жеткізудің тең жағдайларын, оның ішінде Қазақстан
Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тасымалдау процесінің маневрлік жұмыстары, тиеу-түсіру, басқа да технологиялық операциялары үшін, сондай-ақ тасымалдау процесінің технологиялық операцияларында көзделмеген жылжымалы құрамның тұрағы үшін кірме жолды ұсыну жөніндегі қызметтерге қол жеткізудің тең жағдайларын ұсынуға;
2) қызметтер көрсетуді қауіпсіздік және технологиялық нормалардың талаптарына, сондай-ақ белгіленген тәртіппен бекітілген ұсынылатын қызметтердің сапасына қойылатын талаптарға сәйкес қамтамасыз етуге;
3) қызметтер көрсетудің техникалық және технологиялық мүмкіндіктері болмаған жағдайларды және кірме жолда жүру қауіпсіздігіне қауіп төнген жағдайларды қоспағанда, тармақ пайдаланушы қызметтердің мәлімделген көлемдерінің орындалуын қамтамасыз етуге міндетті. Тармақ пайдаланушы кірме жолды ұсыну жөніндегі қызметтердің мәлімделген көлемдерін іс жүзіндегі мүмкіндіктерден арттырған жағдайда, тармақ иеленуші Қазақстан
Республикасының темір жол көлігі саласындағы заңнамасына және өзге де нормативтік құқықтық кесімдерге сәйкес қызметтердің орындалуын қамтамасыз етеді;
4) ұсынылатын қызметтердің сапасы мен санына есеп және бақылау жүргізуге, қызметтер көрсетудің бұзушылықтарын алдын алу және жою жөнінде уақтылы шаралар қабылдауға;
5) кірме жолды, бағыттамалық бұрмалар мен өтпелерді, оның құрылыстарды мен құрылғыларын ағымдағы ұстауды, оларға күрделі, орташа және көтеру жөндеулерін жүргізуге;
6) кірме жолды қардан, шөптен және ластанулардан темір жол көлігі саласындағы уәкілетті орган белгілеген нормативтік құқықтық кесімдерінің шегінде тазалауды жүргізуге;
7) кірме жолдардың Техникалық пайдалану ережесінің және санитарлық нормалар мен өзге де нормативтік құқықтық кесімдердің талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етуге;
8) тармақ пайдаланушыны қызметтерге тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) өзгергені туралы олар қолданысқа енгізілгенге дейін отыз күнтізбелік күннен кешіктірмей хабардар етуге;
9) тармақ пайдаланушыны себептерін көрсете отырып, кірме жолдарға вагондарды қабылдауды уақытша тоқтатуға немесе шектеуге қабылданған шешімдер туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде хабардар етуге;
10) өзіне тиесілі кірме жолдарды күзетуді қамтамасыз етуге;
11) кірме жолдарға темір жол көлігі саласындағы уәкілетті орган белгілеген талаптарға сәйкес келмейтін жылжымалы құрамды жібермеуге;
12) тармақ пайдаланушымен өзара қатынастарда Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауға;
13) тармақ пайдаланушыға тасымалдау процесінің маневрлік жұмыстары, тиеу-түсіру, басқа да технологиялық операциялары үшін, сондай-ақ технологиялық операцияларда көзделмеген жылжымалы құрамның тұрағы үшін кірме жолды ұсыну жөнінде қызметтер көрсетуге байланысты емес қызметтерді, сондай-ақ үшінші тұлғалармен міндеттемелердің туындауына алып келетін қосымша шарттарды таңбауға;
14) кірме жолды жылжымалы құрамның тұрағы үшін ұсыну жағдайында, тармақ пайдаланушыға Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес тежегіш башмактарды ұсынуға;
15) кірме жолды жылжымалы құрамның тұрағы үшін ұсыну жағдайында тармақ пайдаланушының жылжымалы құрамын күзетуді қамтамасыз етуге міндетті.
21. Тармақ пайдаланушы:
1) кірме жолдардың қызметтерін пайдалануға тең құқық алуға;
2) осы Шарттың талаптарына сәйкес тасымалдау процесінің маневрлік жұмыстары, тиеу-түсіру, басқа да тасымалдау процесінің технологиялық операциялары үшін, сондай-ақ тасымалдау процесінің технологиялық операцияларында көзделмеген жылжымалы құрамның тұрағы үшін кірме жолды ұсыну жөніндегі қызметтерді қауіпсіздік және технологиялық нормалардың талаптарына сәйкес белгіленген сапада алуға;
3) тармақ иеленушіден қызметтерге арналған тарифтердің (бағалардың, алым ставкаларының) өзгергені туралы олар қолданысқа енгізілгенге дейін отыз күнтізбелік күннен кешіктірмей ақпарат алуға;
4) тармақ иеленушінің кінәсінен келтірілген залалдардың орнын толтыруды талап етуге;
5) тармақ пайдаланушыны қабылданған кірме жолдарға вагондарды қабылдауды уақытша тоқтату немесе шектеу шешімдері туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде себептерін көрсете отырып, хабардар етуге;
6) тармақ иеленушімен өзара қатынастарда Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауға;
7) тармақ иеленушінің осы Шартқа және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін іс-әрекетіне сот тәртібімен шағымдануға;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды иеленуге құқылы.
22. Тармақ пайдаланушы:
1) осы Шарттың талаптарына сәйкес тармақ иеленушінің қызметтеріне уақтылы және толық көлемде ақы төлеуге;
2) темір жол көлігі саласындағы уәкілетті органның кірме жолдарды пайдалану бөлігіндегі талаптарын сақтауға;
3) тасымалдау процесінің маневрлік жұмыстары, тиеу-түсіру, басқа да технологиялық операциялары үшін, сондай-ақ тасымалдау процесінің технологиялық операцияларында көзделмеген жылжымалы құрамның тұрағы үшін кірме жолды ұсыну жөніндегі қызметтерді алудың техникалық және технологиялық мүмкіндіктерінің болмауы жағдайларын және тармақ иеленушінің кірме жолда қауіпсіз емес қозғалысы жағдайын қоспағанда, мәлімделген көлемдердің орындалуын қамтамасыз етуге;
4) осы Шарт бойынша тармақ иеленушінің келісімінсіз үшінші тұлғаларға құқықтар бермеуге және табыс етпеуге;
5) есеп айырысу айынан кейінгі әрбір айдың бесінші күніне дейін есепті кезең үшін өзара есеп айырысуларға салыстыру жүргізуге;
6) тасымалдау процесінің технологиялық операцияларында көзделмеген жылжымалы құрамы тұрағының қызметтерін алу кезінде тежегіш башмактарының сақталуын және жылжымалы құрамның бекітілуінің дұрыстығын қамтамасыз етуге міндетті.
5. Тараптардың жауапкершілігі және дауларды шешу
23. Тараптар осы Шарттың талаптарын орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапты болады.
24. Осы Шарттан туындайтын даулар мен келіспеушіліктер келіссөздер арқылы шешіледі. Егер тараптар келіссөздер жолымен өзара келісімге қол жеткізе алмаса, онда даулар мен келіспеушіліктер Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен шешіледі.
25. Осы Шартта көзделген төлемдердің мерзімі өткен жағдайда, тармақ пайдаланушы тармақ иеленушіге төлем күнін қоса алғанда, мерзімі өткен әрбір күн үшін берешектің сомасынан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландыру ставкасының мөлшерінде тұрақсыздық айыбын төлейді.
26. Белгіленген мерзімде қызметтер ұсынылмаған жағдайда, тармақ иеленуші тармақ пайдаланушыға шарт бойынша қызмет жүзеге асырылуға тиіс уақыттан бастап қызмет іс жүзінде басталған уақытқа дейін алдын ала төленген сомадан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландыру ставкасының мөлшерінде тұрақсыздық айыбын төлейді.
6. Форс-мажорлық мән-жайлар
27. Осы Шарттан туындайтын міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін, егер бұл еңсерілмес күш мән-жайларының (дүлей зілзала, әскери қимылдар, ереуілдер немесе алдын ала көздеу немесе алдын алу мүмкін болмайтын өзге мән-жайлар) салдарынан болып табылса, Тараптар жауапкершіліктен босатылады.
28. Еңсерілмес күштің мән-жайларына сілтеме жасайтын тарап екінші тарапты 48 (қырық сегіз) сағаттың ішінде құзыретті орган берген растайтын құжатты екінші тараптың талабы бойынша ұсына отырып, осындай мән-жайлардың басталғаны туралы да, аяқталғаны туралы да хабардар етуге міндетті.
29. Егер тараптардың бірі Шарт бойынша өз міндеттемелерін еңсерілмес күш мән-жайлары туындаған сәттен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде орындауға жағдайы болмаса, екінші тарапты болжанып отырған шартты бұзу күніне дейін кемінде он күнтізбелік күн ішінде алдын ала жазбаша хабардар етуі шартымен, екінші тараптың Шартты бұзуға құқығы бар. Бұл ретте тараптар отыз күнтізбелік күн ішінде Шарт бойынша барлық өзара есеп айырысуларды жүргізуге міндеттенеді.
7. Жалпы ережелер
30. Шарттың талаптарын орындаудан біржақты бас тартқан жағдайда, тарап бұл туралы екінші тарапты отыз күнтізбелік күннен кешіктірмей жазбаша түрде ескертуге тиіс.
31. Почта және банктік деректемелері өзгерген жағдайда тарап бұл туралы екінші тарапқа көрсетілген өзгерістер қолданысқа енгізілген сәттен бастап бес жұмыс күннің ішінде жазбаша хабарлауға міндетті.
32. Шарт тараптарда сақталатын және бірдей заң күші бар екі данада жасалады.
33. Тараптардың Шарттан туындайтын және онымен реттелмеген қатынастары Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.
8. Шарттың қолданылу мерзімі және қолданысын тоқтату
тәртібi
34. Шарт 200__ жылғы «__»________ 00-00 сағаттан бастап күшіне енеді және 200__ жылғы «__»_______ 24-00 сағатты қоса, ал өзара есеп айырысулар бөлігінде - олар толық орындалғанға дейін қолданылады.
35. Шарт Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген жағдайларда мерзімінен бұрын бұзылуы мүмкін.
36. Шарттың қолданылуы тараптардың келісімі бойынша Шарттың ажырамас қосымшасы ретінде қосымша келісім жасасу не жаңа шарт жасасу жолымен ұзартылуы мүмкін.
37. Тараптардың келісімі бойынша Шарт осы Шартқа және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін басқа да талаптармен толықтырылуы мүмкін.
38. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы өзгерген, жылжымалы құрамның жүруі үшін кірме жолдарды ұсынудың тәртібі мен шарттарын өзгертетін нормативтік құқықтық кесімдер қабылданған жағдайда, тараптар осы Шартты осындай кесімдер заңдық күшіне енген сәттен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде Шарттың мәтініне қажетті толықтырулар мен өзгерістер енгізу жолымен аталған кесімдердің талаптарына сәйкес келтіруге міндетті.
9. Тараптардың заңды мекен-жайлары, банктік деректемелерi
мен қолтаңбалары
Тармақ иеленуші: Тармақ пайдаланушы:
_________________________ _________________________
_________________________ _________________________