«Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2002 жылғы 11 қаңтардағы
№ 41 қаулысына өзгерістер енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы № 610 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2007 ж. 29  желтоқсандағы № 1400 Қаулысымен   2008 жылғы 1 қаңтардан бастап  күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметші емес қызметкерлеріне және қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қаңтардағы № 41 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 2-3, 14-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметші емес қызметкерлері мен қазыналық кәсіпорындар қызметкерлері лауазымдарының санаттар бойынша тізілімінде:

F санатының тобында:

«Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясы» деген жолда «Мемлекеттік қызмет» деген сөздер «Мемлекеттік басқару» деген сөздермен ауыстырылсын;

«Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот академиясы» деген жол алынып тасталсын;

көрсетілген қаулыға 18-қосымшада:

тақырыбындағы «Мемлекеттік қызмет» деген сөздер «Мемлекеттік басқару» деген сөздермен ауыстырылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д. Ахметов