«Қазақстан Республикасының Yкіметі және Америка Құрама Штаттарының
Үкіметі арасындағы Экономикалық даму жөніндегі Қазақстан - Американ
бағдарламасы бойынша өзара түсіністік туралы меморандумды
ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 маусымдағы № 549 қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

«Қазақстан Республикасының Үкіметі және Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы Экономикалық даму жөніндегі Қазақстан - Американ бағдарламасы бойынша өзара түсіністік туралы меморандумды ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

Д. Ахметов

 

      Жоба

Қазақстан Республикасының Заңы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі және Америка Құрама Штаттарының

Үкіметі арасындағы Экономикалық даму жөніндегі Қазақстан - Американ

бағдарламасы бойынша өзара түсіністік туралы меморандумды

ратификациялау туралы

 

Астана қаласында 2006 жылғы 5 мамырда жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі және Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы Экономикалық даму жөніндегі Қазақстан - Американ бағдарламасы бойынша өзара түсіністік туралы меморандум ратификациялансын.

 

Қазақстан Республикасының

Президентi