«Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300
қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 сәуірдегі № 256 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 2 маусымдағы № 355 Қаулысымен күші жойылды
2006 жылғы 23 қаңтардағы кеңесте Қазақстан Республикасының Президенті берген тапсырмаларды іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламенті туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 44, 443-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламенті осы қаулыға қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі бұрын қабылданған нұсқаулықтарды осы қаулыға сәйкес келтіру жөнінде шаралар қабылдасын.
3. Орталық атқарушы органдар өз регламенттерін осы қаулыға сәйкес келтірсін.
4. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Үкіметі Регламентінің 2006 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 28-тармағын, 30-тармағының екінші бөлігін, 32, 53, 67-тармақтарын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Үкіметінің
2006 жылғы 7 сәуірдегi
№ 256 қаулысына
Қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2002 жылғы 10 желтоқсандағы
№ 1300 қаулысымен
Бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
РЕГЛАМЕНТI
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі (бұдан әрі - Үкімет) Қазақстан Республикасының атқарушы билігін жүзеге асырады, атқарушы органдардың жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылық етеді.
2. Үкіметтің қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңымен, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық кесімдерімен және осы Регламентпен реттеледі.
3. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі (бұдан әрі - Премьер-Министр) мен Үкіметтің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдық-құқықтық, құжаттамалық және өзге де қамтамасыз етуді Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі (бұдан әрі - Кеңсе) жүзеге асырады.
4. Құпия және құпия емес іс қағаздарын ұйымдастыруды және жүргізуді, Премьер-Министрге, оның орынбасарына және Кеңсе Басшысына арналған хат-хабарларды, оның ішінде әр түрлі байланыс және деректер беру арналары арқылы келіп түсетін хабарларды қабылдауды, өңдеу мен таратуды Кеңсе Үкімет белгілеген тәртіппен жүзеге асырады.
5. Соттарда Премьер-Министрдің, оның орынбасарының немесе Кеңсе Басшысының тапсырмасы бойынша Yкімет пен Премьер-Министрдің мүдделерін білдіруді және қорғауды, сондай-ақ Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша конституциялық іс жүргізуге қатысуды талқылау мәні болған мәселелер құзыретіне енетін мемлекеттік орган жүзеге асырады. Әділет министрлігі тиісті мемлекеттік органға құқықтық және консультациялық көмек көрсетеді.
6. Үкіметтің нормативтік құқықтық кесімдеріне ресми түсініктеме беруді Үкіметтің немесе Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша Әділет министрлігі жүзеге асырады.
7. Үкіметтің құзыретіне енетін кадр мәселелерін шешу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
8. Премьер-Министр, оның орынбасары және Кеңсе Басшысы өз құзыретіне енетін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының барлық мемлекеттік органдары мен ұйымдарының басшыларына олармен алдын ала келіспей-ақ орындалуға міндетті тапсырмалар бере алады.
2. Кіріс хат-хабарларын қарау
9. Премьер-Министрге және оның орынбасарына (бұдан әрі - Үкімет басшылығы) арналған хат-хабарды Кеңсе алдын ала қарайды.
Орталық және жергілікті атқарушы немесе өзге де мемлекеттік органдардың құзыретіне жататын және олар бойынша Үкімет немесе Премьер-Министр шешімдерінің қабылдануын талап етпейтін мәселелер бойынша Үкімет басшылығына арналған заңды және жеке тұлғалардың хаттары мен өтініштерін Кеңсе кейіннен авторына хабарлай отырып, мәселенің мән-жайы бойынша қарау үшін тиісті органға жібереді.
Сондай-ақ Кеңсе:
мемлекеттік органдардың, облыстар мен Астана және Алматы қалалары әкімдерінің немесе жекелеген заңды тұлғалардың Үкімет немесе Премьер-Министр шешімдерінің қабылдануын талап ететін, оның ішінде республикалық бюджеттен және Үкіметтің резервінен қаражат бөлу туралы, бірақ өтініштерде көтерілетін мәселелер құзыретіне енетін орталық атқарушы органдарда пысықталмаған өтініштерін авторларына қайтарады;
аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерінің, Астана және Алматы қалаларының аудандары әкімдерінің, аудандық маңызы бар қалалар аудандары әкімдерінің, кенттер, ауылдар (селолар), ауылдық (селолық) округтер әкімдерінің олармен және тиісті мемлекеттік органдармен келісілмеген өтініштерін тиісінше облыстар мен Астана және Алматы қалаларының әкімдеріне жібереді.
Кеңсе Үкімет басшылығына және Кеңсе Басшысына арналған, мемлекеттік органның (ұйымның) бірінші басшысы немесе бірінші басшының міндетін атқару ресми түрде жүктелген тұлға не Үкімет басшылығына және Кеңсе Басшысына арналған құжаттарға қол қоюға бірінші басшы ресми түрде өкілеттік берген тұлға (бұдан әрі - басшы) қол қойған құжаттарды қабылдайды. Өзге арналған және басқа лауазымды тұлғалар қол қойған құжаттар қабылданбайды.
Кеңсе берілуі белгіленген есептілікте көзделмеген ақпаратты; салықтарды төлеу мерзімін ұзарту туралы өтініштерді; әзірлеуші органдардың олар дайындаған нормативтік құқықтық кесімдердің жобаларын және өзге құжаттарды орталық атқарушы органдар жұмыс органдары болып табылатын мүдделі мемлекеттік органдардың немесе ведомствоаралық комиссиялардың қарауы туралы тапсырма беру өтініші бар арыздарын; жабық конверттердегі хат-хабарларды (құпия, кадр мәселелері бойынша және басқа қаладан келгендерді қоспағанда), осы Регламенттің және "Кейбір нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 168 қаулысыменбекітілген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінде іс жүргізу жөніндегі нұсқаулықтың (бұдан әрі - Кеңседе іс жүргізу жөніндегі нұсқаулық) талаптарын бұза отырып дайындалған құжаттарды қабылдамайды.
10. Орталық атқарушы органдар мен олардың ведомстволары өздеріне келіп түсетін хаттарды, өтініштерді және өзге де құжаттарды қарайды әрі өздерінің ережелеріне және өзге де нормативтік құқықтық кесімдерге сәйкес олардың құзыретіне енетін барлық мәселелер бойынша өз бетінше шешімдер қабылдайды.
Орталық атқарушы органдар олардың бірлескен құзыретіне енетін мәселелерді шешу үшін қажет болған кезде белгіленген тәртіппен олардың басшылары қол қойған бірлескен бұйрықтар түрінде шешімдер қабылдайды.
Орталық атқарушы органдар өз бетінше шешуі тиіс мәселелер бойынша Үкіметтің қаулылары мен Премьер-Министрдің өкімдері қабылданбайды. Орталық атқарушы органдардың аумақтық органдары нормативтік құқықтық кесімдер шығаруға құқығы жоқ.
11. Ведомстволар тиісті мемлекеттік органның басшысының келісімі (ведомствоның хатында бұрыштамасы) болған кезде ғана, сондай-ақ Үкімет басшылығының немесе Кеңсе Басшысының олардың атына берген тікелей тапсырмаларына жауап жіберген кезде өз бетінше Үкіметтің атына өтініш білдіре алады. Мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері Үкіметтің атына өз бетінше өтініш білдіруге құқығы жоқ.
12. Тиісті шешім қабылдау үшін Үкімет басшылығының атына бастамашылық тәртіппен жіберілетін қызметтік хат-хабарды мемлекеттік органдар мынадай жағдайларда енгізеді:
1) егер мәселені шешу Үкіметтің тікелей құзыретіне енсе, енгізіп отырған мемлекеттік орган оны өзінің өтінішінде көрсетеді;
2) орталық атқарушы органдардың арасында қағидатты сипаттағы және қаржылық қамтамасыз ету мәселелері бойынша еңсерілмес келіспеушіліктер болған кезде;
3) егер мәселені шешу ведомствоаралық үйлестіруді талап етсе.
Мұндай жағдайларда хат-хабар шешім қабылдау үшін мәселенің мазмұнына қарай және Премьер-Министр, оның орынбасары және Кеңсе Басшысы арасында міндеттерді бөлуге сәйкес Премьер-Министрге немесе оның орынбасарына жіберілуі тиіс.
3. Үкімет мәжілістерін жоспарлау
13. Үкімет мәжілістерінде қарауға арналған мәселелер заңнамада белгіленген Үкімет өкілеттіктерін ескере отырып анықталады.
14. Үкімет мәжілістерінде қарауға арналған мәселелердің тоқсан сайынғы тізбесін кезекті тоқсан басталғанға дейін Үкімет мүшелерінің, агенттіктер төрағаларының ұсыныстары бойынша Кеңсе жасайды. Үкімет мәжілістерінде қарау жоспарланып отырған мәселелердің тізбесі Премьер-Министрдің өкімімен бекітіледі.
Жоспарланған мәселелердің бекітілген тізбесі Үкімет мүшелеріне, агенттіктердің төрағаларына, облыстар мен Астана және Алматы қалаларының әкімдеріне және қажет болған кезде басқа да мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдардың басшыларына жөнелтіледі.
Жоспарланған мәселені қараудан алу немесе оны қарауды басқа мерзімге ауыстыру туралы шешімді мәселені дайындауға жауапты мемлекеттік органның немесе өзге де мүдделі органның (ұйымның) басшысы қол қойған, Премьер-Министрдің атына жазылған жазбаша өтініш негізінде Премьер-Министр не онымен келісім бойынша Кеңсе Басшысы қабылдайды. Көрсетілген шешім туралы өзінің құзыретіне орай мүдделі мемлекеттік органдар хабардар етіледі.
4. Yкімет мәжілістерін дайындау және өткізу тәртібi
15. Үкімет мәжілістері Үкімет мәжілістерінде қарауға арналған мәселелердің тоқсан сайынғы тізбесіне сәйкес немесе қажет болған кезде, бірақ кемінде айына бір рет өткізіледі және оны Премьер-Министр не Қазақстан Республикасының Президенті (бұдан әрі - Президент) шақырады.
16. Үкімет мәжілістеріне Премьер-Министр, ал ол болмаған кезде Премьер-Министр белгілеген міндеттерді бөлуге сәйкес Премьер-Министрді алмастыратын не Премьер-Министр белгілеген тәртіппен Премьер-Министрдің міндетін атқарушы Премьер-Министрдің орынбасары төрағалық етеді.
Мәжілістерге Президент қатысқан кезде Президент немесе оның тапсырмасы бойынша Премьер-Министр төрағалық етеді.
Үкімет мәжілістері ашық болып табылады әрі мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі. Президенттің не Премьер-Министрдің бастамасы бойынша Yкіметтің жабық мәжілістері өткізілуі мүмкін.
17. Мәжіліс, егер оған Yкімет мүшелерінің кемінде үштен екісі қатысса, заңды болып саналады. Yкімет мүшелері мәжілістерге алмастыру құқығынсыз қатысады.
Мәселенің Үкімет мәжілісінде қаралу нәтижелері бойынша қатысушы Үкімет мүшелерінің көпшілік дауысымен хаттамалық шешім қабылданады, ал дауыстар тең болған кезде мәжіліске төрағалық етушінің дауысы шешуші болып табылады.
18. Үкімет мәжілістеріне, әдетте, Премьер-Министрмен келісілген тізбе бойынша агенттіктердің төрағалары, Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары қатысады.
Үкімет мәжілістеріне Мемлекет басшысының кесімдерімен осындай құқық берілген лауазымды тұлғалар да қатыса алады.
Үкімет мәжілістеріне Кеңсенің шақыруы бойынша Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, басқа да мемлекеттік органдар мен ұйымдардың басшылары, Кеңсе қызметкерлері мен өзге де адамдар қатыса алады.
Үкімет мәжілістеріне шақырылғандардың тізімін анықтау немесе нақтылау жөніндегі ұсынысты мәселені дайындауға жауапты мемлекеттік орган талқыланатын мәселелерге қарай мәжіліске дейін кемінде 5 күнтізбелік күннен кешіктірмей енгізеді.
Yкімет мәжілісіне шақырылғандардың тізіміне Премьер-Министрмен келісім бойынша Кеңсе Басшысы қол қояды. Шақырылғандардың Үкімет мәжілісіне қатысуын Кеңсе қамтамасыз етеді.
19. Мемлекеттік органдар Үкімет мәжілісінде қарауға арналған мәселені дайындау кезінде мынадай талаптарды сақтайды:
1) мәжіліске ұсынылатын құжаттар Үкімет мәжілістерінде қаралатын мәселелер бойынша хаттамалық шешімдердің жобаларына, анықтамаларға, салыстырма кестелерге, ақпараттық (талдамалық) және басқа да материалдарға мемлекеттік органның басшысы әр парағына қол қояды және ол қол қойған ілеспе хатпен енгізіледі;
2) әрбір мәселе бойынша хаттамалық шешім жобасының, анықтаманың, өзге де қажетті материалдардың тақырыбы бірдей болуы және мәселенің мәнін толық көрсетуі тиіс. Әдетте, олардың көлемі 5 бет мәтіннен аспауы тиіс (мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндер үшін № 14 мөлшерлі "TimesNewRoman" қарпі қолданылады);
3) Үкімет мәжілісінде бейнелі ақпарат көрсету туралы мәселе мәселені дайындауға жауапты мемлекеттік органның басшысымен, Кеңсе Басшысымен алдын ала келісілуі тиіс;
4) Үкімет мәжілісіне құпия материалдар Кеңсеге Үкімет қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында құпиялылық режимін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықтың талаптарына сәйкес енгізіледі.
Үкімет мәжілістеріне материалдар дайындаған кезде орталық атқарушы органдардың ведомстволары осы Регламенттің 11-тармағының талаптарын сақтауы тиіс.
20. Yкімет мәжілісінде қарауға дайындалған материалдар мемлекеттік және орыс тілдерінде мәжіліске дейінгі 5 күнтізбелік күннен кешіктірмей Кеңсеге енгізіледі. Кеңсе Премьер-Министрмен не оны алмастыратын немесе Премьер-Министрдің міндетін атқарушы тұлғамен келісім бойынша Кеңсе Басшысы бекітетін мәжілістің күн тәртібінің жобасын жасайды, күн тәртібін тиісті материалдармен бірге Үкімет мүшелеріне және Кеңсе Басшысы қол қойған мәжіліске шақырылғандардың тізіміне сәйкес басқа да лауазымды тұлғаларға дереу жолдайды.
Мемлекеттік органдар Үкімет мәжілісіне материалдарды уақтылы ұсынбаған жағдайда Кеңсе Басшысы бұл туралы Премьер-Министрге немесе оны алмастырушы не Премьер-Министрдің міндетін атқарушы тұлғаға баяндайды. Үкімет мәжілістеріне материалдардың уақтылы ұсынылмағандығы үшін жауапкершілік осы органдардың бірінші басшыларына жүктеледі.
Премьер-Министрдің не оны алмастырушы немесе Премьер-Министрдің міндетін атқарушы тұлғаның тапсырмасы бойынша Үкімет мәжілісі шұғыл түрде өткізілетін айрықша жағдайларда материалдар Кеңсеге ол өткізілетін күні енгізілуі мүмкін және Үкімет мәжілісіне қатысушыларға мәжілісте тікелей жеткізіледі.
21. Мәжіліске қатысып отырғандар өздерінің атына немесе өздері білдіріп отырған органдардың (ұйымдардың) атына тапсырмалар мен олардың орындалу мерзімінің деректер жазбасын жүргізуі тиіс.
Үкімет мәжілісінің хаттамасын дайындау мақсатында, әдетте, Кеңсенің тиісті бөлімшесінің мәжіліске қатысып отырған қызметкері хаттамалық жазбалар жүргізеді, оларда талқыланып отырған мәселелердің атауы мен мәні, баяндамашылар және талқылау кезінде сөз сөйлеушілер, олардың сөйлеген сөздерінің, ескертулердің негізгі мазмұны және Үкімет мүшелері қабылдаған шешімдер тіркеледі.
Әдетте, кейіннен фонограммалары толығымен жазылатын және оларды басып шығарылатын, Үкімет мәжілістерінің дыбыстық жазбасы жүргізіледі. Қажет болған кезде Кеңсе Басшысының нұсқауы бойынша мәжілістің бейне жазбасы жүргізілуі мүмкін.
Үкімет мәжілісінің хаттамасын мәжілісте қаралған мәселелер құзыретіне жататын Кеңсенің құрылымдық бөлімшелері дайындаған хаттамалық тапсырмалардың тұжырымдамалары негізінде Кеңсенің құжаттамалық қамтамасыз етуге жауапты бөлімшесі мәжіліс аяқталған күнінен бастап үш күн мерзімде елтаңбалық бланкіге жасайды. Бұдан кейін хаттамаға Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары (өздерінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша), мәжіліске қатысқан Премьер-Министрдің орынбасары, Кеңсе Басшысы немесе оның міндетін атқарушы тұлға бұрыштама соғады және мәжіліске төрағалық етуші қол қояды.
Президенттің төрағалық етуімен өткізілген Үкімет мәжілістері хаттамаларының жобаларын Кеңсе келісу және Мемлекет басшысына қол қоюға ұсыну үшін Президент Әкімшілігіне енгізеді.
22. Президент төрағалық еткен мәжілістерді қоспағанда, Үкімет мәжілістерінің әрбір хаттамасына күнтізбелік жылдың басынан бастап кезегімен реттік нөмір беріледі. Хаттамалар немесе олардың үзінді көшірмелері оларға қол қойылған күні Yкімет мүшелеріне, ал қажет болған кезде мәжілістерде тиісті тапсырмалар берілген басқа да мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғаларға жөнелтіледі.
Жоғарыда көрсетілгендерден басқа, Үкімет мәжілістері хаттамаларының түпнұсқалары, оларға қоса берілетін құжаттар, фонограммалардың басып шығарылғандары, ауызекі ақпаратты магнитті жеткізгіштер және бейне материалдар тұрақты сақтаудағы құжаттар тізімдемесіне енгізіледі және Кеңсе мұрағатында сақталады.
5. Орталық атқарушы органдардың Yкімет қаулылары мен
Премьер-Министр өкімдерінің жобаларын дайындау
кезіндегі өзара іс-қимыл жасау тәртібi
23. Орталық атқарушы органдардың Үкімет қаулылары мен Премьер-Министр өкімдерінің жобаларын дайындау кезіндегі өзара іс-қимылы, әдетте, аппарат басшылары немесе аппараттың Мемлекет басшысының кесімдері мен тапсырмаларының, Үкімет кесімдерінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшылығы, Yкімет басшылығы мен Кеңсе Басшысы, өзінің бірінші басшысы және оның орынбасарлары тапсырмаларының уақтылы және сапалы орындалуы жөніндегі жұмысын ұйымдастыруға, іс қағаздарын жүргізуге және құжаттардың өтуіне, орындалуын бақылауға және атқарушылық тәртіпке жауап беретін олардың міндетін атқарушы тұлғалар арқылы жүзеге асырылады.
24. Орталық атқарушы органдар аппараттарының қызметін ведомствоаралық үйлестіруді Кеңсе Басшысы орталық атқарушы органдардың аппараттары басшыларымен (олардың міндетін атқарушы тұлғалармен) апта сайын кеңестер өткізу жолымен жүзеге асырады, оларда заң жобаларын, Үкімет қаулылары мен Премьер-Министр өкімдерінің жобаларын дайындаудың проблемалық мәселелері қаралады. Кеңеске шақырылғандардың тізімдерін жасауды және оларды шақыруды Кеңсе Басшысының нұсқауына сәйкес оның қабылдау бөлмесі қамтамасыз етеді. Кеңес, әдетте, алдын ала күн тәртібі жасалмай және материалдар енгізілмей өткізіледі. Кеңестің хаттамасы жасалады, оларды фонограммасының жазбасы жүргізіледі. Кеңестің нәтижелері хаттамалар түрінде ресімделеді. Кеңес хаттамаларын дайындауды, Кеңсенің мүдделі құрылымдық бөлімшелерінің басшыларымен келісуді, ресімдеуді және қол қоюға ұсынуды Кеңсенің тиісті бөлімшесі кеңес өткізілген күнінен бастап екі күннен кешіктірмей жүзеге асырады.
5. Мемлекеттік органдардың Yкімет қаулылары
мен Премьер-Министр өкімдерінің жобаларын
дайындау және ресімдеу тәртібi
25. Мемлекеттік органдар Үкімет қаулыларының жобаларын (бұдан әрі - қаулылардың жобалары) дайындауды Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңнамалық кесімдердің, Президент кесімдерінің және өзге де нормативтік құқықтық кесімдердің негізінде және оларды орындау үшін жүзеге асырады. Қаулылардың жобаларын уәкілетті органдар өз бастамалары бойынша немесе егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, жоғары тұрған мемлекеттік органдардың тапсырмалары бойынша әзірлейді.
Премьер-Министр өкімдерінің жобаларын (бұдан әрі - өкімдердің жобалары) дайындау әкімшілік-өкімдік, жедел және жеке сипаттағы мәселелерді шешу үшін жүзеге асырылады.
Орталық атқарушы органдар арасында қағидатты сипаттағы және қаржылық қамтамасыз ету жөніндегі еңсерілмес келіспеушіліктер болған кезде келісілген шешімдер қабылдауды, сондай-ақ ведомствоаралық үйлестіруді талап ететін мәселелер бойынша қаулылардың жобалары Премьер-Министрдің нұсқауы бойынша Үкімет мәжілістерінде не Премьер-Министрде, оның орынбасарында немесе Кеңсе Басшысында өтетін кеңестерде қаралуы мүмкін. Үкімет басшылығы мен Кеңсе Басшысында өтетін кеңестерді дайындау және өткізу тәртібі Кеңседе іс жүргізу жөніндегі нұсқаулықта белгіленген.
26. Қаулылар мен өкімдердің жобаларын дайындауды мемлекеттік органдар "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" Конституциялық заңның, Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңдарының, Кеңседе іс жүргізу жөніндегі нұсқаулықтың, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 22 шілдедегі № 678 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары мен Премьер-Министр өкімдерінің жобаларын ресімдеу жөніндегі нұсқаулықтың (заңдық техникасы) және осы Регламенттің талаптарын сақтай отырып, мемлекеттік және орыс тілдерінде жүзеге асырады.
Қаулының (өкімнің) жобасын әзірлеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органның бірінші басшысы оның Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясына және Үкімет Бағдарламасына сәйкес келуі, жобаның уақтылы, сапалы әзірленуі және белгіленген мерзімде Үкіметке ұсынылуы, жобаның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі (оның ішінде магнитті жеткізгіштерге енгізілетін) мәтіндерінің дәлме-дәл болуы, осы Регламент талаптарының сақталуы үшін дербес жауап береді.
27. Экспорттық бақылауға жататын өнімнің экспорты, импорты және транзиті мәселелері бойынша қаулылардың жобаларын дайындауды экспорттық бақылау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган жүзеге асырады. Көрсетілген қаулылардың жобаларын келісу мен енгізу Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссиясының оң қорытындысы болған кезде жүзеге асырылады.
"Байқоңыр" ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшыру мен зымырандарды сынақтық ұшырудың жоспарлары жөніндегі қаулылардың жобаларын келісу мен енгізу мәселелері Yкімет бекіткен тиісті нұсқаулықпен айқындалады.
Кадр мәселелері бойынша қаулылардың жобаларын дайындауды Кеңсе жүзеге асырады.
28. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын қаулылар мен өкімдердің жобаларын әзірлеу және қабылдау Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" және "Жеке кәсіпкерлік туралы" заңдарының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
29. Қаулының (өкімнің) жобасын әзірлеуші, егер оны қабылдағаннан кейін мұндай қажеттілік туындаса, жобада бір мезгілде Үкіметтің және/немесе Премьер-Министрдің бұрын қабылданған шешімдерін қаулының (өкімнің) жобасына сәйкес келтіру жөніндегі нормаларды көздейді.
30. Әзірлеуші қаулының (өкімнің) жобасына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша түсіндірме жазбаны міндетті түрде қоса береді, онда мынадай негізгі мәліметтер қамтылуға тиіс:
1) тиісті нормативтік құқықтық кесімдерге жасалған сілтеме бар жобаны қабылдауға негіз және/немесе оны қабылдау қажеттілігінің басқа да негіздемелері;
2) жоба бойынша қаржы шығындарының қажеттілігі және оның қаржылық қамтамасыз етілуі, оның ішінде қаржыландыру көзі және Республикалық бюджет комиссиясының шешімі (егер ол қажет болса);
3) жоба қабылданған жағдайдағы болжалды салдарлар;
4) нақты мақсаттар мен күтілетін нәтижелердің мерзімі;
5) жобада қаралатын мәселелер және оларды іске асыру нәтижелері бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған кесімдері туралы мәліметтер;
6) енгізілетін жоба қабылданған жағдайда заңнаманы оған сәйкес келтіру қажеттігі (басқа нормативтік құқықтық кесімдер қабылдау немесе қолданыстағы кесімдерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу талап етіледі ме екендігін көрсету) не мұндай қажеттіліктің болмауы.
Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын қаулының (өкімнің) жобасына түсіндірме жазба міндетті түрде Үкіметтің кесімін қолданысқа енгізуге байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілері шығындарының азаюын және (немесе) артуын растайтын есептемелердің нәтижелерін қамтуға тиіс.
Қаулылар (өкімдер) жобаларының және оларға қосымшалардың әр парағына әзірлеуші мемлекеттік органның басшысы алдын ала қол қояды, ілеспе хаттарға басшы қол қояды.
Қаулы жобасында халықаралық шарттарға немесе өзге де құжаттарға (заңнамалық кесімдерден, Президент, Үкімет және Премьер-Министр кесімдерінен басқа) сілтемелер болған кезде әзірлеуші осы құжаттардың тиісінше Сыртқы істер министрлігі немесе жобаны әзірлеуші куәландырған мемлекеттік, орыс және қол қойылған өзге тілдердегі (әр түрлі оқылған кезде басымдығы бар) көшірмелерін міндетті түрде жобаға қоса береді.
31. Қаулылар мен өкімдердің жобалары олардың заңнамада белгіленген құзыретіне орай мүдделі мемлекеттік органдармен міндетті түрде келісіледі, бұл ретте жобаны келісудегі мұндай мүдделілік жобада қаралатын мәселелердің мәні негізге алына отырып, сондай-ақ жобада мемлекеттік органдардың немесе олардың басшыларының атына тапсырмалар болған кезде белгіленеді.
Кадрлық және ұйымдастырушылық сипаттағыны қоспағанда, қаулылардың жобалары Конституцияға, заңнамалық кесімдерге, Президенттің, Үкімет пен Премьер-Министр кесімдеріне сәйкестік мәніне заңдық сараптама жүргізуге жауапты Әділет министрлігімен келісілуге тиіс:
Оларды қабылдау экологиялық, оның ішінде радиациялық қауіпсіздікке, қоршаған ортаны қорғауға қатер төндіруі мүмкін салдар болжанып отырған қаулылардың жобалары уәкілетті орган заңнамада белгіленген тәртіппен жүргізетін міндетті экологиялық сараптама жасауға жатады. Жобаны әзірлеуші оны уәкілетті органның мемлекеттік экологиялық сараптаманың нәтижелері бойынша оң қорытындысы болған кезде Үкіметтің басшылығының қарауына енгізеді.
32. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын қаулылардың (өкімдердің) жобалары сараптамалық қорытынды алу үшін жеке кәсіпкерлік субъектілерінің тіркелген бірлестіктеріне жіберіледі.
Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің тіркелген бірлестіктерінің сараптамалық қорытындылары ұсынымдық сипатта болады және қаулының (өкімнің) жобасы қабылданғанға дейін оған міндетті қосымша болып табылады.
Жобаны әзірлеуші сараптамалық қорытындымен келіспеген жағдайда жобаға ілеспе хатта сараптамалық қорытындымен келіспеу себептеріне дәлелді негіздеме келтіруге тиіс.
33. Заңнамаға сәйкес Әділет министрлігінде құқықтық сараптама жасауға жататын халықаралық ұйымдарға кіру және олардан шығу, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу, орындау және күшін жою мәселелері жөніндегі қаулылардың жобалары мүдделі мемлекеттік органдармен алдын ала келісілуге тиіс, ал құқықтық сараптамадан өткендері Сыртқы істер министрлігінде келісуге жатады. Көрсетілген жобаларға мыналар қоса беріледі:
1) тиісті шет мемлекетпен (мемлекеттермен) немесе халықаралық ұйыммен келісілген әзірлеуші органның басшысы алдын ала қол қойған халықаралық шарттың жобасы не Сыртқы істер министрлігі куәландырған оған сәйкес Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымға кіруі немесе одан шығуы не Қазақстан Республикасының шартқа қосылуы жоспарланып отырған көп жақты халықаралық шарттың мемлекеттік, орыс және қол қойылған өзге тілдердегі (әр түрлі оқылған кезде басымдығы бар) мәтіні;
2) Сыртқы істер министрлігі куәландырған халықаралық шарттардың көшірмелері және оларға жобада сілтемелер бар жобаны әзірлеуші куәландырған халықаралық сипаттағы өзге де құжаттар.
Қол қойылған халықаралық шарттардың және халықаралық сипаттағы өзге де құжаттардың мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндерінің дәлме-дәлдігін тиісінше Сыртқы істер министрлігі және әзірлеуші орган оларды Кеңсеге енгізгенге дейін қамтамасыз етеді.
34. Премьер-Министр не оның тапсырмасы бойынша Кеңсе Басшысы Үкіметтің резервінен қаражат бөлу және басқа да жедел мәселелерді шешу жөнінде қаулылардың (өкімдердің) жобаларын келісудің өзге де рәсімін айқындай алады.
35. Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган бір мезгілде осы Регламенттің 31-тармағына сәйкес тиісті мемлекеттік органдарға қаулы (өкім) жобасының, оған түсіндірме жазбаның және басқа да қажетті құжаттардың көшірмелерін келісуге жібереді.
Қаулы (өкім) жобасының көшірмесін келісуге алған кезде мемлекеттік органдар оған басқа да мемлекеттік органдардың алдын ала бұрыштама соғуын талап етпеуі және желеу әрі өзге де негізсіз себептер бойынша жобаны келісуден бас тартпауы тиіс.
36. Қаулылардың (өкімдердің) жобаларын мемлекеттік органдарда қарау және келісу олар түскен күнінен бастап мынадай мерзімнен аспауы тиіс:
1) осы Регламенттің 69 және 70-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, қаулылардың жобалары, оның ішінде Президенттің және Қазақстан Республикасы Парламентінің қарауына енгізу туралы тиісінше Президент кесімдерінің жобалары мен заң жобалары - 10 жұмыс күні;
2) Премьер-Министр өкімдерінің жобалары - 5 жұмыс күні;
3) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою, сондай-ақ ізгілік көмек мәселелері бойынша қаулылар мен өкімдердің жобалары - 3 жұмыс күні.
Премьер-Министрдің, оның орынбасарының немесе Кеңсе Басшысының тапсырмалары бойынша Үкіметтің қаулыларын немесе Премьер-Министрдің өкімдерін жедел қабылдау қажет болған кезде нақты жобаларды мемлекеттік органдарда келісудің неғұрлым қысқа мерзімі белгіленуі мүмкін. Мұндай жағдайда қаулының (өкімнің) жобасына мемлекеттік органдардың бірінші басшылары Үкімет мәжілісінде, Үкімет басшылығында немесе Премьер-Министрдің нұсқауы бойынша Кеңсе Басшысында болған кеңесте бұрыштама соғуы мүмкін.
37. Қаулының (өкімнің) жобасын келісуші мемлекеттік органда қарау және келісу (түпнұсқаға бұрыштама соғу) осы Регламентте белгіленген мерзімде және осы мемлекеттік органның құзыреті шеңберінде жүзеге асырылуға тиіс.
Қаулының (өкімнің) жобасын қарау қорытындылары бойынша келісуші мемлекеттік орган әзірлеушіге жауаптың мынадай нұсқаларының бірін ұсынуға тиіс:
1) жоба ескертулерсіз келісілуі мүмкін. Бұл жағдайда әзірлеуші оған келісуші орган басшысының бұрыштамасын қою үшін жобаның түпнұсқасын ұсынады;
2) жоба бар ескертулер жойылған кезде келісілуі мүмкін. Бұл ретте ескерту келісуші органның басшысы қол қойған хатта баяндалады, мұнда оларды жою жөніндегі ұсыныстар міндетті түрде қамтылуға тиіс. Бұл жағдайда әзірлеуші ескертулермен келіскен кезде жобаларды пысықтау жұмыс тәртібімен жүзеге асырылады, бұдан кейін жобаның түпнұсқасы келісуші органның бірінші басшысының бұрыштамасын қоюға ұсынылады;
3) жобаны келісуден бас тартылды. Бұл ретте келісуші органның басшысы қол қойған келісуден бас тартуға уәждеме бар хат қоса беріледі.
Келісуші мемлекеттік органдарға қаулылардың (өкімдердің) жобаларын "ескертулермен" келісуге (бұрыштама қоюға) тыйым салынады.
38. Егер әзірлеуші келісуші органның ескертулерімен келіспеген жағдайда, ол өзара қолайлы шешім дайындау үшін келісуші органдардың тиісті өкілдерінің (министрлердің орынбасарлары, вице-министрлер, департаменттердің басшылары) қатысуымен кеңес шақыруға құқылы. Егер көрсетілген кеңес қорытындылары бойынша өзара қолайлы келісімге қол жеткізілмесе, осы Регламенттің 25-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, жоба Үкіметке енгізілмейді. Бұл ретте жоба Премьер-Министрдің не оны алмастыратын немесе Премьер-Министрдің міндетін атқарушы тұлғаның не Кеңсе Басшысының тапсырмасы бойынша әзірленген жағдайда әзірлеуші тапсырма авторына қалыптасып отырған жағдай туралы хабарлайды, ал жоба бастамашылық тәртіппен әзірленген жағдайда жоба қараудан алып тасталады.
39. Үкіметтің қаулысы оның ұжымдық заңды пікірін білдіруі тиістілігіне байланысты қаулылардың жобалары, сондай-ақ заңдардың, Мемлекет басшысы кесімдерінің және Парламент депутаттары бастамашылық жасаған заң жобаларына Үкімет қорытындыларының жобалары бойынша Үкімет мүшелерінің дауыс беруі жүргізіледі.
Дауыс беруді жүргізу мақсатында қаулы жобасының (заң, Мемлекет басшысының кесімі, Үкіметтің қорытындысы жобасының) түпкілікті нұсқасын Кеңсеге енгізер алдында әзірлеуші оның ақпаратты қағаз және/немесе магнитті жеткізгіштердегі мәтінінің көшірмелерін не электронды көшірмесін электронды почта арқылы (құпия сипаттағы және кадр мәселелері жөніндегі жобалардан басқа) Үкімет мүшелерінің барлығына (Премьер-Министрді, оның орынбасарын және әзірлеуші жобаны келісуді жүргізген Үкімет мүшелерін қоспағанда) жібереді. Жобаға қосымшалар Yкімет мүшелеріне, тек оларға қатысты бөлігінде жіберілуі мүмкін.
Үкімет мүшелерінің көрсетілген жобалар бойынша дауыс беру мерзімі жобалардың көшірмелері (электронды көшірмелері бар хабарламалар) жіберілген күнінен бастап 3 жұмыс күнінен аспауға тиіс. Дауыс беру мерзімі аяқталғанға дейін Үкімет мүшелері әзірлеушіге жобалар бойынша өз пікірін білдіретін жазбаша жауаптар жібереді. Көрсетілген мерзімде жазбаша жауап берілмеген жағдайда, Үкімет мүшесі жобаны қабылдауға дауыс берді деп саналады. Қаулылардың жобалары бойынша дауыс беруді Үкімет мүшелері алмастыру құқығынсыз жүзеге асырады. Егер жоба бойынша Үкімет мүшелерінің кемінде үштен екісі дауыс беріп, олардың көпшілігі жобаны қабылдауға пікір білдірсе дауыс беру өткізілді деп саналады. Олай болмаған жағдайда дауыс беру өткізілмеді деп саналады және Кеңсе енгізілген жобаны қабылдамайды.
Қаулының жобасы бойынша дауыс беру нәтижелерін әзірлеуші жобамен және 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оған басқа да материалдармен бірге бір мезгілде ұсынады.
Қажет болған жағдайда Премьер-Министрмен келісім бойынша қаулылардың (заңдардың, Мемлекет басшысы кесімдерінің, Үкімет қорытындыларының) жобаларын Кеңсе Басшысы Үкімет мүшелеріне дауыс беруге жібере алады.
40. Ол бойынша Үкімет мүшелерінің дауыс беруі өткізілген қаулылардың және өкімдердің А4 форматындағы жай қағаз парақтардағы (мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндер үшін № 14 мөлшерлі "TimesNewRoman" қарпі қолданылады, символдарды кодтау стандарты ҚР СТ 1048-2002 стандартына сәйкес) және ақпаратты магнитті жеткізгіштегі (бұдан әрі - магнитті жеткізгіш) мәтіндік файлдар түріндегі түпнұсқаларын, сондай-ақ оған қажетті материалдарды әзірлеуші мемлекеттік органдардың өкілдері өз қолымен Кеңсеге енгізеді. Бұл ретте қаулылардың (өкімдердің) жобаларына ілеспе хаттарда тапсырманың нөмірі мен берілген күні көрсетіле отырып, олардың не Үкімет басшылығының тапсырмасы бойынша немесе Президент, Үкімет немесе Премьер-Министр кесімінің нақты тармағын орындау үшін не бастамашылық тәртіппен енгізілгендігі көрсетілуге тиіс. Почта арқылы келіп түскен жобаларды (құпия сипаттағы жобаларды қоспағанда) Кеңсе әзірлеушіге қарамай және тіркемей қайтарады.
Кеңседе тіркелер алдында жобалар осы Регламенттің және Кеңседе іс жүргізу жөніндегі нұсқаулықтың талаптарына сәйкестігіне, сондай-ақ дәлме-дәлдігіне (кездейсоқ таңдау бойынша жекелеген парақтары) тексеріледі. Жоба мәтіндері көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген немесе олардың мемлекеттік және орыс тілдерінде дәлме-дәл еместігі анықталған жағдайда жоба тіркелместен (құпия сипаттағы жобаларды қоспағанда) анықталған кемшіліктерді жою үшін әзірлеушінің өкіліне қайтарылады.
Кеңсеге келіп түсетін "аса маңызды", "өте құпия" және "құпия" деген құпиялылық белгілері бар қаулылардың (өкімдердің) жобалары, сондай-ақ олардан жасалатын құпия үзінді көшірмелері бар құпия емес жобалар тәртіппен тіркеледі және Қазақстан Республикасында құпиялылық режимін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықтың талаптарына сәйкес Кеңсе Басшысына баяндалады. Көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда бұл жобалар Кеңсе Басшысының тапсырмасы бойынша әзірлеушіге қайтарылады.
41. Кеңсеге мемлекеттік органның бірінші басшысының міндетін атқарушы тұлға немесе Үкіметтің және Кеңсенің басшылығына арналған құжаттарға қол қоюға бірінші басшы ресми түрде өкілеттік берген тұлға бұрыштама соққан қаулының (өкімнің) жобасы не олар қол қойған ілеспе және өзге де хаттар енгізілген кезде жобаға оған бірінші басшының міндетін атқару жүктелгені туралы не оған Үкіметтің және Кеңсенің басшылығына арналған құжаттарға қол қоюға бірінші басшы өкілеттік бергендігі туралы бұйрықтың көшірмесі қоса беріледі.
42. Қаулының (өкімнің) жобасы тіркелгеннен кейін Кеңседе, егер Үкіметтің басшылығы немесе Кеңсе Басшысы өзгеше белгілемесе, мынадай:
қаулылардың, оның ішінде тиісінше Президент кесімдерінің жобалары мен заң жобаларын Президенттің және Қазақстан Республикасы Парламентінің қарауына енгізу туралы жобалары - 10 жұмыс күнінен аспайтын;
Премьер-Министр өкімдерінің жобалары - 5 жұмыс күнінен аспайтын;
табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою, сондай-ақ ізгілік көмек мәселелері жөніндегі қаулылар мен өкімдердің жобалары - 3 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде оның қаржы-экономикалық, құқықтық және өзге де аспектілеріне сараптама (бұдан әрі - сараптама) жүргізіледі.
Сараптама қаулы (өкім) жобасының дайындалу сапасын: қаралатын мәселелер мен оларды шешу жөнінде ұсынылатын шаралардың толық ашылуын, уақтылығын және негізділігін, Үкімет пен Премьер-Министрдің құзыретіне сәйкестігін бағалау, ықтимал теріс салдарды, заңдық техника ережелеріне сәйкестігін айқындау үшін, сондай-ақ жобаның жоғары деңгейдегі, Үкімет пен Премьер-Министрдің нормативтік құқықтық кесімдеріне сәйкестігі және жобаның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндерінің дәлме-дәлдігі мәніне жүргізіледі. Жобалар сараптамасының нәтижелері Премьер-Министр мен оның орынбасары, Кеңсе Басшысы үшін олар тиісті жобаларға қол қою немесе олармен келісу туралы не оларды пысықтауға немесе қосымша келісуге қайтару туралы шешімдер қабылдаған кезде ақпараттық-ұсынымдық сипатқа ие болады.
Кеңсенің тиісті жобаның өтуіне жауапты құрылымдық бөлімшесі жүргізілген сараптаманың нәтижелері бойынша осы Регламентке 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Премьер-Министрдің атына Кеңсе Басшысының қолы қойылған жобаға қорытынды дайындайды. Қорытынды мынадай ақпаратты қамтуға тиіс: жобаны кім және қандай негізде енгізіп отыр, жобаны қабылдау қажеттілігі неге негізделді, оны дайындау кезінде осы Регламенттің талаптары мен енгізу мерзімі (егер жобаны әзірлеу нормативтік құқықтық кесімде немесе тапсырмада көзделсе) сақталды ма, Үкімет мүшелерінің жоба бойынша дауыс беру қорытындылары, жобаны Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінде сараптау нәтижелері, оның ішінде мазмұндық және құқықтық сипаттағы, заңдық техника бойынша бар ескертулер, жобаны пысықтау туралы мәліметтер (осындай факт болған кезде), жоба бойынша өзге де қажетті мәліметтер, жобаны қабылдау немесе қабылдамау мүмкіндігі не оны пысықтауға немесе қосымша келісуге жіберу туралы ұсынымдар.
43. Үкіметтің басшылығы және Кеңсе Басшысы сараптама жүргізу барысында немесе оның нәтижелері бойынша жобаны мемлекеттік органға мынадай негіздер бойынша пысықтауға қайтаруға құқылы:
1) оның жоғары деңгейдегі нормативтік құқықтық кесімдерге сәйкес келмеуі анықталғанда;
2) жобаның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндерінің дәлме-дәл еместігі анықталғанда;
3) Үкімет бекіткен Кеңседе іс жүргізу жөніндегі нұсқаулықтың, Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының және Премьер-Министрі өкімдерінің жобаларын ресімдеу жөніндегі нұсқаулықтың (заңдық техникасы) және осы Регламенттің талаптарының бұзылғаны анықталғанда.
Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінің өзге де аспектілер бойынша теріс сараптамалық қорытындысы да Yкімет басшылығының немесе Кеңсе Басшысының жобаны қайтару туралы шешім қабылдауы үшін негіз бола алады.
44. Жоба пысықтауға мынадай түрде қайтарылуы мүмкін:
1) мемлекеттік органдар бірінші басшыларының не олар өкілеттік берген тұлғалардың қатысуымен өткен Үкімет мәжілісінің немесе Үкімет басшылығында немесе Кеңсе Басшысында өткен кеңестің хаттамасы негізінде;
2) Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінің жоба сараптамасының нәтижелері бойынша қорытындысы негізінде Премьер-Министрдің, оның орынбасарының немесе Кеңсе Басшысының жазбаша тапсырмасы бойынша;
3) жобаны әзірлеуші органның басшысы не оның өкілі (ол өкілеттік берген тұлға) Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінің ескертулерімен жазбаша келіскен кезде Кеңсе Басшысының рұқсатымен әзірлеушінің өкілі (өкілетті тұлғасы) жобаның келісу парағына қол қойып жұмыс тәртібімен. Әзірлеушінің жобаны жұмыс тәртібімен пысықтау мерзімі 7 жұмыс күнінен аспауға тиіс.
Жобаларды пысықтау мақсатында әзірлеуші мемлекеттік органның мүдделі органдар өкілдерінің (министрлер орынбасарларының, вице-министрлердің, департаменттер басшыларының) қатысуымен жедел кеңестер шақыруға құқығы бар.
Егер қайтарылатын жобаларға тапсырмаларда өзгеше мерзім көрсетілмесе, жобаларды пысықтауды, қайтадан дауыс беру өткізуді және енгізуді әзірлеушілер қайтарылған күнінен бастап бір айдан аспайтын мерзімде (жұмыс тәртібімен пысықталатын жағдайларды қоспағанда) жүзеге асырады. Пысықтау мерзімі аяқталғаннан кейін әзірлеуші Кеңсеге пысықталған жоба мен ол бойынша дауыс беру нәтижелерін (белгіленген нысан бойынша) не жобаны қараудан алу туралы жазбаша өтінішті ұсынуы тиіс.
Жоба пысықталғаннан кейін Кеңсеге қайта енгізілген кезде оған сараптама жүргізудің және қорытынды дайындаудың осы Регламенттің 42-тармағында көзделген және пысықталған жоба Кеңседе тіркелген күннен бастап есептелетін жаңа мерзімі белгіленеді.
Қажет болған кезде Үкіметтің басшылығы және Кеңсе Басшысы әзірлеуші органдардың жобаларды пысықтау және оларды Кеңседе сараптау мерзімін қысқартуы мүмкін.
45. Ведомстволардың санын, министрліктердің, агенттіктердің және ведомстволардың штат санын, олардың басшы лауазымды тұлғаларын өзгертуді (ұлғайтуды немесе қысқартуды) көздейтін қаулылардың жобалары бойынша Үкімет мұндай өзгеріске Мемлекет басшысының немесе оның уәкілеттігі бойынша Президент Әкімшілігінің жазбаша келісімін алуға тиіс.
46. Кеңседе сараптама жүргізілгеннен, жоба пысықталғаннан (осындай факт болған кезде) және қорытынды дайындалғаннан кейін жоба Кеңседе іс жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес тиісті қорғалған елтаңбалық бланкіге көшіріледі, оған: орындаушы мен жобаның өтуіне жауапты құрылымдық бөлімшенің басшысы; жобаға сараптама жүргізген құрылымдық бөлімшелердің басшылары; жоба мәтіндерінің дәлме-дәлдігін және олардың мемлекеттік және орыс тілдерінің ережелеріне сәйкестігін тексеруді жүзеге асырған қызметкерлер бұрыштама соғады.
47. Қаулылардың (өкімдердің) жобаларын Премьер-Министрдің орынбасарында келісу Премьер-Министр, оның орынбасары мен Кеңсе Басшысы арасында міндеттерді бөлуде айқындалған өкілеттікке сәйкес оның мүдделілігі белгіленген жағдайда жүзеге асырылады. Премьер-Министрдің орынбасарында қаулылардың жобалары бойынша ескертулер мен ұсыныстар болған кезде олар кеңестер өткізуі мүмкін. Кеңестерде қабылданған шешімдер хаттамалар түрінде ресімделеді.
Премьер-Министрдің мүдделі орынбасары келіскеннен (бұрыштама соққаннан) кейін қаулының (өкімнің) жобасына Кеңсенің Басшысы бұрыштама соғады және оны жоба бойынша шешім қабылдау үшін Премьер-Министрге баяндайды. Премьер-Министр қаулының (өкімнің) жобаларын қосымша (құқықтық, экономикалық, экологиялық, қаржылық және басқа да) сараптама жүргізу үшін кез келген тиісті ұйымға жібере алады.
Қаулы жобасы бойынша тұжырымдамалық сипаттағы немесе қаржылық қамтамасыз ету мәселелері бойынша Yкімет мүшелерінің келіспеушіліктері не Премьер-Министр Кеңсесінің теріс сараптамалық қорытындысы болған кезде не Премьер-Министрдің нұсқауы бойынша Кеңсе Басшысы Үкімет мүшелерінің көпшілігімен келісілген шешімді тұжырымдау үшін кеңес өткізуі немесе жобаны Үкімет отырысының қарауына енгізуге бастама жасауы мүмкін. Келісілген ұстанымға қол жеткізілмеген кезде Үкіметтің қаулысы қабылданбайды, бұл кеңестің (отырыстың) хаттамасында тіркелуге тиіс.
48. Үкіметтің қаулылары мен Премьер-Министрдің өкімдеріне Премьер-Министр қол қояды. Премьер-Министр болмаған кезде Үкіметтің қаулылары мен Премьер-Министрдің өкімдеріне Премьер-Министр белгілеген тәртіппен оны алмастыратын тұлға немесе Премьер-Министрдің міндетін атқарушы тұлға қол қоя алады.
Қаулының (өкімнің) түпнұсқасына оған қол қойылғаннан кейін түзетулер енгізуге тыйым салынады.
49. Үкіметтің қаулылары мен Премьер-Министрдің өкімдерін тіркеуді және есепке алуды Кеңсе жүзеге асырады.
Қол қойылған Үкіметтің қаулылары мен Премьер-Министрдің өкімдеріне Кеңсенің құжаттамалық қамтамасыз ету үшін жауапты бөлімшесі:
1) құпия емес қаулылар үшін - күнтізбелік жылдың басынан бастап реттік есепке алу нөмірінен, өкімдер үшін - дефис арқылы "ө" әрпін қойып, күнтізбелік жылдың басынан бастап реттік есепке алу нөмірінен;
2) "Қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгісі бар таралуы шектеулі қаулылар мен өкімдер үшін - құпия емес қаулылар (өкімдер) үшін кезекті реттік нөмірден және "қпү" кіші әріптерінен;
3) аса маңызды, өте құпия және құпия қаулылар мен өкімдер үшін - құпия қаулының (өкімнің) кезекті есепке алу нөмірін сызықша арқылы берілген құпиялық белгісіне сәйкес "аса м" - "аса маңызды", "өқ" - "өте құпия", "қ" - "құпия" кіші әріптерімен бірге қойып, құпия емес қаулыларға (өкімдерге) арналған кезекті реттік нөмірден;
4) бекітілген бюджеттік бағдарламалардың паспорттарына өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу көзделетін қаулылар үшін - әліпбилік тәртіппен берілетін әріптік литері (литерлері) бар бастапқы қаулының реттік нөмірінен тұратын тіркеу нөмірлерін береді.
Кеңсе Басшысының нұсқауы бойынша қаулыларға (өкімдерге) жоғарыда көрсетілген тәртіппен құпия емес қаулыларға (өкімдерге) арналған кезекті реттік нөмірден кейін дефис арқылы қойылатын сандық литері бар тіркеу нөмірлері берілуі мүмкін.
50. Үкімет қаулылары және Премьер-Министр өкімдерінің түпнұсқалары тұрақты сақталатын құжаттарға жатады және Кеңседе кемінде 15 жыл сақталады, осы мерзім өткеннен кейін олар Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұрағатына мемлекеттік сақтауға беріледі.
51. Үкімет қаулылары мен Премьер-Министр өкімдерінің куәландырылған көшірмелерін уақтылы шығаруды және таратуды Кеңсе жүзеге асырады. Қажет болған кезде қаулылардың (өкімдердің) қосымша даналары Кеңсе Басшысының рұқсатымен беріледі. Құпия сипаттағы қаулылар мен өкімдердің куәландырылған көшірмелері немесе олардың үзінді көшірмелері белгіленген тәртіппен адресаттардың шектеулі санына жіберіледі.
Оларда техникалық қателер анықталған кезде Үкіметтің құпия емес қаулылары мен Премьер-Министр өкімдерінің бұрын жіберілген даналарын ауыстыру Кеңсе Басшысының рұқсатымен жүргізіледі. Бұл ретте бастапқы жіберілген даналарды алғандарға "Бұрынғы жіберілгеннің орнына" ("Взамен ранее разосланного") мөртаңбасы басылып, қаулылардың (өкімдердің) түзетілген нұсқалары жіберіледі. Адресаттар көрсетілген мөртаңбасы бар түзетілген нұсқаны алғаннан кейін олар қаулылардың (өкімдердің) бұрын жіберілген даналарын Кеңсеге дереу қайтаруға тиіс.
Қаулыларды (өкімдерді) қайтарып алу Премьер-Министрдің нұсқауы бойынша немесе онымен келісім бойынша Кеңсе Басшысының тапсырмасымен жүзеге асырылады.
Аса маңызды, өте құпия және құпия қаулылар (өкімдер) Кеңсе Басшысының хатымен ресми түрде қайтарып алынады.
52. Үкіметтің нормативтік қаулысы қабылданғаннан кейін министрліктер мен олардың ведомстволары, агенттіктер, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар бір ай мерзімде өздерінің кесімдерін Үкімет қабылдаған қаулыға сәйкес келтіруге және қажет болған кезде оны іске асыру мақсатында тиісті кесімдер шығаруға міндетті.
53. Мемлекеттік органдар республиканың заңнамасына және құқықтың ескірген нормаларын анықтау, оларды іске асырудың тиімділігін бағалау және оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу немесе олардың күші жойылды деп тану жөнінде уақтылы шаралар қабылдау үшін өздері әзірлеуші болып табылған, қабылданған қаулылардың (өкімдердің) тұрақты мониторингін жүзеге асыруға міндетті.
54. Нормативтік құқықтық кесімдерді қабылдаған орган таратылған, қайта ұйымдастырылған немесе қайта құрылған жағдайда, оның кесімдерінің күші жойылды деп тану, оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәселелерді оның құқықтық мирасқоры немесе жоғары тұрған орган шешеді.
7. Yкімет енгізетін Президент кесімдерінің жобаларын дайындау
55. Үкімет енгізетін Президент кесімдерінің жобаларын дайындауды қолданыстағы заңнамаға және осы Регламентке сәйкес тиісті орган жүзеге асырады.
Президент кесімдерінің жобалары Кеңсеге осы Регламентте Үкіметтің қаулылары үшін көзделген тәртіппен енгізіледі. Бұл ретте Президент кесімдері жобаларының түпнұсқаларына әзірлеуші органның және Әділет министрлігінің басшылары бұрыштама соғады, басқа келісуші органдардың басшылары Президент Әкімшілігі белгілеген келісу парағына қол қояды.
Президент кесімдерінің жобалары Yкімет қаулыларымен не Премьер-Министрдің (оның міндетін атқарушы тұлғаның) хаттарымен Президент Әкімшілігіне енгізіледі. Бұл ретте, әдетте, хаттармен Президент Әкімшілігі бұрын пысықтау үшін қайтарған жобалар қайта енгізіледі.
56. Үкімет Президент Әкімшілігіне енгізетін Президент кесімдерінің мемлекеттік және орыс тілдерінде дайындалған жобалары мыналарды қамтуға тиіс:
1) Президент кесімінің жобасын енгізу туралы Үкімет қаулысының белгіленген тәртіппен Үкіметтің мөрімен куәландырылған көшірмесі немесе Премьер-Министрдің (Премьер-Министрдің міндетін атқарушы тұлғаның) Президентке арналған хатының түпнұсқасы;
2) Премьер-Министр (Премьер-Министрдің міндетін атқарушы тұлға), Кеңсе Басшысы, жобаны әзірлеуші мемлекеттік органның және Әділет министрлігінің басшылары бұрыштама соққан Президент кесімінің тиісті бланкідегі жобасы. Президент кесімінің жобасы мен оған қосымшаның әр парағына жобаны әзірлеуші мемлекеттік органның басшысы бұрыштама соғуы тиіс. Премьер-Министр (Премьер-Министрдің міндетін атқарушы тұлға) және Кеңсе Басшысы (оның міндетін атқарушы тұлға) Президент кесімінің тиісті бланкідегі жобасына әзірлеуші орган және Әділет министрлігі бірінші басшыларының бұрыштамасы бар жай қағаз парақтарында ұсынылған, Үкіметке енгізілген Президент кесімінің жобасын қоса тіркеуге рұқсат етіледі;
3) Премьер-Министр (Премьер-Министрдің міндетін атқарушы тұлға) қол қойған көлемі 3 парақтан, ал күрделі мәселелер бойынша 5 парақтан аспайтын түсіндірме жазба, онда мәселенің мәнісі мен Президент кесімін қабылдау қажеттілігінің, оның ішінде қаржы-экономикалық негіздемесі, осы мәселе бойынша бұрын қабылданған Президент кесімдерінің тізбесі және олардың орындалуы туралы ақпарат, осы жобаны қабылдаудан күтілетін салдардың болжамы жазылады;
4) егер Президент кесімінің енгізілетін жобасымен Президенттің қолданыстағы кесімдеріне өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу көзделетін болса, әзірлеуші мемлекеттік орган басшысының әр парағына алдын ала қолы қойылған және қолы қойылған Президент кесімінің бұрынғы және жаңа редакциясының салыстырма кестесі;
5) Президент Әкімшілігі белгілеген нысан бойынша жасалған Президент кесімі жобасының келісу парағы;
6) өзге де қажетті материалдар.
57. Премьер-Министр (Премьер-Министрдің міндетін атқарушы тұлға) Үкіметке тапсырманы қамтитын Президент кесімі күшіне енген күнінен бастап 3 жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде осы тапсырмалардың орындалуы үшін жауапкершілік жүктелетін лауазымды тұлғалар мен мемлекеттік органдарды айқындайды.
8. Үкіметтің заң шығару қызметi
58. Үкіметтің заң шығару қызметі Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының жоспарына (бұдан әрі - Жоспар) сәйкес жүзеге асырылады.
59. Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының ағымдағы және перспективалы жоспарларын қалыптастыру Президенттің тапсырмалары, Yкіметтің Бағдарламасы, мемлекеттік бағдарламалар мен Үкімет бекітетін бағдарламалар, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарлары, сондай-ақ Премьер-Министрдің шешімдері ескеріле отырып жүзеге асырылады.
Жоспар заң жобаларының, оның ішінде заң жобаларын әзірлеуші мемлекеттік органдарды, нақты заң жобаларын Әділет министрлігіне, Yкіметке және Қазақстан Республикасының Парламентіне (бұдан әрі - Парламент) енгізу мерзімдері, сондай-ақ заң жобаларын әзірлеу мен енгізу үшін жауапты лауазымды тұлғалар көрсетіле отырып, қолданыстағы заңнамалық кесімдерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізуді көздейтін заң жобаларының тізбесін білдіреді.
60. Алдағы жылға арналған Жоспардың жобасын Әділет министрлігі мемлекеттік органдар мен Қазақстан Республикасы Yкіметінің жанындағы Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - Ведомствоаралық комиссия) ұсыныстарының негізінде жасайды және жыл сайын 1 қарашаға дейін Үкімет қаулыларының жобаларын енгізу үшін белгіленген тәртіппен Yкіметке ұсынады. Бұл ретте Әділет министрлігі Жоспардың жобасына енгізілген әрбір заң жобасын әзірлеу қажеттілігінің негіздемесін қамтитын анықтаманы қоса тіркейді.
Ведомствоаралық комиссияның оң қорытындысы Жоспарға қандай да бір заң жобасын енгізу үшін міндетті шарт болып табылады.
61. Жоспарды Президентпен келісу "Қазақстан Республикасы Yкіметінің заң жобалары жұмыстарының жоспарларын Қазақстан Республикасының Президентімен және Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне Yкімет енгізетін заң жобаларын Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 17 мамырдағы № 873 Жарлығына сәйкес жүзеге асырылады.
62. Жоспарда көзделген заң жобаларын ұсыну мерзімін ауыстыру туралы, сондай-ақ заң жобаларын ағымдағы жылдың Жоспарынан алып тастау немесе оған қосымша заң жобаларын енгізу туралы мәселелер Yкіметтің тиісті қаулыларын қабылдау жолымен шешіледі. Мұндай қаулылардың жобалары әзірлеуші мемлекеттік органның өтініші бойынша Ведомствоаралық комиссияның отырысында алдын ала қаралады. Ведомствоаралық комиссияның оң қорытындысы болған кезде әзірлеуші тиісті жобаны осы Регламентте белгіленген тәртіппен Кеңсеге енгізеді, бұл ретте жобаға түсіндірме жазбада міндетті түрде осы мәселе бойынша Ведомствоаралық комиссияның негіздемесі мен шешімі көрсетіледі.
Мемлекеттік және өзге де бағдарламалар, тұжырымдамалар, Үкіметтің іс-шаралары жобаларының нормалары (ережелері) заң жобалауды қамтамасыз ету бөлігінде Ведомствоаралық комиссиямен келісіледі.
Мемлекеттік және өзге де бағдарламаларға қоғамдық қатынастарды заңнамалық реттеудің жаңа тетіктерін енгізу перспективалы Жоспарға өзгерістер мен толықтырулар енгізумен бірге жүргізілуге тиіс.
Заң жобалау жұмыстарының қабылданған жоспарларына енгізілетін өзгерістер және (немесе) толықтырулар Мемлекет басшысымен не оның тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен міндетті түрде келісілуге жатады.
63. Перспективалы және ағымдағы жоспарлардың орындалуын жалпы бақылауды Әділет министрлігі жүзеге асырады.
Әділет министрлігі ай сайын Үкіметтің заң жобалау қызметінің барысын қорытады және есептіден кейінгі айдың 1-күніне ағымдағы Жоспардың орындалу барысы туралы есепті, оның ішінде жоспарланған заң жобаларының мемлекеттік органдар мен Парламентте өтуі туралы ақпаратты ұсынады.
Жоспарланған заң жобаларын әзірлеу мерзімі бұзылған кезде Кеңсе Әділет министрлігі ақпаратының негізінде Премьер-Министрге заң жобаларын әзірлеу мерзімінің бұзылуына кінәлі лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар енгізе алады.
64. Халықаралық шарттарды ратификациялау мен олардың күшін жою туралы және оларға қосылу туралы заң жобаларынан басқа, жоспардан тыс заң жобалары Ведомствоаралық комиссиямен алдын ала келісілуге жатады, оның оң қорытындысы заң жобаларын белгіленген тәртіппен Үкіметке енгізу үшін негіз болады.
65. Заң жобаларын әзірлеудің және ұсынудың сапасы, уақтылығы үшін Жоспарда көрсетілген лауазымды тұлғалар дербес жауапкершілікте болады.
66. Жоспардың негізінде заң жобаларын әзірлеуші мемлекеттік органдар белгіленген мерзімде заң жобаларын Кеңсеге осы заң жобаларын Парламенттің Мәжілісіне енгізу туралы Үкімет қаулыларының жобаларымен бірге енгізеді.
Көрсетілген жобаларды дайындау, ресімдеу, келісу, оларға дауыс беру және енгізу, сондай-ақ олар бойынша келіспеушіліктерді қарау тәртібі "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында, Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің Регламентінде және осы Регламентте көзделген ерекшеліктермен бірге Үкімет қаулыларының жобаларын енгізу үшін белгіленген тәртіпке ұқсас.
Халықаралық шарттарды ратификациялау мен олардың күшін жою туралы және оларға қосылу туралы заң жобаларын әзірлеу және енгізу "Халықаралық шарттар туралы" Қазақстан Республикасының Заңындабелгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Парламенттің қарауына Үкімет енгізетін заң жобалары (халықаралық шарттарды ратификациялау мен олардың күшін жою туралы және оларға қосылу туралы заң жобаларын қоспағанда) бойынша "Норма шығармашылығы қызметін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 30 мамырдағы № 598 қаулысымен бекітілген Заң жобаларына ғылыми сараптама жүргізу ережесіне сәйкес заң жобасымен реттелетін құқықтық қатынастарға қарай тиісті ғылыми (құқықтық, экономикалық, экологиялық, қаржы және басқа да) сараптама жүргізу міндетті. Бұл ретте оларды қабылдау экологиялық, оның ішінде радиациялық қауіпсіздікке, қоршаған ортаны қорғауға қатер төндіруі мүмкін салдарларды болжайтын заңнамалық кесімдердің жобаларына міндетті экологиялық сараптама жүргізілуге тиіс.
Заң жобасын әзірлеуші жобаға тиісті ғылыми сараптама жүргізуді қамтамасыз етеді, оның нәтижелері бойынша қорытынды ұсынымдық сипатқа ие болады (барлық заңды және жеке тұлғалардың орындауы үшін міндетті мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысын қоспағанда). Әзірлеуші көрсетілген қорытындыларды міндетті түрде заң жобасына басқа материалдармен бірге мемлекеттік және орыс тілдерінде Кеңсеге енгізеді. Ғылыми сараптаманың теріс қорытындысы кезінде (мемлекеттік экологиялық сараптаманы, оның нәтижелері бойынша заң жобасында міндетті түрде жойылуға тиіс ескертулерді қоспағанда) заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік орган сараптамалық қорытындының ұсыныстарына сәйкес заң жобасын пысықтау, сондай-ақ қайтадан немесе қосымша сараптама жүргізу туралы өз бетімен шешім қабылдайды. Заң жобасы бойынша сараптамалық қорытындыдағы ұсынымдар қабылданбаған жағдайда, әзірлеуші заң жобасына ілеспе хатта қабылдамау себептерінің дәлелді негіздемесін келтіруге тиіс.
67. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын заңдардың жобалары ұсынымдық сипатта болатын сараптамалық қорытындылар алу үшін жеке кәсіпкерлік субъектілерінің тіркелген бірлестіктеріне жіберіледі және заң жобалары қабылданғанға дейін оларға міндетті қосымшалар болып табылады.
Жобаны әзірлеуші сараптамалық қорытындымен келіспеген жағдайда заң жобасына түсіндірме жазбада сараптамалық қорытындымен келіспеу себептеріне дәлелді негіз келтіруге тиіс.
68. Парламент Мәжілісіне Үкімет енгізетін заң жобаларын Президент Әкімшілігімен келісу "Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының жоспарларын Қазақстан Республикасының Президентімен және Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне Үкімет енгізетін заң жобаларын Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 17 мамырдағы № 873 Жарлығына сәйкес жүзеге асырылады.
Мыналар Президент Әкімшілігімен міндетті түрде алдын ала келісілуге тиіс:
1) Парламентте қаралуы Президент атынан шұғыл немесе басымдықты деп жариялау жоспарланатын заң жобалары. Президенттің заң жобаларын шұғыл немесе басымдықты деп, оның ішінде Үкіметтің бастамасы бойынша жариялауы Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 29 сәуірдегі № 1074 Жарлығымен бекітілген Заңдар жобаларын қараудың басымдығын белгілеу, сондай-ақ заң жобасының қаралуын шұғыл деп жариялау ережесіне сәйкес жүзеге асырылады;
2) Президенттің тапсырмасы бойынша Үкімет әзірлеген және Парламент Мәжілісіне енгізуге жататын заң жобалары;
3) конституциялық заңдардың, кодекстердің жобалары, сондай-ақ қолданыстағы конституциялық заңдар мен кодекстерді өзгертуге және толықтыруға бағытталған заң жобалары;
4) жергілікті мемлекеттік басқаруды және жергілікті өзін-өзі басқаруды, елдің саяси және сайлау жүйелерін жетілдіруге бағытталған заң жобалары;
5) қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік саласындағы құқықтық қатынастарды регламенттейтін заң жобалары.
Президент Әкімшілігінің онымен келісілетін заң жобалары бойынша ескертулері толық ескерілмейтін жағдайда, Кеңсе бұл туралы Президент Әкімшілігін хабардар етеді.
69. Қазақстан Республикасы Президентінің арнайы жолдауымен басымдықты деп айқындалған заң жобаларын (бұдан әрі - басымдықты заң жобалары) әзірлеуші мемлекеттік органдар осы Регламентке сәйкес келісілген заң жобаларын Кеңсеге заң жобасы басымдықты деп айқындалған күнінен бастап 20 күнтізбелік күннен кешіктірмей енгізуге тиіс. Бұл ретте басымдықты заң жобаларын мемлекеттік органдардың келісу мерзімі олар түскен күнінен бастап 5 күнтізбелік күннен аспауға тиіс.
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісілгеннен кейін Үкімет басымдықты заң жобаларын 10 күнтізбелік күн мерзімнен кешіктірмей Парламент Мәжілісінің қарауына енгізеді.
70. Шұғыл деп жариялау жоспарланған заң жобаларын әзірлеуші мемлекеттік органдар осы Регламентке сәйкес келісілген заң жобаларын Кеңсеге Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 29 сәуірдегі № 1074 Жарлығымен бекітілген Заңдар жобаларын қараудың басымдығын белгілеу, сондай-ақ заң жобасының қаралуын шұғыл деп жариялау ережесінің 1-тармағына сәйкес Үкіметке немесе тиісті мемлекеттік органға хабарлама келіп түскеннен кейін 10 күнтізбелік күннен кешіктірмей енгізуге тиіс. Бұл ретте шұғыл деп жариялау жоспарланған заң жобаларын мемлекеттік органдармен келісу мерзімі олар келіп түскен күнінен бастап 3 күнтізбелік күннен аспауға тиіс.
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісілгеннен кейін Үкімет шұғыл деп жариялау жоспарланған заң жобасын 7 күнтізбелік күн мерзімнен кешіктірмей Парламент Мәжілісінің қарауына енгізеді.
71. Президент шұғыл деп жариялаған заң жобасы Президенттің арнайы жолдауы Парламентте жария етілгеннен немесе осы жолдау Парламентке арналғаннан кейінгі келесі күннен кешіктірмей Парламент Мәжілісінің қарауына енгізіледі.
72. Кеңседе өту мерзімі 10 күнтізбелік күннен аспауға тиіс (жобаның тіркелген күнінен бастап қол қойылған құжатты шығаруға тапсырғанға дейін) басымдықты заң жобалары мен шұғыл деп жариялау жоспарланып отырған заң жобаларынан басқа, заң жобаларына сараптама жасау және Кеңседе олар бойынша қорытындылар дайындау Кеңседе тіркелген күнінен бастап 10 жұмыс күннен аспайтын мерзімде жүзеге асырылады. Осы Регламентте көзделген негіздемелер бойынша заң жобаларын Кеңсе заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік органға пысықтауға, оның ішінде қажет болған кезде қосымша ғылыми сараптама жүргізу үшін қайтаруы мүмкін.
73. Кеңсеге заң жобасы бойынша енгізілетін материалдар мемлекеттік және орыс тілдерінде дайындалған:
1) заң жобасын, ал қажет болған кезде қолданыстағы заңнамалық кесімдерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу туралы не негізгі жобаның қабылдануына байланысты заңнамалық кесімдердің күші жойылды деп тану туралы заң жобаларын да (оның ішінде магнитті жеткізгіштердегі) және заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік органның басшысы әр парағына алдын ала қол қойған, Үкімет қаулылары үшін осы Регламенттің 31-тармағында белгіленген тәртіппен келісілген (бұрыштама соғылған) осы заң жобасын (заң жобаларын) Парламент Мәжілісіне енгізу туралы Үкімет қаулысының жобасын;
2) осы Регламенттің 30-тармағының талаптарына сәйкес дайындалған Үкімет қаулысының жобасына түсіндірме жазбаны;
3) заң жобасы мақсаттарының, міндеттері мен негізгі ережелерінің жан-жақты сипаттамасымен бірге жобаны қабылдау қажеттігінің негіздемесі, жобаны қабылдаудың ықтимал салдарының болжамы бар, қажет болған кезде заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік органның басшысы әр парағына алдын ала қол қойған қаржы-экономикалық есептер мен статистикалық деректер қоса берілген заң жобасына (заң жобаларына) түсіндірме жазбаның (жазбалардың) жобасын, оның ішінде магнитті жеткізгіштегіні;
4) заң жобасын (заң жобаларын) мүдделі мемлекеттік органдармен келісу парағын (парақтарын);
5) заң жобасының (заң жобаларының) ғылыми сараптамасының нәтижелері бойынша қорытындыны (қорытындыларды);
6) заң жобасын (заң жобаларын) әзірлеуші мемлекеттік органның басшысы қол қойған ілеспе хатты, бұл ретте Үкіметтің тиісті заң жобасы туралы қаулысының әрбір жобасы жеке ілеспе хатпен енгізіледі;
7) қолданыстағы заңнамалық кесімдерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізуді көздейтін заң жобасына заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік органның басшысы әр парағына алдын ала қол қойған және қол қойған, енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың тиісті негіздемесі бар бұрынғы және жаңа редакциядағы баптардың салыстырма кестесі қоса тіркеледі;
8) Қазақстан Республикасы жасасқан халықаралық шарттарды Парламентке ратификациялауға енгізу туралы заң жобасына Сыртқы істер министрлігі куәландырған, мемлекеттік, орыс және әр түрлі оқылған кезде басымдығы бар оларға қол қойылған өзге тілдердегі ратификациялауға енгізілетін құжаттардың көшірмелері қоса тіркеледі;
9) белгіленген нысандағы анықтама парақты қамтуға тиіс.
Мемлекеттік органдардың олар бойынша тұжырымдамалық сипаттағы келіспеушіліктері бар немесе қаржылық қамтамасыз ету мәселелері бойынша заң жобалары Үкімет басшылығының бастамашылығы бойынша шақырылатын кеңестерде қаралуы мүмкін, олардың нәтижелері хаттамалармен ресімделеді. Егер кеңестерде талқыланатын заң жобасы бойынша келіспеушіліктерді реттеу мүмкін болмаса, Премьер-Министр немесе оның орынбасары олар бойынша Үкіметтің түпкілікті шешімін қабылдау үшін тиісті заң жобаларының Үкіметтің мәжілісіне шығарылуына бастамашылық жасай алады.
74. Заң жобаларын әзірлеуші мемлекеттік органдар оларды Үкіметке енгізу кезінде нақты заң жобасын басымдықты деп қарауды айқындау немесе оны қарауды шұғыл деп жариялау туралы бір уақытта ұсыныс енгізуге құқылы. Бұл ретте заң жобасына түсіндірме жазба, оның ішінде оны басымдықты деп айқындау немесе шұғыл деп жариялау қажеттілігінің негіздемесін қамтуға тиіс.
Үкімет өзі әзірлейтін заң жобаларына қатысты Президентке нақты заң жобасын басымдықты деп қарауды айқындау немесе оны қарауды шұғыл деп жариялау туралы ұсыныс енгізеді. Бұл ретте Үкіметтің ұсынысына тиісті заң жобасы және заң жобасын Парламенттің басымдықты деп қарауды айқындауы немесе оны қарауды шұғыл деп жариялауы қажеттілігінің негіздемесін қамтитын және заң жобасының нақты мақсаттарын ашатын түсіндірме жазба мен ол шешетін міндеттер қоса берілуге тиіс.
75. Үкіметтің бастамашылығы бойынша Парламент Мәжілісінің қарауына енгізілетін заң жобаларының түпнұсқаларына міндетті түрде: заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік органның және Әділет министрлігінің басшылары, Кеңсе Басшысы және Премьер-Министр (оның міндетін атқарушы тұлға) бұрыштама соғуға тиіс. Үкімет бланкісіне шығарылған заң жобасына түсіндірме жазбаға Кеңсе Басшысы бұрыштама соғады және Премьер-Министр (оның міндетін атқарушы тұлға) қол қояды. Заң жобаларының түпнұсқаларымен бірге Парламент Мәжілісіне олардың магнитті жеткізгіштердегі көшірмелері енгізіледі.
76. Үкіметтің бастамашылығы бойынша Парламентке енгізілген заң жобалары Парламент Мәжілісінің қаулылары бойынша ғана Кеңсеге қайтарылуы мүмкін.
77. Парламент депутаттары бастамашылық жасаған, оның ішінде мемлекеттік кірістерді қысқартуды немесе мемлекеттік шығыстарды арттыруды көздейтін заң жобалары бойынша Үкімет Парламентке мемлекеттік және орыс тілдерінде қорытынды ұсынады.
Парламент депутаттары бастамашылық жасаған, Үкіметке келіп түскен заңнамалық кесімдердің жобалары Ведомствоаралық комиссияның отырысында қаралуға тиіс. Ведомствоаралық комиссия заң жобасы Кеңседе тіркелген күнінен бастап 15 күн мерзімде не Премьер-Министрдің немесе оның орынбасарының тапсырмасында белгіленген неғұрлым қысқа мерзімде депутаттар бастамашылық жасаған заң жобасын оң не өзгеше бағалау жөнінде ұсыныстар әзірлейді.
Үкімет қорытындысының жобасын Ведомствоаралық комиссияның ұсыныстарын ескере отырып, заң жобасында реттелетін қатынастар құзыретіне енетін мемлекеттік орган әзірлейді. Қорытындының жобасы мемлекеттік және орыс тілдерінде А4 форматындағы жай парақтарда дайындалады және келіп түскен күнінен бастап 3 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде міндетті түрде Әділет, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрліктерімен келісіледі (олардың басшылары бұрыштама соғады). Қажет болған кезде қорытындының жобасына әзірлеуші мемлекеттік кірістерді қысқарту немесе мемлекеттік шығыстарды арттыру бөлігіндегі қаржы-экономикалық есептерді қоса тіркейді. Қорытындының дайындалуына жауапты мемлекеттік орган осы Регламенттің 39-тармағында белгіленген тәртіппен қорытындының жобасы бойынша Үкімет мүшелерінің дауыс беруін жүргізуге және, егер Премьер-Министрдің немесе оның орынбасарының тапсырмасында өзге неғұрлым қысқа мерзім белгіленбесе, Парламент депутаттары бастамашылық жасаған заң жобасы Кеңседе тіркелген күнінен бастап 20 күн мерзімнен кешіктірмей Кеңсеге оның келісілген жобасын, оның ішінде магнитті жеткізгішпен енгізуге тиіс.
Егер Премьер-Министрдің немесе оның орынбасарының тапсырмасында бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдар көрсетілген жағдайда, осы органдар Парламент депутаттары бастамашылық жасаған заң жобасы Кеңседе тіркелген күнінен бастап 10 күн мерзімнен кешіктірмей қорытындының дайындалуына жауапты мемлекеттік органға өздерінің ұсыныстарын беруге міндетті.
78. Үкімет қорытындысының жобасына Кеңседе сараптама жүргізілгеннен кейін оның түпкілікті нұсқасын Кеңсе Премьер-Министрдің (оның міндетін атқарушы тұлғаның) қолымен Үкімет бланкісіне шығарып ресімдейді. Үкімет қорытындысы Үкімет қаулысымен немесе Үкімет мәжілісінің хаттамасымен мақұлдануы да мүмкін.
79. Үкімет енгізген заң жобаларын Парламентте ұсынушы өкілетті тұлғаларға оларды Парламент қараған кезде заңның тұжырымдамасына немесе оның құқықтық мазмұнын өзгертуге байланысты, сондай-ақ мемлекеттік кірістерді қысқартуды немесе мемлекеттік шығыстарды арттыруды көздейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізуге Үкімет басшылығының рұқсатынсыз келісім білдіруге тыйым салынады. Бұл ретте Парламентте тиісті заң жобаларын ұсынушы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары Кеңсеге көрсетілген өзгерістер мен толықтырулар туралы дереу жазбаша хабарлауға міндетті.
Парламентте тиісті заң жобаларын ұсынушы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары Үкіметтің келісуінсіз көрсетілген өзгерістер мен толықтыруларды енгізуге келіскені үшін жауапты болады.
Парламент депутаттары Үкіметпен келісілмеген көрсетілген өзгерістер мен толықтыруларды дауысқа салуға шығарған жағдайда заң жобаларын ұсынушы тұлғалар мәжілістің стенограммасында өздерінің қарсылықтарын тіркеуді талап етуге және Кеңсеге осы өзгерістер немесе толықтырулар туралы дереу хабарлауға міндетті. Үкімет бастамашылық жасаған заң жобасына Парламент енгізген тұжырымдамалық өзгерістер мен толықтыруларды заң жобасын әзірлеуші салыстырмалы кесте түрінде қысқаша түйінімен Кеңсеге жібереді, оларды Кеңсе Басшысы осы өзгерістер мен толықтырулар бойынша Үкімет бірыңғай ұстанымды анықтау үшін Әділет, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрліктеріне, сондай-ақ басқа да мүдделі мемлекеттік органдарға жібереді.
80. Үкімет енгізген заң жобаларын Парламентте ұсынушы өкілетті тұлғаны (заң жобасы бойынша баяндамашыны) ауыстыру қажет болған кезде Парламентке Премьер-Министрдің не оның орынбасарының қолымен тиісті хат жіберіледі. Бұл ретте осындай хаттардың жобаларын заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік орган дайындайды және заң жобасы Парламенттің тиісті Палатасының жалпы отырысында қаралғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей Кеңсеге енгізеді.
81. Парламентте Үкіметтің шешім жасауын бақылауды Парламенттің тиісті палаталарындағы Үкіметтің өкілдіктері (бұдан әрі - өкілдіктер) жүзеге асырады.
Өкілдіктер Премьер-Министрді, оның орынбасарын және Кеңсе Басшысын Үкімет, енгізген заң жобаларының өтуі және Парламент қарайтын әрі Үкіметтің қызметіне қатысы бар басқа да мәселелер туралы үнемі хабардар етіп отырады.
82. Үкіметтің Парламенттен заң жобасын қайтарып алуы Үкіметтің қаулысымен жүзеге асырылады, оның жобасын осы Регламентте белгіленген тәртіппен заң жобасын әзірлеуші енгізеді.
83. Парламент қабылдаған және Премьер-Министрге қолын қойып бекітуге жіберілетін барлық заңдар бойынша заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік орган (немесе оның құзыретіне орай) Әділет, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрліктерімен келісім бойынша заң қабылданған күнінен бастап үш күн мерзімде қорытынды дайындайды және Кеңсеге жібереді, онда мынадай:
1) Үкімет бастамашылық жасаған заң жобасын Парламентте қарау кезінде депутаттар енгізген өзгерістер мен толықтырулар туралы;
2) қабылданған заңда Қазақстан Республикасының Конституциясына, қолданыстағы заңнамалық кесімдерге қарама-қайшылықтардың бар екендігі туралы және оған байланысты қосымша қаржы шығыстары, экономикалық және құқықтық сандар туралы;
3) заңды Премьер-Министрдің қолымен бекітудің мүмкіндігі туралы ақпарат айтылады.
Осы тармақта көзделген рәсімдердің орындалуын бақылауды Кеңсе жүзеге асырады.
84. Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган (немесе оның құзыретіне орай) заңнамалық кесім күшіне енген күнінен бастап 15 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде Кеңсеге белгіленген тәртіппен келісілген мыналарды:
1) мемлекеттік органды (мемлекеттік органдарды) қабылдануы осы заңнамалық кесімге негізделген нормативтік құқықтық кесімдердің жобаларын әзірлеу жөніндегі жауапты орындаушы (жауапты орындаушылар) етіп белгілеуді;
2) заңнамалық кесім күшіне енген күнінен бастап екі айдан аспауы тиіс нормативтік құқықтық кесімдерді әзірлеу мен енгізудің нақты мерзімін және өкімнің жобасында қамтылатын өзге де тапсырмалардың орындалуын;
3) заңға тәуелді кесімдерді қабылдау және/немесе қабылданған заңнамалық кесімге сәйкес келтіру туралы тапсырманы көздейтін Премьер-Министр өкімінің жобасын енгізеді.
85. Заңнамалық кесіммен реттеліп қойған қатынастар бойынша заң жобаларын әзірлеу туралы ұсыныстар кейіннен Үкіметтің мәжілісінде қаралатын болып Ведомствоаралық комиссияның мәжілісінде алдын ала қаралады.
9. Прокурорлық ден қою актілерін қарау кезінде
орталық атқарушы органдардың өзара іс-қимыл жасау тәртібi
86. Премьер-Министрдің немесе оның орынбасарының тапсырмасы бойынша Үкіметтің атына жіберілген прокурорлық ден қою актілерін қарауды прокурорлық ден қою актісінің мәні болған мәселелер құзыретіне енетін мемлекеттік орган жүзеге асырады. Әділет министрлігі тиісті мемлекеттік органға құқықтық және консультациялық көмек көрсетеді.
87. Прокурорлық ден қою актісін қарау тапсырылған мемлекеттік орган Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасына (бұдан әрі - Бас прокуратура) Үкімет жауабының жобасын және қажет болған жағдайда Үкімет шешімдерінің жобаларын дайындайды, прокурорлық ден қою актісінен туындайтын өзге де шараларды қабылдайды.
Үкіметтің Бас прокуратураға жауабының жобасын жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган міндетті түрде Әділет министрлігімен, сондай-ақ прокурорлық ден қою актісін қарау туралы тапсырмада көрсетілген өзге де мемлекеттік органдармен келіседі.
Үкімет жауабының жобасын келісу оған тиісті мемлекеттік орган басшысының бұрыштама соғуы не ескертулер мен ұсыныстардың жоқтығы туралы хат жіберу жолымен жүзеге асырылады.
88. Прокурорлық ден қою актілеріне Үкіметтің келісілген жауаптарының жобалары "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген көрсетілген актілерге жауап беру мерзімі аяқталғанға дейін 5 күннен кешіктірмей Кеңсеге ұсынылады.
10. Үкіметтің кесімдерін жариялау тәртібi
89. Үкіметтің азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты кесімдері міндетті түрде ресми жариялануға тиіс.
90. Үкіметтің мемлекеттік құпияларды және өзге де заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтері бар кесімдері жариялануға жатпайды.
91. Үкіметтің қаулылары Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасының Үкіметі кесімдерінің жинағында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын және заңнамада белгіленген тәртіппен Үкіметтің қаулыларын ресми жариялауды жүзеге асыру құқығын алған мерзімді баспа басылымдарында жарияланады және теледидар мен радио арқылы халыққа жеткізілуі мүмкін.
Үкіметтің Web-сайтын ақпараттық қамтамасыз ету және Үкімет қабылдайтын шешімдер туралы ақпаратты тарату мақсатында Internet (Интернет) жаһандық желісін пайдалану жекелеген ережелермен регламенттеледі.
11. Орталық атқарушы органдардың бірінші басшылары іссапарларының тәртібi
92. Өзінің бастамашылығы бойынша немесе Мемлекет басшысының не Үкімет басшылығының тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге, сол сияқты Қазақстанның басқа қаласына (оның ішінде демалыс және мереке күндері) іссапарға шығу қажет болған жағдайда орталық атқарушы органның бірінші басшысы күнібұрын, іссапар басталғанға дейін кемінде 3 күн бұрын оның іссапарға шығуына рұқсат етуі туралы жазбаша өтінішпен Премьер-Министрдің атына жүгінуге тиіс.
Орталық атқарушы органның бірінші басшысының хатында (өтінішінде) іссапарға шығу қажеттілігінің негіздемесі және оның мерзімі келтірілуге тиіс.
Бір тәуліктен аспайтын мерзімге іссапарға шығу кезінде жазбаша өтініштің қажеті жоқ - Премьер-Министрдің ауызша келісімі жеткілікті.
93. Қажет болған жағдайда Премьер-Министрдің орталық атқарушы органның бірінші басшысын оның жазбаша өтінішінсіз-ақ қызметтік іссапарға жіберуге құқығы бар.
94. Іссапардан келгеннен кейін орталық атқарушы органның бірінші басшысы 3 жұмыс күнінен кешіктірмей іссапарда болған кезең ішінде жасалған жұмыс туралы жазбаша есеп беруге міндетті.
Есепті Премьер-Министр немесе оның тапсырмасы бойынша Премьер-Министрдің орынбасары бекітеді.
12. Орындалуын бақылау тәртібi
95. Президент, Үкімет, Премьер-Министр кесімдерінің, сондай-ақ Президенттің, Премьер-Министрдің, оның орынбасарының және Президент Әкімшілігі мен Кеңсе басшыларының тапсырмалары бар құжаттардың орындалуын бақылауды ұйымдастыру "Қазақстан Республикасының Yкіметі туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына, "Әкімшілік рәсімдер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін дайындау, келісу, қол қоюға ұсыну және Республика Президентінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылау тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 2 қазандағы № 4097 Жарлығына, "Кейбір нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 168 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінде, орталық және жергілікті атқарушы органдарда құжаттардың орындалуын бақылауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулыққа, Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасына және осы Регламентке сәйкес жүзеге асырылады.
Көрсетілген құжаттардың орындалуын бақылауды олардың орындалу барысы туралы Премьер-Министрді жүйелі түрде хабардар ететін Кеңсе жүзеге асырады.
96. Бақылау мынадай жолмен жүзеге асырылады:
1) қажетті ақпаратты талап ету;
2) орындалуы туралы есептер мен баяндамаларды тыңдау және талқылау;
3) тексеру және құжаттамалық тексерістің өзге де нысандары;
4) жергілікті жерге барып тексеру;
5) заңнамаға қайшы келмейтін басқа да тәсілдер.
97. Мынадай, оның ішінде құпия құжаттар бақылауға алынады (бұдан әрі - бақылаудағы құжаттар):
1) Үкіметке немесе оның басшылығына тапсырмалар берілетін Президенттің кесімдері;
2) мемлекеттік органдар мен ұйымдарға тапсырмалары бар Үкіметтің қаулылары, Үкімет мәжілістерінің хаттамалары, Премьер-Министрдің өкімдері;
3) орындалу мерзімі көрсетілген немесе бақылауға алу туралы нұсқаулар, "шұғыл", "баяндалсын", "ұсыныстар енгізілсін" деген белгілер бар Президенттің Үкіметке немесе оның басшылығына, Премьер-Министрдің, оның орынбасарының, Президент Әкімшілігі басшылығының Кеңсенің, Кеңсе Басшысының (оның міндетін атқарушы тұлғаның) атына тапсырмалары (оның ішінде мәжілістердің хаттамаларында және іс-шаралардың жоспарларында қамтылатындар), сондай-ақ мазмұнынан оларды бақылауға қою қажеттілігі туындайтын тапсырмалар. Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының, Кеңсе Басшысының және оның орынбасарының хаттамалық және өзге де тапсырмаларының нормативтік-құқықтық сипаты болмайды;
4) Парламент депутаттарының сауалдары, депутаттар бастамашылық жасаған заң жобаларына Үкіметтің қорытындысын беру жөніндегі өтініші бар Парламент палаталарының арнау хаттары.
98. Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттардың орындалуын бақылауды Сыртқы істер министрлігі жүзеге асырады.
99. Бақылаудағы құжаттардың уақтылы және сапалы орындалуы үшін жауапкершілік олар орындалуға жіберілген мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына жүктеледі.
100. Президент кесімдерінің орындалуына жауапты мемлекеттік органдар үш күн мерзімде оларды іске асыру жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларының жоспарын жасайды.
101. Үкімет пен Премьер-Министр кесімдерінің орындалу мерзімін Премьер-Министр не нақты кесімнің орындалуын бақылау жүктелген оның орынбасары және Премьер-Министрдің келісімі бойынша Кеңсе Басшысы мемлекеттік орган басшысының белгіленген тәртіппен енгізілген жазбаша өтініші негізінде ұзартуы мүмкін. Орындалу мерзімін ұзартуға екі реттен артық жол берілмейді.
Үкімет пен Премьер-Министрдің кесімдерін және тапсырмаларын бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдар, егер тиісті тапсырмада өзгеше белгіленбесе, оған белгіленген орындалу мерзімі аяқталғанға дейін 3 күннен кешіктірмей, ал орындалу мерзімі 5 күннен аз тапсырмалар бойынша тапсырма келіп түскен күнінен бастап бір жұмыс күні ішінде ұсыныстарды жинақтауды жүзеге асыратын мемлекеттік органға өз ұсыныстарын енгізуге міндетті.
102. Бақылаудағы құжатты оған қол қойған немесе орындалуын бақылауды талап ететін тапсырма берген лауазымды тұлға не оның міндетін атқарушы тұлға не оның тапсырмасы бойынша өзге тұлға бақылаудан алады.
Үкіметке және/немесе Кеңсеге тапсырмалары бар Президент кесімдерін бақылаудан алу және олардың орындалу мерзімін ұзарту мәселелерін Президент Әкімшілігі қарайды.
103. Президенттің жеке тапсырмаларын барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар, егер Президент өзгеше белгілемесе, тапсырма берілген күнінен бастап екі аптадан аспайтын мерзімде орындауы тиіс.
104. Президенттің және Президент Әкімшілігі басшылығының бақылаудағы тапсырмаларын оларға Премьер-Министрдің, оның орынбасарының және Кеңсе Басшысының қарарларымен бірге орталық және жергілікті атқарушы органдар, егер тапсырмаларда өзге мерзім белгіленбесе, Президент және/немесе Президент Әкімшілігінің басшылығы тапсырған күнінен бастап 25 күн мерзімнен кешіктірмей орындайды.
105. Үкімет мәжілістерінің хаттамаларында және Президентте, Үкімет басшылығында және Кеңсе Басшысында өткен кеңестердің хаттамаларында қамтылатын хаттамалық тапсырмалардың орындалу мерзімі мәжіліс (кеңес) өткен күнінен бастап есептеледі. Егер мәжілісте (кеңесте) нақты тапсырманың орындалу мерзімі аталған жағдайда, атына тапсырма берілген және өкілдері мәжіліске (кеңеске) қатысқан тиісті мемлекеттік органдар мәжілістен (кеңестен) кейін бірден, оларға мәжіліс (кеңес) хаттамасының түсуін күтпестен, тапсырмаларды орындауға кірісуге міндетті. Премьер-Министрдің, оның орынбасарының және Кеңсе Басшысының тапсырмалары, егер тапсырмаларда өзге мерзім белгіленбесе, тапсырма берілген күнінен бастап бір ай мерзімнен кешіктірмей, ал "шұғыл" немесе "жеделдетіңіз" деген белгі болған кезде 10 күн мерзімде орындалады.
Премьер-Министрдің немесе оның орынбасарының Парламент депутаттарының сауалдарына жауаптар және Парламент депутаттары бастамашылық жасаған заң жобаларына қорытындылардың жобаларын дайындау туралы тапсырмалары, егер тапсырмаларда өзге неғұрлым қысқа мерзім белгіленбесе, тиісінше сауал Кеңседе тіркелген күнінен бастап 25 күн және заң жобасы тіркелген күнінен бастап 20 күн мерзімнен кешіктірмей орындалады.
Егер Yкіметтің, Премьер-Министрдің, оның орынбасарының және Кеңсе Басшысының хаттамалық тапсырмаларында және Yкімет пен Премьер-Министрдің кесімдерінде, сондай-ақ іс-шаралар жоспарларында нақты орындалу мерзімі көрсетілмеген және олардың мазмұнынан олардың орындалуы ұзақ уақытты (тұрақты, бір жыл ішінде және т.с.с.) талап ететіні туындаған не олардың мазмұнынан орындалу мерзімі туралы бір мәнді қорытынды жасау қиын болған жағдайда, сондай-ақ даулы жағдайларда, осындай тапсырмаларды бақылауға алу қажеттігін, оларды орындаудың нақты мерзімін белгілеуді Кеңсе айқындайды және орындалуына жауапты мемлекеттік органдарға дереу жеткізеді.
Егер тапсырманың белгіленген мерзімде орындалуы мүмкін болмаса, онда тапсырманың орындалуына жауапты мемлекеттік органның басшысы кешіктірілуінің себептері туралы хабарлауға және белгіленген тәртіппен оның орындалу мерзімін ұзарту туралы өтініш жасауға тиіс. Тапсырманың орындалу мерзімін ұзартуға екі реттен артық жол берілмейді. Белгіленген орындалу мерзімін ауыстыру туралы ұсыныстар екі реттен артық енгізілген кезде мемлекеттік органдардың басшылары бір уақытта жазалау туралы бұйрықтың көшірмесін қоса бере отырып, орындаудың ұзартылған мерзімін бұзуға жол берген лауазымды тұлғаларға қолданылған тәртіптік жауапкершілік шаралары туралы ақпарат ұсынуға тиіс.
Бақылаудағы құжаттарды орындаудың белгіленген мерзімін бұзу және оларды сапасыз орындау тәртіптік теріс қылық болып табылады. Бақылаудағы құжаттарды орындаудың мерзімін бұзу және/немесе сапасыз орындау фактілері бойынша орындалуына жауапты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының бұйрықтарымен "Қазақстан Республикасының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне тәртіптік жаза қолдану ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 31 желтоқсандағы № 321 Жарлығыменбелгіленген тәртіппен кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылады.
106. Бақылаудағы, оның ішінде құпия құжаттардың орындалуына жауапты мемлекеттік органдар Кеңсеге:
1) Үкімет пен Премьер-Министрдің кесімдерінде өзгеше белгіленбесе, бақылаудағы құжаттарды орындаудың белгіленген мерзімі аяқталғаннан кейін әрбір бақылаудағы құжаттың не оның нақты тармақтарының орындалуы туралы есепті;
2) есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-күніне атқарушылық тәртіптің жай-күйі және жазалау туралы бұйрықтың көшірмесін қоса бере отырып, бақылаудағы құжаттарды орындау мерзімінің бұзылуына немесе олардың сапасыз орындалуына кінәлі нақты лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту жөнінде қабылданған шаралар туралы ақпаратты ұсынады.
107. Мыналарды бақылаудан алу не орындалу мерзімін өзгерту туралы шешім қабылдау:
1) Президенттің тапсырмалары, оның ішінде Президенттің кесімдерінде, оның қатысуымен өткен кеңестердің (мәжілістердің) хаттамаларында және Президент немесе Президент Әкімшілігінің Басшысы бекіткен іс-шаралар жоспарларында қамтылатын тапсырмалар тиісінше Президенттің немесе Президент Әкімшілігі Басшысының не оның міндетін атқарушы тұлғаның қарары бойынша;
2) Президент Әкімшілігі басшылығының тапсырмалары, оның ішінде Президент Әкімшілігінің басшылығында өткен кеңестердің хаттамаларында және ол бекіткен іс-шаралар жоспарларында қамтылатын тапсырмалар Әкімшілік Басшысының немесе тапсырма берген тұлғаның қарары бойынша;
3) тапсырмалар, оның ішінде Үкімет пен Премьер-Министрдің кесімдерінде, Үкімет мәжілістерінің және Премьер-Министрде өткен кеңестердің хаттамаларында қамтылатын тапсырмалар Премьер-Министрдің немесе оның келісімі бойынша Кеңсе Басшысының не оның міндетін атқарушы тұлғаның қарары бойынша;
4) Премьер-Министр орынбасарының тапсырмалары, оның ішінде ол өткізген кеңестердің хаттамаларында және ол бекіткен іс-шаралар жоспарларында қамтылатын тапсырмалар Премьер-Министр орынбасарының қарары бойынша;
5) Кеңсе Басшысының тапсырмалары, оның ішінде Кеңсе Басшысында өткен кеңестердің хаттамаларында және ол бекіткен іс-шаралар жоспарларында қамтылатын тапсырмалар Кеңсе Басшысының не оның міндетін атқарушы тұлғаның қарары бойынша жүзеге асырылады.
108. Бақылаудағы, оның ішінде құпия сипаттағы тапсырмалардың орындалуына жауапты мемлекеттік органдар Кеңсеге жіберетін олардың орындалуы туралы есептерде белгіленген орындалу мерзіміне сәйкес міндетті түрде мыналар қамтылуы тиіс:
1) егер объективті себептермен тапсырманың белгіленген мерзімде орындалуы мүмкін болмаса, жаңа нақты мерзімін көрсете отырып не орындау мерзімін ұзарту туралы өтініш;
2) егер тапсырма толық көлемде орындалған болса, не бақылаудан алу туралы өтініш;
3) егер тиісті кесіммен немесе тапсырмамен мерзімді ақпарат ұсыну көзделген болса, не құжаттың ақпарат беру тәртібімен енгізіліп отырғаны туралы жазба.
109. Іс-шаралар жоспарлары мен Премьер-Министр, оның орынбасары мен Кеңсе Басшысы тапсырмаларының, оның ішінде Үкімет қаулыларының және Премьер-Министр өкімдерінің жобаларын енгізуді көздейтін хаттамалық тапсырмаларының нақты тармақтарын бақылаудан алу үшін тиісті қаулы немесе өкім қабылдау негіз болып табылады.
110. Премьер-Министрдің орынбасары мен Кеңсе Басшысы осы Регламенттің талаптарын, оның ішінде бақылаудағы құжаттарды орындау тәртібін өрескел бұзу фактілері бойынша Премьер-Министрге кінәлі лауазымды тұлғаларды тәртіптік жауапкершілікке тарту жөнінде ұсыныстар енгізе алады.
111. Премьер-Министрдің орынбасары, Кеңсе Басшысы және оның орынбасарлары осы Регламент талаптарының қатаң сақталуын қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің Регламентіне
1-қосымша
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына
ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
______________________________________________________
жобаның атауы
Р/с № | Түсіндірме жазбада көрсетілуге тиіс мәліметтердің тізбесi | Әзірлеушi мемлекеттік органның ақпараты |
1. | Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган |
|
2. | Жобаны қабылдау қажеттігінің негіздемесi |
|
3. | Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарлар |
|
4. | Жобаны іске асыруға байланысты болжанатын қаржылық шығындар |
|
5. | Жобаны, қабылдаудың нақты мақсаттары, күтілетін нәтижелердің мерзімі және болжанатын тиімділігi |
|
6. | Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған кесімдері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер |
|
7. | 3аңнаманы кейіннен жобаға сәйкес келтіру қажеттігi |
|
8. | Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша сараптама (құқықтық, экономикалық, экологиялық, қаржылық және басқа да) жүргізілген жағдайда оның нәтижелерi |
|
9. | Өзге де мәліметтер |
|
Мемлекеттік органның
бірінші басшысы _________/________________________
қолы қолдың толық жазылуы
_____________
Күні
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің Регламентіне
2-қосымша
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасы бойынша
Yкімет мүшелерінің дауыс беру нәтижелерін
ЕСЕПКЕ АЛУ ПАРАҒЫ
1. ______________________________________________________
жобаның атауы
2. Дауыс беру нәтижелері:
Р/с № | Үкімет мүшесінің лауазымы | Дауыс берді:* | Дауыс берген жоқ | |
1. |
| ия | жоқ |
|
2. |
|
|
|
|
... |
|
|
|
|
17. |
|
|
|
|
| Дауыс берген Үкіметі мүшелерінің барлығы |
|
|
|
Мемлекеттік органның
бірінші басшысы _________/________________________
қолы қолдың толық жазылуы
_____________
күні
________________________
* Тиісті сандар қойылатын «Дауыс берген Үкімет мүшелерінің барлығы» деген жолды қоспағанда, 2-тармақтың «Дауыс берді» және «Дауыс берген жоқ» деген бағандарында тиісінше «+» немесе «-» белгілері қойылады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің Регламентіне
3-қосымша
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
__________________________
Аты-жөнi
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіндегi
сараптама нәтижелері бойынша
___________________________________________________________
жобаның атауы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына
ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі (бұдан әрi
- Кеңсе) ___________________________________________________________
резидент немесе Үкімет кесімінің атауы,
____________________________________________________________________
тармағының нөмірі, оның қабылданған күні не тапсырманы кім
________________________________________ сәйкес немесе бастамашылық бергені, оның нөмірі мен күні көрсетіледi
жасау тәртібімен ___________________________________________________
жобаны әзірлеуші мемлекеттік органның атауы
енгізген ___________________________________________________________
жобаның атауы
қаулының жобасын қарап, мынаны хабарлайды.
Осы қаулы жобасын (бұдан әрі - жоба) қабылдау қажеттігi
_____________________________ негізделген.
негіздемесі көрсетіледi
Жобаны дайындау кезінде Үкімет Регламентінің талаптары сақталған (сақталмаған) (егер қандай да бір бұзушылықтар бар болса, онда олар Регламенттің нақты тармақтарына сілтеме көрсетіле отырып жазылады).
Жобаны қабылдау үшін_____, қарсы _____Үкімет мүшесі дауыс берді, ____ Үкімет мүшесі дауыс берген жоқ.
Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық
және/немесе құқықтық салдар________________________________________.
ықтимал салдарлар көрсетіледi
Жобаны іске асыруға байланысты болжанатын қаржылық шығындар республикалық бюджетте көзделген (көзделмеген) _______ теңге бюджет
қаражатын талап етеді және/немесе республикалық бюджеттен және/немесе басқа қаржыландыру көздерінен қосымша қаржы бөлудi талап етеді (талап етпейді).
Жобаны Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінде сараптау нәтижелерi бойынша мазмұндық және құқықтық сипаттағы, оның ішінде заңдық техника бойынша ескертулер (ескертулер егжей-тегжейлі жазылады) болды (болған жоқ), оларды (мұндай факт болған кезде) әзірлеушi жобаны пысықтау кезінде жойды (жойған жоқ).
Бұдан басқа,__________________________________________________
қажет болған кезде басқа қосымша мәліметтер
келтіріледi
Жобаны қабылдау_______________________________________________
____________________________________________________________________
жобаны қабылдаудан күтілетін нәтижелер және болжанатын тиімділігі
______________ мүмкіндік береді.
көрсетіледi
Баяндалғанға байланысты жобаны қабылдауға (кері қайтаруға не оны пысықтауға немесе қосымша келісуге жіберуге) болады деп пайымдаймыз.
Премьер-Министр
Кеңсесінің Басшысы _________/________________________
қолы қолдың толық жазылуы
_____________
күні