«Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2002 жылғы 11 қаңтардағы № 41 қаулысына
толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 27 ақпандағы № 131 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2007 ж. 29  желтоқсандағы № 1400 Қаулысымен   2008 жылғы 1 қаңтардан бастап  күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметші емес қызметкерлеріне және қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қаңтардағы № 41 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2002 ж., № 2-3, 14-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметші емес қызметкерлері мен қазыналық кәсіпорындар қызметкерлер лауазымдарының санаттар бойынша тізілімінде:

Ғ санатының тобы мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік орталық мұражайы»;

«Ә.Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік өнер мұражайы»;

«Қазақстан Республикасының Президенттік мәдениет орталығы»;

«Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы».

2. Осы қаулы 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

Д. Ахметов