Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан
зардап шеккен азаматтарға біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеудің және оларға куәлік берудің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 20 ақпандағы № 110 Қаулысы

(2022.16.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

ҚР Үкіметінің 2011.06.04. № 378 Қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)

 

ҚР Үкіметінің 2006.29.12. № 1319 Қаулысымен кіріспе өзгертілді (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2022.16.03. № 128 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

«Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

ҚР Үкіметінің 2011.06.04. № 378 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Қоса беріліп отырған Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, оларға біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу және жеңілдіктер мен өтемақы алу құқығын растайтын куәлік беру ережесі (бұдан әрі - Ереже) бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі:

1) Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен зейнеткерлерге, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушыларға;

ҚР Үкіметінің 2006.29.12. № 1319 Қаулысымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

2) жұмыс істейтін және жұмыс істемейтін, 1949 жылдан бастап 1990 жыл кезеңінде радиациялық қатер аймақтарында және жеңілдетілген әлеуметтік-экономикалық мәртебесі бар аумақта тұратын және тұрған азаматтарға біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы (бұдан әрі - өтемақы) төлеуді қамтамасыз етсін.

3. «Қазақстан Халықтық жинақ банкі» акционерлік қоғамы (келісім бойынша):

1) 2006 жылғы 1 наурызға дейінгі мерзімде аудандардың (қалалардың) әкімдеріне:

салымшының тегін, атын, әкесінің атын, туған күнін, өтемақы сомасын көрсете отырып, өтемақы төлеу жүргізілмеген не ішінара жүргізілген азаматтардың қолданыстағы теңгерімнен тыс арнайы шоттарының тізілімін;

салымшының тегін, атын, әкесінің атын, туған күнін, төленген өтемақы сомасы мен күнін көрсете отырып, өтемақы төлеу толық жүргізілген азаматтардың жабылған теңгерімнен тыс арнайы шоттарының тізілімін берсін;

2) жергілікті атқарушы органдарға олардың сұрау салуы бойынша азаматтарға өтемақы төленгені туралы ақпарат ұсынсын.

4. «Қазпочта» акционерлік қоғамы (келісім бойынша):

1) 2006 жылғы 1 наурызға дейінгі мерзімде өтемақы алушының тегін, атын, әкесінің атын, туған күнін, төленген өтемақы сомасын көрсете отырып, 1993 жылғы 1 қаңтардан бастап 2005 жылғы 31 желтоқсан кезеңінде өтемақы төленгені туралы қалалар мен аудандар бөлінісіндегі азаматтардың электронды және қағаз жеткізгіштердегі тізімдерін аудандардың (қалалардың) әкімдеріне берсін;

2) жергілікті атқарушы органдарға олардың сұрау салуы бойынша азаматтарға өтемақы төленгені туралы ақпарат ұсынсын.

ҚР Үкіметінің 2011.06.04. № 378 Қаулысымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2022.16.03. № 128 Қаулысымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

5. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (қалалардың) әкiмдерi:

1) арнайы комиссиялар құрсын және Ережеге сәйкес Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу және есепке алу және оларға жеңілдіктер мен өтемақы алу құқығын растайтын куәлік беру жөнiндегi жұмысты қамтамасыз етсiн;

2) қажеттілікті ескере отырып, Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шегушілердің жеңілдіктер мен өтемақы алу құқығын растайтын куәліктерді дайындауға жыл сайын қаражат көздесін;

3) азаматтарға өтемақыны қайталап төлеу фактiлерiне жол бермеу жөнiнде шаралар қабылдасын.

6. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

1) «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақ салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын күшіне енгізу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1992 жылғы 22 желтоқсандағы № 1788-XII қаулысын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 26 мамырдағы № 431 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1993 ж., № 18, 22-құжат);

2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 3 сәуірдегi № 397 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2002 ж., № 10, 98-құжат);

3) «Иондаушы сәулелендіру әсеріне байланысты аурулардың тізбесін және иондаушы сәулелендіру әсері бар аурулардың себептік байланысын анықтау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 қаңтардағы № 34 қаулысының 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2004 ж., № 1, 18-құжат).

7. Осы қаулы 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д. Ахметов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2006 жылғы 20 ақпандағы

№ 110 қаулысымен

бекітілген

 

 

ҚР Үкіметінің 2011.06.04. № 378 Қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)

Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, оларға

біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу және жеңілдіктер мен өтемақы алу құқығын растайтын куәлік беру

ережесi

 

ҚР Үкіметінің 2011.06.04. № 378 Қаулысымен кіріспе өзгертілді (бұр.ред.қара)

Осы Ереже Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды (бұдан әрі - азаматтар) тіркеудің, ядролық сынақтар келтірген залал үшін оларға біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы (бұдан әрі - өтемақы) төлеудің және жеңілдіктер мен өтемақы алу құқығын растайтын куәлік (бұдан әрі - куәлік) берудің тәртібін айқындайды.

 

ҚР Үкіметінің 2022.16.03. № 128 Қаулысымен 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1-тарау. Жалпы ережелер

 

ҚР Үкіметінің 2007.30.04. № 352 Қаулысымен (2010 жылғы 13 тамыздан бастап енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.06.04. № 378 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2016.14.04. № 215 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2022.16.03. № 128 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді

1. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) уәкілетті мемлекеттік орган - халықты әлеуметтік қорғау саласындағы орталық атқарушы орган;

2) өтемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті орган - уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелері;

3) өтемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi ұйым - өтемақы төлеудi жүзеге асыратын ұйым («Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы);

4) өтемақы беру жөніндегі уәкілетті ұйым - екінші деңгейдегі банктер немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыруға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және (немесе) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы бар ұйымдар;

5) арнайы комиссиялар - Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу, оларға жеңілдіктер және өтемақы алу құқығын растайтын куәлікті беру үшін аудандар (қалалар) әкімдерінің шешімдерімен құрылатын комиссиялар;

6) азаматтарды тiркеу және есепке алу жөнiндегi жұмысты үйлестiруге арналған арнайы комиссиялар – Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу және есепке алу жөнiндегi жұмысты үйлестiру, даулы мәселелердi шешу үшiн облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана әкiмдерiнiң шешiмдерiмен құрылатын комиссиялар.

Арнайы комиссиялардың, азаматтарды тiркеу және есепке алу жөнiндегi жұмысты үйлестiруге арналған арнайы комиссиялардың жұмыс органы облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана, аудандар (қалалар) әкiмдерiнiң шешiмдерiмен айқындалады;

7) iс қағазының макетi – азаматтың осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiштi, жеке басын куәландыратын құжаттарды, 1949 жылдан бастап 1965 жылға дейінгі, 1966 жылдан бастап 1990 жылға дейінгі кезеңдерде Семей ядролық сынақ полигоны аумағында тұру (жұмыс iстеу, әскери қызмет) фактiсi мен кезеңiн растайтын құжаттар қамтылатын өтемақы алуға арналған жеке iс қағазының макетi.

 

 

ҚР Үкіметінің 2011.06.04. № 378 Қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2022.16.03. № 128 Қаулысымен 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2-тарау. Азаматтарды тiркеу және оларға куәлік беру тәртiбi

 

2. Іс қағазының макеттерін қалыптастыру және 1949-1965, 1966-1990 жылдарда радиоактивтік ластануға ұшыраған аумақтарда тұратын, тұрған, жұмыс істеген немесе қызмет өткерген (оның ішінде мерзімді) азаматтардың өтініштерін қабылдау үшін меншік нысандарына қарамастан, кәсіпорындарда, ұйымдар мен мекемелерде комиссиялар құрылады.

Комиссияның құрамына әкімшіліктің, қызметкерлердің және басқа да тұлғалардың өкілдері кіруі мүмкін.

ҚР Үкіметінің 2006.29.12. № 1319 Қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

3. Іс қағазының макеттерін қалыптастыру:

1) жұмыс істейтін азаматтарға (зейнеткерлерден басқа) - негізгі жұмыс орны бойынша;

2) зейнеткерлерге (жұмыс істейтін зейнеткерлерді қоса алғанда), мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушыларға, жұмыс істемейтін азаматтарға - жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдарында;

3) ішкі істер, ұлттық қауіпсіздік органдарының, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің және басқа да әскери құралымдардың зейнеткерлеріне - зейнетақы тағайындалған жері бойынша;

4) медициналық-әлеуметтік мекемелердің, медициналық-әлеуметтік ұйымдардың қамқорындағыларға - тиісті мекемелердегі тұратын жері бойынша;

5) бас еркінен айыру орындарында жазасын өтеп жүрген азаматтарға - еңбекпен түзеу мекемелерінің әкімшіліктерінде жүргізіледі.

Іс қағазының макеттері мен өтініштер осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Азаматтардың өтініштері мен іс қағазының макеттерін тіркеу журналына тіркеледі.

Егер жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдары арнайы комиссиялардың жұмыс органы болып белгіленген жағдайда, зейнеткерлердің (жұмыс істейтін зейнеткерлерді қоса алғанда), мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылардың, жұмыс істейтін және жұмыс істемейтін азаматтардың іс қағаздарының макеттерін тіркеу 4-қосымшаға сәйкес Біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы алу үшін азаматтарды тіркеу журналында жүзеге асырылады.

Азаматтардың өтемақы тағайындау туралы жеке өтініш беруге мүмкіндігі болмаған жағдайда, олар белгіленген тәртіппен берілген сенімхат негізінде өтемақы тағайындау туралы өтінішпен және қажетті құжаттармен өтініш беру үшін басқа адамдарға уәкілеттік беруге құқылы.

ҚР Үкіметінің 2006.19.09. № 880 (бұр.ред.қара); 2006.29.12. № 1319 (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) Қаулыларымен 4-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2011.06.04. № 378 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.04.04. № 322 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді

4. Бұрын берілген куәлікпен және осы Ережеде белгіленген тәртіппен берілген куәлікпен қатар, мыналар тиісті радиациялық қатер аймақтарында тұру фактісін және кезеңін растайтын құжаттар болып табылуы мүмкін:

1) мұрағат анықтамалары, Халық депутаттарының ауылдық, кенттік кеңесінің, тұрғын үй-пайдалану басқармаларының, үй басқармаларының, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдерінің, пәтер иелері кооперативтерінің анықтамалары;

2) еңбек кітапшасы;

3) оқу орнын бітіргені туралы диплом;

4) әскери билет;

5) туу туралы куәлік, орта білім туралы аттестат, негізгі мектепті бітіргені туралы куәлік;

6) ҚР Үкіметінің 2006.29.12. № 1319 қаулысымен алып тасталды (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

5. Ұсынылатын анықтамалар фирмалық бланкілерде орындалуы немесе олардың тіркеу нөмірі мен берілген күні көрсетілген бұрыштама мөртабаны болуы тиіс. Оларда оның негізінде анықтама беру жүргізілген құжат, берген ұйымның мөрімен куәландырылған анықтамаға қол қойған адамның лауазымы, тегі және аты-жөні көрсетіледі.

6. Қарулы Күштерде, ішкі істер және ұлттық қауіпсіздік органдарында қызмет өткерген, Семей ядролық сынақ полигоны аумағындағы ядролық жарылыстардың салдарларын жоюға қатысқан адамдар тиісті анықтаманы қорғаныс, ішкі істер, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің органдарынан алуына болады.

7. Егер тұру фактісі мен кезеңін растайтын мұрағаттық және өзге де құжаттар сақталмаса, онда азамат өзінің ядролық сынақтар әсеріне ұшыраған аумақта тұрғанының заңды фактісі мен кезеңін анықтау туралы өтінішпен тұрғылықты жері бойынша сотқа жүгіне алады.

8. Шаруашылық кітаптарына сәйкес берілген мұрағат анықтамаларында күні мен айы көрсетілмей, тұрған жылы ғана көрсетілген жағдайда, анықтамада көрсетілген тұру кезеңі толығымен тұру жылына есептеледі.

ҚР Үкіметінің 2022.16.03. № 128 Қаулысымен 9-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

9. Кәсiпорындардың, ұйымдардың, мекемелердiң комиссиялары қалыптастырылған iс қағаздарының макеттерiн құжаттар алынған күннен бастап бес жұмыс күні iшiнде осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес тiзiм бойынша арнайы комиссияларға жiбередi.

Арнайы комиссияларға құжаттардың түпнұсқалары және көшiрмелері ұсынылады. Көшiрме мен түпнұсқаның сәйкестiгiн арнайы комиссияның уәкiлеттi мүшесi куәландырады.

ҚР Үкіметінің 2006.29.12. № 1319 Қаулысымен 10-тармақ өзгертілді (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2022.16.03. № 128 Қаулысымен 10-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

10. Іс қағаздарының макеттерi келiп түскен кезде арнайы комиссиялар жиырма жұмыс күнінен аспайтын мерзiмде:

1) азаматтардың iс қағаздары макеттерiн осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бiржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақы алу үшiн азаматтарды тiркеу журналына (бұдан әрi – журнал) тiркеудi;

2) iс қағазының макетi ресiмделген азаматқа өтемақының төлену (төленбеу) фактiсiн тексерудi:

«Қазақстан халықтық жинақ банкi» акционерлiк қоғамының (бұдан әрi – банк), «Қазпошта» акционерлiк қоғамының тiзiмдерiн (тiзiлiмдерiн) салыстырып тексерудi;

қажет болған кезде банкке немесе «Қазпошта» акционерлiк қоғамына азаматтарға өтемақы төленгенi туралы ақпарат сұратуды;

аудандар (қалалар) әкiмдiктерiнiң 1993 жылдан бастап төлеу сәтiне дейiнгi кезең iшiнде өтемақы төлеуге арналған тiзiмдерiмен салыстырып тексерудi;

3) осы Ережеге 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен Қазақстан Республикасының азаматтарын тiркеу (тiркеуден бас тарту) туралы шешiм (бұдан әрi – шешiм) қабылдауды жүргiзедi.

Азаматтың өтемақы сомалары бюджет қаражатымен расталмағандықтан, ол бойынша өтемақыны есептеу жүргiзiлмеген теңгерiмнен тыс арнайы шоты болған кезде арнайы комиссия шешiмде банктегi мұндай шотты жабу қажеттiгi туралы көрсетедi және бұл мәлiметтердi банкке тiзiм бойынша бередi.

ҚР Үкіметінің 2006.19.09. № 880 Қаулысымен 10-1-тармақпен толықтырылды

10-1. Тексеру қорытындысы бойынша іс-қағаз макеті ресімделген Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматқа өтемақы төлеу фактісі анықталған жағдайда, осы Ережеге 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша азаматты тіркеуден бас тарту туралы шешім қабылданады.

11. Қосымша сұрау салулар, тексерулер жүргізу қажет болған жағдайларда, арнайы комиссиялардың іс қағаздарының макеттерін қарау мерзімін оның төрағасы бір айдан аспайтын мерзімге ұзартуы мүмкін.

ҚР Үкіметінің 2011.06.04. № 378 Қаулысымен 12-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2022.16.03. № 128 Қаулысымен 12-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

12. Арнайы комиссиялар журнал деректерiнiң негiзiнде шешiм қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні iшiнде осы Ережеге 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша комиссияның төрағасы куәландырған тiзiмдердi жасайды, олар жеке iс қағаздары макеттерiмен және арнайы комиссиялардың шешiмдерiмен бiрге өтемақы төлеу жөнiндегi уәкілеттi органның аудандық (қалалық) бөлiмшелерiне жiберiледi.

Комиссия төрағасы растаған тізімге сәйкес бес жұмыс күні ішінде арнайы комиссия азаматқа осы Ережеге 6-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша куәлік береді.

ҚР Үкіметінің 2022.16.03. № 128 Қаулысымен 13-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

13. Арнайы комиссиялар тiркемеген азаматтардың iс қағаздарының макеттерi олар шешiм қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күні iшiнде қайтарылу себептерi мен арнайы комиссиялардың ұсынымдары көрсетiле отырып, кәсiпорындардың, ұйымдардың, мекемелердiң комиссияларына тiзiм бойынша қайтарылады.

14. Өтініш беруші арнайы комиссиялардың әрекеттері мен Шешімдеріне азаматтарды тіркеу және есепке алу жөніндегі жұмысты үйлестіруге арналған арнайы комиссияларға не сот тәртібімен шағымдана алады.

 

ҚР Үкіметінің 2022.16.03. № 128 Қаулысымен 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3-тарау. Өтемақыны тағайындау және төлеу тәртiбi

 

15. Өтемақы төлеу жөніндегі уәкілетті органның аудандық (қалалық) бөлімшелері келіп түскен іс қағаздары макеттерін тиісті журналға тіркейді және осы Ережеге 7-қосымшаға сәйкес нысанда бойынша Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға өтемақы тағайындау туралы шешімдердің жобаларын дайындайды.

ҚР Үкіметінің 2006.29.12. № 1319 Қаулысымен 16-тармақ өзгертілді (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2022.16.03. № 128 Қаулысымен 16-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

16. Өтемақы тағайындау үшiн өтемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi ұйымның аудандық (қалалық) бөлiмшелерiнiң жұмыскерлерi өтемақы тағайындау туралы шешiмдердiң жобаларын қоса бере отырып, iс қағаздарының макеттерiн алған күннен бастап бес жұмыс күні iшiнде өтемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi ұйымның облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана филиалдары арқылы өтемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi органға жiбередi.

Ic қағазының макетiн дайындау барысында теңгерiмнен тыс арнайы шотта есепте тұрған не нақты төленген өтемақы сомасы анықталған жағдайда өтемақы тағайындау туралы шешiмдердiң жобасында анықталған өтемақы сомасы қосылмай (теңгерiмнен тыс шотта нақты есепте тұрған не төленген) төленетiн сома көрсетiледi, бұл ретте:

1) төленетiн өтемақының есебi былайша жүргiзiледi:

аударылған соманың күнi бойынша теңгерiмнен тыс арнайы шотқа аударылған өтемақы сомасының есебi не өтемақы төлеу жүргiзiлген айлық есептiк көрсеткiш анықталады;

теңгерiмнен тыс арнайы шотқа бұрын аударылған не нақты төленген өтемақы сомасы бұрын есептеу жүргiзiлген айлық есептiк көрсеткiштер санына ауыстырылады;

төлеу сәтiнде қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiштiң шамасын негiзге ала отырып есептелген өтемақы сомасы мен оны төлеу (аудару) сәтiнде қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiштердің санына ауыстырылған, нақты аударылған (төленген) өтемақы арасындағы айырма түрiнде есептелген өтемақы төленуге қойылады;

2) өтемақыны немесе оның бұрын Банкке нақты аударылған бөлiгiн төлеудi Банк тiкелей жүзеге асырады.

ҚР Үкіметінің 2006.29.12. № 1319 Қаулысымен (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2011.06.04. № 378 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 17-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2022.16.03. № 128 Қаулысымен 17-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

17. Ядролық сынақтардың салдарынан зардап шегушiлер деп танылған және арнайы комиссиялар тiркеген азаматтарға өтемақыны тағайындау «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған радиациялық қатер аймақтары, жеңiлдетiлген әлеуметтiк-экономикалық мәртебесi бар аумақтар бойынша, оған қол қойылған сәттен бастап Қазақстан Республикасының аумақтық-әкiмшiлiк құрылымында болған өзгерiстерге қарамастан, Семей ядролық сынақ полигонының аумағында 1949 жылдан бастап 1965 жылға дейінгі және 1966 жылдан бастап 1990 жылға дейінгі кезеңде толық тұрған әр жыл үшiн жүргiзiледi.

ҚР Үкіметінің 2022.16.03. № 128 Қаулысымен 18-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

18. Өтемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi органдар он жұмыс күні iшiнде осы Ережеге 7-қосымшаға сәйкес өтемақы тағайындау туралы шешiм қабылдайды және оларды iс қағаздарының макеттерімен қоса өтемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi ұйымның облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана филиалдары арқылы өтемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi ұйымның аудандық (қалалық) бөлiмшелерiне жiбередi.

ҚР Үкіметінің 2022.16.03. № 128 Қаулысымен 19-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

19. Өтемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi ұйымның аудандық (қалалық) бөлiмшелерi өтемақы тағайындау туралы шешiмдердiң негiзiнде өтемақы төлеуге арналған қаражат қажеттiлiгiн жасайды және оны өтемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi ұйымның облыстық, республикалық маңызы бар қалалар, астана филиалдарына ұсынады.

Өтемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi ұйымның облыстық, республикалық маңызы бар қалалар, астана филиалдары жиынтық қажеттiлiктi уәкiлеттi мемлекеттiк органға ай сайын 25-күнге дейiн жiбередi.

20. Уәкілетті мемлекеттік орган тиісті жылға арналған міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспары шегінде ұсынылған қажеттілікке сәйкес өтемақы төлеуге арналып көзделген қаражатты бөледі және өтемақы төлеу жөніндегі уәкілетті ұйымның шотына аударады.

ҚР Үкіметінің 2022.16.03. № 128 Қаулысымен 21-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

21. Өтемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi ұйым бөлiнген қаражатқа және төлеу тәртiбiне сәйкес облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бөлiнiсiнде өтемақы төлеу кестесiн жасайды.

22. Өтемақыны төлеу өтемақы алушылардың таңдауы бойынша өтемақы беру жөніндегі уәкілетті ұйымдардағы олардың жеке шоттарына қаражат аудару жолымен жүзеге асырылады.

ҚР Үкіметінің 2008.15.08 № 747 Қаулысымен 22-1-тармақпен толықтырылды

22-1. Бас бостандығының айыру орындарында жазасын өтеп жүрген адамдарға өтемақы төлеу сотталғандардың жазасын өткеру жері бойынша мемлекеттік мекеменің жеке немесе заңды тұлғаның мемлекеттік мекемеге алғашқы талап ету бойынша немесе қандай да бір мерзімнен кейін, толық немесе бөліп-бөліп, алдын ала келісілген үстемеақысымен не онсыз, тікелей жеке немесе заңды тұлға қайтаруға не тиісті республикалық немесе жергілікті бюджеттерге берілуге тиіс болу-болмауына қарамастан, оларды номиналды түрінде қайтару шарттарымен беретін ақша бойынша операцияларды есепке алу үшін қолма-қол ақшаны бақылау шоттарына қаражатты аудару жолымен жүргізіледі (бұдан әрі - жеке және заңды тұлғалардың ақшасын уақытша орналастыру ҚБШ).

Мемлекеттік мекеменің жеке және заңды тұлғалардың ақшасын уақытша орналастыру ҚБШ-сына қаражат түскен кезде қылмыстық-атқару жүйесінің мемлекеттік мекемесі өтемақы сомасын сотталғандардың жеке шоттарына аударады, бұл ретте өтемақы сомасынан ұстаулар жүргізілмейді.

Сотталғандардың жеке шоттарына есепке алынған өтемақы сомалары бойынша өтемақы төлеу жөніндегі уәкілетті ұйым мен қылмыстық-атқару жүйесінің мемлекеттік мекемесі арасында салыстырып тексеру актілері жасалады.

23. Төленген сомалар бойынша өтемақы төлеу және беру жөніндегі уәкілетті ұйымдардың арасында ай сайын салыстырып тексеру актілері жасалады.

Өтемақы төлеу жөніндегі қызметтерге ақы төлеу өтемақы төлеу және беру жөніндегі уәкілетті ұйымдардың арасында заңнамада белгіленген тәртіппен жасалған шарттың негізінде жүргізіледі.

ҚР Үкіметінің 2011.06.04. № 378 Қаулысымен 24-тармақпен толықтырылды

24. Бұрын куәлік алмаған азаматтар оны арнайы комиссияға тиісті радиациялық қатер аймақтарында тұру фактісін және кезеңін растайтын құжаттарды қоса отырып, осы Ережеге 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш беру арқылы алуға құқылы.

Азаматтардың тиісті радиациялық қатер аймақтарында тұру фактісі және кезеңі расталған жағдайда арнайы комиссия бес жұмыс күні ішінде азаматқа өтемақы алу құқығын іске асыру туралы белгісі бар куәлікті береді.

ҚР Үкіметінің 2011.06.04. № 378 Қаулысымен 25-тармақпен толықтырылды

25. Куәлігі жоғалған жағдайда, оның иесі арнайы комиссияға жоғалту және телнұсқасын беру туралы осы Ережеге 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді. Өтінішке тиісті радиациялық қатер аймақтарында тұру фактісін және кезеңін растайтын құжаттар қоса беріледі. Арнайы комиссия өтініш берілген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей азаматқа «Телнұсқа» деген мөртабан басылатын куәліктің телнұсқасын береді.

ҚР Үкіметінің 2011.06.04. № 378 Қаулысымен 26-тармақпен толықтырылды

26. Куәлікті, оның ішінде оның телнұсқасын беруді арнайы комиссия жүзеге асырады және осы Ережеге 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша азаматтарға куәлік беруді есепке алу журналына белгілейді.

 

ҚР Үкіметінің 2014.04.04. № 322 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2016.14.04. № 215 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-қосымша өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2022.16.03. № 128 Қаулысымен 1-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың

салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу, оларға

 бiржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақы төлеу және

жеңілдіктер мен өтемақы алу құқығын растайтын куәлік беру

ережесiне 1-қосымша

 

Нысан

 

Өтемақы тағайындау жөнiндегi

уәкiлеттi органның басшысы

_____________________________

_____________________________

мекенжайы бойынша тұратын

_____________________________

(тегi, аты, әкесiнің аты (бар болса)

_____________________________,

жеке басын куәландыратын құжат

ЖСН__________________________,

банк шотының №__________________,

банк атауы________________

 

 

Өтiнiш

 

Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шегушi ретiнде бiржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақы (бұдан әрi – өтемақы) тағайындауды сұраймын.

____________жылдан__________ қоса алғанда радиациялық әсер аймағында тұрдым.

Өтiнiшке жоғарыда көрсетiлген аумақтарда тұру фактiсiн растайтын мынадай құжаттарды қоса берiп отырмын:____________________

_____________________________________________________________

_____________________________________________________________

Ұсынылған құжаттар үшiн толық жауапты боламын.

Өтемақы тағайындау үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.

1993 жылдан бастап қазiргi уақытқа дейiнгi кезеңде өтемақы алған жоқпын (алған жағдайда алынған өтемақының сомасы көрсетiледi)

_____________________________________________________________

_____________________________________________________________

Күні ______________________ Қолы_____________________________

 _____________________________________________________________

 (кесу сызығы)

Азамат_______________________өтiнiшi қоса берiлген құжаттарымен

«__» ____________20__жылы______данада қабылданды.

Қолы____________

____________________________________________________________________

(құжаттарды қабылдаған адамның лауазымы, тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса)

 

ҚР Үкіметінің 2016.14.04. № 215 Қаулысымен  2-қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара)

Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың

салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу, оларға

 бiржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақы төлеу және

жеңілдіктер мен өтемақы алу құқығын растайтын куәлік беру

 ережесiне 2-қосымша

 

 

Азаматтардың өтініштері мен іс қағаздарының макеттерін

тіркеу журналы

 

____________________________________________________________________

(кәсіпорынның, ұйымның, мекеменің атауы)

 

Р/с

Өтiнiш берушiнiң Т.А.Ә. (бар болса), туған жылы

 

Мекен-жайы

Радиациялық қатер

аймағында тұруы

Ұсынылған

құжаттардың

тізбесі (нөмірін,

күнін және берудi

жүзеге асырған

органды көрсете

отырып)

жылдар

аймақтар

1

2

3

4

5

6

 

ҚР Үкіметінің 2016.14.04. № 215 Қаулысымен 3-қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара)

Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың

 салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу, оларға

 бiржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақы төлеу және

жеңілдіктер мен өтемақы алу құқығын растайтын куәлік беру

 ережесiне 3-қосымша

 

 

Кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің комиссияларына

_______________________________________________________,

(кәсіпорынның, ұйымның, мекеменің атауы)

аудандық (қалалық) арнайы комиссияларға

іс қағаздарының макетін тапсырған азаматтардың тізімi

 

Р/с

Өтiнiш берушiнiң Т.А.Ә. (бар болса)

Туған жылы

Тұратын жерi

Іс қағазын-

дағы парақ

саны

1

2

3

4

5

 

Берген:

Комиссияның төрағасы:_____________________

Комиссияның хатшысы:______________________

Күні ___________________________

 

М.О. (кәсіпорынның, ұйымның, мекеменің)

 

Қабылдап алған:___________________________

Арнайы комиссияның хатшысы:_______________

Күні ___________________________

 

М.О.

 

ҚР Үкіметінің 2006.29.12. № 1319 Қаулысымен 4-қосымша жаңа редакцияда (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара);  2016.14.04. № 215 Қаулысымен 4-қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара)

Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың

 салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу, оларға

 бiржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақы төлеу және

жеңілдіктер мен өтемақы алу құқығын растайтын куәлік беру

 ережесiне 4-қосымша 

 

 

Біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы алу үшін

азаматтарды тіркеу журналы

 

Р/с №

Өтініш берушінің Т.А.Ә. (бар болса)

Өтініш берушінің туған жылы

Өтініш берушінің санаты

(жұмыс істейді, жұмыс істемейді, зейнеткер, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушы)

Өтініш қабылданған күн

Радиациялық қатер аймақтарында тұрғаны

Ұсынылған құжаттар тізбесі

(нөмірін, күнін және беруді жүзеге асырған орган)

Іс макетін ұсынған ұйымның, кәсіпорынның және мекеменің атауы

Арнайы комиссияның шешімі

жылдар

аймақтар

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

 

ҚР Үкіметінің 2006.29.12. № 1319 Қаулысымен 5-қосымша жаңа редакцияда (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2016.14.04. № 215 Қаулысымен 5-қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара)

Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың

 салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу, оларға

 бiржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақы төлеу және

жеңілдіктер мен өтемақы алу құқығын растайтын куәлік беру

 ережесiне 5-қосымша 

 

 

_____________________________ ауданы (қаласы) әкімінің жанындағы

___________________ арнайы комиссияның Қазақстан Республикасының

азаматтарын Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың

салдарынан зардап шеккен деп тану (танудан бас тарту) туралы шешімi

 

№ ____хаттамаға, күні _______________

Азамат __________________________________________________________________

        (тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса), санаты (зейнеткер, мемәлеуметжәрдемақы

алушы/жұмыс iстейтiн, жұмыс iстемейтiн)

1. Азамат ________________________________________________________________

_______бастап__________дейін _________ радиациялық қатер аймағында;

_______бастап__________дейін _________ радиациялық қатер аймағында;

_______бастап__________дейін _________ радиациялық қатер аймағында

тұрған кезең үшін Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шегуші деп саналсын.

2. Өтініш берушінің өтемақы төлемдері туралы деректерін «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның (бұдан әрі - Банк), «Қазпочта» АҚ-ның деректерімен салыстырып тексеру қорытындылары бойынша мыналар анықталды:

Азамат: ____________________________________________________

1) 1993 жылдан бастап осы уақытқа дейінгі кезеңге өтемақы төлеу жүргізілген жоқ/жүргізілген (қажеттісінің асты сызылсын);

_______(күні көрсетілсін)_______ теңге___ тиын сомасында жүргізілді.

2) теңгерімнен тыс арнайы шотқа (шоттың күнімен № көрсетілсін) жалпы сомасы _______теңге______ тиын нақты аударылды.

3) _______________________ теңгерімнен тыс арнайы шот ашылды.

(шоттың № мен түрі көрсетілсін)

Банктің деректеріне сәйкес, ол бойынша қаржыландыру жүргізілмеген, өйткені өтемақы сомалары бюджет қаражатымен расталмаған.

3. Банкпен салыстырып тексеру қорытындылары бойынша мыналар қажет деп санаймыз:

1) 1993 жылдан бастап төлеу сәтіне дейінгі кезеңде қаражатты қаржыландыру жүргізілмеген және теңгерімнен тыс арнайы шотында көрсетілген өтемақы сомасы бюджет қаражатымен расталмаған _______ (күні көрсетілсін) ашылған №______ теңгерімнен тыс арнайы шот жабылсын.

2) Банк №________ теңгерімнен тыс арнайы шотқа _________(күнi көрсетілсін) бұрын нақты аударылған өтемақы төлеуді жүзеге асырсын.

4. Азамат _________________ Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шегуші ретінде тіркеуден бас тартылсын.

5. Қабылданған шешім туралы өтініш беруші хабардар етілсін.

 

Комиссияның төрағасы _________________

Комиссияның мүшелері _________________

 

Мөрдің орны

 

ҚР Үкіметінің 2016.14.04. № 215 Қаулысымен 6-қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара)

Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың

 салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу, оларға

 бiржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақы төлеу және

жеңілдіктер мен өтемақы алу құқығын растайтын куәлік беру

 ережесiне 6-қосымша

 

 

____________________________________________________________________

(ауданның/қаланың атауы)

арнайы комиссиялары іс қағаздарының макеттерін өтемақы

төлеу жөніндегі уәкілетті органның аудандық

(қалалық) бөлімшелеріне жолдайтын азаматтардың тізімi

 

Р/с

Өтiнiш берушінің Т.А.Ә. (бар болса)

Туған

жылы

Тұратын жерi

Іс қағазындағы

парақтардың саны

1

2

3

4

5

 

Берген:

Арнайы комиссияның төрағасы:______________

Арнайы комиссияның хатшысы:_______________

Күні:______________

 

М.О.

 

Қабылдаған:____________________

Мөртаңбаның орны

Өтемақы төлеу жөніндегі уәкілетті органның

аудандық (қалалық) бөлімшесінің бастығы:____________

 

Маман:__________________

 

Күні:___________________

 

ҚР Үкіметінің 2011.06.04. № 378 Қаулысымен 6-1-қосымшамен толықтырылды; 2016.14.04. № 215 Қаулысымен 6-1-қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2022.16.03. № 128 Қаулысымен 6-1-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың

 салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу, оларға

 бiржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақы төлеу және

 жеңілдіктер мен өтемақы алу құқығын растайтын куәлік беру

 ережесiне 6-1-қосымша 

 

 

Нысан

 

 

Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шегушінің жеңілдіктер мен өтемақы алу құқығын растайтын

КУӘЛІК

 

 Сериясы___________________________________№_________________

 Тегі__________________________________________________________

 Аты__________________________________________________________

 Әкесінің аты (бар болса)________________________________________

 Туған жылы___________________________________________________

 ____19____ж. бастап_____ж. аралығында__________________________

 қатер аймағында орналасқан_____________________________________

 ________________________________________________________тұрды,

 ____19____ж. бастап_____ж. аралығында__________________________

 қатер аймағында орналасқан____________________________-__тұрды,

 _____________________________________________________________

 (куәлікті берген мекеме)

 Берілген күні М.О. Қолы

Куәлік мерзімсіз және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қолданылады.

 

 

Ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға берілетін жеңілдіктер туралы («Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңынан) қысқаша мәліметтер

 

Заңның 5, 6, 7, 8, 9-баптарында көрсетілген аймақтарда тұрған және тұратын азаматтарға сараланған біржолғы ақшалай өтемақыға кепілдік беріледі.

Төтенше және ең жоғары радиациялық қауiптi аймақтарда тұрып жатқан және 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін зейнеткерлікке шыққан азаматтардың аймақтар бойынша зейнетақыға үстемеақы алуға құқығы бар.

Сонымен қатар, Заңның 5, 6, 7, 8, 9-баптарында көрсетілген аймақтарда тұратын азаматтар:

1) қосымша еңбекақы алуға;

2) жыл сайын ақысы төленетiн қосымша демалыс алуға құқылы.

Ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен аумақтарда тұратын балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер санаторийлік-сауықтыру мекемелерінде тегін сауығуға (медициналық көрсеткіштер бойынша) құқылы.

_____________________________________________________________

_____________________________________________________________

_________________________________________________________сома

мөлшеріндегі біржолғы өтемақы төлеуді___________________________

 ______________________________________________________жүргізді

 (ұйымның атауы, күні, мөртаңба)

Алушының жеке қолы_______________________

 

ҚР Үкіметінің 2006.29.12. № 1319 Қаулысымен (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2016.14.04. № 215 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2022.16.03. № 128 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 7-қосымша жаңа редакцияда

Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың

 салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу, оларға

 бiржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақы төлеу және

 жеңілдіктер мен өтемақы алу құқығын растайтын куәлік беру

 ережесiне 7-қосымша

 

 

Нысан

 

 

Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға біржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақы тағайындау туралы шешiм

20 ____ ж. «___» ____________ № ______

 

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің _________ облысы (қаласы) бойынша департаменті, өтемақы алушы ісінің № ______

 Азамат __________________________________________________________________________________

 (тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса), санаты (зейнеткер, мемлекеттік әлеуметтік

 жәрдемақы алушы/жұмыс iстейтiн, жұмыс iстемейтiн)

Жынысы ______________ Туған күнi 19___ж. «__» _________

1. «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабына сәйкес:

__________ радиациялық қатер аймағында 19___ж. бастап 19___ж. дейiн тұрған кезең үшiн ________ теңге сомасында (_____АЕК)

__________ радиациялық қатер аймағында 19 __ж. бастап 19___ж. дейiн тұрған кезең үшiн ________ теңге сомасында (_____АЕК)

__________ радиациялық қатер аймағында 19___ ж. бастап 19__ж. дейiн тұрған кезең үшін _________ теңге сомасында (_____АЕК)

__________ радиациялық қатер аймағында 19___ ж. бастап 19___ж. дейiн тұрған кезең үшiн ________ теңге сомасында (_____АЕК)

__________ радиациялық қатер аймағында 19___ж. бастап 19___ж. дейiн тұрған кезең үшiн__________ теңге сомасында (_____АЕК) бiржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақы (бұдан әрі – өтемақы) тағайындалсын.

Тағайындалған өтемақы сомасының жиыны: _____ теңге ______ тиын (_____АЕК)

2. Төленген өтемақының сомасы (оның iшiнде теңгерiмнен тыс арнайы шотқа аударылғаны)

_____ жылы ___________ теңге (_____АЕК)

_____ жылы ___________ теңге (_____АЕК)

3. Төленетiн өтемақының қалған сомасы (төленген (теңгерiмнен тыс арнайы шотқа нақты аударылған) өтемақыны шегергенде).

 _____ жылы _________________________________ теңге (_____АЕК)

 (сомасы жазумен, теңге)

 4. Өтемақы тағайындаудан бас тартылсын

 _____________________________________________________________

 _____________________________________________________________

 (бac тарту негiздемесi)

 Тексерiлдi және бекiтiлдi:

 M.O. Департамент директоры ______________ ____________________

 (қолы)                (тегі)

 Зейнетақы және жәрдемақы тағайындау жөніндегі бөлімнің бастығы

 ______________ __________________________

 (қолы)                   (тегі)

 Тағайындау жөнiндегi маман ______________ _____________________

 (қолы)              (тегі)

 Шешiм жобасын дайындаған:

 M.O. Мемлекеттік корпорация

 бөлімшесінің бастығы ______________ __________________________

 (қолы)                 (тегі)

 Мемлекеттік корпорация

 бөлімшесінің маманы ______________ __________________________

 (қолы)                 (тегі)

 

ҚР Үкіметінің 2011.06.04. № 378 Қаулысымен 8-қосымшамен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2014.04.04. № 322 Қаулысымен  (бұр.ред.қара); 2016.14.04. № 215 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 8 -қосымша өзгертілді

Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың

 салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу, оларға

 бiржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақы төлеу және

 жеңілдіктер мен өтемақы алу құқығын растайтын куәлік беру

 ережесiне 8-қосымша

 

Семей ядролық сынақ полигонындағы

ядролық сынақтардың салдарынан зардап

шеккен азаматтарды тіркеу және есепке

алу және оларға жеңілдіктер алу құқығын

растайтын куәлікті беру жөніндегі арнайы

комиссияның төрағасына__________________

________________________________________

мекенжайы бойынша тұратын

______________________________________,

_______________________________________

жеке басын куәландыратын құжат

 

 

Өтініш

 

Маған Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шегушінің жеңілдіктер алу құқығын растайтын куәлікті (куәліктің телнұсқасын) беруді сұраймын.

_______________бастап_______________ қоса алғанда_______________ радиациялық әсер аймағының аумағында тұрдым.

Өтінішке жоғарыда көрсетілген аумақтарда тұру фактісін растайтын мынадай құжаттарды қоса беріп отырмын:_________________________

Ұсынылған құжаттар үшін толық жауапты боламын.

Куәлікті (куәліктің телнұсқасын) беру үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.

Күні__________________________ Қолы___________________

_______________________________________________________________________________________________________________________

(кесу сызығы)

Азамат____________________________өтініші қоса берілген құжаттарымен

«__»___________ 20___ жылы_______ данада қабылданды.

_______________________________________________________________________________________________________________________

(құжаттарды қабылдаған адамның қолы, лауазымы, Т.А.Ә. (бар болса))

 

ҚР Үкіметінің 2011.06.04. № 378 Қаулысымен 9-қосымшамен толықтырылды; 2016.14.04. № 215 Қаулысымен 9-қосымша өзгертілді(бұр.ред.қара)

Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың

 салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу, оларға

 бiржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақы төлеу және

 жеңілдіктер мен өтемақы алу құқығын растайтын куәлік беру

 ережесiне 9-қосымша

 

 

Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға

куәлік (куәліктің телнұсқасын) беруді

есепке алу журналы

 

_____________________________________________________________________

куәлік берген органның атауы

 

р/с №

Тегі, аты, әкесінің аты

 (бар болса)

Мекенжайы

Берілген күні

Куәлікті (куәліктің телнұсқасын) алушының қолы

Куәлікті (куәліктің телнұсқасын) берген адамның қолы

1

2

3

4

5

6