Қазақстан Республикасы Yкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің 2004 жылғы 13 желтоқсандағы № 363-ө өкіміне өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 9 ақпандағы № 95 Қаулысы
(2011.30.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2004 жылғы 13 желтоқсандағы № 363-ө өкіміне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Үкіметінің
2006 жылғы 9 ақпандағы
№ 95 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
2004 жылғы 13 желтоқсандағы № 363-ө өкіміне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. ҚР Үкіметінің 2006.29.06. № 600 Қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
2. «Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы конвенцияның орындалуы туралы баяндаманы бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1999 жылғы 3 желтоқсандағы № 1851 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы конвенцияның орындалуы туралы баяндамада:
48-тармақтың төртінші абзацындағы «2001» деген сандар «2007 жылғы 1-тоқсанда» деген сөздермен ауыстырылсын.
3. ҚР Үкіметінің 2011.30.06. № 742 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
4. ҚР Үкіметінің 2006.31.03. № 222 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
5. ҚР Үкіметінің 2007.02.02. № 79 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
6. ҚР Үкіметінің 2009.19.09. № 1411 Қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
7. «Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы конвенцияның орындалуы туралы баяндаманы бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 желтоқсандағы № 1295 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы конвенцияның орындалуы туралы баяндамада:
«Жалпы мәліметтер» деген 1-бөліктің «Ел және халық (негізгі гендерлік сипаттамалар)» деген 1-бөлімінің «Әйелдерге қатысты зорлық» деген кіші бөлімінің төртінші абзацындағы «2006 жылғы 2-тоқсанда» деген сөздер және «2005 - 2007» деген сандар тиісінше «2007 жылғы 1-тоқсанда» деген сөздермен және «2006 - 2007» деген сандармен ауыстырылсын.
8. «2004 жылғы 7 қыркүйекте Қазақстан әйелдерінің IV Форумында Қазақстан Республикасының Президенті қойған міндеттерді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2004 жылғы 13 желтоқсандағы № 363-ө өкімінде:
көрсетілген өкіммен бекітілген 2004 жылғы 7 қыркүйекте Қазақстан әйелдерінің IV Форумында Қазақстан Республикасының Президенті қойған міндеттерді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында:
реттік нөмірі 25-жолдың 5-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
«2007 ж. І тоқсан».