«2006 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаның
паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі)»
(ҚР Үкіметінің 2005.12.12. № 1235 Қаулысына 38-54-қосымшалар)
(үзінді)

(2006.29.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Мыналардың:

38, 39, 40, 41, 42, 43, 44, 45, 46, 47, 48, 49, 50, 51, 52, 53, 54-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің;

2. Осы қаулы 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрi

 

Д. Ахметов

 

 

Қазақстан Республикасы

Yкіметінің

2005 жылғы 12 желтоқсандағы

№ 1235 қаулысына

38-қосымша

 

ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 38-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2006.25.12. № 470т; 2006.29.12. № 470ш қаулыларымен 38-қосымша толықтырылды

 

201-Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігi

 

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi

 

2006 жылға арналған

«Республикалық деңгейде қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық

қауіпсіздікті қамтамасыз ету» деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

Қосымша «Қызмет бабында пайдалану үшін» белгісімен берілген. Деректер базасына енгізілмейді

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2005 жылғы 13 желтоқсандағы

№ 1235 қаулысына

39-қосымша

 

201 - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi

 

2006 жылға арналған

"Елдің қоғамдық тәртіп саласындағы саяси мүдделерін қамтамасыз ету"

деген 002 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Құны: 7330 мың теңге (жеті миллион үш жүз отыз мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі:

"Т.А. Төлеубаев туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 25 маусымдағы № 608 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: халықаралық және трансұлттық қылмысқа қарсы күрес.

5. Бюджеттік бағдарламаны міндеттерi: қылмысқа қарсы күресте ынтымақтастықты дамыту мақсатында Интерполмен байланыс ұстауда ақпараттық қамтамасыз ету және бір ақпараттық кеңістік құру, сондай-ақ барлық әлемдегі қылмыстық полицияның ұлттық органдары арасындағы өзара қарым-қатынас деңгейіне байланысты болатын халықаралық қылмыспен ең тиімді күрес жүргізуді қамтамасыз ету үшін, әсіресе оның ұйымдастырылған түрлерімен, оның ішінде ылаңкестік және есірткі бизнесіне қарсы тиімді күрес жүргізу үшін ақпараттық қамтамасыз ету. Интерполдың басқа қатысушы -мемлекеттерінің өкілдерімен халықаралық қылмыс мәселелері бойынша жедел ынтымақтастық құру.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

 №

п/п

Бағ-

дар-

лама

коды

Кіші

бағ-

дар-

лама

коды

Кіші

бағдар-

лама-

лардың

атауы

Бағдарламаны іске

асыру жөніндегі

іс-шаралар

Іске

асыру

мерзімі

Жауапты

орын-

даушылар

1

2

3

4

5

6

7

1

002

  

Елдің

қоғамдық

тәртіп

саласын-

дағы

саяси

мүдделе-

рін қам-

тамасыз

ету

Халықаралық қылмыспен

тиімді күрес жүргізу

мақсатында ақпараттық

қамтамасыз ету үшін

Лион қаласындағы

(Франция) Интерполдың

Бас Хатшылығындағы

Қазақстан Республика-

сының өкілі - байланыс

офицерін ұстау жөнін-

дегі шығыстар - 1

адам.

Жыл

бойы

Қазақстан Республи-

касы Ішкі

істер

министр-

лігі

 

ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:

Тура нәтиже: Интерпол каналдары бойынша халықаралық іздеуге жар салған адамдар саны - жыл бойы 500 адамнан кем емес; Интерпол тарапы бойынша халықаралық іздеуде болған адамдардың ұсталған саны - жыл бойы 25 адамнан кем емес.

Соңғы нәтиже: Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарын тергеу, жедел, ғылыми-практикалық және анықтама-аналитикалық ақпаратпен 100 % қамтамасыз ету; Интерполдың мүшелері болып табылатын шет ел мемлекеттерінің құқық қорғау органдарына жіберілген сұратулар мен ақпаратты 100% жеткізуді қамтамасыз ету; қылмыстық істер және экстрадициялар бойынша құқықтық көмек туралы келісім-шарт жасалмаған мемлекеттермен Қазақстан Республикасының мәселелерді шешуі.

Қаржы-экономикалық нәтиже: Интерполдың Бас Хатшылығында Қазақстан Республикасының өкілін ұстау үшін шығындалатын шығыстардың бағасы - 7330,0 мың теңге.

Уақтылығы: ақпаратпен уақытылы қамтамасыз етіп отыру, Интерполдың басқа қатысушы-мемлекеттерінің өкілдерімен халықаралық қылмыс мәселелері бойынша жедел ынтымақтастық құру.

Сапасы: жедел-іздестіру қызметі саласында халықаралық ынтымақтастықты 100% бекіту.

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2005 жылғы 12 желтоқсандағы

№ 1235 қаулысына

40-қосымша

 

ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 40-қосымша өзгертілді

 

Берілген қосымша "Қызмет бабында пайдалану үшін" белгісімен берілген. Деректер базасына енгізілмейді

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2005 жылғы 12 желтоқсандағы

№ 1235 қаулысына

41-қосымша

 

201 - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігi

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi

 

2006 жылға арналған

"Арнайы және әскери тасымалдар"

деген 004 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Құны: 163376 мың теңге (бір жүз алпыс үш миллион үш жүз жетпіс алты мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы" Қазақстан Республикасы 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңының 5-1-бабы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: Республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: әскери және арнайы тасымалдарды теміржол көлігімен тасымалдауды тәуліктік бақылауға алуды, эшелондардың және басқа да есептегі бірліктердің тез жүруін қамтамасыз ету, министрліктің және әскери бөлімдердің жеке құрамының әскери және арнайы жүктері, арнайы контингенттерінің қозғалысы кезінде штаттан тыс жағдайларға жол бермеу.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: министрліктің және әскери бөлімдердің жеке құрамының арнайы контингенті мен арнайы жүктерін тасымалдау бойынша жоспарланған іс-шараларды бұзуға жол бермеу, азаматтардың қауіпсіздіктерін қамтамасыз ету үшін теміржол көлігімен әскери және арнайы тасымалдауларды ұйымдастыру және жедел басқару; арнайы контингентті жазасын өтеу орындарына тасымалдау жөніндегі соттардың қаулыларын орындау.

ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

п/п

Бағ-

дар-

лама

коды

Кіші

бағ-

дар-

лама

коды

Кіші

бағдар-

лама-

лардың

атауы

Бағдарламаны іске

асыру жөніндегі

іс-шаралар

Іске

асыру

мерзімі

Жауапты

орын-

даушылар

1

2

3

4

5

6

7

1

004

 

  

Арнайы

және

әскери

тасымал-

дар

Арнайы контингентті, жүктерді және басқа

да тасымалдарды

тасымалдау бойынша

көлік қызметтерін

төлеу: арнайы вагон-

дарды жалға алу.

Арнайы әскери тасымал-

дау қызметтері үшін

үй-жайларды жалға алу;

жүргіншілер поездарын-

да орындарды брондеу

бойынша қызметтерді

төлеу. Қозғалмалы

вагон-пунктке техника-

лық қызмет көрсету;

поезд жолдарын жөндеу.

Өткен жылдардағы кредиторлық берешекті өтеу.

Жыл

бойы

Қазақстан

Республи-

касы Ішкі

істер министр-

лігі

 

ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тура нәтиже: арнайы контингентті, жүктерді және басқа да тасымалдарды тасымалдау бойынша атқарылатын рейстер саны - 372; вагон саны - 14.

Соңғы нәтиже: арнайы контингенттік және арнайы жүктерді тасымалдауды 100 % қамтамасыз ету; қылмыстық-атқару заңнамасына сәйкес сотталған адамдардың жазаларын өтеу жөнінде сот қаулыларын орындау үшін арнайы вагондардың қозғалысының кестесін, сотталғандармен және тұтқындалғандармен жоспардағы және жедел шаралардың жүргізілуін 100% сақтау.

Қаржы-экономикалық нәтиже: бір арнайы вагонды бір тәулікке жалға алу бағасы - 26 мың теңге.

Уақтылығы: мемлекеттік әскери тасымалдаулар қозғалысы орындалуына қауіпсіздік графигін орындауды 100 % қамтамасыз ету, арнайы контингенттің қылмыстық-атқару заңнамасының талаптарына сәйкес жеткізілуін қамтамасыз ету.

Сапасы: арнайы контингент пен жүктердің белгіленген орнына 100% жеткізілуі.

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2005 жылғы 12 желтоқсандағы

№ 1235 қаулысына

42-қосымша

 

Берілген қосымша "Қызмет бабында пайдалану үшін" белгісімен берілген. Деректер базасына енгізілмейді

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2005 жылғы 12 желтоқсандағы

№ 1235 қаулысына

43-қосымша

 

Берілген қосымша "Қызмет бабында пайдалану үшін" белгісімен берілген. Деректер базасына енгізілмейді.

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2005 жылғы 12 желтоқсандағы

№ 1235 қаулысына

44-қосымша

 

Берілген қосымша "Қызмет бабында пайдалану үшін" белгісімен берілген. Деректер базасына енгізілмейді.

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2005 жылғы 12 желтоқсандағы

№ 1235 қаулысына

45-қосымша

 

Берілген қосымша "Қызмет бабында пайдалану үшін" белгісімен берілген. Деректер базасына енгізілмейді.

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2005 жылғы 12 желтоқсандағы

№ 1235 қаулысына

46-қосымша

 

201 - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігi

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi

 

2006 жылға арналған

"Кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау"

деген 011 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

1. Құны: 111370 мың теңге (бір жүз он бір миллион үш жүз жетпіс мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ішкі әскерлері туралы" Қазақстан Республикасы 1992 жылғы 23 маусымдағы Заңының 19-бабы; "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары туралы" Қазақстан Республикасы 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңының 5-1-бабы; "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметке алғаш рет түскен адамдары мен қызметкерлерін кәсіби даярлау туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 16 мамырдағы № 847 қаулысы; Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі ішкі әскерлерінің әскери қызметшілерін Ресей Федерациясының әскери оқу орындарында оқытуға және ұстауға арналған Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігімен 2003 жылғы 6 маусымдағы № 335/5/14 келісім-шарты.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: ішкі істер органдары қызметкерлерінің біліктіліктерін арттырумен және қайта даярлаумен қамтамасыз ету.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: ішкі істер органдары қызметкерлері мен ішкі әскерлердің әскери қызметшілерінің теориялық білімдерінің деңгейлері мен практикалық біліктіліктерін барынша көтеру; Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметіне үміткерлерді алғашқы даярлау.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

№ п/п

Бағ-

дар-

лама

коды

Кіші

бағ-

дар-

лама

коды

Кіші

бағдар-

лама-

лардың

атауы

Бағдарламаны іске

асыру жөніндегі

іс-шаралар

Іске

асыру

мерзімі

Жауапты

орын-

даушылар

  1

2

3  

4  

 5

 6

7

  1

011  

  

Кадрлар-

дың білікті-

лігін

арттыру

және

қайта

даярлау

Қазақстан Республика-

сы Ішкі істер минис-

трлігінің училищесіне

94 бірлік штаттық

сан шегінде ұстау,

оқ-дәрі, қару-жарақ,

арнайы крим техника,

ұйымдастыру техника-

сын, байланыс құрал-

дарын, ас үй жарақта-

рын, медициналық

жарақ алу, компьютер

сатып алу, Қазақстан

Республикасы Ішкі

істер министрлігінің

училищесіне күрделі

жөндеу жүргізу,

қызметкерлердің

білім деңгейін

максималды көтеру

және ішкі істер

органдары қызметіне

үміткерлерді алғаш

даярлықты жүргізу

үшін Ресей Федерация-

сының және алыс шетелдердің оқу орын-

дарында Қазақстан

Республикасы Ішкі

істер министрлігінің

ішкі әскерлер әскери

қызметшілерінің

біліктілігін арттыру.

Жыл

сайын

Қазақстан Республи-

касы

Ішкі

істер

министр-

лігі,

Қазақстан Республи-

касы

Ішкі

істер

министр-

лігінің

училище-

сі,

Қазақстан

Республи-

касы

Ішкі

істер

министр-

лігінің

ішкі

әскерлер

комитеті.

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:

Тура нәтиже: біліктілік арттыру курстарын өткен қызметкерлер саны - 450 бірлік; қайта даярлау курстарын өткендер саны - 50 бірлік; ішкі істер органдары қызметіне үміткерлердің алғаш даярлықтан өткендер саны - 600 бірлік; Ресей Федерациясының және алыс шетелдердің оқу орындарында және орталықтарында курстардан өткен ішкі істер органдары қызметіне үміткерлер саны - 76 бірлік; Ресей Федерациясының оқу орындарында біліктілік арттыру курстарын өткен әскери қызметшілер саны - 84 бірлік; 2 атаулы оқ-дәрілері, 1 атаулы қару-жарақты, 13 атаулы 19 бірлік; арнайы кримтехниканы, 1 атаулы ұйымдастыру техникасын, 1 атаулы байланыс құралын, 4 атаулы ас үй жарақтарын, 4 атаулы медициналық жарақтарды; 4 бірлік компьютерлер сатып алу.

Соңғы нәтиже: ішкі істер органдарын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің училищесінде біліктілік арттыру, қайта даярлау және алғашқы даярлау курстарын өткен қызметкерлермен қамтамасыз ету - 1,3%; ішкі істер органдарын Ресей Федерациясының және алыс шетелдердің оқу орындарында және орталықтарында біліктілік арттыру курстарын өткен білікті қызметкерлермен қамтамасыз ету - 0,1%; ішкі істер органдарын Ресей Федерациясының және алыс шетелдердің оқу орындарында және орталықтарында біліктілік арттыру курстарын өткен білікті әскери қызметшілермен қамтамасыз ету - 0,4%; жаңа үлгідегі киім-кешек қамтамасыз етілуі жалпы қажеттіліктен - 55,5%; арнайы жабдықтар және материалдар қамтамасыз етілуі жалпы қажеттіліктен - 99,9%; активтер қамтамасыз етілуі жалпы қажеттіліктен - 52,4%.

Қаржы-экономикалық нәтиже: жылына бір оқушыға кететін орташа шығындар - 74,6 мың теңге; Ресей Федерациясының және алыс шетелдердің оқу орындарында курстардан өтетін бір қызметкерге кететін орташа шығындар - 321,9 мың теңге; Ресей Федерациясының оқу орындарында курстардан өтетін бір әскери қызметшіге кететін орташа шығындар - 52,8 мың теңге; бір қызметкерге кететін орташа шығындар - 404,1 мың теңге.

Уақтылығы: ішкі істер органдарының қызметкерлері мен қызметіне үміткерлерді біліктілік арттыру курстарында, қайта даярлау және алғашқы даярлау курстарында өкімдемеге сәйкес өз уақытында оқыту.

Сапасы: алғашқы даярлау курстары түлектерінің біліктілік талаптарына сай болуы - 100%; ішкі істер органдарының біліктілік арттыру және қайта даярлау курстарын бітірген қызметкерлер білімімен қанағаттануы - 100%; ішкі істер органдарының біліктілік арттыру және қайта даярлау курстарын Ресей Федерациясының және алыс шетелдердің оқу орындарында бітірген қызметкерлер білімімен қанағаттануы - 100%; ішкі әскерлердің біліктілік арттыру және қайта даярлау курстарын Ресей Федерациясының оқу орындарында бітірген әскери қызметшілер білімімен қанағаттануы - 100%.

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2005 жылғы 12 желтоқсандағы

№ 1235 қаулысына

47-қосымша

 

201 - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігi

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi

 

2006 жылға арналған

"Жоғары кәсіптік білімді мамандар даярлау"

деген 012 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

1. Құны: 1662106 мың теңге (бір миллиард алты жүз алпыс екі миллион бір жүз алты мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ішкі әскерлері туралы" Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 23 маусымдағы Заңының 19-бабы; "Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдары туралы" Қазақстан Республикасы 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңының 5-1-бабы; "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі ішкі әскерлерінің Жоғары әскери училищесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 18 наурыздағы № 349 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Академиясы" мемлекеттік мекемесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 1 маусымдағы № 675 қаулысы; "Құқық қорғау органдары үшін кадрлар даярлауды, құқық қорғау органдарының қызметін және үкіметтік байланыс әскерлері әскери қызметшілерін әлеуметтік қорғауды қаржыландыруға байланысты жекелеген мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 21 қыркүйектегі № 1427 қаулысы; Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі ішкі әскерлерінің әскери қызметшілерін Ресей Федерациясының әскери оқу орындарында оқытуға және ұстауға арналған Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігімен 2003 жылғы 6 маусымдағы келісім-шарты; Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ресей Федерациясы Ішкі істер министрлігінің Волгоград академиясымен Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметкерлерін даярлау жөніндегі 2005 жылғы 8 қыркүйектегі № 270 келісім-шарты; Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ресей Федерациясы Ішкі істер министрлігінің Омбы академиясымен Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметкерлерін даярлау жөніндегі 2005 жылғы 1 қазандағы № 255 келісім-шарты; Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ресей Федерациясы Ішкі істер министрлігінің Мәскеу университетімен Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметкерлерін даярлау жөніндегі 2005 жылғы 4 қазандағы № 191 келісім-шарты; Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ресей Федерациясы Ішкі істер министрлігінің Академиясымен Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметкерлерін даярлау жөніндегі 2005 жылғы 5 қазандағы № 264 келісім-шарты.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: ішкі істер органдарының жүйесі үшін жоғары кәсіптік білімі бар мамандармен қамтамасыз ету.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: сапалы жоғары кәсіптік білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

№ п/п

Бағ-

дар-

лама

коды

Кіші

бағ-

дар-

лама

коды

Кіші

бағдар-

лама-

лардың

атауы

Бағдарламаны іске

асыру жөніндегі

іс-шаралар

Іске

асыру

мерзімі

Жауапты

орын-

даушылар

1

2

3

4  

 5

 6

7

1

012

  

Жоғары кәсіптік білімді мамандар даярлау

  

  

  

2

  

021

1997-1998

жылдарда-

ғы әскери

қызмет-

шілерге

үстемақы

төлеу

1997-1998 жылдар аралығына әскери қызметшілерге сыйақы төлеу

Жыл бойы

Қазақстан

Республи-

касы Ішкi

істер

министр-

лігінің

ішкi

әскерлер

Жоғары

әскери

училищесі

3

  

100

Жоғары кәсіби білімді мамандар даярлау

Ішкі әскерлер Жоғары

әскери училищесі мен

заң институттарын

ұстау, оның ішінде:

Академияда - 678

бірлік;

Қарағанды заң инсти-

тут - 501 бірлік;

Сапалы жоғары кәсіп-

тік білім алу үшін

оқ-дәрілер, қорғаныс

және белсендi

қорғаныс құралдарын,

ас үй жарақтарын,

бағдарламалық қамта-

масыз етуді сатып алу. Есептеуіш техни-

калар: жиынтықтығы

компьютерлерді, прин-

терлерді сатып алу,

Қазақстан Республика-

сы Ішкі істер минис-

трлігінің Академиясы-

на күрделі жөндеу

жүргізу, Ресей Феде-

рациясының әскери-оқу

орындарында ішкі әс-

керлер әскери қызмет-

шілерін оқыту, жоғары

кәсіби білім алып

шығу үшін Ресей Феде-

рациясының оқу орын-

дарында ішкі істер

органдары тыңдаушыла-

рын оқыту (2005 жылғы

қазан айынан 2006

жылғы желтоқсан айына

дейін оқу үшін төлеу).

Жыл бойы

Қазақстан

Республи-

касы Ішкi

істер

министр-

лігі,

Қазақстан

Республи-

касы Ішкi

істер

министр-

лігінің

Ішкі

әскерлер

комитеті,

Қазақстан

Республи-

касы Ішкi

істер

министр-

лігінің

ішкі

әскерлер

Жоғары

әскери

училище-

сі,

Қазақстан

Республи-

касы Ішкi

істер

министр-

лігінің

Акаде-

миясы,

Бәрімбек

Бейсенов

атындағы

Қазақстан

Республи-

касы Ішкі

істер

министр-

лігінің

Қарағанды

заң

институты

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тура нәтиже: күндізгі оқу бөлімінде оқитындар саны - 2 744 бірлік; сырттай оқу бөлімінде оқитындар саны - 1 651 бірлік; Ресей Федерациясы оқу орындарында оқитын тыңдаушылар саны - 75 бірлік; Ресей Федерациясының әскери-оқу орындарында оқитын әскери қызметшілер саны - 40 бірлік күндізгі оқу бөлімі бойынша курсанттарды шығару - 607 бірлік, оның ішінде үздік - 78 бірлік; сыртқы оқу бөлімі бойынша курсанттарды шығару - 455 бірлік, оның ішінде үздік - 30 бірлік; күндізгі бөлім бойынша оқудан шығарылған курсанттар - 50 бірлік; 1997-1998 жылдар үшін сыйақы алған әскери қызметшілер саны - 354 адам; 1 атаулы оқ-дәрілерді, 3 атаулы қорғаныс және белсенді қорғаныс құралдарын, 3 атаулы, ас үй жарақтарын, 1 атаулы бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алу; есептеуіш техника: 74 бірлік компьютерлер, 26 бірлік принтерлер сатып алу.

Соңғы нәтиже: ішкі істер органдарын жоғары білімі бар білікті мамандармен қамтамасыз ету - 27,5%; ішкі әскерлерді жоғары білімі бар білікті мамандармен қамтамасыз ету - 14,0%; жаңа үлгілі киім-кешекпен қамтамасыз етілуі жалпы қажеттіліктен - 36,9%; арнайы жабдықтар мен материалдармен қамтамасыз етілуі жалпы қажеттіліктен - 53,3%; активтермен қамтамасыз етілуі жалпы қажеттіліктен - 36,6%.

Қаржы-экономикалық нәтиже: жылына 1 оқушыға кететін орташа шығын - 353,5 мың теңге; жылына Ресей Федерациясының оқу орындарында оқитын  1 тыңдаушыға кететін орташа шығын - 1131,4 мың теңге; жылына Ресей Федерациясының оқу орындарында оқитын 1 әскери қызметшіге кететін орташа шығын - 331,7 мың теңге; 1 қызметкерге кететін орташа шығын - 449,8 мың теңге.

Уақтылығы: өкімдемеге сәйкес күндізгі және сыртқы оқу бөлімдері бойынша ішкі істер органдарының тыңдаушылары мен ішкі әскерлердің әскери қызметшілерін өз уақытында оқыту.

Сапасы: оқитындардың барлық санынан оқудан шығарылғандар yлесі - 1,8%; түлектердің жалпы санынан жоғары оқу орнын үздік бітіргендер саны - 15,3%.

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2005 жылғы 12 желтоқсандағы

№ 1235 қаулысына

48-қосымша

 

Қосымша "Қызмет бабында пайдалану үшін" белгісімен берілген. Деректер базасына енгізілмейді.

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2005 жылғы 12 желтоқсандағы

№ 1235 қаулысына

49-қосымша

 

201 - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігi

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi

 

2006 жылға арналған

"Әскери қызметшілерді, құқық қорғау органдарының

қызметкерлерін және олардың отбасы мүшелерін емдеу"

деген 014 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

1. Құны: 915688 мың теңге (тоғыз жүз он бес миллион алты жүз сексен сегіз мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы" Қазақстан Республикасы 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңының 32-бабы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен ішкі әскерлердің әскери қызметшілеріне, зейнеткерлеріне, олардың отбасы мүшелеріне білікті және уақытылы көмек көрсету жолымен олардың қызметтік міндеттерін атқаруды жақсарту.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: ауыру деңгейін төмендету, сондай-ақ құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне, олардың отбасы мүшелеріне және ішкі істер органдарының, ішкі әскерлердің зейнеткерлеріне, сондай-ақ оқу орындарының курсанттары мен тыңдаушыларына кешенді, білікті, мамандандырылған, консультативтік-диагностикалық, профилактикалық және стационарлық көмек көрсету; ауруына байланысты өзінің қызметтік міндеттерін орындамайтын әскери қызметшілердің, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің % азайту.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

№ п/п

Бағ-

дар-

лама

коды

Кіші

бағ-

дар-

лама

коды

Кіші

бағдар-

лама-

лардың

атауы

Бағдарламаны іске

асыру жөніндегі

іс-шаралар

Іске

асыру

мерзімі

Жауапты

орын-

даушылар

1

2

3

4

5

6

7

1

014

  

Әскери

қызметші-

лерді,

құқық

қорғау

органда-

рының

қызмет-

керлерін

және

олардың

отбасы

мүшелерін

емдеу

Құқық қорғау органда-

рының қызметкерлеріне,

әскери қызметшілерге

және олардың отбасы

мүшелеріне медициналық

көмек көрсету үшін

ішкі істер органдары-

ның Емханалы орталық

госпиталін, аумақтық

госпитальдері мен

емханаларын 2014

бірлік штаттық саны шегінде ұстау.

Емханалы госпиталь-

дерінің қызметін

азық-түліктермен,

дәрі-дәрмектермен,

өзге де медициналық

мақсаттағы төсек-

орынмен, арнайы киім-

дермен, тауарлы-

материалдық құндылық-

тармен, жанар-жағар

май материалдарымен

қамтамасыз ету,

ағымдық және күрделі

жөндеу жұмыстарын

жүргізу. Емдеу,

диагностика үшін,

зертханалық зерттеулер

жүргізу үшін медицина-

лық жабдықтар мен

кешендіктерді сатып

алу. Құқық қорғау

органдарының қызмет-

керлері мен әскери

қызметшілерге, олар-

дың отбасы мүшелері

мен ішкі әскер орган-

дарының зейнеткерлері-

не стационарлық

медициналық қызмет

көрсету.

Жыл бойы

Қазақстан

Республи-

касы Ішкi

істер

министр-

лігі,

Қазақстан

Республи-

касы Ішкi

істер

министр-

лігінің

Емханалы

орталық

госпита-

лі, ішкі

істер

орган-

дарының

аумақтық

госпи-

тальдері

мен емха-

налары.

 

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:

Тура нәтиже: ішкі істер органдарының, әскер қызметкерлерінің кәсіби байқаудан өту саны - 65 205 адам; амбулаторлық байқаудан өткен және қабылданған аурулар саны - 1 405 000 ауру; стационарлық емдеуден өткен саны - 12 100 ауру; 91 бірліктен кем емес медициналық жарақтар сатып алу; Батыс Қазақстан облысы емханалы госпиталінің терапевтикалық бөлімшесінің 1 объектісіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу - 1034 шаршы метр.

Соңғы нәтиже: құқық қорғау органдарының әскери қызметшілерін және қызметкерлерінің, олардың отбасы мүшелері мен зейнеткерлерінің жалпы ауру процентін төмендету - 2-5%; жалпы қажеттіліктен 40% медициналық мекемелердің медициналық жарақтармен қамтамасыз етілу деңгейі; жалпы қажеттіліктен 30% күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу.

Қаржы-экономикалық нәтиже: аурудың кереуетте болуының орташа ұзақтығы - 13,2 күн; кереуеттің орташа жылдық толық болуы - 287 күн; бір ауруды емдеуге кететін орташа шығындар, кереует-күн - 2,0 мың теңге; емханаға бір рет баруға кететін орташа шығындар - 0,15 мың теңге; бір медициналық қызметкерге жұмсалатын жылдық орташа шығындар - 351,3 мың теңге.

Уақтылығы: өз уақытында білікті медициналық көмек көрсету, жарақтар жеткізу графигіне сәйкес медициналық жарақтар жеткізу.

Сапасы: құқық қорғау органдарының әскери қызметшілері мен қызметкерлерін алдын ала қарау деңгейі - 100%; аурулардың медициналық көмек көрсетумен қанағаттану проценті, көрсетілген медициналық көмектер бойынша аурулардың шағымдарының болмауы - 100%.

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2005 жылғы 12 желтоқсандағы

№ 1235 қаулысына

50-қосымша

 

201 - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігi

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi

 

2006 жылға арналған

"Жүргізуші куәліктерін, көлік құралдарын мемлекеттік

тіркеу үшін қажет құжаттарды және нөмір белгілерін дайындау"

деген 016 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Құны: 4407849 мың теңге (төрт миллиард төрт жүз жеті миллион сегіз жүз қырық тоғыз мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары туралы" Қазақстан Республикасы 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңының 2-4-баптары; "Жол жүру қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасы 1996 жылғы 15 шілдедегі Заңының 15-бабы, 18-19-баптары.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жол қозғалысына қатысуға азаматтарға және көлік құралдарына рұқсат беруді қамтамасыз ету.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: жол-көлік қозғалысының ережесін бұзуға жол берілген кезде оларды максималды түрде анықтау мақсатында автокөліктер құралдары мен көлік құралдарының иелерін есепке алу; азаматтарды тіркеу құжаттарымен, көлік құралдарына мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерімен және жүргізуші куәліктерімен максималды түрде қамтамасыз ету (бұдан әрі - КҚТК, МТНБ және ЖК).

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

№ п/п

Бағ-

дар-

лама

коды

Кіші

бағ-

дар-

лама

коды

Кіші

бағдар-

лама-

лардың

атауы

Бағдарламаны іске

асыру жөніндегі

іс-шаралар

Іске

асыру

мерзімі

Жауапты

орын-

даушылар

1

2

3

4

5

6

7

1

016

  

Жүргізуші

куәлік-

терін,

көлік

құралда-

рын мем-

лекеттік

тіркеу

үшін

қажет

құжаттар-

ды және

нөмір

белгіле-

рін

дайындау

Келісім-шарттарға

сәйкес жүргізуші

куәліктерін, көлік

құралдарын мемлекеттік

тіркеу үшін қажетті

құжаттарды және нөмір

белгілерін дайындау

міндеттемелерін

орындау. Мемлекеттік

тіркеудің нөмірлік

белгілерін, тасымал

және жүргізуші куәлік-

терін дайындау үшін

өткен жылдардың міндеттемелерін

орындау.

Жыл

бойы

Қазақстан

Республи-

касы Ішкі

істер министрлі-

гі, Астана,

Алматы

қалаларын-

дағы,

облыстар-

дағы Ішкі

істер

департа-

менттері,

Арнайы

полиция

бөлімше-

лері.

 

ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тура нәтиже: мемлекеттік тіркеу нөмір белгісінің жиынтықтар саны - кемінде 678 800; көлік құралдарының тіркеу куәлік бірлігі - кемінде 763 574; жүргізушілер куәлігі саны - кемінде 451 066; транзиттік нөмірлер белгісінің жиынтық саны - кемінде 6 147.

Соңғы нәтиже: автокөліктер құралдарының иелерін жиынтық арнайы өніммен қамтамасыз ету - 100%.

Қаржы-экономикалық нәтиже: мемлекеттік тіркеу нөмір белгісінің бір жиынтығын дайындауға жұмсалатын шығын - 2442 теңге; көлік құралдарын тіркеу куәлігінің бірлігін дайындауға жұмсалатын шығын - 1090 теңге; мемлекеттік тіркеу транзиттік нөмір белгісінің бірлігіне жұмсалатын шығын - 300 теңге; жүргізушілер куәлігінің бірлігіне жұмсалатын шығын - 1090 теңге.

Уақтылығы: белгіленген нормаға сәйкес автокөліктер иелерін арнайы өніммен қамтамасыз ету - 100%.

Сапасы: жүргізушілер куәлігін, мемлекеттік тіркеу нөмір белгілерін автокөлік құралдарын тіркеу куәліктерін алу кезінде азаматтарға жасалатын қызмет - 100%.

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2005 жылғы 12 желтоқсандағы

№ 1235 қаулысына

51-қосымша

 

Қосымша "Қызмет бабында пайдалану үшін" белгісімен берілген. Деректер базасына енгізілмейді.

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2005 жылғы 12 желтоқсандағы

№ 1235 қаулысына

52-қосымша

 

201 - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігi

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi

 

2006 жылға арналған

"Қазақстан Республикасына келетін шетелдік

азаматтарды көші-қон карточкаларымен қамтамасыз ету"

деген 018 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Құны: 40400 мың теңге (қырық миллион төрт жүз мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары туралы" Қазақстан Республикасы 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңының 5-1-бабы; "Қазақстан Республикасы шетелдік азаматтардың келуін заңмен реттейтін кейбір мәселелер туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қаңтардағы № 136 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: саяси және экономикалық тұрақтылықты, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті Қазақстан Республикасы аумағына уақытша кіретін шетелдік азаматтарды нақты есепке алу жолымен қамтамасыз ету, оның ішінде заңсыз көшіп-қонуды болдырмауды қамтамасыз ету.

ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Қазақстан Республикасына келетін шетелдік азаматтарды көші-қон карточкаларымен және уақытша келу бланкілерімен қамтамасыз ету, сондай-ақ заңсыз еңбек мигранттарын заңдастыру бойынша акция өткізу кезеңінде Қазақстан Республикасында еңбек қызметін жүзеге асыратын заңсыз еңбек мигранттарын ерекше үлгідегі карточкалармен қамтамасыз ету, сондай-ақ ламинаттайтын пленка сатып алу және көші-қон карточкаларын жеткізу жөніндегі шығыстар.

ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

№ п/п

Бағ-

дар-

лама

коды

Кіші

бағ-

дар-

лама

коды

Кіші

бағдар-

лама-

лардың

атауы

Бағдарламаны іске

асыру жөніндегі

іс-шаралар

Іске

асыру

мерзімі

Жауапты

орын-

даушылар

1

2

3

4

5

6

7

1

018

  

Қазақстан

Республи-

касына

келетін

шетелдік

азамат-

тарды

көші-қон

карточка-

ларымен

қамтама-

сыз ету.

Заңсыз еңбек мигранттарын заңдастыру жөнінде бір жолғы акция өткізу кезеңінде көші-қон карточкаларын және ерекше үлгідегі көші-қон  карточкаларының бланкілерін дайындау жөніндегі қызметтерге ақы төлеу.

Жыл

бойы

Қазақстан

Республи-

касы Ішкі

істер

министрлігі, облыстардың, Алматы және Астана қалаларының Ішкі істер департаменттері

 

ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тура нәтиже: 5 тәуліктен астам уақытқа елге кірген, көші-қон карточкаларымен қамтамасыз етілген шетелдіктер саны -

1 000 000 адам; 5 тәулікке дейінгі уақытқа елге кірген, көші-қон карточкаларымен қамтамасыз етілген шетелдіктер саны - 3 000 000 адам; ерекше үлгідегі көші-қон карточкаларымен қамтамасыз етілген, тіркелген шетел азаматтарының саны - 300000 адам;

дайындалатын көші-қон карточкаларының саны - кемінде 10000000 бірлік.

Соңғы нәтиже: Қазақстан Республикасының аумағына келетін шетел азаматтарын көші-қон карточкаларымен 100 % қамтамасыз ету; республика аумағында еңбек қызметін жүзеге асыратын заңсыз еңбек мигранттарын заңдастыру бойынша акция өткізу кезеңінде ерекше үлгідегі көші-қон карточкаларын бере отырып, шетел азаматтарын 100 % тіркеу.

Қаржы-экономикалық нәтиже: 1 көші-қон карточкасын дайындауға кететін шығын - 1 теңге; ерекше үлгідегі 1-көші-қон карточкасын дайындауға жұмсалатын шығын - 98 теңге.

Уақтылығы: Қазақстан Республикасы аумағына келетін шетел азаматтарын өз уақытында тіркеу. Заңсыз еңбек мигранттарын уақтылы тіркеу және оларды заңдастыру.

Сапасы: шетел азаматтарының Қазақстан Республикасы аумағына кіру және тұру ережелерін сақтауы.

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2005 жылғы 12 желтоқсандағы

№ 1235 қаулысына

53-қосымша

 

201 - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігi

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi

 

2006 жылға арналған

"Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес"

деген 104 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Құны: 340646 мың теңге (үш жүз қырық миллион алты жүз қырық алты мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары туралы" Қазақстан Республикасы 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2006-2014 жылдарға арналған стратегиясы туралы" 2005 жылғы 29 қарашадағы № 1678 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасы нашақорлыққа қарсы иммунитетті қалыптастыру және есірткі бизнесінің одан әрі таралуына қарсы мемлекеттік және қоғамдық іс-қимыл жүйесінің толық ауқымды тиімділігін қалыптастыру.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: есірткіге қарсы насихатты жүргізу; есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы қимылдар тетігін нығайту, "Рубеж - Наркотики" есірткі қамалдарын құру.

ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

№ п/п

Бағ-

дар-

лама

коды

Кіші

бағ-

дар-

ламакоды

Кіші

бағдар-

лама-

лардың

атауы

Бағдарламаны іске

асыру жөніндегі

іс-шаралар

Іске

асыру

мерзімі

Жауапты

орын-

даушылар

1

2

3

4

5

6

7

1

104

 

Нашақор-

лыққа

және

есірткі

бизнесіне

қарсы

күрес

Ішкі істер органдары-

ның кинологиялық қызметтері мен есірткі

бизнесіне қарсы күрес

жөніндегі бөлімшеле-

рін материалдық-

техникалық нығайту:

Компьютерлік техника-

ларды, қызметтік

іздестіру иттеріне

арналған жарақтар;

медициналық жарақтар-

ды, "Лабрадор" тұқымды

иттерді, радиостанса-

ларды, есірткі затта-

рының имитаторларын

сатып алу, кинология-

лық қызметтерге арнал-

ған арнайы әдебиетті

басып шығару, сондай-

ақ иттерді әртүрлі

витаминдік препарат-

тармен қамтамасыз

ету, "Гном-2"

диктофондарды, элект-

рондық өлшеуіштерді,

сканерлейтін радио-

қабылдағыштарды, портативтік бейнемагнитофондары,

денеде алып жүретін

бейнебақылаудың мобильді жүйелерін,

түнде түсіру бейнека-

мераларын, жоғарғы

минижеткізушілерді,

шағын жеткізушілерді,

жеңіл автомобильдерді,

жүк автомобильдерін

сатып алу.

"Рубеж" стационарлық

бекеттерін

материалдық-техникалық

нығайту: жоғарғы мини-

жеткізушілерді, шағын

жеткізушілерді, "Гном-2" диктофондарын,

электрондық өлшеуіш-

терді, "Ново ФЛ"

люминесцентті айдау

құралдарының жиынты-

ғын, техникалық эндос-

коптарды, техникалық

эндоскоптардың акку-

муляторлық жарықтанды-

руларын сатып алу.

"Рубеж-Наркотики"

қамалдарын алу.

Нашақорлыққа және

есірткі бизнесіне

қарсы күрес проблема-

ларына арналған

мерзімді журналдар

шығару, конкурстар

мен жарыстар өткізу,

есірткі қылмысына

қарсы күрестің өзекті

проблемалары бойынша

дөңгелек үстелдер,

конференциялар,

семинар-кеңестер

өткізу, аталған іс-

шараларға қатысушылар-

дың тамағын, іссапар

шығындарын, үй-жайды,

көлікті, жабдықтарды

жалға алу ақысын,

кеңсе және өзге де

тауарларды, кәдесыйлар

мен ескерткіш сыйлық-

тарды сатып алу,

курстар мен жарыстар-

дың жеңімпаздарына

арналған марапаттау

қағаздарын дайындауға

ақы төлеу, дөңгелек

үстелдер, конференция-

лар қатысушыларына

кофе-брейктер ұйымдас-

тыру, әдістемелік

ұсынымдарды басып шығару, плакаттар,

күнтізбелер, буклет-

тер, брошюралар, бел-

гілер, футболкалар,

бейсболкалар, сыртқы

жарнамалар басып шыға-

ру, металлқұрылыстар

шығару және оларды

орналастыру, Ноутбук

компьютерін, мультиме-

диапроектор сатып

алу. Қоғамның есірткі-

ге қарсы иммунитетін

қалыптастыру мақсатын-

да ақпараттық, наси-

хаттау және кеңес беру

жұмыстарын жүргізу

үшін теле-радио бағ-

дарламалар, аудио

және бейнероликтер,

метражды ғылыми-таным-

дық бейнефильмдер,

мультипликациялық

фильмдер шығару және

оны көрсету, балалар

мен жастарға арналған

ақпараттық-танымдық

журналдар басып шыға-

ру, Нашақорлыққа қарсы Халықаралық күрес күніне арналған

Қазақстанның облыс

орталықтарымен

"Телекөпір" ұйымдастыру.

Есірткі, психотропты

заттар мен прекурсор-

лардың анықтау тесті-

лерін, есірткі затта-

рының иіс имитаторла-

рын, биологиялық

заттарды есірткілерді

анықтау үшін тесттерді

жасау.

Жыл бойы

Қазақстан

Республи-

касы Ішкі

істер министрлі-

гінің

Есірткі

бизнесімен

күрес

және

есірткі

айналымын

бақылау

комитеті

 

ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тура нәтиже: нашақорлықпен халықаралық күрес күніне арналған акцияны өткізу; жылына 16 000 дана "Болашақ есірткісіз" мерзімді журналын шығару; 4 спорттық-жаппай іс-шараларды өткізу; 7 семинар, 7 дөңгелек стол, 2 конференция, 2 байқау, БАҚ үшін жыл сайынғы 1 форум өткізу; 12 телебағдарламаларды, 4 деректі фильмдер, есірткіге қарсы тақырыпта 4 бейнероликті әзірлеу және көрсету; нашақорлықпен халықаралық күрес күніне арналған телемост.

Соңғы нәтиже: елдегі есірткі жағдайын тұрақтандыру; есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы іс-қимылдар жасау, сондай-ақ оларды Қазақстан Республикасы аумағына енгізудің алдын алу және басқа мемлекеттерге таралуын жою; заңсыз есірткі айналымының деңгейін төмендету және осымен байланысты қылмысты тоқтату (фактілер бойынша).

Қаржы-экономикалық нәтиже: күніне бір қайта қалпына келетін адамға кететін орташа шығын - 2,2 мың теңге.

Уақтылығы: халықты уақытында және тұрақты түрде ескерту, есірткіге тәуелді адамдарға уақытында көмек көрсету және оларды қалпына келтіру.

Сапасы: мына мәселелер бойынша біліктілік деңгейін көтеру:

- нашақорлықтың алдын алу шаралары - әлеуметтік саланың 200 қызметкері үшін;

- есірткі құралдарын, психотропты заттар мен прекурсорлар айналымын мемлекеттік бақылауға алу - мүдделі мемлекеттік органдардың 160 қызметкерлері мен лицензиаттары үшін;

- есірткі бизнесіне қарсы күрес - құқық қорғау органдарының 300 қызметкерлері үшін.

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2005 жылғы 12 желтоқсандағы

№ 1235 қаулысына

54-қосымша

 

Қосымша "Қызмет бабында пайдалану үшін" белгісімен берілген. Деректер базасына енгізілмейді.