«Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2005 жылғы 12 мамырдағы № 450
қаулысына өзгерiс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 17 қазандағы № 1040 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. "Қазақстан Республикасында шағын және орта кәсіпкерлiкті дамыту жөнiндегі жеделдетілген шаралардың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 12 мамырдағы № 450 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., № 20, 243-құжат) мынадай өзгерiс енгiзілсiн:

көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында шағын және орта кәсіпкерлiктi дамыту жөніндегі жеделдетілген шаралардың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасында:

"2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында шағын және орта кәсіпкерлік субъектiлерiнiң бастамаларын қолдау жөніндегі жеделдетілген шаралар бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары" деген 8-бөлiмде:

"Шағын және орта кәсiпкерлiк саласындағы заңнаманы жетілдiру" деген 1-кіші бөлiмнiң реттік нөмiрi 2-жолы алынып тасталсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзіледi.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д. Ахметов