«Ю.А. Гагарин атындағы ғарышкерлер даярлайтын Ресей мемлекеттік
ғылыми-зерттеу сынақ орталығында Қазақстан Республикасының
сынаушы- ғарышкерлерiн даярлауға байланысты шығыс нормаларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 14 қыркүйектегі № 919 Қаулысы

(2008.31.07. берілген өзгерістермен)

 

Қазақстан Республикасының сынаушы-ғарышкерлерiн даярлау кезiндегi шығыстарға байланысты мәселелердi реттеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Қоса беріліп отырған Ю.А.Гагарин атындағы ғарышкерлер даярлайтын Ресей мемлекеттік ғылыми-зерттеу сынақ орталығында Қазақстан Республикасының сынаушы-ғарышкерлерiн даярлауға байланысты шығыс нормалары бекітілсiн.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

Д. Ахметов

 

ҚР Үкіметінің 2008.31.07. № 728 Қаулысымен қосымша өзгертілді (бұр. ред. қара)

 

Қазақстан Республикасы Үкiметінiң

2005 жылғы 14 қыркүйектегі

№ 919 қаулысымен

Бекiтiлген

 

Ю.А. Гагарин атындағы ғарышкерлер даярлайтын Ресей

мемлекеттік ғылыми-зерттеу сынақ орталығында

Қазақстан Республикасының сынаушы-ғарышкерлерін

даярлауға байланысты шығыс нормалары

 

1. Сынаушы-ғарышкердің ай сайынғы баламалыстипендиясы

1500 АҚШ долларына сома

2. Сынаушы-ғарышкердің отбасымен тұруы үшiн тұрғын үйдi (жеке пәтердi) жалға алу ақысы

Іс жүзiндегi шығыстар бойынша (бipақ айына 2000 АҚШ долларына баламалы сомадан аспайды)

 

3. Ресей Федерациясынан тысқары жерлерде қысқа мерзiмдi iссапарларда болатын сынаушы ғарышкерлерге тұрғын үй-жайды жалға алу бойынша шығыстарын төлеу (тәулігіне бiр адамға):

 

а) АҚШ-та

260 АҚШ долларына баламалы сомадан аспайды

 

б)  Германияда

200 Евроға баламалы сомадан аспайды

 

с)  Украинада

100 АҚШ долларына баламалы сомадан аспайды

 

д)  Қазақстанда

100 АҚШ долларына баламалы сомадан аспайды

 

4.  Ресей Федерациясы шегiнде қысқа сынаушы ғарышкерлерге тұрғын үй-жайды жалға алу бойынша

 шығыстарын төлеу (тәулiгiне бiр адамға)

550 ресей рублiне мерзiмдi iссапарларда болатын баламалы сомадан аспайды

 

5. Ресей Федерациясынан тысқары жерлерде қысқа мерзiмдi iссапарларда болатын сынаушы-ғарышкерлерге тәулiктiк шығыстарын өтеу нормалары:

 

а)  АҚШ-та

72 AҚШ долларына баламалы сомада

 

б)  Германияда

65 Евроға баламалы сомада

 

с)  Украинада

53 АҚШ долларына баламалы сомада

 

д)  Қазақстанда

55 AҚШ долларына баламалы сомада

 

6.  Ресей Федерациясы шегiнде қысқа

 мерзiмдi iссапарларда болатын сынаушы-ғарышкерлерге тәулiктiк

 шығыстарын өтеу нормалары

100 ресей рублiне баламалы сомада

 

7.  Медицина мамандары әзiрлеген рационға сәйкес арнайы тағамға арналған тәулiктiк шығыстар

 нормалары (жұмыс күндерiнде)

 

28 AҚШ долларына баламалы сомада

 

а)  таңертеңгiлiк ас 

9 АҚШ долларына баламалы сомада

 

б)  түскi ас

10 АҚШ долларына баламалы сомада

 

в)  кешкi ас

9 АҚШ долларына баламалы сомада

 

8.  Арнайы жаттығулар үшiн жеке арнайы киім және аяқ киім сатып алуға арналған шығыстар нормалары

Iс жүзiндегi шығыстар бойынша (бiрақ Ресей Федерациясының сынаушы-ғарышкерлерi үшiн белгiленген нормалардан аспайды)