Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 12 наурыздағы № 316 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 шілдедегі № 759 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 25 қыркүйектегі № 783 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. «Автомобиль көлiгiмен қауіпті жүктердi тасымалдау жөнiндегі кейбір мәселелер туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 12 наурыздағы № 316 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 14, 176-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгiзiлсiн:

көрсетiлген қаулымен бекітілген Автокөлiк құралдарымен қауiптi жүктердi тасымалдау, олардың Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүрiп өту ережесi және қауiптi жүктердi тасымалдайтын жүргізушілер мен автокөлiк құралдарына қойылатын білiктiлiк талаптарында:

2-тармақ:

«әрекеті» деген сөзден кейiн «Қазақстан Республикасының аумағы бойынша» деген сөздермен толықтырылсын;

мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

«Қауiптi жүктердi автокөлiк құралдарымен халықаралық тасымалдау Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.»;

5-тармақ «уәкілеттi орган» деген сөздерден кейiн»(бұдан әрi - уәкiлетті орган)»деген сөздермен толықтырылсын;

8-тармақта:

"(рұқсаттың)»деген сөз алынып тасталсын;

мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

«Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн тiзбе бойынша жарылғыш немесе күшті әсер ететiн улы заттарды; азаматтық және қызметтік қаруды және оларға патрондарды, азаматтық пиротехникалық заттарды және олар қолданылған бұйымдарды тасымалдау кезiнде ішкі iстер органдары берген рұқсаттың бар болуы талап етіледi.»;

9-тармақ алынып тасталсын;

10-тармақта:

бірiнші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«Жүк жөнелтушi (жүк алушы) мен тасымалдаушы арасында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қауiптi жүк тасымалын жүзеге асыруға шарт жасалады.»;

4) тармақша «қауіп» деген сөзден кейiн «және қауіптi жүктi бейтараптандыру» деген сөздермен толықтырылсын;

11 және 12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«11. Қауіптi жүктi тасымалдау шартын жасасу тауар-көлік жүкқұжатын жасаумен расталады.

Қауіптi жүкті тасымалдау кезінде тасымалдаушының үш данада жасалатын және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүк жөнелтуші мен тасымалдаушы қол қоятын тауар-көлік жүкқұжаты болуы тиiс.

12. Тауар-көлiк жүкқұжатының нысаны және оны қолдану тәртібі уәкілетті орган бекiткен автомобиль көлігімен жүк тасымалдау ережесiмен айқындалады.»;

13-тармақтың 3) тармақшасы алынып тасталсын;

14-тармақтың бірiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«Осы қаулымен бекітілген қауiптi жүктердiң тiзiмiне сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында автокөлiк құралдарымен тасымалдауға жіберілетін 1, 6 және 7 кластық қауiптi жүктi тасымалдауға тасымалдаушы қауiптi жүктi тасымалдаудың бағытын әзiрлейдi.»;

16-тармақта:

«тасымалдаудың» деген сөз «қауiптi жүкті тасымалдаудың» деген сөздермен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

«Адамның өмiрi мен денсаулығы үшін қауіппен, қоршаған ортаға және мәдени құндылықтарға келтiрілетiн залалмен, сондай-ақ тасымалданатын жүктiң қауіпсiздігіне байланысты күтпеген жағдайлар кезiнде қауiпті жүктi тасымалдаудың келісiлген бағытын тасымалдаушы жол полициясы органымен келісім бойынша өзгертуi мүмкін.»;

18-тармақта:

1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«1) жасап шығарушы зауыттың конструктивтi-техникалық сипаттамасы және қауіптi жүктердi тасымалдайтын көлік құралдарының конструкциясына, жабдығына және техникалық жай-күйіне Қазақстан Республикасының стандарттау жөніндегі нормативтiк құжаттары;";

7) тармақша «Жол қозғалысы ережесіне» деген сөздерден кейiн «және Қазақстан Республикасының стандарттау жөніндегі қолданыстағы нормативтiк құжаттарына» деген сөздермен толықтырылсын;

9) тармақша «жарамды» деген сөздiң алдынан «Қазақстан Республикасының стандарттау жөніндегі қолданыстағы нормативтiк құжаттарына сәйкес» деген сөздермен толықтырылсын;

19-тармақтағы «автокөлiк құралына техникалық тексеру жүргiзген» деген сөздер «куәлiк берілген» деген сөздермен ауыстырылсын;

21-тармақтағы төртiншi абзац «жүргізушілер үшін» деген сөздерден кейiн «жол қағазына белгi қоя отырып,»деген сөздермен толықтырылсын;

22-тармақта:

6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«6) осы қаулымен бекітілген қауiптi жүктердi тiзiмiне сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында автокөлiк құралдарымен тасымалдауға жіберілетін 1, 6 және 7 кластық қауiптi жүктi тасымалдау бағытының бланкiсi (3-қосымша);";

8) тармақшадағы «көлiктiк» деген сөз «тауар-көлік» деген сөздермен ауыстырылсын;

26-тармақтың екiншi абзацында «белгi» деген сөз «тану белгiсi» деген сөздермен ауыстырылсын;

28-тармақтың бірiнші абзацы «жүк жөнелтушi» деген сөздерден кейiн»(жүк алушы)»деген сөздермен толықтырылсын;

30-тармақта:

екiнші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«Тұрғын үй құрылыстары мен адамдардың көп шоғырланған жерiнен кемiнде 200 метр жерде немесе осыған арнайы бөлiнген жерлерде тұруға рұқсат етiледi.»;

төртiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«Қауіпті жүктердi тасымалдайтын автокөлiк құралдарының тоқтайтын және тұратын орындары қауiптi жүктi тасымалдау бағытында көрсетiледi.»;

32-тармақтың 3) тармақшасындағы «денсаулық сақтау және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органдарға» деген сөздер «төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы уәкiлетті органға» деген сөздермен ауыстырылсын;

34-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

«Жарылғыш, тез тұтанатын, радиоактивтi, улы және басқа да қауіпті жүктердiң жөнелтушiлерi (жүк алушылары) жүктердi тасымалдау кезiнде авариялық жағдайлардың алдын-алу, сондай-ақ авариялардың салдарларын жою үшiн қажеттi құралдары мен ұтқыр бөлiмшелерінің болуы жолымен оларды тасымалдау қауiпсiздiгін қамтамасыз етедi.»;

мынадай мазмұндағы 35-тармақпен толықтырылсын:

«35. Осы Ереженің сақталуын мемлекеттік бақылауды уәкiлеттi орган және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген өздерiнiң құзыретi шегiнде басқа да мемлекеттік органдар жүзеге асырады.»;

көрсетiлген Ережеге 3-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

Д. Ахметов

 

                                    Қазақстан Республикасы

                                            Үкiметінің

                                     2005 жылғы 21 шілдедегі

                                           № 759 қаулысына

                                               қосымша

 

                               Автокөлiк құралдарымен қауіптi

                            жүктердi тасымалдау, олардың Қазақстан

                             Республикасының аумағы арқылы жүріп

                              өту ережесiне және қауіптi жүктердi

                           тасымалдайтын жүргiзушілер мен автокөлiк

                        құралдарына қойылатын біліктiлiк талаптарына

                                          3-қосымша

 

Қауiптi жүкті тасымалдау бағытының бланкiсi

 

        КЕЛIСIЛДI                          КЕЛIСIЛДI
      Жол полициясы                        Жүкті жөнелтушінің
  басқармасының басшысы                         өкiлi

 

__________________________               __________________________
     лауазымы                                   лауазымы

_________________________ М.О.           __________________________
     қолы                                         қолы

200__жылғы»___»__________            200__жылғы»___»___________

                   Қауiптi жүк туралы мәлiметтер
___________________________________________________________________
      Жүктiң атауы                      |       »ҚЖ» тану
                                        |        белгiсі
___________________________________________________________________
Қауiптi жүктiң класы        |           |
----------------------------|           |
Қауіптiлiк N                |           |
БҰҰ тiзiмi бойынша заттың N |           |
___________________________________________________________________

      Бір көлiк құралындағы жүктiң жалпы салмағы _______ т.
Жүктi бір мезгілде тасымалдайтын көлiк құралдарының саны ______ авт.
___________________________________________________________________

                    Қозғалыстың ерекше шарттары
___________________________________________________________________
1. Аралықтардағы қозғалыс жылдамдығы.
2. Пана (барлық бағытта, жекелеген учаскелерде)
3. Бірге жүру (барлық бағытта, жекелеген учаскелерде)
4. Түндегi қозғалыс (рұқсат етiлген, тыйым салынған)
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
                         Қозғалыс бағыты

___________________________________________________________________
   (елді мекендердің, көшелердің және автомобиль жолдарының атауы)
 
1. Жүк жөнелтушiнің мекен-жайы және телефоны
___________________________________________________________________
2. Пункттердің мекен-жайлары және
жүк алушының телефондары
___________________________________________________________________
3. Олар арқылы көлiк құралдары
өтетiн авариялық қызмет пункттерiнің
мекен-жайлары және телефондары
___________________________________________________________________
4. Қажет болған жағдайда
жүктi тапсыруға болатын
аралық пункттердiң мекен-жайлары
___________________________________________________________________
5. Тұрақ орындары
___________________________________________________________________
6. Отын құятын орындар
___________________________________________________________________
7. Тасымалдаушы мен автокөліктің деректері
___________________________________________________________________
   (атауы, Т.А.Ә, мекен-жайы және мемлекеттік нөмірі)
___________________________________________________________________

 

   _____________________                тасымалдаушы
     (қолы және мөрi)

 

                                200_ жылғы»___»__________