Қазақстан Республикасының Үкiметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы
«Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының қызметiн реттеу туралы
келiсім
(Астана қ., 2005 ж. 4 шілдеде)
(2014.14.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 2005.25.08. № 877 Қаулысымен келісім бекітілді
Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Yкіметі мен Қытай Халық Республикасының Yкіметі,
2004 жылғы 24 қыркүйекте Құлжа қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметi мен Қытай Халық Республикасы Үкіметінiң арасындағы «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығының халықаралық орталығын құру туралы негіздемелік келісімге сәйкес,
«Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының (бұдан әрi - Орталық) жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету мақсатында төмендегiлер туралы келiсті:
Жалпы ережелер
Тауар - екi мемлекеттің әрқайсысының ұлттық заңнамасына және жасалған халықаралық шарттарға сәйкес сатуға немесе алмастыруға арналған айналымнан алынбаған өнiм;
Қауiпсiздiктi қамтамасыз ету және қоғамдық тәртiптi қорғау жөніндегі бөлiмшелер (қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөніндегі басқару органдары немесе уәкiлеттi органдар) - қауiпсiздiкті қамтамасыз ету және қоғамдық тәртiптi қорғау, қылмыстардың және адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына, қоғам мен мемлекетінің мүдделерiне залал келтiретiн өзге де әрекеттердiң алдын алу және жолын кесу жөніндегі орындаушы және өкiмдiк функцияларды әр Тарап мемлекетiнiң ұлттық заңнамаларына, халықаралық шарттарға, екi жақты келісімдерге сәйкес жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттік органдар;
Жеке тұлғалар (тұлғалар) - Орталық аумағына/аумағынан келетiн және/немесе орын ауыстыратын Тараптар мемлекеттерiнiң азаматтары, үшiншi мемлекеттердiң азаматтары, сондай-ақ азаматтығы жоқ тұлғалар;
Шаруашылық жүргiзушi субъект - өзi аумағында орналасқан мемлекеттің заңнамасында белгiленген тәртiппен Орталықтың аумағында шаруашылық қызметтi жүзеге асыратын кез келген меншiк нысанындағы жеке немесе заңды тұлға.
1-тарау
Құқықтық мәртебе және басқару органдары туралы
Орталық екi мемлекеттің шекара маңы шектес аумақтарында орналасқан қазақстандық және қытайлық бөліктерден тұратын сауда, экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық кешенi (орталығы) болып табылады.
Орталықтың қазақстандық бөлiгi Қазақстан Республикасының заңдық құзырында болады.
Орталықтың қытайлық бөлiгі Қытай Халық Республикасының заңдық құзырында болады.
2014 ж. 14 желтоқсандағы Хаттамамен 3-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
3-бап
Орталықтың қазақстандық және қытайлық бөлiктерiн басқаруды Тараптардың уәкiлетті органдары әр Тарап мемлекеттерiнiң қолданыстағы ұлттық заңнамаларына сәйкес жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Орталықтың қазақстандық бөлігін басқару жөніндегі уәкілетті орган болып табылады.
Қытай Халық Республикасы Шыңжан-Ұйғыр автономиялық ауданының Халықтық Yкіметі Орталықтың қытайлық бөлiгін басқару жөнiндегі уәкiлетті орган болып табылады.
Орталықтың орналасу схемасы, аумақ шекаралары және алаңы туралы
4-бап
Орталық мемлекеттердiң шекара маңы шектес аумақтарында Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының мемлекеттік шекарасы сызығының екi жағында, «Қорғас» (Қазақстан Республикасы) және «Хоргос» (Қытай Халық Республикасы) өткізу пункттерiнің тiкелей жанында орналасқан.
Орталықтың қазақстандық және қытайлық бөлiктерi мемлекеттік шекара сызығынан кемiнде 10 метр қашықтықта орналасқан және екi мемлекеттің мемлекеттік шекарасы арқылы өтетiн арнайы өткелмен қосылады. Орталықты басқару тұйықтылық жағдайында жүзеге асырылады, Тараптардың әрқайсысы оны қоршау үшiн тиiмдi шаралар қабылдайды.
Хаттамаммен 2007.20.12. (бұр.ред.қара); 2014 ж. 14 желтоқсандағы Хаттамамен (бұр.ред.қара) 5-бап өзгертілді
5-бап
Орталықтың жалпы ауданы 5,60 ш. км құрайды, оның ішінде қазақстандық бөліктің ауданы 2,17 ш. км қытай бөлігінің ауданы 3,43 ш. км.
Орталықтың географиялық координаттары, орналасу схемасы және аумақтарының шекаралары осы Келісiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылатын 1-қосымшада келтiрiлген.
Тараптар Орталықтың қазақстандық және қытайлық бөлiктерiнде адамдардың, тауарлардың (жүктердiң) және көлiк құралдарының өткiзiлуiн бақылау үшiн пункт (дәлiз) құрады. Тараптардың әрқайсысы осы жерде әр Тарап мемлекеттерiнің ұлттық заңнамаларына сәйкес белгiленген шекаралық, кедендiк, санитарлық-карантиндiк, ветеринарлық, фитосанитарлық және басқа да бақылау органдарының қызметтерiн орналастырады.
Орталықтың қазақстандық және қытайлық бөлiктерi арасындағы қатынас арнайы өткел арқылы жүзеге асырылады.
Арнайы өткелдiң географиялық координаттары осы Келісімнiң ажырамас бөлiгі болып табылатын 2-қосымшада келтiрiлген.
Орталықта Мемлекеттік шекара арқылы өтетiн арнайы өткелдi салуды және оны ұстауды екi мемлекеттің тиiстi органдары бірлесiп жүзеге асырады. Әр Тарап өз бөлiгi бойынша шығыстарды көтередi. Арнайы өткел бойынша өтетiн және мемлекеттік шекара сызығымен сәйкес келетiн сызық Тараптар үшiн арнайы өткелдi салу, басқару және ұстау кезiнде бөлу сызығы болып табылады.
3-тарау
Орталықтың функциялары және басқару режимi туралы
Орталықтың аумағында шаруашылық жүргізушi субъектiлер екi Тарап мемлекеттерiнiң заңнамаларымен тыйым салынбаған қызмет түрлерiн жүзеге асыра алады. Орталық аумағында қызметті жүзеге асыруға байланысты мәселелерде келiспеушiлiктер туындаған жағдайда Тараптар өзара консультациялар жүргізедi.
Орталықтың функцияларына: коммерциялық келiссөздер, тауарлардың тұсаукесер рәсiмi және оларды сату, терминалдық және көлiктiк қызмет, қонақ үйлер және мейрамханалар, коммерциялық қызметтер бойынша инфрақұрылымдар, қаржылық қызметтер, экономика мен сауда тақырыбы бойынша өңiрлiк халықаралық конференциялардың алуан түрiн ұйымдастыру, басқа да түрлерi жатады.
Хаттамаммен 2007.20.12. 9-баб өзгертілді (бұр.ред.қара)
Тараптардың басқару органдары өздерiнiң арасында Орталықтың қызметiн барлық бағыттар бойынша қалыпты жүзеге асыруды қамтамасыз ету мақсатында жұмыс бабындағы кездесулердiң және үйлестiрудiң тұрақты және тиiмдi тетігін құруы тиiс.
Қазақстан Республикасының және Қытай Халық Республикасының шекара қызметтері Орталықтың қазақстандық және қытай бөліктерінің аумағындағы Тараптардың басқарушы органдарының жұмыс бабындағы кездесулеріне және үйлестіруге қатысушылардың, сарапшыларының және көлік құралдарының оңай өтуін қамтамасыз етеді.
Көліктік инфрақұрылымды, сумен жабдықтауды, электрмен жабдықтауды, телекоммуникацияларды, инженерлiк қорғауды және басқа да инженерлiк коммуникацияларды, арнайы өткелдi, бақылауға арналған пунктті (дәлiздi), бақылау мен тексеруге арналған инфрақұрылымды, әкiмшiлiк басқаруды, сондай-ақ Орталықтың әр бөлігінің аумағындағы қоршауды жобалау, салу және жөндеу жұмыстарын қаржыландыру өз Тарабының бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
Сауда-көрмелiк объектiлердi, әр түрлi iскерлiк үй-жайларды, терминалдарды және Орталық аумағындағы коммерциялық қызметке арналған басқа да объектiлердi салуды қаржыландыруды екi мемлекеттің кәсiпорындары немесе бірлескен кәсiпорындары өз қаражаты есебiнен белгiленген тәртiппен бекітілген құжаттамаға сәйкес жүзеге асырады.
4-тарау
Орталық аумағындағы салық салу және
инвестициялық режим туралы
Орталық аумағындағы салық салу екi мемлекеттің ұлттық заңнамаларына және 2001 жылғы 12 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Yкіметі арасындағы табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы келісімге сәйкес жүзеге асырылады.
Орталықтың қазақстандық бөлiгінiң аумағында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес инвестициялық преференциялар беріледi.
Орталықтың қытайлық бөлiгінiң аумағында Қытай Халық Республикасының заңнамасында көзделген инвестициялық преференциялар беріледi.
Жұмыс режимi, визалық режим, адамдардың, тауарлардың
(жүктердiң) және көлiк құралдарының өтуiн бақылау тәртібі туралы
13-бап
Орталықты басқару қағидаттары Мемлекеттік шекара арқылы өткізу, кіру-шығу пункттерiнiң режимдiк аймақтарын реттеу саласындағы әр мемлекеттің ұлттық заңнамасына негізделедi. Орталықтың қазақстандық және қытайлық бөлiктерiн басқару өткізу пункттерiнiң режимдік аймақтары ескерiле отырып жүзеге асырылады, адамдардың, көлiк құралдарының және тауарлардың (жүктердiң) Орталықтың бөлiгiне/бөлiгінен өтуiн бақылау мемлекеттік шекара арқылы кіру-шығу жөнiндегі ережелер ескерiле отырып жүзеге асырылады.
2014 ж. 14 желтоқсандағы Хаттамамен 14-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
14-бап
Тауарларды (жүктердi) Орталыққа/Орталықтан өткізу кезiнде ұлттық заңнамалар және халықаралық шарттардың тиiстi ережелерi сақталуы тиiс. Орталыққа/Орталықтан өткiзiлетiн тауарларға (жүктерге) қатысты кедендiк рәсiмдердi жүргізу аптасына жеті күн қағидаты бойынша жүзеге асырылады. Адамдар, шағын литражды және жеңiл автомобильдер (сыйымдылығы 8 адамға дейiн) үшiн кедендiк рәсiмдердi жүргiзу уақыты қажет болған жағдайда ұзартылады.
Орталық аумағының шегінде адамдар, тауарлар (жүктер) және көлік құралдары еркін өтеді.
Орталықтың жұмыс режимі:
1 мамырдан бастап 30 қыркүйекті қоса алғанда | 8.30-дан 18.00-ге дейін (Астана уақыты); 10.30-дан 20.00-ге дейін (Пекин уақыты); |
1 қазаннан бастап 30 сәуірді қоса алғанда | 9.00-ден 17.00-ге дейін (Астана уақыты); 11.00-ден 19.00-ге дейін (Пекин уақыты). |
2014 ж. 14 желтоқсандағы Хаттамамен 15-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
15-бап
Тараптар мемлекеттерiнiң аумақтарында заңды негізде болатын Қазақстан Республикасының азаматтары және Қытай Халық Республикасының азаматтары үшіншi мемлекеттердiң азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар визаларды ресiмдеусiз 30 тәулiкке дейiнгі мерзiмге Тараптардың құзыреттi органдары келiскен және таныған қолданыстағы мынадай құжаттардың негізiнде Орталыққа/Орталықтан келедi, кетедi.
1. Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Тарабы аумағынан:
Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі;
Қазақстан Республикасының туу туралы куәлігі (ата-анасының біреуінің алып жүруімен).
Қазақстан Республикасының паспорты (дипломатиялық, қызметтiк, Қазақстан Республикасы азаматының паспорты) негізiнде Орталыққа/Орталықтан келiп, кете алады.
2. Қытай Халық Республикасының азаматтары Қытай Тарабы аумағынан мынадай қолданыстағы құжаттардың біреуiнiң негiзiнде Орталыққа/Орталықтан келiп, кете алады:
Қытай Халық Республикасының паспорты (дипломатиялық, қызметтiк, қызметтiк мақсаттағы жалпы азаматтық, жалпы азаматтық);
Қытай Халық Республикасының кіру және шығу рұқсат қағаздары;
Қытай Халық Республикасының туристiк құжаттары;
Сянган және Аомынь тұрғындары үшiн Қытай Халық Республикасының iшкi құрылықтық бөлігіне/бөлігінен өту жөніндегі рұқсат қағаздар;
Сянган және Аомыньнiң отандастары үшiн отанына оралу жөніндегі куәлiктер;
Тайвань тұрғындары үшiн Қытай Халық Республикасының iшкi құрылықтық бөлiгiне/бөлігінен өту жөніндегі рұқсат қағаздар.
3. Басқа Тарап мемлекетiнiң аумағында заңды түрде болған Қазақстан Республикасының азаматтары және Қытай Халық Республикасының азаматтары басқа мемлекеттің бөлігінен халықаралық сапарларға арналған қолданыстағы құжаттардың біреуiнiң негiзiнде Орталыққа/Орталықтан келiп, кете алады.
4. Тараптар мемлекеттерiнiң аумағында заңды түрде болған үшiншi мемлекеттердiң азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар халықаралық сапарларға арналған қолданыстағы құжаттардың негiзiнде Орталыққа/Орталықтан келiп, кете алады.
5. Қазақстан Республикасы азаматтарының және Қытай Халық Республикасы азаматтарының Орталықтың аумағынан оралуына олар келген пункт арқылы ғана рұқсат етiледi. Екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағына шекарадан өту қажет болған жағдайда адамдар «Қорғас» (Қазақстан Республикасы) - «Хоргос» (Қытай Халық Республикасы) өткізу пункттерi арқылы қолданыстағы төлқұжаттар мен визалар негiзiнде жол жүредi.
6. Үшiншi мемлекеттер азаматтарының, азаматтығы жоқ адамдардың Орталық аумағынан керi оралуына олар келген пункт арқылы ғана рұқсат етiледi. Екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағына шекарадан өту қажет болған жағдайда адамдар «Қорғас» (Қазақстан Республикасы) - «Хоргос» (Қытай Халық Республикасы) өткізу пункттерi арқылы халықаралық сапарларға арналған қолданыстағы құжаттар және визалар негізiнде жол жүредi.
Адамдардың, көлiк құралдарының Орталықтың аумағынан кетуiне олар келген кiрiс өткізу пунктi арқылы ғана рұқсат етіледi. Екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағына шекарадан өту қажет болған жағдайда адамдар мен көлiк құралдары «Қорғас» (Қазақстан Республикасы) - «Хоргос» (Қытай Халық Республикасы) өткізу пункттерi арқылы жол жүредi.
Тараптар арнайы өткелдiң өз жақтарында уақытша бақылауды енгізу немесе Тараптардың бөлiктерi арасындағы қатынасты тоқтату үшiн қажет құрылыстар орнатады. Осы құрылыстар дүлей зiлзалалар, эпидемиялар және басқа да төтенше жағдайлар туындаған, құқық бұзушылық пен қылмыстарды тергеу кезiнде пайдаланылатын болады, ол туралы Тараптар бір-бірiне алдын ала хабарлайды.
Тараптардың Орталыққа/Орталықтан келетiн - кететiн адамдарды, көлiк құралдарын тексеру және тiркеу үшiн жауап беретiн құзыреттi органдары: Қазақстан Тарапынан - «Қорғас» жеке бақылау-өткізу пунктi, Қытай Тарапынан - «Хоргос» шекаралық-бақылау пунктi.
Тараптардың құзыретті органдары келісілген тәртiппен Орталыққа/Орталықтан келетiн/кететiн адамдар және көлiк құралдары туралы ақпарат алмасу үшiн біртұтас деректер банкiн жасайды. Тараптар өз бөлiктерiнiң кiреберiсiнде тиiстi ақпаратты тiркеудi жүргiзедi. Қытай Тарабы көлiк құралдарының Орталыққа/Орталықтан келуi/кетуi Қытайдың шекаралық-бақылау органы берген қолданыстағы электрондық кәртiшкелерге сәйкес жүзеге асырылады.
Адамның жеке басын куәландыратын құжаты жоғалған немесе бүлiнген жағдайда Орталыққа келген адам өзi келген Тарап мемлекетiнiң құзыретті немесе уәкiлеттi органдарына хабарлауы тиiс, олар қажет болған кезде екiншi Тарап мемлекетiнiң құзыреттi немесе уәкiлеттi органдарымен өзара iс-қимыл жасай отырып, оның жеке басын және Орталыққа заңды кіру фактiсiн уақтылы растайды.
2014 ж. 14 желтоқсандағы Хаттамамен 21-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
21-бап
Орталыққа/Орталықтан өткізу кезінде көлік құралында Тараптардың бірі мемлекетінің таным белгісі мен мемлекеттік-тіркеу нөмірі болуы тиіс. Жүк тасымалдары осьтерінің саны 6-дан (қоса алғанда) аспайтын жүк автомобильдерімен жүзеге асырылады. Орталық аумағында жолаушы мен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыру кезінде аумағында тасымалдау жүзеге асыратын Тарап мемлекетінің заңнамасы сақталуы тиіс.
Тараптардың шекара-бақылау қызметтерi арасындағы жұмыс байланыстары кездесулер және келiссөздер жүргiзу жолымен жүзеге асырылады.
Орталықтың аумағындағы қауiпсiздiктi және құқық
тәртібін қамтамасыз ету
23-бап
Тараптар Орталық бөлігiнiң өздерiне тиесілi аумақтарында мынадай қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөніндегі басқару органдарын немесе уәкілеттi органдарды орналастырады:
- Қазақстан Тарапынан - қауiпсiздiктi қамтамасыз ету, қоғамдық тәртiптi қорғау және шекаралық бақылау жөніндегі аумақтық бөлiмшелер;
- Қытай Тарапынан - «Хоргос» бақылау-өткізу пунктiнiң қоғамдық қауiпсiздiк пен шекаралық бақылауды қамтамасыз ету жөнiндегі бөлiмшесi.
Орталықтың аумағындағы қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөніндегі басқару органдарының және уәкiлеттi органдардың функцияларына: қолданыстағы ұлттық заңнама мен тиiстi халықаралық шарттарға, Қазақстан-Қытай келісімдерiнiң ережелерiне сәйкес Орталықтың аумағында қауiпсiздiктi және құқық тәртібін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтар мен қылмыстық қызмет түрлерiнiң алдын алу және оларға қарсы күресу жатады.
Орталықтың аумағына келетiн адамдарды тiркеу баратын Тарап мемлекетiнің ұлттық заңнамасына сәйкес қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуiн басқару органдарында немесе уәкілеттi органдарда жүзеге асырылады.
Орталықтың аумағында жасалған құқық бұзушылықтар мен қылмыстар ұлттық заңнамаға сәйкес олар аумағында жасалған құзыреттi органдардың заңдық құзырына жатады. Тараптардың келісімi бойынша олар келісілген тәртiппен басқа Тараптың құзыретті органдарының заңдық құзырына да берiлуi мүмкiн.
Тараптардың құзыреттi органдары өзара iс-қимылдарды жүзеге асырады, тиiстi ақпаратпен алмасады. Орталықтың аумағында құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды тергеу кезiнде ақпарат, дәлелдемелер берудi, қылмыскерлердi iздеуге және ұстауға жәрдемдесудi қоса алғанда, өзара қажеттi және қолдан келетiн жәрдем көрсетедi.
Тиiмдi бақылауды жүргiзу мақсатында Тараптар Орталықтың периметрi бойынша бақылау жүйесiмен және жарық құралдарымен жарақтандырылған арнайы қоршауды орнатады. Қазақстан Тарабының уәкiлеттi органдары және Қытай Тарабының қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегі басқару органдары Орталықтың өзiне тиесiлi бөлiгі шегінде бақылау және күзет жүргiзу үшiн жауап бередi.
Орталықтың аумағында қауiпсiздiк пен құқық тәртібін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Тарабының уәкiлеттi органдары және Қытай Тарабының қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөніндегі басқару органдары қажеттi келісімдерге қол қояды және кездесулер мен байланыстар тетiгін белгiлейдi.
Тараптардың бірiнiң аумағында төтенше оқиғалар туындаған кезде өтiнiш жасалған жағдайда екiншi Тарап қажетті жәрдем көрсетедi. Қазақстан Тарабының уәкiлеттi органдары және Қытай Тарабының қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегі басқару органдары Орталықтың аумағында пайда болуы мүмкiн төтенше оқиғаларға бірлескен оқулар мен жаттығулар өткiзедi.
Орталықтағы кедендік реттеу туралы
Тараптар мемлекеттерiнiң кеден органдары Орталықтың аумағына (нан) өткiзілетiн тауарларға (жүктерге), көлiк құралдарына, жеке тұлғаларға, қол жүгiне (әкелiнетiн заттарға) кедендiк бақылауды жүзеге асырады және әр Тарап мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамаларына және ережелерiне сәйкес оларды Орталыққа (-тан) келу/кету орындарында кедендiк рәсiмдеудi жүргізедi.
Тараптар мемлекеттерiнiң кеден органдары өз мемлекетiнiң ұлттық заңнамасына сәйкес ай сайын Орталықтың аумағына(-нан) жол жүретін өз көлiк құралдары, тауарлары (жүктерi) туралы кедендiк статистикалық мәлiметтермен және өздерiнiң құзыретi шеңберіндегі басқа да қажеттi ақпаратпен алмасады.
Кедендiк заңнаманы бұзғаны үшiн тұлғалар аумағында құқық бұзушылық жасалған Тарап мемлекетiнiң ұлттық заңнамасына сәйкес жауапкершілiкте болады.
Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы
Орталықтың қазақстандық және қытайлық бөлiктерiнiң аумағында валюталық бақылау әр Тарап мемлекетiнiң ұлттық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Орталықтың аумағында тауарлармен (жүктермен) және қызметтермен сауда жасау бойынша төлемдер мен ақшалай қаражат аударымдары әр Тарап мемлекетiнiң ұлттық заңнамасына сәйкес айқындалған ағымдағы операциялар бойынша еркiн айырбастау қағидаты сақталған жағдайда жүргізiледi.
Жеке тұлғалардың қолма-қол ақшаны Орталық аумағының қазақстандық бөлігіне(-нен) әкелуi/әкетуi жеке тұлғалардың қолма-қол ақшаны Қазақстан Республикасының аумағына(-нан) әкелуi/әкетуi үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.
Жеке тұлғалардың қолма-қол ақшаны Орталық аумағының қытайлық бөлігіне(-нен) әкелуi/әкетуi Қытай Халық Республикасы заңнамасының ережелерiне сәйкес келуi тиiс.
Орталықтың қазақстандық және қытайлық бөлiктерiнiң аумақтарында құрылатын банктер немесе басқа да ұйымдар әр Тарап мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамасына сәйкес қолма-қол ақшаны айырбастау бойынша қызметтер көрсетедi.
Банктiк қызмет туралы
Орталықтың қазақстандық бөлігінде банктер немесе олардың бөлiмшелерiн құру, сондай-ақ олардың қызметi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады, реттеледi және бақылау мен қадағалауға ұшырайды.
Орталықтың қытайлық бөлiгiнде банктер немесе олардың бөлiмшелерiн құру, сондай-ақ олардың операциялары Қытай Халық Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен жүзеге асырылады, реттеледi және бақылау мен қадағалауға ұшырайды.
Орталықтың аумағындағы карантиндiк бақылау
және инспекция туралы
Тараптар өз мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамасына сәйкес Орталыққа кiретiн/шығатын жерлерде және Орталықтың өзiне тиесілі аумақтарында тауарларға (жүктерге), көлiк құралдарында, тұлғаларға және өзiмен бірге ұстайтын заттарға қатысты, сондай-ақ қоғамдық және басқа да қызметтер көрсету саласына тиiстi санитарлық-карантиндiк, ветеринарлық, фитосанитарлық және инспекция мен карантиндiк бақылаудың басқа да түрлерiн жүзеге асырады.
Әр Тарап мемлекетiнiң тиiстi мемлекеттік органдары тауарлардың (жүктердiң) инспекциялық-карантиндiк, санитарлық-эпидемиологиялық, ветеринарлық және фитосанитарлық нормаларға сәйкес келмейтiндiгiн анықтаған жағдайда, мұндай тауарды (жүктi), экспорттаушы тарап Орталық аумағының шегінен өз елiнiң аумағына әкетуi тиiс.
Тараптар Орталықтың аумағына импортына екiншi Тарап мемлекетiнiң ұлттық заңнамасымен тыйым салынған тауарларды (жүктердi) әкелуге тыйым салады.
Тараптардың тиiстi органдары жұқпалы ауруларды, өсiмдiктер мен жануарлардың карантинiн бақылау саласында өзара ынтымақтастықты жүзеге асыруы және нығайтуы, сондай-ақ эпизоотикалық және фитосанитарлық жай-күй, эпидемиологиялық жағдай және оларды жою бойынша уақытылы қабылданған шаралар туралы өзара хабарлауы тиiс.
Санитарлық-карантиндiк, ветеринарлық, фитосанитарлық бақылау саласындағы заңнаманы және инспекция мен карантиндiк бақылау саласындағы басқа да заңнаманы бұзғаны үшін тұлғалар аумағында құқық бұзушылық жасалған мемлекеттің ұлттық заңнамасына сәйкес жауапкершiлiкте болады.
Орталықтың аумағындағы еңбек қызметi
мәселелерi туралы
Орталықтың өзiне тиесiлi бөлігінiң аумағындағы Тараптардың бірiнiң мемлекеті азаматтарының еңбек қызметi өз мемлекетiнiң ұлттық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Тараптардың бірiнiң мемлекетi азаматтарының Орталықтың екiншi Тарап мемлекетiне тиесiлi бөлiгiнiң аумағындағы еңбек қызметi екiншi Тарап мемлекетiнiң заңнамасына және тиiстi екi жақты үкiметаралық келісімдердiң ережелерiне сәйкес жүзеге асырылады.
Келісімнiң күшiне енуi, қолданысын тоқтатуы және
оған өзгерістер енгізу туралы
Осы Келісімге қол қою Тараптардың олар қатысушылары болып табылатын басқа халықаралық шарттардан туындайтын құқықтары мен мiндеттемелерiн қозғамайды.
Осы Келісімдi түсiндiру және қолдану кезiнде келiспеушiлiктер туындаған жағдайда Тараптар оларды достық консультациялар жолымен шешетiн болады.
Тараптардың келісімiмен осы Келісімге осы Келісімнiң ажырамас бөлiктерi болып табылатын хаттамалармен ресiмделетiн өзгерістер мен толықтырулар енгізiлуi мүмкiн.
Осы Келісім Тараптардың оның күшiне енуi үшiн қажетті мемлекетішiлiк рәсiмдердi орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама алынған күнiнен бастап күшiне енедi.
Осы Келісім ұзақ мерзiмдi негізде қолданылады және Тараптардың кез келгенi екiншi Тараптың 2004 жылғы 24 қыркүйекте Құлжа қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасы Yкіметінiң арасындағы «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығының халықаралық орталығын құру туралы негіздемелiк келісімнiң күшiн жою ниетi туралы жазбаша хабарламасын алған күнiнен бастап алты ай өткеннен кейiн күшiн жояды.
2005 жылғы 4 шiлдеде Астана қаласында, әрқайсысы қазақ, қытай және орыс тiлдеріндегі екi түпнұсқа данада жасалды, әрi барлық мәтiндердiң күшi бірдей.
Қазақстан Республикасының Yкіметі үшiн | Қытай Халық Республикасының Үкіметі үшін
|
Хаттамаммен 2007.20.12. 1-қосымша аустырылды; 2014 ж. 14 желтоқсандағы Хаттамамен 1-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2005 жылғы 4 шілдедегі
Қазақстан Республикасының
Yкіметі мен Қытай Халық
Республикасының Yкіметі
арасындағы «Қорғас»
шекара маңы ынтымақтастығы
халықаралық орталығының
қызметін реттеу туралы
келісімге қосымша
ҚР ШЫХО шекара аумағы (217 га) және ҚХР сауда аймағының орналастыру
схемасы мен шекарасы