“Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 11 қаңтардағы
№ 41 қаулысына толықтырулар енгізу туралы”
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 29 сәуірдегі № 402 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2007 ж. 29  желтоқсандағы № 1400 Қаулысымен   2008 жылғы 1 қаңтардан бастап  күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. "Мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметшi емес қызметкерлерiне және қазыналық кәсiпорындардың қызметкерлерiне еңбекақы төлеу жүйесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қаңтардағы № 41 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 2-3, 14-құжат) мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:

көрсетiлген қаулымен бекітілген Мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметшi емес қызметкерлерi және қазыналық кәсiпорындар қызметкерлерi лауазымдарының санаттар бойынша тiзiлiмiнде:

F санатындағы топ мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

"Қазақстан Республикасы Президентi Iс басқармасының "Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлігі мен Үкіметінiң Әкiмшiлiк ғимараттары дирекциясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны;

"Қазақстан Республикасы Парламентi Шаруашылық басқармасының Әкiмшiлiк ғимараттар дирекциясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны".

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

Д. Ахметов