2005 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару агенттігі)
(ҚР Үкіметінің 2004.22.12. № 1354 Қаулысына 383-388 қосымшалар)
(ҚР Үкіметінің 2005.25.05. № 509 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуiрдегі Бюджет кодексiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Мыналардың:
383, 384, 385, 386, 387, 388-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің 2005 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсiн.
2. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
| Д. Ахметов |
Үкіметінiң
2004 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 1354 қаулысына
383-қосымша
614 - Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттiгі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшісi
2005 жылға арналған
"Жер ресурстарын мемлекеттік басқаруды қамтамасыз ету"
деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2005.25.05. № 509 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Құны: 647293 мың теңге (алты жүз қырық жетi миллион екi жүз тоқсан үш мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексi, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджеттік кодексi, Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi "Мемлекеттік қызмет туралы" Заңы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 31 шiлдедегi № 427 "Мемлекеттік аппараттың жұмысын жақсарту, төрешiлдiкке қарсы және құжат айналымын жақсарту жөніндегі шаралар туралы" Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 17 қаңтардағы № 1284 "Мемлекеттік бюджет пен смета есебiнен төленетiн Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлерiнiң еңбекақысын төлеудiң бірыңғай жүйесi туралы" Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 17 қаңтардағы № 1282 "Мемлекеттік әкiмшiлiк қызметшiлер лауазымдарының санаттары бойынша тiзiлiмiн бекіту туралы" Жарлығы, Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 23 қарашадағы № 1776 "Қазақстан Республикасының жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттiгiнiң мәселелерi туралы" қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттiктiң және оның аумақтық органдарының қызметтерiн, оларға жүктелген функцияларды барынша нәтижелi орындауына жету үшiн қамтамасыз ету. Кәсiптік қызмет саласында оқу бағдарламалары бойынша мемлекеттік қызметкерлердiң теориялық және тәжiрибелiк білімдерiн, шеберлiктерiн және біліктіліктерiн жақсарту.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттiктiң аппараты мен оның аумақтық органдарын қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
____________________________________________________________________
N |Бағ.|Кiшi | Кіші | Бағдарламаны | Іске | Жауапты
Рет|дар.|бағ. |бағдарлама.| іске асыру | асыру | орындаушылар
са.|лама|дар. | лардың | жөніндегі |мерзімі|
ны |коды|лама | атауы | іс-шаралар | |
| |коды | | | |
____________________________________________________________________
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7
____________________________________________________________________
1 001 Жер ресурс-
тарын
мемлекеттік
басқаруды
қамтамасыз
ету
2 001 Орталық Қазақстан Республи- жыл Қазақстан
органның касының Жер ресурс- бойы Республикасы-
аппараты тарын басқару жөнiн- ның Жер
дегi агенттiктiң ресурстарын
орталық аппаратын басқару
бекітілген штат саны жөніндегі
лимитiнiң шегiнде 31 агенттігі
бірлiк құрамында
қаржыландыру,
бекітілген норматив-
тiк ережелерге
сәйкес 4 бірлiк қыз-
меттiк автокөлiктi
жалға алу, 4 бірлiк
ксероксты қаржылан-
дыру.
3 002 Аумақтық Қазақстан Республи- жыл Қазақстан
органдардың касының Жер ресурс- бойы Республикасы-
аппараттары тарын басқару жөнiн- ның Жер
дегi агенттiктiң ресурстарын
территориялық орган- басқару
дарының аппаратын жөніндегі
бекiтілген штат саны агенттiгi
лимитiнiң шегінде
790 бірлiк құрамында
қаржыландыру.
Баланстағы қызметтiк
автотранспортты
қаржыландыру 137
бірлiк, ксерокс 40
бірлік.
4 007 Мемлекеттік Бекiтiлген жоспарға жыл Қазақстан
қызметшiлер- сәйкес мемлекеттік бойы Республикасы-
дiң білік- қызметкерлердiң ның Жер
тілігiн біліктіліктерiн ресурстарын
арттыру көтеру бойынша басқару
қызметтердi сатып жөніндегі
алу, оның ішінде агенттiгi
мемлекеттік тiлге
үйрету, білiктілі-
гiн көтеру курстарын
өтетін мемлекеттік
қызметкерлердiң
орташа жылдық саны
- 180 адам.
5 009 Мемлекеттік Орталық аппаратты жыл Қазақстан
органдарды (2 бірлiк ксерокс- бойы Республикасы-
материал- пен), аумақтық ның Жер
дық-техника- органдарды жиhазбен ресурстарын
лық жарақ- материалдық қамта- басқару
тандыру масыз ету (компью- жөніндегі
терлiк столы - агенттiгi
100 дана, жазу
столы - 100 дана,
металдан жасалған
шкаф - 50 дана,
басшының креслосы -
100 дана, орындық -
255 дана).
6 017 Ақпараттық Мемлекеттік жер жыл Қазақстан
жүйелердің кадастрының автомат- бойы Республикасы-
жұмыс тандырылған ақпарат- ның Жер
істеуін тық жүйесiн техника- ресурстарын
қамтамасыз лық қамтамасыз ету, басқару
ету және компьютерлік техника жөніндегі
мемлекеттік сатып алу: агенттiгi
органдарды 36 компьютер; 36
ақпараттық- принтер, 105 лицен-
техникалық зиялы вируске қарсы
қамтамасыз бағдарламалар сатып
ету алу, қосымша босалқы
бөлшектер мен шығын
материалдарын сатып
алу, 96 компьютер
мен 96 принтерге
техникалық қызмет
көрсету және жөндеу.
____________________________________________________________________
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттiгiне жүктелген функцияларды сапалы және өз уақытында орындау, еңбек жағдайын жақсарту, мемлекеттік қызметкерлердiң кәсiби деңгейiн көтеру.
Үкіметінiң
2004 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 1354 қаулысына
384-қосымша
614 - Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттiгі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшісi
2005 жылға арналған
"Жер қатынастарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету"
деген 002 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1295712 мың теңге (бір миллиард екi жүз тоқсан бес миллион жетi жүз он екi мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексiнiң 163-бабы; Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуiрдегі Бюджеттік кодексi; Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 5 маусымдағы № 889 "Қазақстан Республикасының 2003-2005 жылдарға арналған Мемлекеттік ауыл шаруашылығы азық-түлiк бағдарламасы туралы" Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 10 шiлдедегi № 1149 "Қазақстан Республикасының 2004-2010 жылдары ауылдық территорияларды дамыту жөніндегі Мемлекеттік бағдарлама туралы" Жарлығы; Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1997 жылғы 5 маусымдағы № 931 "Қазақстан Республикасында жерге орналастыруды жүргiзу тәртібі туралы Ереженi бекіту туралы" қаулысы; Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 тамыздағы № 838 "2004-2010 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының ауылдық территорияларын дамытудың Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі 2004-2006 жылдарға арналған жобалық iс-шаралар туралы" қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 19 қыркүйектегi № 956 "Қазақстан Республикасында жер мониторингiн жүргiзу және олардың мәлiметтерiн пайдалану Ережелерiн бекіту туралы" қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 20 қыркүйектегi № 958 "Қазақстан Республикасында Жер кадастрын жүргiзудiң Ережелерiн бекіту туралы" қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасында жердi тиiмдi пайдалану.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Ауылдық елдi мекендердегі экологиялық-демографиялық зерттеулер нәтижелерiне сәйкес, ауылдық территорияларды жоспарлау мен ұйымдастырудың аудандық кестелерiн жасау, жер кадастрын жүргiзу, жер мониторингін жүргiзу, жер нарығын дамыту үшiн жағдайлар жасау, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердi тиiмдi пайдалануды қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығы алқаптардың кадастрлық бағасын анықтаудың әдiстемесiн дайындау.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
____________________________________________________________________
N |Бағ.|Кiшi | Кіші | Бағдарламаны | Іске | Жауапты
Рет|дар.|бағ. |бағдарлама.| іске асыру | асыру | орындаушылар
са.|лама|дар. | лардың | жөніндегі |мерзімі|
ны |коды|лама | атауы | іс-шаралар | |
| |коды | | | |
____________________________________________________________________
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7
____________________________________________________________________
1 002 Жер қатынас-
тарын жүзеге
асыруды
қамтамасыз
ету
2 100 Жерге Ауылдық елдi мекен- жыл Қазақстан
орналасты- дердегi экологиялық- бойы Республикасы-
руды демографиялық зерт- ның Жер
жүргiзу теулер нәтижелерiне ресурстарын
сәйкес, ауылдық басқару
территорияларды жөніндегі
жоспарлау мен ұйым- агенттiгi
дастырудың аудандық
кестелерiн жасау
- 160 аудан (ААДМД
шеңберiнде)
3 101 Жер-Кадастр- Жер-кадастрлық жыл Қазақстан
лық жұмыстар жұмыстар: бойы Республикасы-
Аэрофототүсiрулер - ның Жер
көлемi 7950 мың.га ресурстарын
жерге, аэрофото- басқару
суреттермен фото- жөніндегі
пландарды дешифрлеу агенттiгi
- 8220,7 мың.га,
соңғы өнiмдi дайын-
дау мен беру -
3393,7 мың.га.,
топырақтық зерттеу-
лер - 303.2 мың.га,
геоботаникалық зерт-
теулер - 738 мың.га;
- ауыл шаруашылығы
алқаптарды есептеу,
топырақты және
геоботаникалық
контурларды анықтау
- 2000 мың.га.;
- әкiмшiлiк аудандар
мен есептiк квартал-
дардың электронды
жер-кадастрлық
карталарын 59356 мың
га аумақта жасау;
меншiк иелерi мен
жер пайдаланушылар-
дың жер кадастры
бойынша мәлiметтерiн
электронды түрде
жинау - 7347 мың.га;
- республиканың
барлық аумақтарында
жерлердi мемлекеттік
тiркеуге алу; ауыл
шаруашылығы мақсатын-
дағы жерлер мен
елдi мекендердегі
жерлердi түгендеу -
27950,3 мың.га
(ААДМД шеңберiнде);
1241 ауылды елдi
мекендерде жер
кадастрлық картала-
рын дайындау мен
басып шығару
(ААДМД шеңберiнде)
Ауыл шаруашылығы
мақсатындағы жерлер-
дiң балдық бонитетiн
анықтау - 944,2
мың.га (МААТБ шеңбе-
рiнде); Паспорттау;
шаруа қожалықтары -
17,5 мың паспорт,
ауыл шаруашылығы
кәсiпорындары - 3,0
мың паспорт;
- Жерлердi паспорт-
тау үшін топырақ
құрамына қатысты
материалды жаңарту
- 673,8 мың.га;
- Паспорттау мақса-
тында егiстік жерлер
топырағының боните-
тiн анықтау -
1023,6 мың.га
4 102 Жер монито- 11,7 млн.га жерде жыл Қазақстан
рингін жер мониторингiн бойы Республикасы-
жүргiзу жүргiзу ның Жер
ресурстарын
басқару
жөніндегі
агенттiгi
___________________________________________________________________
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: ауылды елдi мекендердi жоспарлау мен ұйымдастырудың аудандық кестелерiн дайындау 160 аудан (1 кезеңде - 64%, 2 кезеңде iшiнара орындалады), жер кадастрын әрi қарай дамыту және жаңарту, ауылдық территорияларды дамыту мақсатында iс-шараларды қамтамасыз ету; шаруа қожалықтары мен ауыл шаруашылығы кәсiпорындарының жер учаскелерiн паспорттармен қамтамасыз ету; ауыл шаруашылығы алаптарының жағдайы, пайдалануы, сапасы жөнiнде тиiмдi ақпараттарды алу, ауыл шаруашылығы алаптарына кадастрлық бағалауды жүргiзу, жер мониторингiн жүргiзу.
Үкіметінiң
2004 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 1354 қаулысына
385-қосымша
614 - Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттiгі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшісi
2005 жылға арналған
"Мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған
ақпараттық жүйесiн құру"
деген 003 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 600000 мың теңге (алты жүз миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 шiлдесіндегі Жер кодексiнiң 4 , 139, 152, 153, 157-159-баптары; Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджеттік кодексi; Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 мамырдағы "Ақпараттандыру туралы" заңы; Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 25 қыркүйектегi № 1449 "Сандық геоақпараттық жүйелер негiзiнде Қазақстан Республикасы табиғи объектiлерiнiң бірыңғай мемлекеттік кадастрлар жүйесiн құру туралы" қаулысы; Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 10 қарашадағы "2005-2007 жылдарға "Электрондық үкiметтi" құрудың Мемлекеттік бағдарламасы туралы" № 1471 Жарлығы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесiн құру және оны енгізу.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесiн әзiрлеу және оны өндiрiсте мақұлдау.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөнiндегі iс-шаралар жоспары.
____________________________________________________________________
N |Бағ.|Кiшi | Кіші | Бағдарламаны | Іске | Жауапты
Рет|дар.|бағ. |бағдарлама.| іске асыру | асыру | орындаушылар
са.|лама|дар. | лардың | жөніндегі |мерзімі|
ны |коды|лама | атауы | іс-шаралар | |
| |коды | | | |
____________________________________________________________________
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7
____________________________________________________________________
1 003 Мемлекеттік Ақтөбе, Батыс- жыл Қазақстан
жер кадас- Қазақстан, Қостанай бойы Республикасы-
трының облыстық және Алматы ның Жер
автоматтан- қалалық МЖК ААЖ ресурстарын
дырылған орталықтарын мемле- басқару
ақпараттық кеттiк жер кадастры- жөніндегі
жүйесiн құру ның автоматтандырыл- агенттігi
ған ақпараттық
жүйесiнiң (МЖК ААЖ)
бағдарламалық техни-
калық кешенiмен
қамтамасыз ету:
сервер - 5 дана,
пайдаланушылардың
жұмыс станциялары -
11 дана, арнайы
тағайындалған жұмыс
станциялары - 3 дана,
жергіліктi баспа - 2
дана, желілi баспа-
лар - 2 дана,
концентратор - 2
дана, сандық желiлер
үшiн модем - 2 дана,
1 кВт-қа дейiнгi
үздiксiз қорек
көздерi - 16 дана,
1 кВт-тан жоғары
үздiксiз қорек көз-
дерi - 5 дана, желі-
лі фильтр - 21 дана,
2 плоттер, 4 дана
А3 планшеттiк формат-
тың сканерi, 3 дана
А0 үлкен форматтық
форматтың сканерi,
жалпы жүйелiк
бағдарламалық өнiм-
дер (геоақпараттық
жүйелер, дерек қорды
басқару жүйелерi) -
80 дана. Мемлекеттік
жер кадастрының
автоматтандырылған
ақпараттық жүйесiнiң
техникалық тапсырма-
ларының, техникалық
жұмыстық жобалардың,
дерекқорлардың,
интерфейстердiң және
тәжiрибелi электрон-
дық деректердiң
тармақ жүйелерiнiң
әзiрлемесi ("Жер
төлемдерi", "Жер
конкурстары, аукци-
ондары", "Кадастрлық
құжат айналымының"
тармақ жүйелерi).
Кадастрлық ақпарат-
тарды қағаз жүйесi-
нен электрондық
жүйеге ауыстыру.
Тақырыптық кадастр-
лық сандық карталар-
ды құру. Кадастрмен
жұмыс iстейтiн жүз
маманды жалпы жүйе-
лiк бағдарлама
өнiмдерiмен жұмыс
iстей бiлуге үйрету
(операциялық жүйе-
лер, дерек қорды
басқару жүйелерi,
геоақпараттық
жүйелер) - 100 адам.
____________________________________________________________________
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі Агенттігінiң аумақтық органдарын бағдарламалық техникалық кешенмен жабдықтау, Мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесiнiң негiзгі тармақ жүйелерiн құру ("Жер төлемдерi", "Жер конкурстары мен аукциондары", "Кадастрлық құжат айналымы"). Әзiрленген тармақ жүйелерiне арналған электронды деректердi құру, тақырыптық сандық кадастрлық карталар құру, мамандарды жалпы жүйелiк бағдарлама өнiмдерiмен жұмыс iстей бiлуге үйрету.
Үкіметінiң
2004 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 1354 қаулысына
386-қосымша
614 - Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттiгі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшісi
2005 жылға арналған
"Топография-геодезиялық және картографиялық өнiмдерді
және олардың сақталуын қамтамасыз ету"
деген 004 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2005.25.05. № 509 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Құны: 534389 мың теңге (бес жүз отыз төрт миллион үш жүз сексен тоғыз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 3 шiлдедегi "Геодезия және картография туралы" Заңы, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 желтоқсандағы "Ұлттық архивтер қоры және архивтер туралы" Заңы, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджеттік кодексi, Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 19 маусымдағы № 2335 "Мемлекеттік кәсiпорындар туралы" заң күшi бар Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 10 шiлдедегi № 1149 "Қазақстан Республикасының ауылды территорияларын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы туралы" Жарлығы, "Республикалық бюджет қаражаты есебінен орындалатын топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстардың тiзбесiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 30 қарашадағы № 1273 қаулысы, "Қазақстан Республикасының ауылды территорияларын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын iске асыру бойынша 2004-2006 жылдарға арналған iс-шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 20 тамыздағы № 838 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мемлекеттік органдарды, сондай-ақ әр түрлi ведомстволарды топографиялық-геодезиялық және картографиялық материалдармен, делимитациялық және демаркациялық жұмыстарды, сондай-ақ ауылды елдi мекендердi картографиялық материалдармен қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: жалпы мемлекеттік, салааралық маңызы бар геодезиялық және картографиялық өнiмдердi жасау және жаңарту, сонымен қатар геоақпараттық жүйелер негiзiнде жасау.
Топографиялық-геодезиялық және картографиялық өндiрiстiң материалдарын және құжаттарын мемлекеттік есепке алуды, сақтауды және сақталуын қамтамасыз етудi ұйымдастыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
____________________________________________________________________
N |Бағ.|Кiшi | Кіші | Бағдарламаны | Іске | Жауапты
Рет|дар.|бағ. |бағдарлама.| іске асыру | асыру | орындаушылар
са.|лама|дар. | лардың | жөніндегі |мерзімі|
ны |коды|лама | атауы | іс-шаралар | |
| |коды | | | |
____________________________________________________________________
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7
____________________________________________________________________
1 004 Топография- Топографиялық карта- жыл Қазақстан
геодезиялық лардың Мемлекеттік бойы Республикасы-
және карто- масштабтық қатарын ның Жер
графиялық жаңарту үшiн ресурстарын
өнiмдердi аэроғарыштық түсi- басқару
және олардың рiс орындау - 66060 жөніндегі
сақталуын шар. км агенттігі
қамтамасыз Топографиялық-гео-
ету дезиялық жұмыстар:
Топографиялық
карталарды жасау,
құру және жаңарту
- 350 парақ;
I кл, II класты
нивелирлі желiнi
зерттеу, қайта
жөндеу, орналасты-
ру, дамыту - 170 км
текше. 10 жинақ
каталогтарын құру
Геодинамикалық
зерттеулер (репер/
текше км):
1) пункттердi зерт-
теу, орналастыру,
жоғары дәлдiктi
геодезиялық өлшеу-
лер - 30/130/856,2
Картографиялық
жұмыстар:
1) топографиялық
карталарды баспаға
даярлау, цифрлеу -
310 парақ;
2) географиялық,
тақырыптық және оқу
карталарын, атласта-
рын құру - 10 парақ;
3) карталарды басып
шығару - 1000 парақ.
Географиялық объек-
тілер атауларының
каталогын құру,
басып шығару - 3/3
том.
Топографиялық-геоде-
зиялық және карто-
графиялық жұмыстар
өндiрiсi нәтижесiнде
құрастырылған мате-
риалдар мен құжат-
тардың сақталуын
қамтамасыз ету,
мемлекеттік есепке
алу, сақтау (13500,0
мың дана)
Ауылды елдi мекен-
дердi картографиялық
материалдармен қам-
тамасыз ету (АТДМБ
шеңберiнде):
Аэротүсiру - 1245
шаршы км. - аэротү-
сiрiстердi пландық
байланыстыру және
ауылды елдi мекен-
дердi дешифрлеу
- 879,6 шаршы км. -
ауылды елдi мекендер
жоспарларын сызу
және даярлау - 882,0
шаршы км.
___________________________________________________________________
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: мемлекеттің экономикасын геодезиялық және картографиялық өнiмдермен қамтамасыз ету, геодезиялық және картографиялық материалдардың есепке алынуын, сақтау және сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ ауылды елді мекендерді картографиялық өнімдермен қамтамасыз ету.
Үкіметінiң
2004 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 1354 қаулысына
387-қосымша
614 - Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттiгі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшісi
2005 жылға арналған
"Республикалық картографиялық фабриканы салу"
деген 005 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 549370 мың теңге (бec жүз қырық тоғыз миллион үш жүз жетпiс мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзі: Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджеттік кодексі, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 21 сәуірдегі № 414 "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi жанындағы Геодезия және картография бас басқармасының құрамында Республикалық картографиялық фабрикасын құру туралы" қаулысы, Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2004 жылғы 31 тамыздағы № 917 "Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2005-2007 жылдарға арналған орташа мерзiмдi жоспары"
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: картографиялық өнiмдермен қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: республикалық картографиялық фабрика құру.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөнiндегі iс-шаралар жоспары.
____________________________________________________________________
N |Бағ.|Кiшi | Кіші | Бағдарламаны | Іске | Жауапты
Рет|дар.|бағ. |бағдарлама.| іске асыру | асыру | орындаушылар
са.|лама|дар. | лардың | жөніндегі |мерзімі|
ны |коды|лама | атауы | іс-шаралар | |
| |коды | | | |
____________________________________________________________________
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7
____________________________________________________________________
1 005 Республика- Республикалық карто- жыл Қазақстан
лық карто- графиялық фабрика бойы Республикасы-
графиялық құрылысы бойынша ның Жер
фабриканы инвестициялық жобаны ресурстарын
салу Қазақстан Республи- басқару
касы Yкіметінiң 2004 жөніндегі
жылғы 8 желтоқсанда- агенттiгi
ғы № 1289 "2005
жылға Республикалық
бюджет туралы
"Қазақстан Республи-
касының Заңын жүзеге
асыру туралы" қаулы-
сының № 2 қосымшасы-
на сәйкес заң тәртi-
бiнде бекітілген
жоба-сметалық құжат-
тарға сәйкес құры-
лыс-монтаждық жұмыс-
тарды орындау және
Республикалық карто-
графиялық фабрика
құрылысының аяқта-
луымен жабдықтарды
сатып алуды жүзеге
асыру ("Алматы
қаласында Республи-
калық картографиялық
фабрика құрылысының
жобасын дайындау"
жұмыс жобасы туралы
"Госэкспертиза"
республикалық мемле-
кеттік өнеркәсiптiң
оңтүстiк еншiлес
кәсiпорнының 2003
жылғы 5 маусымындағы
№ 7-252/2003
қорытындысы).
___________________________________________________________________
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Республикалық картографиялық фабрика құрылысын аяқтау үшiн құрылыс-монтаждық жұмыстар көлемiн орындау және жабдықтар сатып алу.
Үкіметінiң
2004 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 1354 қаулысына
388-қосымша
614 - Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттiгі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшісi
2005 жылға арналған
"Жер ресурстарын басқару саласындағы
қолданбалы ғылыми зерттеулер"
деген 006 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 39066 мың теңге (отыз тоғыз миллион алпыс алты мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымындағы Жер Кодексi; Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджеттік кодексi; "Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi даму стратегиясын одан әрi iске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 4 желтоқсандағы № 735 Жарлығы; Қазақстан Республикасының 2003-2005 жылдарға арналған Мемлекеттік аграрлық азық-түлiк бағдарламасы туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 5 маусымдағы № 889 Жарлығы; Қазақстан Республикасының 2004-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік ауыл шаруашылық аумағын дамыту бағдарламасы туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 10 маусымдағы № 1149 Жарлығы; "Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттік тiркеу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 25 желтоқсандағы № 2727 Заң күшi бар Жарлығы; Қазақстан Республикасы Үкіметінiң "Қазақстан Республикасында жер мониторингiн жүргiзу Ережелерiн бекіту және оның мәлiметтерiн пайдалану туралы" 2003 жылғы 19 қыркүйектегi № 956 қаулысы; Қазақстан Республикасы Yкіметінiң "Қазақстан Республикасында мемлекеттік жер кадастрын жүргiзу Ережелерiн бекіту туралы" 2003 жылғы 20 қыркүйектегі № 958 қаулысы; "Сандық геоақпараттық жүйелер негiзiнде Қазақстан Республикасы табиғи объектiлерiнiң бірыңғай мемлекеттік кадастрлар жүйесiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 25 қыркүйектегi № 1449 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасы жер ресурстарының потенциалын ұтымды пайдалану мен қорғауды инновация базасында ғылыми-әдiстемелiк қамтамасыз ету және оны экономикалық айналымға енгізу.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: мемлекеттік жер кадастры мен оның автоматтандырылған ақпараттық жүйесiн ғылыми-әдiстемелiк қамтамасыз ету;
мониторинг бойынша инновацияны ғылыми-әдiстемелiк және тәжiрибелi-эксперименталды қолдауды қамтамасыз ету, жердi зерттеу, картографиялау және ландшафты-экологиялық және геоақпараттық жүйелер негiзiнде аумақты ұйымдастыру;
ақылы жер пайдалану, жердiң нарықтық айналымы мен жер ресурстарын ұтымды пайдалану мен қорғауды экономикалық ынталандыру жүйесiнiң ғылыми-әдiстемелiк базасын әзiрлеу;
қолайлы жер пайдалану нормативтерiн әдiстемелiк негiздеу мен әзiрлеу.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
____________________________________________________________________
N |Бағ.|Кiшi | Кіші | Бағдарламаны | Іске | Жауапты
Рет|дар.|бағ. |бағдарлама.| іске асыру | асыру | орындаушылар
са.|лама|дар. | лардың | жөніндегі |мерзімі|
ны |коды|лама | атауы | іс-шаралар | |
| |коды | | | |
____________________________________________________________________
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7
____________________________________________________________________
1 006 Жер ресурс- Мемлекеттік жер ка- жыл Қазақстан
тарын дастрын ғылыми- бойы Республикасы-
басқару әдiстемелiк, бағдар- ның жер
саласындағы дамалық және техно- ресурстарын
қолданбалы логиялық қамтамасыз басқару
ғылыми ету; жаңа жер құры- жөніндегі
зерттеулер лысы жағдайында жер агенттiгi
мониторингi жүйесiн
қалыптастыру
принциптерi;
ландшафты-экология-
лық тұрғысы негiзiн-
де аумақты ұйымдас-
тыруды ғылыми-әдiс-
темелiк негiздеу;
ақылы жер пайдалану
жүйесiн және жер
ресурстарын тиiмдi
пайдалану мен қор-
ғауды экономикалық
ынталандыру ғылыми
және әдiстемелiк
негiздеу;
әдiстемелiк негiздеу
және нормативтердi
әзiрлеу;
мемлекеттік ғылыми-
техникалық сараптама
жүргiзу бойынша
____________________________________________________________________
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Мемлекеттік жер кадастры бойынша өндiрiстiк (технологиялық) жер-кадастры үрдiсiн және кезеңiн жүргiзу мен ұйымдастыру тәртібі белгiленген;
Мемлекеттік жер кадастрының жер-кадастрлық құжаттамасы жасалып, жетiлдiрiлген;
МЖК ААК жеке жүйелiк кешендерiн жүргiзу әдiстемесi мен технологиясы жасалған және олар қолданысқа енгiзiлген;
Әуе-ғарыштық суретке түсiру мәлiметтерiн пайдалану арқылы жер пайдаланулардың кадастрлық тақырыптық карталарын әзiрлеу технологиясы жасалды;
Жердi агроэкологиялық топтастыру әдiстемесi жасалды.
Жер мониторингi, зерттеу және картографиялау бойынша Геоақпараттық жүйелер негiзiнде жердi ара-қашықтықтан барлау және ландшафты мониторингiнiң мәлiметтерi бойынша зерттелу аумақтары (М 1:1000000; 1:100000; 1:50000; 1:25000; 1:10000) жер пайдалануларының картасын зерттеу және әзiрлеу әдiстемесi жасалмақ. Жердi есепке алу әдiстемесiн жасау; жердiң өнiмдiлiгiн және сапалық жағдайын зерттеу жұмыстары жалғастырылады.
Ландшафты-экологиялық тұрғысы негiзiнде аумақты ұйымдастыру бойынша жеке аудан шаруашылықтарының үлгiсiнде республиканың табиғи-аумақтық аймақтары бойынша: ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлердiң аумағын ұйымдастыруды сарапталуының және бағалануының ландшафты қамтамасыз етiлуi; аймақтық жерге орналастыру схемаларының, жердi аймақтарға бөлудiң, сонымен қатар ауыл шаруашылық өндiрушiлерiнiң жер пайдалану аумағын ұйымдастырудың әдiстемесi жасалмақ. Өкiлдi аудандардың және шаруашылықтардың аумағын сәйкесiнше 1:1000000, 1:100000, 1:25000 және 1:10000, 1:5000 масштабтарында ландшафты-экологиялық картаға түсiру тәжiрибесi жүргізiлген. Облыстық және аудандық жер пайдалану схемасының, жердi аймақтарға бөлу және аумақты ұйымдастыру жобаларының әдiстемесi жасалады және мақұлданады.
Ақылы жер пайдалану жүйесi және жер ресурстарын тиiмдi пайдалану мен қорғауды экономикалық ынталандыру бойынша Елдi мекен жерлерiн бағалауды тәжiрибеде зерттеу және олардың ауыл шаруашылық алаптарының кадастрлық құнын анықтау әдiстемесiн жетiлдiру жұмыстары жүргізiледi; ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлердi және елдi мекен жерлерiн кадастрлық бағалаудың түзету коэффициенттерiн анықтау және бағасы бойынша аймақтарға бөлу әдiстемелері әзiрленедi.
Нормативтердi әзiрлеу бойынша түрлi ауыл шаруашылық кәсiпорындардың тиiмдi ауқымы мен экологиялық нормативтерi әзiрленедi;
Жерге, орналастыру және жер-кадастрлық жұмыстарының жеке түрлерi бойынша хронометражды жұмыстар жүргiзiледi және оларды жүргiзуге жұмсалатын еңбек нормативтерi жасалады.