“Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқықтық ауыртпалықтарды)
кезең-кезеңмен тіркеуді жүргізу аумағының тізбесі мен мерзімін бекіту туралы”
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 28 наурыздағы №  269 Қаулысы

(2006.06.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР Үкіметінің 2007.12.09. № 799 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы Президентінің «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы» 1995 жылғы 25 желтоқсандағы № 2727 заң күші бар Жарлығының 3-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқықтық ауыртпалықтарды) кезең-кезеңмен тіркеуді жүргізу аумағының тізбесі мен мерзімі бекітілсін.

2. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 Қазақстан Республикасының  

Премьер-Министрі

Д. Ахметов

 

ҚР Үкіметінің 2006.06.01. № 18 қаулысымен қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2005 жылғы 28 наурыздағы

№ 269 қаулысымен

Бекітілген

 

Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқықтық

ауыртпалықтарды) кезең-кезеңмен тіркеуді жүргізу

аумағының тізбесі мен мерзімі

 

Әкімшілік-аумақтық бірліктердің атауы

Кезең-кезеңмен тіркеуді жүргізу мерзімі

1.

Алматы қаласы, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан,

Оңтүстік Қазақстан облыстары

"Мүлікті жария етуге

байланысты рақымшылық

жасау туралы" Қазақстан

Республикасының Заңы

қолданысқа енгізілген

күнінен бастап 8-13 ай

аралығында

2.

Астана қаласы, Ақтөбе,

Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, 

Қызылорда, Маңғыстау облыстары

"Мүлікті жария етуге

байланысты рақымшылық

жасау туралы" Қазақстан

Республикасының Заңы

қолданысқа енгізілген

күнінен бастап 14-19 ай

аралығында