Басым бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың)
тiзбелерiн қалыптастыру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 18 наурыздағы № 247 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2009.17.04. № 545 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексiнiң 151-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiліп отырған Басым бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тiзбелерiн қалыптастыру ережесi бекітілсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң
2005 жылғы 18 наурыздағы
№ 247 қаулысымен
бекітілген
Басым бюджеттік инвестициялық жобалардың
(бағдарламалардың) тiзбелерiн қалыптастыру
ережесi
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Басым бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тiзбелерiн қалыптастыру ережесi (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiне сәйкес әзiрлендi.
2. Ереже басым бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тiзбелерiн дайындау, сондай-ақ басым жергiлiктi бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тiзбелерiн келiсу тәртібін айқындайды.
3. Ереженiң мақсаты бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) (бұдан әрi - жоба(лар) iске асыру арқылы жүзеге асырылатын бюджеттік инвестицияларды жоспарлау жүйесiнiң тиiмділігiн арттыру болып табылады.
4. Жоспарланатын кезеңнiң бiрiншi немесе екiншi жылы iске асырыла бастайтын басым жобалардың тiзбелерiн қалыптастыру белгiленген тәртiппен бекiтілген жобалардың техникалық-экономикалық негiздемесi бар iрiктелген жобалар негiзiнде жүзеге асырылады.
5. Жоспарланатын кезеңнiң екiншi немесе үшiншi жылы iске асырыла бастайтын жоспарланатын жобалар ретiнде басым жобалардың тiзбелерiн қалыптастыру iрiктелген инвестициялық ұсыныстар негiзiнде жүзеге асырылады.
6. Басым жобалардың тiзбелерi басым жобалар бойынша бюджеттік бағдарламалар әкiмшілерiнiң өтiнiмдерi (бұдан әрi - өтiнiмдер) негiзiнде қалыптастырылады.
7. Өтiнiмдер мынадай құжаттармен қоса енгiзiледi:
1) осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік және салалық (секторалдық), өңiрлiк бағдарламалар бөлiнiсiнде басымдылық тәртібімен ранжирленген басым жобалардың тiзбелерi;
2) функционалдық топтар мен бюджеттік бағдарламалар бөлiнiсіндегі басым жобалардың тiзбелерi;
3) осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тиiстi құжаттардың көшiрмелерi қоса берілген басым жобалардың тiзбелерiне енгізу үшiн ұсынылатын жобалар бойынша құжаттама құрамы;
4) осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жобаны iске асырудың жоспар-кестесi;
5) жоспарланатын кезеңнiң әрбiр жылы аяқталғаннан кейiн жобаларды iске асырудан күтілетiн нәтижелердiң сандық индикаторларын көрсете отырып, жоба бойынша қажеттi құжаттар мен есептер қоса берілген жоспарланатын кезеңнiң әрбiр жылына арналған жоба бойынша қаржыландыру көлемiнiң негiздемесi.
8. Өтiнiмдердi, оның iшiнде жергiлiктi жобалар бойынша өтiнiмдердi бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсi Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзiмдi жоспарларын әзiрлеу үшiн заңнамада белгіленген мерзiмдерге сәйкес экономикалық жоспарлау жөніндегі тиiсті уәкiлеттi органға тапсырады.
Белгiленген мерзiмнен кеш тапсырылған өтiнiмдер басым жобалардың тiзбелерiне қосу тұрғысынан қаралмайды.
2-тарау. Басым жергiлікті жобалардың тiзбелерiн келісу
9. Басым жергiлiктi жобалардың тiзбелерiн қалыптастырған кезде экономикалық жоспарлау жөніндегі жергiлiктi уәкілеттi органдар экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi органға басым жергілiктi жобалар тiзбелерiнiң жобаларын тапсырады.
10. Басым жергілiктi жобалар тiзбелерiнiң жобаларына талдамалық анықтама қоса беріледi, онда:
1) бюджеттік инвестициялардың өткен орта мерзiмдi кезеңде жүзеге асырылуын талдау;
2) алдағы орта мерзiмдi кезеңге арналған бюджеттік инвестициялар саясаты;
3) сандық индикаторларды келтiре отырып, жоспарланатын орта мерзiмдi кезеңнiң әрбiр жылы бойынша күтiлетiн нәтижелер көрсетіледi.
11. Экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық уәкілеттi орган басым жергілiктi жобалар тiзбелерiнiң бюджеттік инвестициялардың басымдықтарына сәйкестiгi тұрғысынан қарайды.
12. Экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi орган басым жергілiктi жобалар тiзбелерiнiң жобаларын қарағаннан кейiн экономикалық жоспарлау жөнiндегі жергілiктi уәкiлеттi органдар экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi органның ұсынымдарын қабылдау жөніндегі (мұндай ұсынымдар болған жағдайда) салыстырма кестемен қоса, оларды мақұлдау үшiн жергілiктi бюджет комиссияларының қарауына тапсырады.
13. Жергiлiктi бюджет комиссиялары мақұлдаған басым жергiлiктi жобалардың тiзбелерi экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi органның ұсынымдарын ескере отырып пысықталған талдамалық жазбамен қоса, қабылданбаған ұсынымдар (мұндай ұсынымдар болған жағдайда) жөніндегі себептердiң негiздемесiмен бірге экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi органға жiберiледi.
жобалардың (бағдарламалардың)
тізбелерін қалыптастыру
ережесіне 1-қосымша
Ұсынылатын республикалық (жергілiктi) бюджеттік
инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың)
тiзбесi
Бюджеттік бағдарламалардың
әкiмшiсi бойынша _______________
(мың. теңге)
| Бюджеттік | Іске | Жалпы | Жылдар бойынша қаржыландыру көлемi: | ||
Жоспарланып отырған кезеңге | ||||||
Барлығы | жоспарланып | ағымдағы | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
кестенің жалғасы
Жылдар бойынша қаржыландыру көлемi: | |||
Жоспарланып отырған кезеңге | Жоспарланып | ||
жоспарланып | жоспарланып | жоспарланып | |
8 | 9 | 10 | 11 |
Толтырылған күнi _______________________________
_______________________________________________
(Бюджеттік бағдарламалар әкімшiсi жетекшiсiнiң
қолы және аты-жөнi)
Ескертпе: 1) 4, 8-11-бағандарда ақпарат бөлшек түрінде - бекітілген басым бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесіне сәйкес алымында, бөлімінде ББӘ-нің ұсынысы көрсетіледі;
2) 4-бағанда барлық қаржыландыру көздерін есепке ала отырып, жобаның жалпы құны көрсетіледі (2-бағанда қаржыландыру көздері көрсетіледі);
3) 6-бағанда қаржы жылындағы жоба бойынша кассалық атқарылу көрсетіледі;
4) 7-бағанда бекітілген бюджетке сәйкес жоба бойынша сома көрсетіледі.
жобалардың (бағдарламалардың)
тізбелерін қалыптастыру
ережесіне 2-қосымша
______________________ жылдарға арналған Басым бюджеттік
(кезеңi көрсетілсiн) инвестициялық жобалардың тiзбесiне
қосуға ұсынылатын бюджеттік инвестициялық
жобалар (бағдарламалар) бойынша
құжаттаманың құрамы
Бюджеттік бағдарламалардың әкiмшісi
бойынша ______________________________
P/c | Бюджет- | | | Қазақстан | Экономи- | ТЭН бекіту туралы | |
№ және күнi | Бұйрыққа | ||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
кестенің жалғасы
ЖСҚ | ЖСҚ | ЖСҚ-ны | Бекiтіл- | Тауарларды | Жоба | Ескертпе |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
Толтырылған күнi _______________________________
_______________________________________________
(Бюджеттік бағдарламалар әкімшiсi жетекшiсiнiң
қолы және аты-жөнi)
4-6, 10, 11-бағандарда құжаттың күні және нөмiрi көрсетіледi
3, 9-бағандарда құжаттаманың болуы туралы ақпарат
көрсетіледі, болмаған жағдайда әзiрлену сатысын немесе болмау
себебiн көрсету қажет
14-бағанда жобаны iске асыру үшiн тауарларды, жұмыстарды және
қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстың
өткiзiлетін күнiн, жеңімпаздардың атауын және шарттың сомасын
көрсету қажет.
жобалардың (бағдарламалардың)
тізбелерін қалыптастыру
ережесіне 3-қосымша
Жобаны iске асырудың жоспар-кестесi
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi: ____________________
____________________
Жобаның атауы ____________________
Жобаның мақсаты ____________________
Мемлекеттік, салалық (секторалдық)
немесе өңiрлiк бағдарламаның атауы
(Бағдарламаның немесе оны
iске асыру жөніндегі Іс-шаралар
жоспарының тармағы
көрсетiлсiн)
___________________________
Iске асыру кезеңi 200_ 200 _
Жобаның жалпы
құны _____ _____________________________ сәйкес айқындалған
құжаттың атауы, № және күні көрсетілсін
Р/с | Құрау- | Орындалу/ | Iс-шара- | Орындалу/қаржыландыру көлемi | |
|
| ||||
Жоба | Заттай | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
кестенің жалғасы
Орындалу/қаржыландыру көлемi | |||||||
оның iшiнде жылдар бойынша: | |||||||
жоспар- | Жоспарланып отырған | Жоспар- | Жоспар- | Одан | |||
1- | 2- | 3- | 4- | ||||
7 | 8 | 9 | 10 | 11 | |||
|
|
|
|
|
|
|
|
Ескертпе: 2-бағанда жобаның бекітілген ТЭН-iне сәйкес айқындалған құрауыштар көрсетiледi;
3, 5, 7-10-бағандарда ақпарат бөлшек түрiнде көрсетiледi
(алымында - заттай көрсеткiш, бөлiмiнде - мың теңге).