(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)
Мемлекеттiк билiк органдары жүйесіндегі кадр саясатының
кейбiр мәселелерi туралы Қазақстан Республикасы Президентінің
2002 жылғы 29 наурыздағы N 828 Жарлығы
(ҚР Президентінің 20.03.03 ж. N 1044; 21.06.03 ж. N 1138; 13.10.03 ж. N 1202;
14.04.04 ж. N 1348; 07.05.04 ж. N 1362 Жарлықтарымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2004 ж. 3 тамыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Мемлекеттiк билiк органдары жүйесiнде бiрыңғай әрi тиiмдi кадр саясатын жүргiзу, лауазымды тұлғалардың мемлекеттiк мiндеттердi жүзеге асыру үшін жауапкершiлiгiн арттыру мақсатында қаулы етемін:
1. Қоса берiлiп отырған:
1) Мемлекеттiк саяси қызметшiлер лауазымдарының және мемлекеттiк органдардың Қазақстан Республикасының Президентi тағайындайтын және бекiтетiн немесе оның келiсуiмен тағайындалатын және бекiтiлетiн, оның ұсынуы бойынша сайланатын басшы қызметкерлерiнiң лауазымдар тiзбесi;
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк саяси қызметшілерi мен орталық және жергіліктi мемлекеттiк органдарының өзге де басшы лауазымды адамдарын қызметке келiсу, қызметке тағайындау мен қызметтен босату туралы ереже бекітілсін.
2. Мыналардың:
1) "Мемлекеттiк органдардың Қазақстан Республикасының Президентi тағайындайтын және бекiтетiн немесе оның келiсуiмен тағайындалатын және бекiтiлетін, оның ұсынуы бойынша сайланатын басшы қызметкерлерiнiң лауазымдар тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнің 1999 жылғы 4 мамырдағы N 132 Жарлығының;
2) "Қазақстан Республикасы орталық және жергілікті мемлекеттік органдарының басшы лауазымды адамдарын қызметкe келiсу, қызметке тағайындау мен қызметтен босату тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1999 жылғы 3 қарашадағы N 87 өкiмiнiң күшi жойылған деп танылсын.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Президенті | Н. Назарбаев |
Қазақстан Республикасы
Президентiнiң 2002 жылғы
29 наурыздағы N 828 Жарлығымен
Бекiтiлген
Мемлекеттiк саяси қызметшiлер лауазымдарының және
мемлекеттiк органдардың Қазақстан Республикасының
Редакция документа
Демо – версия документа