(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)
Табиғи монополиялар туралы Қазақстан
Республикасының 1998 ж. 9 шiлдедегі
N 272-1 Заңы
(ҚР 13.07.99 ж. N 413-I; 29.03.00 ж. N 42-II; 06.12.01 ж. N 260-II;
26.12.02 ж. N 364-II; 05.07.04 ж. N 568-II;09.12.04 ж. N 9-III
Заңдарымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2004 ж. 20 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР 26.12.02 ж. N 364-II Заңымен кiрiспе өзгертілді (бұр. ред. қара)
Осы Заң Қазақстан Республикасындағы табиғи монополия аясындағы iс-әрекеттi реттейдi және тұтынушылары мен табиғи монополия субъектiлерiнiң мүдделерiн қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған.
ҚР 26.12.02 ж. N 364-II Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1-бап. Осы Заңның мақсаты
Осы Заңның мақсаты:
1) табиғи монополия аясындағы қызметтi мемлекеттiк бақылау мен реттеудiң құқықтық негiздерiн белгiлеу;
2) тұтынушылар мен табиғи монополия субъектiлерi мүдделерiнiң теңдестiрiлуiне қол жеткiзу болып табылады.
ҚР 26.12.02 ж. N 364-II (бұр. ред. қара);09.12.04 ж. N 9-III (бұр. ред. қара)Заңдарымен 2-бап өзгертілді
2-бап. Осы Заңның қолданылуы
1. Осы Заң табиғи монополия субъектiлерiнiң өмiр сүруiне және iс-әрекетiне байланысты қызметтер (тауарлар, жұмыстар) рыногында туындайтын қатынастарға қолданылады.
2. Осы Заңның ережелерi табиғи монополиялар субъектiлерiнiң, олардың құрылтайшыларының (қатысушыларының) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде жасалатын әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) де, осы әрекеттер (әрекетсiздiк) осы Заңға қайшы келген және табиғи монополиялардың қызметтерiн (тауарларын, жұмыстарын) тұтынушыларға залал келтiрген жағдайларда қолданылады.
3. Осы Заңның күшi табиғи монополия аясына жатқызылған, бiрақ тек жеке өзiнiң ғана мұқтаждарына арналған объектiлердi салу мен пайдалануға байланысты iс-әрекеттi жүзеге асыратын жеке кәсiпкерлер мен заңды тұлғаларға қолданылмайды.
3-1. Осы Заңмен табиғи монополия аясына жатқызылған iс-әрекеттi жүзеге асыратын рынок субъектiлерi үшiн мемлекеттiк реттеу мен бақылау осындай iс-әрекетке қатысты ғана қолданылады.
Демо – версия документа