(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ТАБИҒИ МОНОПОЛИЯЛАР ТУРАЛЫ ҚР 09.07.98 Ж. № 272-1 ЗАҢЫ
Табиғи монополиялар туралы Қазақстан
Республикасының 1998 ж. 9 шiлдедегі
N 272-1 Заңы
(ҚР 13.07.99 ж. N 413-I; 29.03.00 ж. N 42-II; 06.12.01 ж. N 260-II
Заңдарымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция ҚР 26.12.02 ж. N 364-11 Заңымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Осы Заң Қазақстан Республикасындағы табиғи монополиялардың iс-әрекетiн реттейдi және тұтынушылары мен табиғи монополия субъектiлерiнiң мүдделерiн қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған.
1-бап. Заңның мақсаты
Осы Заңның мақсаты:
1) табиғи монополия субъектiлерiнiң қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) баға мен тарифтердi реттеудiң мемлекеттiк саясатының құқықтық негiздерiн белгiлеу;
2) табиғи монополиялар аясында қызметтер (тауарлар, жұмыстар) өндiру мен ұсынудың жағдайларын дамыту мен жетiлдiруге жәрдемдесу болып табылады.
2-бап. Заңның қолданылу аясы
1. Осы Заң табиғи монополия субъектiлерiнiң өмiр сүруiне және iс-әрекетiне байланысты қызметтер (тауарлар, жұмыстар) рыногында туындайтын қатынастарды реттейдi.
2. Осы Заңның ережелерi табиғи монополиялар субъектiлерiнiң, олардың құрылтайшыларының (қатысушыларының) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде жасалатын әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) де, осы әрекеттер (әрекетсiздiк) осы Заңға қайшы келген және табиғи монополиялардың қызметтерiн (тауарларын, жұмыстарын) тұтынушыларға залал келтiрген жағдайларда қолданылады.
3. Осы Заңның күшi табиғи монополия аясына жатқызылған, бiрақ тек жеке өзiнiң ғана мұқтаждарына арналған объектiлердi салу мен пайдалануға байланысты iс-әрекеттi жүзеге асыратын заңды тұлғаларға қолданылмайды.
4. Осы Заңда қамтылмаған құқықтық қатынастар Қазақстан Республикасының монополияға қарсы және басқа да заңдарымен реттеледi.
3-бап. Осы Заңда пайдаланылатын ұғымдар
Осы Заңда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Демо – версия документа