(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ 29.12.99 Ж. № 317 ЖАРЛЫҒЫ
Мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарының тізілімі мен мемлекеттік
саяси қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану тәртібі туралы ережені бекіту
туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 ж. 29 желтоқсандағы N
317 Жарлығы
(ҚР Президентінің 22.05.00 ж. N 401; 13.11.01 ж. N 720; 21.06.02 ж.
N 895; 24.09.02 ж. N 951; 16.05.03 ж. N 1094;23.04.04 ж. N 1350
Жарлықтарымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция ҚР Президентінің 2004 жылғы 7 мамырдағы N 1362 Жарлығымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Бұрынғы редакцияларды қара
"Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қаулы етемін:
1. Мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарының тізілімі, Мемлекеттік саяси қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану тәртібі туралы ереже бекітілсін (қоса беріліп отыр).
2. Осы Жарлық 2000 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті | Н. Назарбаев |
Қазақстан Республикасы
Президентінің 1999 жылғы
29 желтоқсандағы N 317
Жарлығымен бекітілген
ҚР Президентінің 22.05.00 ж. N 401; 13.11.01 ж. N 720; 24.09.02 ж. N 951; 16.05.03 ж. N 1094 (бұр. ред. қара); 23.04.04 ж. N 1350 (бұр. ред. қара) Жарлықтарымен тізілім өзгертілді
Мемлекеттік саяси қызметшілер
лауазымдарының тізілімі
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, оның бірінші орынбасары мен орынбасарлары
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Хатшысы
Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлігінiң Басшысы
Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлігі Басшысының бiрiншi орынбасары мен орынбасарлары - басқарма бастықтары
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы, оның бірінші орынбасары мен орынбасарлары
Қазақстан Республикасының министрлері, олардың бірінші орынбасарлары мен орынбасарлары
Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшілері
Редакция документа
Демо – версия документа