(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 20.11.99 Ж. № 1756 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің
мәселелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 қарашадағы N
1756 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 14.01.00 ж. N 74; 12.10.00 ж. N 1521; 03.11.00 ж.
N 1665; 20.12.00 ж. N 1863; 21.08.01 ж. N 1095; 17.07.02 ж. N 794;
19.08.02 ж. N 916; 12.09.02 ж. N 995; 09.06.03 ж. N 541; 22.07.03 ж. N 724;
06.08.03 ж. N 786; 19.04.04 ж. N 432 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1111 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Бұрынғы редакцияларды қара
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының құрылымын жетiлдiру және олардың құзыретiн нақтылау жөнiндегi шаралар туралы" 1999 жылғы 13 қазандағы N 235 жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiп отырған Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi туралы ереже бекiтiлсiн.
ҚР Үкіметінің 20.12.00 ж. N 1863; 09.06.03 ж. N 541 қаулыларымен 2-тармақ өзгертілді
2. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiне төрт, оның iшiнде бір бiрiншi вице-министрi болуына рұқсат берiлсiн.
ҚР Үкіметінің 03.11.00 ж. N 1665; 19.08.02 ж. N 916; 06.08.03 ж. N 786 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 3-тармақ өзгертілді
3. Бекiтiлген штат саны лимитінің шегiнде Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы ведомстволары:
Автомобиль жолдары және инфрақұрылымдық кешен құрылысы комитетi;
Азаматтық авиация комитетi;
Темiр жол көлiгi комитетi;
Көлiктiк бақылау комитетi;
Аэроғарыш комитетi құрылсын.
4. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi белгiленген тәртiппен:
Қазақстан Республикасының Үкiметiне құрылған ведомстволардың ережелерi мен құрылымын бекiту және Үкiметтiң бұрын қабылданған шешiмдерiн осы қаулыға сәйкес келтiру жөнiнде ұсыныс енгiзсiн;
Редакция документа
Демо – версия документа