(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 17.08.99 Ж. № 1175 ҚАУЛЫСЫ
"Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры" жабық акционерлік қоғамы
директорларының кеңесі туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1999 ж. 17 тамыздағы N 1175 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 17.08.02 ж. N 914; 07.05.03 ж. N 432;
29.11.03 ж. N 1217 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция ҚР Үкіметінің 2004 ж. 21 мамырдағы N 570 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
(Бұрынғы ред. қара)
"Акционерлiк қоғамдар туралы" 1998 жылғы 10 шілдедегi Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 07.05.03 ж. N 432 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұрынғы ред. қара)
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Жекешелендiру және мемлекеттiк мүлiк комитетi заңдарда белгiленген тәртiппен "Шағын кәсiпкерлiкті дамыту қоры" жабық акционерлiк қоғамының (бұдан әрi - Қор) акцияларының пакеттерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi кұқықтарын Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгiне берсiн.
ҚР Үкіметінің 07.05.03 ж. N 432 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұрынғы ред. қара)
2. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi заңдарда белгiленген тәртiппен Қордың директорлары кеңесiнiң құрамын қосымшаға сәйкес бекiту жөнiнде шаралар қабылдасын.
3. Директорлар кеңесi бiр апта мерзiмде Қорға несие беру туралы шешiмдердi қарау мен қабылдау тәртiбiн айқындасын.
ҚР Үкіметінің 07.05.03 ж. N 432 қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (бұрынғы ред. қара)
4. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн.
1) "Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қорын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 26 сәуiрдегi N 665 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1997ж. N 17, 152-құжат):
6-тармақтағы "Байқаушы кеңесi" деген сөздер "Директорлар кеңесi" деген сөздермен ауыстырылсын;
Редакция документа
Демо – версия документа