(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 1996 Ж. 14 ҚАРАШАДАҒЫ № 1389 ҚАУЛЫСЫ
Әкелiнетiн тауарларға кеден бажының ставкалары туралы Қазақстан
Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 14 қарашадағы N 1389 қаулысы
(ҚР Үкiметiнiң 12.06.97 ж. N 960; 08.08.97 ж. N 1240; 08.08.97 ж. N 1240;
26.06.98 ж. N 608; 21.09.98 ж. N 927; 25.02.99 ж. N 177; 30.03.99 ж. N
320; 25.06.99 ж. N 852; 26.08.99 ж. N 1249; 13.01.00 ж. N 70; 31.03.00 ж.
N 473; 30.06.00 ж. N 994; 19.03.01 ж. N 358; 09.06.01 ж. N 891; 20.11.01
ж. N 1495; 23.09.02 ж. N 1045; 07.02.03 ж. N 141; 23.09.03 ж. N 968;
14.10.03 ж. N 1051 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция ҚР Үкіметінің 12.03.04 ж. N 310 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Бұрынғы редакцияларды қара
Әкелiнетiн тауарларға кеден бажының ставкаларын жүйелеу және олардың Бүкiл дүниежүзiлiк Сауда Ұйымының принциптерi мен ережелерiне сәйкес келуiн қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Әкелiнетiн тауарларға кеден бажының ставкалары 1-қосымшаға сәйкес белгiленсiн.
2. Қазақстан Республикасының жеңiлдiктер кестесiн пайдаланушы дамушы елдердiң тiзбесi бекiтiлсiн (2-қосымша).
3. Қазақстан Республикасының жеңiлдiктер кестесiн пайдаланушы мейлiнше аз дамыған елдердiң тiзбесi бекiтiлсiн (3-қосымша).
ҚР Үкіметінің 26.08.99 ж. N 1249 қаулысымен 4-тармақ өзгертілді
4. Қазақстан Республикасының аумағына әкелген кезде жеңiлдiк режимi қолданылатын дамушы және ең аз дамыған елдерде шығарылған тауарлардың тiзбесi бекiтiлсiн (4-қосымша).
ҚР Үкіметінің 26.08.99 ж. N 1249 қаулысымен 5-тармақ өзгертілді
5. Қазақстан Республикасына 4-қосымшада көрсетілген әкелiнетiн және Қазақстан Республикасының жеңiлдiктер кестесiн пайдаланушы дамушы елдерден шығатын тауарларға қатысты осы қаулының 1-қосымшасында көрсетiлгеннен 75 процент мөлшерiнде кеден бажының ставкасы қолданылады деп белгiленсiн.
ҚР Үкіметінің 26.08.99 ж. N 1249 қаулысымен 6-тармақ жаңа редакцияда
Демо – версия документа