Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) (ҮЗІНДІ)

Осы бап 2004 ж. 7 шілдедегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

ҚР Президентiнiң 05.12.95 ж. N 2672; 27.01.96 ж. N 2830 Заң күшi бар жарлықтарымен; ҚР 07.12.96 ж. N 50-1; 11.07.97 ж. N 154-1; 29.06.98 ж. N 236-1; 16.07.99 ж. N 436-1; 02.03.01 ж. N 162-II; 03.05.01 ж. N 182-II; 10.07.03 ж. N 483-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 15-бап өзгертiлдi

15-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасы және оның өкiлеттiгi

Қазақстан Ұлттық Банкiнiң ең жоғары органы Басқарма болып табылады. Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының негiзгi функциялары:

а) мемлекеттiк ақша-кредит саясатын әзiрлеу;

б) Қазақстан Ұлттық Банктiң банк қызметiнiң, бухгалтерлiк есепке алудың, ақша төлемдерi мен аударымдарының, вексель айналысының, валюталық операцияларды жүзеге асырудың және олардың сақталуын қадағалаудың жекелеген мәселелерiне қатысты нормативтiк құқықтық актiлерiн бекiту;

в) Қазақстан Республикасының Президентi бекiткен тұжырымдама негiзiнде банкноттар мен тиындардың көрсетiлген құны мен дизайнын анықтау;

г) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң банктермен жасалатын операциялар бойынша қайта қаржыландырудың ресми ставкасын белгiлеу;

д) алып тасталды

е) осы Заңда көзделген банк операцияларының жекелеген түрлерін жүргізуге лицензиялар беру, олардың қолданылуын тоқтата тұру және қайтарып алу, банк заңдарында көзделген өзге де санкцияларды қолдану туралы шешімдер қабылдау;

е-1) банк болып табылмайтын заңды тұлғалардың Қазақстан Ұлттық Банкiнде банк шоттарын ашу шарттарын белгiлеуге;

е-2) банктер мен басқа ұйымдардың Қазақстан Ұлттық Банкi берген кредиттері бойынша Қазақстан Ұлттық Банкi алдындағы борыштарын қайта құрылымдау шарттарын анықтауға;

е-3) алып тасталды

ж) банктерге резервтiк талаптардың нормативiн бекiту;

з) алтын-валюта активтерiн басқаруды негiзгi принциптерiн белгiлеу;

и) Қазақстан Республикасы валютасының айырбас бағамын анықтау тәртiбiн бекiту;

к) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң жұмысы туралы жылдық есептi қарау, қабылдау және Қазақстан Республикасы Президентінiң бекiтуiне ұсыну;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку