Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Заң күші бар «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар Жарлықтарына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы 1996 жылғы 27 қаңтардағы № 2830 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

Заң күшi бар "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы",
"Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы"
Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күшi бар Жарлықтарына
өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы 1996 жылғы 27 қаңтардағы № 2830
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

"Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы" 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабына сәйкес және екiншi деңгейдегi банктер қызметiн реттеу жөніндегі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қадағалау функцияларын күшейту мақсатында қаулы етемiн:

I. "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасы Президентінің № 2155 Заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 23-құжат) мынадай өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

1. 11-баптың 1, 2, 3 бөлiктерi мынадай редакцияда жазылсын:

"Қазақстан Ұлттық Банкінің қаржылық жыл iшіндегі пайдасы iс жүзiнде алынған кiрiстерi мен осы қаржылық жылға қатысты, үмiтсiз және күмәнды қарыздарды есептен шығару мен активтер амортизациясын, соның iшiнде айналысқа шығарылған банкноттар мен тиындарды қоса алғанда, шығыстары арасындағы айырма ретiнде анықталады.

Қазақстан Ұлттық Банкінің пайдасы жарғылық және резервтiк қорлары, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының ұсынуымен Қазақстан Республикасының Президентi белгiлеген өндiрiстiк-әлеуметтiк даму қорын абсолюттiк сомада қалыптастыруға жұмсалады.

Нақты алынған пайданың қалған бөлiгi келесi қаржы жылында республикалық бюджетке аударылады. Нақты алынған пайда Қазақстан Ұлттық Банкінің осы Жарлықта көзделген қорларын қалыптастыруға жетiмсiз болған жағдайда, пайда болған айырмашылық келесi қаржы жылындағы республикалық бюджет қаржысы есебiнен өтеледi".

2. 12-баптың үшiншi бөлiгi алынып тасталсын.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку