(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2003 Ж. 12 ЖЕЛТОҚСАНДАҒЫ № 1260 ҚАУЛЫСЫ
"2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан
Республикасының Заңын iске асыру туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2003 жылғы 12 желтоқсандағы N 1260 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 31.12.03 ж. N 1388; 27.03.04 ж. N 371
қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция ҚР Үкіметінің 2004 ж. 10 сәуірдегі N 402 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Бұрынғы редакцияларды қара
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. 1-қосымшаға сәйкес:
кiрiстер бойынша - 791306164 мың теңге сомасында;
алынған ресми трансферттер бойынша - 66908685 мың теңге;
кредиттердi қайтару бойынша - 17681372 мың теңге;
шығындар бойынша - 930652184 мың теңге;
кредиттер бойынша - 37907037 мың теңге;
республикалық бюджет тапшылығының шектi мөлшерi - 92663000 мың теңге, немесе елдiң жалпы iшкi өнiмiнiң болжамды көлемiне 1,9 процент болатын 2004 жылға арналған республикалық бюджет атқаруға қабылдансын.
2. Қoca берiлiп отырған 2-қосымшаға сәйкес инвестициялық жобаларды iске асыруға бағытталған 2004 жылға арналған республикалық бюджеттiк даму бағдарламаларының тiзбесi бекiтiлсiн.
3. Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi:
1) 2004 жылғы 17 ақпанға дейiнгi мерзiмде "Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2004-2006 жылдарға арналған индикативтiк жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 12 қыркүйектегi N 926 қаулысына мемлекеттiк және салалық (секторалдық) бағдарламалар мен инвестициялық жобалар тiзбелерiн нақтылау бөлiгiнде өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы шешiмнiң жобасын заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзсiн;
2) 2004 жылғы 1 ақпанға дейiнгi мерзiмде республикалық инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негiздемелерiн әзiрлеудi және оларға сараптамалар жүргiзудi қаржыландыру тәртiбiн бекiту туралы шешiмнiң жобасын әзiрлесiн және заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзсiн;
Демо – версия документа