Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) 2003 ж. 25 СӘУІРДЕГІ № 405-ІІ ҚР ЗАҢЫ

Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы 2003 жылғы 25 сәуірдегі

N 405-ІІ Қазақстан Республикасының Заңы

(13.12.04 ж. N 11-III ҚР Заңымен енгізілген өзгерістерімен)

Осы редакция 2004 ж. 20 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

1-тарау. Жалпы ережелер (1-13 баптар)
2-тарау. Әлеуметтік аударымдар (14-19 баптар)
3-тарау. Әлеуметтік төлемдерді тағайындау (20-24 баптар)
4-тарау. Әлеуметтік төлемдер және олардан ұстап қалу (25-26 баптар)
5-тарау. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры (27-32 баптар)
6-тарау. Қорытынды ережелер (33-35 баптар)
 

Осы Заң азаматтарды әлеуметтiк қорғаудың мемлекет жүзеге асыратын нысандарының бiрi ретiндегi мiндеттi әлеуметтiк сақтандырудың құқықтық, экономикалық және ұйымдық негiздерiн белгiлейдi.

1-тарау. Жалпы ережелер

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

1) Қордың активтерi - әлеуметтiк аударымдар, әлеуметтiк аударымдарды төлеу мерзiмi өтiп кеткендiгi үшiн алынған өсiмпұл, инвестициялық табыс және Қордың қызметiн қамтамасыз етуге арналған комиссиялық сыйақыны, әлеуметтiк төлемдерге бағытталған қаражатты және қате есептелген немесе артық төленген қаражатты қайтаруды шегерiп тастағанда, Қорға түсетiн Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де түсiмдер;

2) Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қоры (бұдан әрi - Қор) әлеуметтiк аударымдар алымын жинауды және мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушы болған асыраушысынан айрылған жағдайда, оның асырауындағы отбасы мүшелерiн қоса алғанда, оған қатысты әлеуметтiк қатер жағдайы басталған мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушыларға төлемдер төлеудi жүргiзетiн заңды тұлға;

3) асыраушы - өзiнiң асырауындағы отбасының еңбек етуге қабiлетсiз мүшелерiн өз табысы есебiнен асыраушы адам;

4) табысты ауыстыру коэффициентi - әлеуметтiк төлемнiң әлеуметтiк аударымдарды есептеу кезiнде негiзге алынған табыс мөлшерiне қатынасын айқындайтын коэффициент;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку