Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 1998 Ж. 21 СӘУРДЕГІ № 367 ҚАУЛЫСЫ

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Мемлекеттiк

терминология комиссиясы туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң

1998 жылғы 21 сәуiрдегi N 367 қаулысы

(ҚР Үкiметiнiң 27.10.00 ж. N 1621; 03.04.02 ж.

N 397; 09.10.02 ж. N 1099; 23.05.03 ж. N 486 қаулыларымен

енгізілген өзгерістерімен)

Осы редакция ҚР Үкіметінің 20.02.04 ж. N 208 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Бұрынғы ред. қара

Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:

1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Мемлекеттiк терминология комиссиясы (Мемтерминком) туралы қоса берiлiп отырған Ереже бекiтiлсiн.

2. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Мемлекеттiк терминология комиссиясының құрамы бекiтiлсiн.

3. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:

"Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi жанындағы Мемлекеттiк терминология комиссиясы туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 30 маусымдағы N 744 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 27, 304-құжат);

"Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 30 маусымдағы N 744 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 17 қазандағы N 1339 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 33, 414-құжат).

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы

Үкiметiнiң 1998 жылғы 21

сәуiрдегi N 367 қаулысымен

бекiтiлген

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы

Мемлекеттiк терминология комиссиясы

(Мемтерминком) туралы

ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Мемлекеттiк терминология комиссиясы (бұдан әрi - Мемтерминком) экономиканың, ғылымның, техниканың, мәдениеттiң барлық салалары бойынша қазақ тiлiнiң терминологиялық лексикасы саласында ұсыныстар әзiрлейтiн консультациялық кеңесшi орган болып табылады.

2. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiн, өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку