(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 1995 Ж. 29 ЖЕЛТОҚСАНДАҒЫ № 1880 ҚАУЛЫСЫ
Халықаралық iзгiлiк көмек мәселелерi жөнiндегi комиссия туралы
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы
N 1880 қаулысы
(ҚР Үкiметiнiң 21.01.02 ж. N 72; 20.11.02 ж. N 1223
қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция ҚР Үкіметінің 03.03.04 ж. N 267 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Бұрынғы редакцияларды қара
"Iзгiлiк көмегi ретiнде тауарлар әкелу тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 7 тамыздағы N 1090 қаулысының 5-тармағын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Халықаралық iзгiлiк көмек мәселелерi жөнiндегi комиссия туралы қоса берiлiп отырған Ереже бекiтiлсiн.
2. Халықаралық iзгiлiк көмек мәселелерi жөнiндегi комиссияның құрамы қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
1995 жылғы 29 желтоқсандағы
N 1880 қаулысымен
бекiтiлген
Халықаралық iзгiлiк көмек мәселелерi
жөнiндегi комиссия туралы
Ереже
I. Жалпы ережелер.
1. Халықаралық iзгiлiк көмек мәселелерi жөнiндегi комиссия (бұдан әрi - Комиссия) "Iзгiлiк көмегi ретiнде тауарлар әкелу тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 7 тамыздағы N 1090 қаулысына сәйкес құрылады.
ҚР Үкіметінің 21.01.02 ж. N 72 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді
2. Комиссия құрамын, халықаралық iзгiлiк көмектi тартумен, алумен және пайдаланумен айналысатын Қазақстан Республикасының министрлiктерiнiң, өзге орталық атқарушы және жергiлiктi органдарының, басқа да мекемелерi мен ұйымдарының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
Комиссияға басшылықты Қазақстан Республикасы Премьер-Министрi орынбасарларының бiрi жүзеге асырады.
3. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық келiсiмдердi, басқа да шарттарды, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
Демо – версия документа