(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)
Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы 1996 жылғы 27 қаңтардағы
N 2828 Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күші бар Жарлығы
(ҚР 11.05.99 ж. N 381-1; 11.08.99 ж. N 467-1; 16.05.03 ж. N 416-II
Заңдарымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2004 ж. 1 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-Тарау. Жалпы ережелер (1 - 6 баптар)
2-Тарау. Атқарушы органдардың жер қойнауын (7 - 9 баптар)
пайдалану саласындағы құзыретi
3-Тарау. Жер қойнауын пайдалану құқығы (10 - 20 баптар)
4-1-тарау. Барлауды, Өндiрудi және бірлескен Барлау (41-1 - 41-8 баптар)
мен Өндiрудi жүргiзуге құқық берудiң тәртiбi
5-Тарау. Барлау мен өндiруге контрактылар (42 - 46 баптар)
6-Тарау. Жер қойнауын және айналадағы табиғи (47 - 43 баптар)
ортаны қорғау
7-Тарау. Халықтың және қызметкерлердiң қауiпсiздiгi (54 - бап)
8-Тарау. Жер қойнауының мемлекеттiк қоры (55 - 61 баптар)
9-Тарау. Құқықтық шарттар (62 - 71 баптар)
10-Тарау. Өтпелi және Қорытынды ережелер (72 - 76 баптар)
"Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы" 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабына сәйкес осы Жарлықты шығарамын.
1-Тарау. Жалпы ережелер
ҚР 11.08.99 ж. N 467-I; 16.05.03 ж. N 416-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 1-бап өзгертілді
1-бап. Негiзгi терминдер мен анықтамалар
Осы Жарлықта қолданылатын терминдер мен анықтамалар мыналарды бiлдiредi:
1) Жер қойнауын пайдаланудың қауiпсiздiгi - жер қойнауын пайдалану Операцияларын жүргiзгенде техникалық, экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету;
1-1) Жағалау сызығы - су қоймасының ең көп мөлшерде көтерілуі (судың толығуы) нәтижесінде пайда болған жағалау сызығы. Жағалау сызығының нақты орналасу орнын белгілеудің тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды;
Демо – версия документа