(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)
Заң күші бар Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы
Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1996 жылғы 27 қаңтар
N 2828
Осы редакция 2003 ж. 16 мамырдағы N 416-II ҚР Заңымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы" 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабына сәйкес осы Жарлықты шығарамын.
1-Тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Негiзгi терминдер мен анықтамалар
Осы Жарлықта қолданылатын терминдер мен анықтамалар мыналарды бiлдiредi:
1) Жер қойнауын пайдаланудың қауiпсiздiгi - жер қойнауын пайдалану Операцияларын жүргiзгенде техникалық, экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету;
1-1) Жағалау сызығы - су қоймасының ең көп мөлшерде көтерілуі (судың толығуы) нәтижесінде пайда болған жағалау сызығы. Жағалау сызығының нақты орналасу орнын белгілеудің тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды;
2) Жер қойнауын мемлекеттiк геологиялық зерделеу - Жер қойнауы жай-күйiнiң мониторингiне, учаскелердiң, сондай-ақ республика және бөлiктерiнiң және тұтастай аумағының геологиялық құрылымын зерделеуге, оларда Пайдалы қазбалардың болуы жөнiндегi перспективаларды анықтауға, жер қойнауын пайдаланудың ақпараттық негiзiн құрайтын мемлекеттiк геологиялық карталар жасауға байланысты жұмыстар (операциялар);
2-1) Геологиялық бөлу - Жер қойнауын пайдаланушы Барлау жүргізуге құқылы жер қойнауының Учаскесін схемалық және сипаттамалық жағынан айқындайтын Контрактінің ажырамас бөлігі болып табылатын Барлауға, бірлескен Барлау мен Өндіруге жасалатын Контрактіге қосымша;
Демо – версия документа