(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 08.12.04 Ж. № 1289 ҚАУЛЫСЫ
"2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан
Республикасының Заңын iске асыру туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2004 жылғы 8 желтоқсандағы N 1289 қаулысы
Осы редакция ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 1398 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкiметi
ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. 2005 жылға арналған республикалық бюджет 1-қосымшаға сәйкес мыналар бойынша атқарылуға қабылдансын:
кiрiстер бойынша - 1 128 444 762 мың теңге, оның iшiнде;
салықтық түсiмдер - 984 195 003 мың теңге;
салықтық емес түсiмдер - 36 992 617 мың теңге;
негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер - 12 248 627 мың теңге;
ресми трансферттердiң түсiмдерi - 95 008 515 мың теңге;
шығындар бойынша - 1 089 469 412 мың теңге;
операциялық сальдо бойынша - 38 975 350 мың теңге;
таза бюджеттiк кредиттеу бойынша - 54 090 076 мың теңге, оның iшiнде:
бюджеттiк кредиттер - 64 512 908 мың теңге;
бюджеттiк кредиттердi өтеу - 10 422 832 мың теңге;
қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо бойынша - 86 296 814 мың теңге, оның iшiнде:
қаржы активтерiн сатып алу - 88 296 814 мың теңге;
мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдер - 2 000 000 мың теңге;
республикалық бюджет тапшылығы бойынша - 101 411 540 мың теңге немесе елдiң жалпы iшкi өнiмiне 1,7 пайыз;
бюджет тапшылығын қаржыландыру бойынша - 101 411 540 мың теңге, оның iшiнде:
қарыздар түсiмдерi - 220 007 494 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 118 595 954 мың теңге.
2. 2-қосымшаға сәйкес қоса берiлiп отырған инвестициялық жобаларды iске асыруға бағытталған 2005 жылға арналған республикалық бюджеттiк даму бағдарламаларының тiзбесi бекiтiлсiн.
Демо – версия документа