(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 04.10.04 Ж. № 1022 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасының жергiлiктi мемлекеттiк басқару үлгі
құрылымын бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004
жылғы 4 қазандағы N 1022 қаулысы
Осы редакция 2005 ж. 16 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуiрдегi Бюджет кодексiнiң 58-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының жергiлiктi мемлекеттік басқару үлгi құрылымы бекiтiлсiн.
2. Облыстардың, Алматы, Астана қалаларының әкiмдерi:
1) жергілiктi мемлекеттiк басқару құрылымын осы қаулыға сәйкес келтiрсiн;
2) әкiмдер аппараттарындағы салалық бөлiмшелердiң функцияларын жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдарға бере отырып, оларды таратсын.
3. Орталық мемлекеттiк органдар екi апта мерзiмде облыстардың, Алматы және Астана қалаларының әкiмдерiне Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiмен келiсілген департаменттердiң (басқармалардың, бөлiмдердiң) ұсынылып отырған құрылымын жiберсiн.
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енетiн 3-тармақты қоспағанда 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д.К. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2004 жылғы 4 қазандағы
N 1022 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасының жергiлiктi
мемлекеттік басқару үлгi құрылымы
1. Облыстық әкімдік
1. Облыс әкiмiнiң аппараты
2. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс департаменті (басқармасы)
3. Iшкi саясат департаменті (басқармасы)
4. Мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылауы департаменті (басқармасы)
5. Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті (басқармасы)
6. Денсаулық сақтау департаменті (басқармасы)
7. Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаменті (басқармасы)
8. Мәдениет департаменті (басқармасы)
9. Жұмылдыру даярлығы және төтенше жағдайлар департаментi (басқармасы)
Демо – версия документа