Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 03.08.04 Ж. № 829 ҚАУЛЫСЫ

Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң "С. Сейфуллин

атындағы Қазақ мемлекеттiк агротехникалық университетi" шаруашылық

жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнын құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 тамыздағы N 829 Қаулысы

Осы редакция 2004 ж. 28 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Мемлекеттiк кәсiпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 заң күшi бар Жарлығының 4-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң "С. Сейфуллин атындағы Қазақ мемлекеттiк агротехникалық университетi" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) құрылсын.

2. Кәсiпорын қызметiнiң негiзгi мәнi жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк бiлiмдi мамандар даярлау және қайта даярлау болып белгiленсiн.

3. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi Кәсiпорынның мемлекеттiк басқару органы болып белгiленсiн.

4. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен:

1) Кәсiпорынның жарғысын бекiтудi және оны әдiлет органдарында мемлекеттiк тіркеудi қамтамасыз етсiн;

2) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiмен бiрлесiп, "С. Сейфуллин атындағы Қазақ аграрлық университетi" ашық акционерлік қоғамын (бұдан әрi - Қоғам) тарату және кредиторлардың талаптарын қанағаттандырғаннан кейiн қалған оның мүлкін Кәсiпорынға беру жөнiнде қажеттi шаралар қабылдасын;

3) таратылатын Қоғамның білiм алушыларының оқу жылын аяқтауы және оларды Кәсiпорынға ауыстыру үшiн шаралар қабылдасын;

4) осы қаулыны iске асыру жөнiндегi өзге де шараларды қабылдасын.

5. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн толықтырулар мен өзгерiстер бекiтiлсін.

6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку