(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2004 Ж. 21 МАМЫРДАҒЫ № 570 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен
толықтырулар енгiзу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы
21 мамырдағы N 570 қаулысы
Осы редакция 2004 ж. 26 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қоры" акционерлiк қоғамы қызметiнiң тиiмділігiн арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Үкiметінің
2004 жылғы 21 мамырдағы N 570 қаулысымен
бекiтілген
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзілетiн
өзгерiстер мен толықтырулар
1. "Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне мемлекеттiк меншiк түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегi N 405 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң тiзбесiнде:
"Алматы қаласы" деген бөлiмiнде:
реттiк нөмiрi 116-шы жол мынадай редакцияда жазылсын:
"116. Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қоры" АҚ".
2. "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысына:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген иелiк ету және пайдалану құқығы салалық министрлiктерге, өзге де мемлекеттiк органдарға берілетiн республикалық меншiк ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттiк пакеттерiнiң және қатысудың мемлекеттiк үлестерiнiң тiзбесiнде:
"Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгiне" деген бөлiмiнде:
реттiк нөмiрi 236-8-шi жол мынадай редакцияда жазылсын:
"236-8. "Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қоры" АҚ".
Демо – версия документа