Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 10.03.04 Ж. № 300 ҚАУЛЫСЫ

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттігі мен

Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттігі мемлекеттiк

мекемелерінің кейбір мәселелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2004 ж. 10 наурыздағы N 300 қаулысы

Бастапқы редакция

Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегі агенттігiнiң мемлекеттік мекемелерi құрылсын.

2. Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттігiнiң "Қаржы-шаруашылық кеденi" мемлекеттік мекемесi құрылсын.

3. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгі, Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттігi:

1) бір ай мерзiмде жаңадан құрылған мемлекеттік мекемелердiң әдiлет органдарында тiркелуiн қамтамасыз етсiн;

2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

4. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтырулар мен өзгерiс енгізiлсiн:

1) "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегі агенттігінiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 27 сәуiрдегi N 481 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 15, 154-құжат):

1-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

"1-1) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегі агенттiгiнiң республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелерiнiң тiзбесi";

осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес қосымшамен толықтырылсын;

2) "Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 6 қыркүйектегі N 981 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2002 ж., N 29, 325-құжат):

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"1. Қоса берiліп отырған:

1) Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттігі (бұдан әрi - Агенттік) туралы ереже;

2) Агенттiктiң республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерiнiң тiзбесi бекітілсін";

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку