(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)
Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң мемлекеттiк мекемелерi
аумақтық органдарын қайта атау туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 жылғы 31 желтоқсандағы N 1369 қаулысы
Осы редакция 2004 ж. 28 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң мемлекеттік мекемелерi - аумақтық органдары Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы Әдiлет департаменттерi болып қайта аталсын.
2. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
1) "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 11 наурыздағы N 223 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 8, 63-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi мемлекеттiк мекемелерiнiң - аумақтық органдарының тiзбесiнде 1-16-тармақтардағы "басқармасы" деген сөз "департаментi" деген сөзбен ауыстырылсын;
2) "Қазақстан Республикасының Үкiметi тағайындайтын немесе онымен келiсiм бойынша тағайындалатын лауазымды адамдар бойынша кадр мәселелерiн шешу тетiгiн жетiлдiрудiң кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 16 шiлдедегi N 784 қаулысында :
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Үкiметi тағайындайтын немесе онымен келiсiм бойынша тағайындалатын орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң мемлекеттiк саяси қызметшiлерi мен өзге де басшы лауазымды адамдары лауазымдарының тiзбесiнде:
Редакция документа
Демо – версия документа