(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 27.11.03 Ж. № 1191 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Үкiметiнің кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгізу
және күшi жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң 2003 ж. 27 қарашадағы N 1191 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 24.06.04 ж. N 604 қаулысымен
енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2004 ж. 28 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасында ғылыми қызметтi ұйымдастыру жүйесiн жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" 2003 жылғы 21 қазандағы N 1208 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер бекiтiлсiн.
2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2003 жылғы 27 қарашадағы
N 1191 қаулысымен
бекітiлген
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр
шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер
1. "Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 19 қарашадағы N 1754 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 51, 504-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi туралы ережеде:
11-тармақтың 7) тармақшасындағы "Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының ұсынуы бойынша" деген сөздер алынып тасталсын;
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесiнде:
"2. Мемлекеттiк мекемелер" деген бөлiмде:
"Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы" деген реттiк нөмiрi 158-жол алынып тасталсын.
ҚР Үкіметінің 24.06.04 ж. N 604 қаулысымен 2-тармақ күші жойылды
Редакция документа
Демо – версия документа