(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2003 Ж. 12 ҚЫРКҮЙЕКТЕГІ № 926 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2004-2006
жылдарға арналған индикативтiк жоспары туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2003 жылғы 12 қыркүйектегі N 926 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 10.04.04 ж. N 402 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция ҚР Үкіметінің 2004 ж. 13 сәурдегі N 408 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 14 маусымдағы N 647 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының индикативтік жоспарларын әзiрлеу ережесiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2004-2006 жылдарға арналған индикативтiк жоспары (бұдан әрі - Жоспар) мынадай құрамда бекiтiлсiн:
Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының жай-күйi және 2004-2006 жылдарға арналған перспективалары туралы баяндама (1-бөлiм);
қолданыстағы және әзiрленетiн мемлекеттiк және салалық (секторалдық) бағдарламалар тiзбесi (2-бөлiм);
республикалық бюджеттен қаржыландырылатын инвестициялық жобалардың 2004-2006 жылдарға арналған тiзбесi (3-бөлiм);
Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2004-2006 жылдарға арналған мемлекеттiк реттеуiштерi (4-бөлiм).
2. Жоспар құрамында Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2004-2006 жылдарға арналған аса маңызды көрсеткiштерiнiң болжамы (5-бөлiм) бекiтiлсiн.
3. Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi Жоспарды дайындау процесiнде әзiрлеген ұлттық компанияларды дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған негiзгi бағыттары (6-бөлім) назарға алынсын.
4. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi тиiстi облыстар мен қалалардың мәслихаттарына заңнамада белгіленген тәртiппен әлеуметтiк-экономикалық дамудың 2004-2006 жылдарға арналған индикативтiк жоспарларының бекiтуге уақтылы енгiзiлуiн қамтамасыз етсiн.
Редакция документа
Демо – версия документа