(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР КБА ..20.05.03 Ж. № 218 БҰЙРЫҒЫ
Уақытша кедендік декларацияны толтыру және уақытша декларациялау
рәсімдерін пайдалана отырып кедендік ресімдеудің ережесін бекіту
туралы Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігі
төрағасының 2003 ж. 20 мамырдағы N 218 бұйрығы
Осы редакция ҚР Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2004 жылғы 8 шілдедегі N 299 бұйрығымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Уақытша кедендік декларацияны толтыру және тауарларды уақытша декларациялау рәсімдерін пайдалана отырып кедендік ресімдеуді оңтайландыру және жеңілдету мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған уақытша кедендік декларацияның рәсімдерін пайдалана отырып кедендік ресімдеудің ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің Құқықтық қамтамасыз ету басқармасы (И.Ы. Аңсарова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Баспасөз қызметі осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Энергия ресурстарына кедендік бақылауды ұйымдастыру басқармасы (Н.Ғ. Досмұратова) осы бұйрықты іске асыруды қамтамасыз етсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігі төрағасының бірінші орынбасары А.Қ. Ержановқа жүктелсін.
6. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Төраға
Қазақстан Республикасының
Кедендік бақылау агенттігі
төрағасының
2003 жылғы 20 мамырдағы
N 218 бұйрығымен
бекітілген
Уақытша декларациялау рәсімдерін пайдалана отырып, уақытша
кедендік декларациялау мен кедендік ресімдеуді толтырудың
ережесі
1. Жалпы ережелер
Редакция документа
Демо – версия документа