(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2003 Ж. 20 НАУРЫЗДАҒЫ № 277 ҚАУЛЫСЫ
Степногор қаласында биотехнологиялық өндiрiстi дамыту туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 20 наурыздағы N 277 қаулысы
Осы редакция 2004 ж. 28 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Инновациялық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 3 шiлдедегi Заңына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Мемлекеттiк кәсiпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 заң күшi бар Жарлығының 16-бабына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 10 мамырдағы N 617 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының инновациялық даму бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Степногор қаласындағы "Прогресс" ғылыми-өндiрiстiк бiрлестiгiнiң техника паркi ашық акционерлiк қоғамында биотехнологиялық өндiрiстi қалыптастырудың және дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) бекiтiлсiн.
2. "Фармацевтикалық биотехнология институты" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорны жарғылық капиталына мемлекеттiң жүз пайыз қатысуымен "Фармацевтикалық биотехнология институты" ашық акционерлiк қоғамына (бұдан әрi - 1-Қоғам) қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
3. "Ақмола мемлекеттiк медицина академиясы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны медициналық-биологиялық факультетiнiң базасында жарғылық капиталына мемлекеттiң жүз пайыз қатысуымен "Биотехнология жөнiндегi бiлiм беру орталығы" ашық акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - 2-Қоғам) құрылсын.
4. Жарғылық капиталына мемлекеттiң кемiнде 51% мөлшерiнде қатысуымен "Прогресс" ғылыми-өндiрiстiк бiрлестiгiнiң техника паркi" ашық акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - 3-Қоғам) құрылсын.
5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгiмен бiрлесiп, заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) 1-Қоғам, 2-Қоғам және 3-Қоғам жарлықтарын бекiтсiн және олардың әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеудi қамтамасыз етсiн;
Редакция документа
Демо – версия документа