(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ 19.09.02 Ж. № 947 ЖАРЛЫҒЫ
Адам құқықтары жөнiндегi уәкiл қызметiн белгілеу туралы Қазақстан
Республикасы Президентiнiң 2002 ж. 19 қыркүйектегі N 947 Жарлығы
Осы редакция ҚР Президентінің 2004 жылғы 29 қарашадағы N 1474 Жарлығымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау жүйесiн жетiлдiру мақсатында қаулы етемін:
1. Қазақстан Республикасында Адам құқықтары жөнiндегi уәкiл қызметi белгiленсiн.
2. Қоса берiлiп отырған Адам құқықтары жөнiндегi уәкiл туралы ереже бекiтiлсiн.
3. Қазақстан Республикасының Үкiметi осы Жарлықтан туындайтын шаралар қолдансын.
4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Президент Әкiмшiлiгiне жүктелсін.
5. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Президенті | Н. Назарбаев |
Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
2002 жылғы 19 қыркүйектегі
N 947 Жарлығымен
бекiтiлген
Адам құқықтары жөнiндегi уәкiл туралы
ереже
1. Жалпы ережелер
1. Адам құқықтары жөнiндегi уәкiл (бұдан әрi - Уәкiл) - өз құзыретi шегiнде адамның және азаматтың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтiру жөнiнде шаралар қабылдау өкiлеттiктерi берiлген, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының сақталуын бақылауды жүзеге асыратын лауазымды тұлға.
2. Уәкiл өз қызметiмен адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын қолданыстағы мемлекеттiк құралдарды толықтырады. Уәкiлдiң қызметi Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамасына сәйкес адамның құқықтарын қорғауды жүзеге асыратын басқа мемлекеттiк органдардың құзыретiн шектемейдi.
Редакция документа
Демо – версия документа